4. Активтер мен міндеттемелер тұрақтандыру банкіне берілгеннен кейін сыйақыны есепке жазу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау он екі ай мерзімге тоқтатыла тұрады. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша міндеттемелерді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органның алдындағы міндеттемелерді, сондай-ақ тұрақтандыру банкіне берілген активтермен қамтамасыз етілген екінші деңгейдегі банктердің алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, орындау мерзімі басталған міндеттемелерді орындауға тиіс. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша міндеттемелерді орындайды.
5. Соттың төлемге қабілетсіз банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тұрақтандыру банкі уәкілетті органмен келісу бойынша төлемге қабілетсіз банктің өзіне бұрын берілген активін басқа активіне ауыстыруға құқылы.
6. Тұрақтандыру банкі уәкілетті орган айқындайтын басқа банкке активтер мен міндеттемелерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен береді.
Тұрақтандыру банкінің міндеттемелерін осы бапта көзделген тәртіппен беру тұрақтандыру банкінің депозиторлары мен кредиторларының келісуінсіз жүзеге асырылады. Тұрақтандыру банкі депозиторлар мен кредиторларды хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде тұрақтандыру банкінің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беру туралы хабарландыру жариялайды.
7. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкі қабылданған активтер мен міндеттемелерді сатып алушы-банкке уәкілетті орган көздеген тәртіппен және шарттарда толық бергеннен кейін өз қызметін тоқтатады.
8. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкінің барлық акциялары тұрақтандыру банкінің капиталын ұлғайтуға және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істеуіне кепілдік беретін шарттарда инвесторға өткізілуі мүмкін.
Инвестордың тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Инвестор тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алған кезден бастап банк тұрақтандыру банкінің мәртебесін жоғалтады және өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Осы банктің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Осы Заңның 61-11-бабы 2, 3, 5 - 16-тармақтарының ережелері төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу жағдайларына қолданылады.
61-13-бап. Төлемге қабілетсіз банктің мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару
1. Уәкілетті орган, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) (оны уәкілетті орган тағайындаған жағдайда) және (немесе) банк, оның ішінде кредиторлардың өтінішхаты бойынша, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызған күнге дейін үш жыл ішінде төлемге қабілетсіз банк немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасаған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы бапта көзделген, мәмілелердің жарамсыздық негіздері болған кезде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделгендерден бөлек, мыналар мәмілелердің жарамсыздығының негіздері болып табылады:
1) егер мәміленің салдарлары төлемге қабілетсіз банктің залалдарына алып келсе (алып келетін болса), мәміле шарттарының салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас мәмілелер жасалатын шарттардан төлемге қабілетсіз банк үшін нашар жаққа қарай едәуір айырмашылығы болуы;
2) егер мәміленің салдарлары төлемге қабілетсіз банктің залалдарына алып келсе (алып келетін болса), мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларында белгіленген талаптарды және (немесе) шектеулерді бұза отырып жасалуы;
3) мүліктің салыстырымды экономикалық жағдайлар кезінде осыған ұқсас мүлікті беру (иеліктен шығару) шарттарынан төлемге қабілетсіз банк үшін нашар жаққа қарай едәуір айырмашылығы болатын шарттарда не негіздері болмаса да, кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, өтеусіз (оның ішінде уақытша пайдалануға) берілуі не иеліктен шығарылуы;
4) банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызғанға дейін алты ай ішінде жасалған мәміленің төлемге қабілетсіз банктің бір кредиторларының талаптарын басқалардың алдында артықшылықпен қанағаттандыруға алып келуі;
5) егер енгізілген өзгерістердің салдарлары төлемге қабілетсіз банктің залалдарына алып келсе (алып келетін болса), кепіл туралы шарттың талаптарына кепіл нысанасын төлемге қабілетсіз банк үшін нашар жаққа қарай өзгерту көзделетін өзгерістердің енгізілуі.
3. Мәміле жарамсыз деп танылған кезде жауапкер - мәміле бойынша алғанның бәрін қайтаруға, оларды заттай қайтару мүмкін болмаған кезде қайтарылуға жататын мүліктің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын өтеуге міндетті.
Мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде немесе мүлік жоғалуына, бүлінуіне не кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты өтеусіз берілген кезде талап етілетін мүліктің бастапқы сатып алушылары жоғалған, бүлінген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде осыған байланысты туындаған залалдарды өтеу бойынша жауапты болады.
Бастапқы сатып алушылардың мүлік құнын өтеуі мүмкін болмаған кезде төлемге қабілетсіз банктің мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған тұлға сот тәртібімен субсидиарлық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
4. Уәкілетті органның немесе банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) арызы бойынша қозғалған істе банкті төлемге қабілетсіз банктердің санатынан шығарғаннан кейін соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банк не банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) талапкер деп танылады.»;
9-тармақтың 54) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
54) 62-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банкті төлемге қабілетсіз банктердің санатына жатқызған және оған осы Заңның 61-8-бабында көзделген реттеу жөніндегі шаралар қолданылған жағдайда, ол консервациялауға ұшыратылуы мүмкін.
