29-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Кез келген валютаның баламасына байланыстырылып, теңгемен берілген микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді.»;
29-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 4-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Микрокредит беру туралы шарттың міндетті талаптарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
29-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 6-баптың 1-1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға жататын комиссиялар және өзге де төлемдер;»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға жататын комиссиялар және өзге де төлемдер;»;
5) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қарыз алушыларға микроқаржы ұйымдарының микрокредиттерді беру туралы шарттарды тиісінше орындамағаны бойынша талап қою мерзімдерінің ескіру мерзімі бес жылды құрайды.»;
6) 14-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттің қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесін;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
7) 15-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «ұсынылмаған жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «ұсынылмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімі сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларына сәйкес қайтадан өтініш беруге құқылы немесе өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе микрокредиттерді беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Уәкілетті орган қайта берілген өтінішті отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Осы баптың 1-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе микрокредиттерді беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Заңды тұлға осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға не таратуға жатады.»;
8) 16-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) анық емес ақпарат бергені үшін екі реттен көп (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде) әкімшілік жауаптылыққа тартылған;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығарылғаны туралы хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттерді беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.»;
9) 27-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Заңның 15-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде және 16-бабының 5-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, микроқаржы ұйымдарын, микроқаржы ұйымдары ретінде есептік тіркеуден өтпеген микроқаржы ұйымдарын, сондай-ақ осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтпеген микрокредиттік ұйымдарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы сотқа талап-арыз береді;»;
10) 31-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «сәйкес» деген сөзден кейін «мәжбүрлеп» деген сөзбен толықтырылсын.
30-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 6-құжат; № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2017 ж., № 14, 53-құжат):
15-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ынтымақтастық туралы келісім жасасу (қайта жасасу) кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған күші бар қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалардың болмауы.».
31. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес уәкілетті органның қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.»;
2) 55-бапта:
31-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «қаржы ұйымын консервациялау» деген сөздер «банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
«(сайланған) күнінен бастап өзінің лауазымын» деген сөздер «(сайланған, тиісті функциялар берілген) күнінен бастап тиісті функцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«атқаруға» деген сөз «жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтағы «Бірыңғай» деген сөз «Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, бірыңғай» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшаның бірінші абзацындағы «санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті органның тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуына немесе осы баптың 4-тармағында көзделген мерзімде құжаттар уәкілетті органға келісуге ұсынылмауына байланысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерімен еңбек шарты бұзылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуды алған не өзімен еңбек шарты бұзылған немесе өкілеттігі тоқтатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған соң күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының тиісті органының шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органды осы ақпарат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
31-тармақтың 2) тармақшасының он төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталсын.
32. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
100-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Екінші кезекте осы Заңның 104-бабында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген банкрот мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары, банкроттық рәсімді жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған талаптар, сондай-ақ орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның осы клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын банкрот орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған және орындамаған мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары қанағаттандырылады.».
33. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «рұқсаттарға қолданылмайды.» деген сөздер «рұқсаттарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай редакциядағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10) қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және шарттарда ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметіне қолданылмайды.»;
2) 2-қосымшаның 16-жолы алып тасталсын.
34. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат):
1) 1-бапта:
8-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацындағы «сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға» деген сөздер «сақтандыру төлемін жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 212-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «Қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац «Қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 213-бапта:
төртінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөліктің екінші абзацы «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы бөліктің екінші абзацы «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
он бірінші бөліктің бірінші абзацы «Банктің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
он үшінші бөлікте:

он төртінші бөліктің бірінші абзацы «Банктің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 220-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац:
«заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
«ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац:
«заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
«ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзац «банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац:
«заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
«ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-бөлікте:
бірінші абзац «банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац:
«заңды тұлғаларға» деген сөзден кейін, «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
«ірі кәсіпкерлік субъектілеріне» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац «Банктердің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөлікте:

сегізінші бөліктің екінші абзацы «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бірінші абзац «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының,» деген сөздермен толықтырылсын,»;
6) тармақшада:
екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтар алып тасталсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бесінші бөлікте:
бірінші абзац «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«тоғызыншы бөлікте:
бірінші абзац «Сақтандыру ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«оныншы бөлікте:
бірінші абзац «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;»;
он бесінші және он тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«он жетінші бөлікте:
бірінші абзац «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;»;
7) тармақшаның үшінші абзацындағы «сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға» деген сөздер «сақтандыру төлемін жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
3) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тұлғаларды қоспағанда)» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;»;
6) тармақшаның он төртінші және он бесінші абзацтарындағы «арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары,» және «арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының,» деген сөздер алып тасталсын;