ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 6-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат):
1) мазмұнында:
9-баптың тақырыбындағы «қаланың» деген сөз «қалалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«28-1-бап. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары»;
1) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«34-1-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары»;
мынадай мазмұндағы 34-2 және 34-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«34-2-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету мақсаттары
34-3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар»;
мынадай мазмұндағы 38-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«38-1-бап. Алғашқы көмек»;
1) тармақшасының он екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
76-баптың тақырыбындағы «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және медициналық көмектiң қосымша көлемiн» деген сөздер «Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
109 және 110-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. АИТВ жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету»;
112 және 113-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«112-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері
113-бап. АИТВ жұқтырған адамдарды әлеуметтік қорғау»;
мынадай мазмұндағы 175-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«175-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыруы»;
180 және 181-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«180-бап. Медициналық зерттеулер жүргiзу
181-бап. Биоэтика жөніндегі комиссиялар»;
1) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
185-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 13-3) тармақшамен толықтырылсын:
«13-3) биобанк - ғылыми және медициналық мақсаттар үшін биологиялық материалдарды мамандандырылған сақтау қоймасы;»;
2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 15-7) тармақшамен толықтырылсын:
«15-7) бірлесіп төлеу - дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде олардың орнын толтырудың белгіленген шекті бағасының айырмасын төлеу;»;
мынадай мазмұндағы 36-1), 36-2) және 36-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«36-1) денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;
36-2) денсаулық сақтау менеджері - денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаны басқару жөніндегі немесе денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлға қызметінің жекелеген бағыттарына басшылық ететін маман;
36-3) денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санаты (бұдан әрі - біліктілік санаты) - маманның тиісті медициналық және фармацевтикалық мамандық шеңберіндегі жұмысты орындау үшін қажетті кәсіптік білімінің, шеберлігі мен дағдыларының көлемімен сипатталатын біліктілік деңгейі;»;
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау - денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарындағы ғылыми-педагог кадрлардың педагогикалық және кәсіби біліктіліктерінің деңгейін айқындау рәсімі;»;
37-1) тармақша алып тасталсын;
37-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37-3) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау - тиісті маман сертификатын бере отырып, медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа және оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге, денсаулық сақтау менеджерлерінің сәйкес келуін айқындауға арналған міндетті рәсім;»;
41) тармақша «білім беру,» деген сөздерден кейін «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы,» деген сөздермен толықтырылсын;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) донор - донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, жыныс жасушалары, ұрпақты болу ағзаларының, эмбриондардың тіндері) алу, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;»;
мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:
«47-1) донорлық функция - донордың медициналық зерттеп-қарауды және медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін тапсыру рәсімін орындауды қамтитын ерікті актісі;»;
52) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 54-1) және 63-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«54-1) интеграцияланған академиялық медициналық орталық - білім беруді, зерттеулер мен клиникалық практиканы интеграциялау арқылы медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту үшін ресурстарды бірлесіп пайдалану мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымын ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен біріктіру;»;
«63-1) қоғамдық денсаулық саласындағы зерттеу - денсаулыққа әсер ететін және денсаулық сақтау жүйесінің дамуын айқындайтын негізгі факторларды анықтау, осы факторларға мақсатты әсер ету және басқару әдістерін әзірлеу үшін клиникалық-эпидемиологиялық деректер мен өзге де медициналық ақпаратты жинау және қорыту негізінде жүргізілетін зерттеу;»;
65) және 68-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«65) маман сертификаты - жеке тұлға біліктілігінің:
клиникалық мамандыққа және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған;
денсаулық сақтау менеджеріне сәйкес келуін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;»;
«68-1) медициналық-биологиялық эксперимент - жай-күйдің пайда болу немесе аурудың даму себептерін, жағдайлары мен тетіктерін анықтау, емдеу және профилактика әдістерін әзірлеу үшін зертханалық жануарларға зерделенетін жай-күйдің немесе аурудың құрылымдық-функционалдық кешенін оңайлатылған нысанда жаңғыртуға (модельдеуге) негізделген зерттеу;»;
мынадай мазмұндағы 68-2), 68-3), 68-14) және 79-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«68-2) медициналық білім беру - медицина қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі, сондай-ақ оқуды аяқтағаны туралы ресми құжатпен расталған медициналық мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу барысында алынған, медицина қызметкері үшін қажетті білім мен дағдылардың жиынтығы;
68-3) медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік - шарт негізінде білім берудің, ғылым мен клиникалық практиканың халықаралық стандарттарын енгізу және бейімдеу үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдары мен шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру ұйымдары мен медициналық білім беру және ғылым саласындағы медициналық ұйымдар арасындағы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді ынтымақтастық нысаны;»;
«68-14) медициналық зерттеу - мақсаты адамның денсаулығы, аурулар туралы, олардың диагностикасы, емдеу немесе профилактикасы туралы жаңа білімді ғылыми әдістермен алу болып табылатын зерттеу;»;
«79-1) мейірбике күтімі - дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда ауыр аурулары бар күтімге мұқтаж адамдарға орта медицина қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;»;
80-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«80-1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын, өнімнің (тауарлардың) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 84-6) тармақшамен толықтырылсын:
«84-6) паллиативтік көмек - терминалдық (соңғы) сатыдағы емделмейтін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;»;
97) тармақшадағы «ғылыми негізделген баға беру» деген сөздер «негіздеме» деген сөзбен ауыстырылсын;
107-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«107-2) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының тіркелімі - HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын өтеусіз донорлыққа келіскен адамдардың дерекқоры;»;
мынадай мазмұндағы 108-1) тармақшамен толықтырылсын:
«108-1) университеттік клиника - ғылым мен практиканың заманауи жетістіктері негізінде базасында медицина кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүргізілетін, барлық медициналық көмек түрі көрсетілетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымының жоғары мамандандырылған емдеу-профилактикалық құрылымдық бөлімшесі немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымының сенімгерлік басқаруындағы немесе еншілес ұйымы ретіндегі жоғары мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйым;»;
3) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру бойынша авиация персоналына, сондай-ақ міндетті медициналық куәландыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
4) 7-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру және мониторингілеу;»;
24), 28-1) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;»;
«28-1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;»;
«47) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
50) тармақшадағы «саласындағы» деген сөз «, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 66-1) және 66-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«66-1) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды енгізу және іске асыру жөніндегі қызметті салааралық үйлестіру;
66-2) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестірушінің мәртебесi және өкілеттігі туралы ережені әзірлеу және бекіту;»;
4) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 83-2) тармақшамен толықтырылсын:
«83-2) бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 86-1), 86-2), 86-3) және 89-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«86-1) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86-2) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру;
86-3) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын келісу;»;
«89-1) иондандырушы сәулелену әсерімен байланысты аурулар тізбесін және себептік байланыcын анықтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«103) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
124) тармақшадағы «қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «қалыптастыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 125), 126) және 127) тармақшалармен толықтырылсын:
«125) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
126) медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
127) созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
5) 7-1-баптың 1-тармағында:
11) тармақша алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;»;
37) тармақшадағы «айқындау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
«38) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ осы тізілімді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
6) 9-бапта:
тақырыптағы «қаланың» деген сөз «қалалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «қаланың» деген сөз «қалалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «қаланың» деген сөз «қалалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-9) тармақшамен толықтырылсын:
«18-9) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітеді;»;
7) 13-1-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.» деген сөздер «зерттеулер жүргізу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама бойынша жүзеге асырылады.»;
8) 14-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығына бағалау жүргізу және біліктілігінің сәйкестігін растау, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау және білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау үшін денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласында аккредиттеуге жатады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардың қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiтетiн аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi және тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескерiледi.»;
9) 18-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) халыққа арналған жарнамада мынадай ауруларды: жыныстық жолмен берілетін ауруларды, онкологиялық, психикалық, қауіпті инфекциялық ауруларды, АИТВ инфекциясын, туберкулезді, қант диабетін көрсетуге;»;
10) 21-баптың 4-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
11) 21-1-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжаттары иеліктен шығарылмайды.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайларда, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен рұқсат беру құжатының қолданылуын тоқтата тұрады.
Рұқсат беру құжатының иесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжатын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін бұзушылықтардың жойылғандығы туралы өтінішті ұсынбаған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы лауазымды адамдар көрсетілген мерзім өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде сот тәртібімен рұқсат беру құжатынан айыруға (кері қайтаруға) бастамашылық жасайды.
Рұқсат беру құжаттарын қайта ресімдеуге мынадай:
1) құжатта қателер (қатемен жазулар) анықталған;
2) өтініш беруші дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) өтініш беруші заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;
4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
5) өнімге қойылатын талаптарды қамтитын, қабылдануы гигиеналық қауіпсіздік, өнім құрамының көрсеткіштеріне өзгерістер енгізуге алып келмейтін жаңа нормативтік құқықтық акт шығарылған жағдайларда қосымша немесе қайта зерттеулер (сынақтар) жүргізбестен жол беріледі.»;
12) 7-тарау мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
«28-1-бап. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары
1. Аурулардың алдын алу мен халықты емдеуге бағытталған шаралар арасында денсаулық сақтау ресурстарын тең және тиімді бөлу мақсатында олардың бөлінуін бағалау үшін пайдаланылатын, елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық ағындарды ұдайы, жан-жақты және дәйекті мониторингілеу жүйесі ұлттық денсаулық сақтау шоттары болып табылады.
2. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары:
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық бюллетеньдері;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері;
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың медициналық ұйымдар бойынша деректері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ресми интернет-ресурстарында жарияланған статистикалық деректер пайдаланыла отырып, халықаралық әдіснама негізінде жыл сайын қалыптастырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер негізінде уәкілетті орган көрсетілетін қызметтер мен медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілер бойынша шығыстар сипатталған талдамалық есепті, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастырады.
3. Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
13) 32-бапта:
2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;»;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтерін;»;
1-тармақтың 14) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 33-1, 34 және 34-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«33-1-бап. Медициналық көмектің көлемі
Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:
1) осы Кодекстің 34-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін білдіретін ең төмен көлем;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті білдіретін базалық көлем;
3) медициналық көмектің:
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті;
ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.
34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ дәрілік көмекті қамтиды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлері клиникалық хаттамалар негізінде көрсетеді.
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:
1) жедел медициналық көмек;
2) санитариялық авиация;
3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек:
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелер;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында аталған адамдарды қоспағанда, халықтың уәкілетті орган белгілейтін нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;
бір жасқа дейінгі балаларға патронаж;
жүктілікті байқау және отбасын жоспарлау;
уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау;
уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмек;
кезек күттірмейтін медициналық көмек;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының қабылдауы, консультациясы, оның ішінде қатты аурулар немесе созылмалы аурулардың асқынуы кезінде қабылдауы, консультациясы;
уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;