Консервациялау төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөніндегі шараларды іске асырған кезде, төлемге қабілетсіз банкке бақылау орнату үшін уәкілетті орган мәжбүрлеп енгізетін төлемге қабілетсіз банкті басқару мен оның қызметінің арнайы режимін білдіреді.»;
2 және 5-тармақтар алып тасталсын;
9-тармақтың 55) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
55) 65-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«65-бап. Банкті консервациялау режимін енгізудің салдарлары. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) өкілеттіктері»;
1-тармақтың в) тармақшасындағы «банкті басқару жөніндегі барлық өкілеттік» деген сөздер «банк органдарының барлық өкілеттіктері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
б) тармақшадағы «қабылданған депозиттер бойынша банкінің» деген сөздер «банктің депозиторлар мен өзге де кредиторлар алдындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
з) тармақшадағы «61-2 және 61-3-баптарына» деген сөздер «61-11 және 61-12-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
и) тармақшадағы «жүзеге асыруға құқылы.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы к) тармақшамен толықтырылсын:
«к) осы Заңның 61-8-бабында көрсетілген, төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөніндегі шараларды іске асыруға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.»;
56) 73-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «8)» деген цифр «9)» деген цифрмен ауыстырылсын;
9-тармақтың 57) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
57) 74-2-бапта:
тақырыптағы «Таратылатын» деген сөз «Мәжбүрлеп таратылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Таратылатын» деген сөз «Мәжбүрлеп таратылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылуға тиіс:
1) бірінші кезекте:
жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру арқылы өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін өздерінің алдында мәжбүрлеп таратылатын банк жауапты болатын жеке тұлғалардың талаптары;
мәжбүрлеп таратылатын банктің басшы қызметкерлерін қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу мен оларға өтемақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның мәжбүрлеп таратылатын банк ұсынған есеп-қисапқа сәйкес, оның кепілдік берілетін депозиттер бойынша төлеген (төлейтін) өтем сомасы бойынша, банк мүлкінің мөлшері мен мәжбүрлеп таратылатын банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы орны толтырылған айырманың сомасы бойынша талаптары қанағаттандырылады;
3) үшінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кепіл мүлкінің құнынан аспайтын мөлшердегі талаптар, сондай-ақ орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын мәжбүрлеп таратылатын банк орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасасқан және орындамаған мәмілелер нәтижесінде туындаған осы клирингтік ұйымның талаптары қанағаттандырылады. Кепілге қойылған мүліктің жоғалғаны немесе бүлінгені үшін сақтандыру төлемі алынған жағдайда, кепілді кредиторлардың талаптары сақтандыру төлемімен жабылған бөлікте қанағаттандыруға жатпайды. Кепілге қойылған мүлік жоғалған жағдайда, осы талаптардың өтелмеген бөлігі сегізінші кезек шеңберінде өтелуге тиіс;
4) төртінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың депозиттері, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары жөніндегі талаптар, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер жөніндегі, сақтандыру ұйымдарының «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған депозиттері жөніндегі талаптар қанағаттандырылады;
5) бесінші кезекте тек қайырымдылықпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен және оған теңестірілген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаражаты есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, басқа да мүгедектер ұйымдарымен олардың банктік шоттардағы және депозитке орналастырылған қаражаты бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады;
6) алтыншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын депозиторлардың - заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;
7) жетінші кезекте салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен берілген қарыздарды қайтару жөніндегі берешек өтеледі;
8) сегізінші кезекте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысулар жүргізіледі, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың оған үшінші кезекке сәйкес жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің сомасынан асатын бөліктегі талаптары қанағаттандырылады;
9) тоғызыншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылатын кредиторлардың - жеке және заңды тұлғалардың депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша өтем есебінен жаппаған сома бөлігіндегі талаптары қанағаттандырылады;
10) оныншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын банктің субординарлық борышы және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есеп айырысулар жүргізіледі.»;
9-тармақтың 58) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
58) 74-4-баптың 1-тармағында:
4) тармақшаның бірінші абзацында:
«қызметінде» деген сөзден кейін «депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер,» деген сөздермен толықтырылсын;
«анықталған» деген сөз «тарату комиссияларының қызметіндегі анықталған кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді,» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша «жағдайда,» деген сөзден кейін «тарату комиссиясының мүшелерін ауыстыруға не банк ерікті түрде таратылған жағдайда оларды ауыстыруды талап етуге,» деген сөздермен толықтырылсын;
59) 75-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2.1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын банктер мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.»;
9-тармақтың 60) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
60) 77-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы, банкті өзінің депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, оған реттеу жөніндегі шараларды қолдану туралы шешімдеріне, сондай-ақ банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) консервациялау сатысындағы, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) әрекеттеріне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) тоқтата тұрмайды.».
10. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын ипотекалық ұйымдарға және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.»;
10-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 5-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-4-бап. Қадағалап ден қою шаралары және санкциялар
Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның қызметінде кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған кезде, уәкілетті орган ипотекалық ұйымға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.»;
3) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) кепіл берушінің кепіл мүлкін соттан тыс өткізу рәсімінің шеңберінде оның бағалау құнын айқындау үшін қарыз берушіге және (немесе) бағалаушыларға кепіл мүлкіне қолжетімділік ұсыну міндеті;
4-2) қарыз алушы өзі жауап беретін, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кепіл берушінің кепіл ұстаушының талаптарын соттан тыс тәртіппен қанағаттандыру мүмкіндігіне келісуі;
4-3) кепіл берушінің жеке басына байланысты өзгерістер болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кепіл берушінің қарыз ұстаушыға осындай барлық өзгерістер туралы ақпарат беру міндеті.
Кепіл берушінің жеке басына байланысты өзгерістерге оның тұрғылықты жерінің өзгеруі, тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) ауысуы, жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыруы, кепіл берушімен байланысу үшін пайдаланылатын байланыс ақпаратының және байланыс тәсілінің өзгеруі жатады;»;
10-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 9-1-баптың бірінші бөлігінде:
«10-тармақтарында» деген сөздерден кейін «, 61-11-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында» деген сөздермен толықтырылсын;
«көзделген» деген сөздің алдынан «, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-3-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 21-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
6) 24-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын;
7) 25-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «және жеке тұлға болып табылатын ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл беруші ипотека тіркелген жердегі органда тіркелген ипотеканы өткізуді сот тәртібінен тыс жүргізуден жазбаша бас тартуды бермегені» деген сөздер алып тасталсын;
8) 26-баптың 7-1) тармақшасы алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
«33-1-бап. Соттан тыс сауда-саттықты жарамсыз деп тану негіздері
Соттан тыс сауда-саттық мынадай негіздер бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін:
1) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлардың болуы;
2) міндеттемелердің орындалмағаны туралы және ипотекалық шартты тіркеген органның сауда-саттықты ықтимал өткізуі туралы хабарламаны тіркеудің болмауы;
3) сауда-саттық туралы хабарландыру алғашқы жарияланған кезден бастап және оны өткізген кезге дейін осы Заңның 25-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген мерзімнің бұзылуы;
4) егер қарыз алушының кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындау мерзімінің өтуі міндеттеменің орындалмауы туралы хабарлама табыс етілген кезге екі айдан аз болса;
5) осы Заңның 28-бабына сәйкес жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, Қазақстан Республикасының астанасы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында сауда-саттық туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялаудың болмауы;
6) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес мерзімді баспа басылымдарында сауда-саттық туралы хабарландырудың сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен аз мерзімде жариялануы;
7) осы Заңның 26 және 27-баптарында көзделген хабарламаларда мәліметтердің болмауы;
8) сауда-саттық туралы хабарландыруда осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың болмауы;
9) осы Заңның 29-бабында көзделген талаптардың бұзылуы;
10) сенім білдірілген тұлғада сауда-саттық өткізуге өкілеттіктердің болмауы.».
11. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 87-құжат; 2001 ж. № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 15, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
1) осы Заңда қолданылатын ұғымдардың он екінші бөлігіндегі «және қайта есепке алу» деген сөздер алып тасталсын;
2) 78-баптың бірінші бөлігіндегі «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта есепке алуына» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 82-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында берілген вексель валютасы теңге болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен операциялар бойынша шығарған, шетел валютасындағы вексельдің айналысына жол беріледі.»;
4) 86-бапта:
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «мен қайта есепке алу» деген сөздер алып тасталсын;
бесінші бөлік алып тасталсын.
12. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-І, 143-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
12-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
8) тармақша «аудит,» деген сөзден кейін «өзге ақпарат аудиті,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-4) және 11-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-4) өзге ақпарат аудиті - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес модельге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты процестерді және қаржылық есептілікпен байланысты емес ақпаратты тексеру;
11-5) өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды - өзге ақпарат аудитінің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;»;
12-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) өзге ақпарат аудитін жүргізу және өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды жасау;»;
3) 4-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 5-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және он бірінші абзацтарында көрсетілген ұйымдарға аудит жүргізу кезінде аудиторлық ұйым қаржылық есептілікте қамтылған ақпараттың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.»;