коллекторлық агенттіктер мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) және 3-1) тармақшаларда көрсетілген ақпарат берушілер үшін - кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабар беруге міндетті.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттарда айқындалған, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.»;
7) 23-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Орталық атқарушы органдар және оларға тиесілі не оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар мемлекет қатысатын кредиттік бюроға олармен жасалған ақпарат беру туралы шарттың негізінде не уәкілетті органның ақпарат алмасудың электрондық шлюзін пайдалана отырып, ақпарат береді.»;
8) 27-бапта:
2-тармақта:
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен, оның ішінде осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда, бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;»;
«4) кредиттік тарихты қалыптастыратын ақпараттың түрлері, көлемі, оларды беру мерзімі (кезеңділігі), тәртібі, шарт тараптары көрсететін қызметтерге ақы төлеу талаптары;»;
9) тармақшадағы «жауапкершілігі болуға тиіс.» деген сөздер «жауапкершілігі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) ақпарат берушінің өзінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау жөніндегі міндеті;
11) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.»;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен, оның ішінде осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда, бұзу негіздері мен тәртібі сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;»;
7) тармақшадағы «жауапкершілігі қамтылуға тиіс.» деген сөздер «жауапкершілігі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) кредиттік есепті алушының өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау жөніндегі міндеті;
9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), және 4-2) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.»;
4-тармақ алып тасталсын.
21-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат):
7-бапта:
1-тармақта:
«құқылы» деген сөзден кейін «және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Акционерлік инвестициялық қордың және осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүргізеді.»;
3-тармақтағы «орындаушы аудитордың және» деген сөздер алып тасталсын.
22. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-І, 140-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарға және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын валюталық реттеу органының нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.»;
2) 6-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті ұйым өзінің айырбастау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға құқылы.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті ұйымдарды лицензиялау тәртібі мен шарттарын, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды, уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібін, сондай-ақ уәкілетті банктің айырбастау пункттерін ашу, олардың қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, оларды жабу туралы хабардар ету тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын белгілейді.»;
8-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет бойынша, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операциялары бойынша ақпаратты беру нысандары мен тәртібі белгіленеді.»;
22-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 30-баптың тақырыбы және 1-тармағы «шаралары» және «шараларын» деген сөздерден кейін тиісінше «, қадағалап ден қою шаралары» және «, қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен толықтырылсын.
23. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
13-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
24. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат):
24-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайда банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысады;»;
24-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 7-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін орнықсыз қаржылық жағдайы бар банк санатына жатқызылған және (немесе) төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен (банкті уақытша басқарушыдан) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға;»;
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыруға;»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы қызметкерлерді қоса алғанда, өз қызметкерлерін, олардың екінші деңгейдегі банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқарған кезеңдегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап арыздар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.»;
24-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 13-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қатысушы банк орнықсыз қаржылық жағдайы бар банктер санатына жатқызылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұратуы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға;»;
24-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 16-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «құқылы» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «2, 3-тармақтарына» деген сөздер «3-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 18-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиторларға кепілдік берілетін депозиттер бойынша сыйақыны есепке алмастан мынадай:
1) жинақ депозиті (салымы) бойынша, бірақ:
ұлттық валютадағы кепілдік берілген жинақ депозиті (салымы) бойынша он бес миллион теңгеден аспайтын қалдық;
2) депозит бойынша, бірақ:
ұлттық валютадағы кепілдік берілген депозиттердің басқа түрлері бойынша он миллион теңгеден;
шетел валютасындағы кепілдік берілген депозит бойынша бес миллион теңгеден аспайтын қалдық сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.»;
екінші бөліктегі «он» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві кепілдік берілген өтемді төлеу және банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыру үшін пайдаланылуы мүмкін».
25. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат):
11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға;».
26. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 68-құжат; № 24, 124-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-баптың 4-тармағында:
екінші бөліктегі «, арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнайы қаржы компаниялары мен ислам арнайы қаржы компаниялары бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.»;
2) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 3-1-тармағының талаптары қолданылатын ұйымдарды қоспағанда, ұйымдар жылдық қаржылық есептерді келесі жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.»;
3) 20-бапта:
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларында,» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақта:
3), 3-1) және 3-3) тармақшалар алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржы ұйымдарының (айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;».
27-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
27. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;»;
«3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерлерінің филиалдары;».
28. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 32-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (оның ішінде банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкіне тыйым салу;»;
2) 58-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шотындағы ақшасына, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінде банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарына тыйым салуға жол берілмейді.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдем ақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шотындағы ақшасын, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінде банктік шоттардағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарын өндіріп алуға жол берілмейді.»;
3) 61-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын мүлік.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке осы репо операциялары жабылғаннан кейін ғана өндіріп алу қолданылуы мүмкін.»;
4) 62-баптың 3-тармағында:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарына тыйым салуға жол берілмейді.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке азаматтық сот ісін жүргізу барысында осы репо операциялары жабылғаннан кейін ғана тыйым салынуы мүмкін.»;
5) 98-баптың 20) тармақшасындағы «ақшадан өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «ақшадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақшадан өндіріп алуға болмайды.».
29. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдарына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.»;