32) тармақшада:
екінші абзацтағы «қаржы ұйымдарының» деген сөздер «сақтандыру тобының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«15) тармақша «қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;» деген сөздер алып тасталсын;
18-тармақта:
1) тармақшада:
бірінші абзацтағы «3-тармақпен» деген сөздер «4-тармақпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «3. Осы Заңның талаптары» деген сөздер «4. Осы Заңның талаптары» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «53-1» деген цифрлар «53-4» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ғана жүзеге асыра алады.»;»;
төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
26-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 1-баптың 1) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы - қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республика сының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін пайдаланатын, сондай-ақ өз қаражатын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;»;
«7) қаржы өнімі - қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынатын қызмет.»;»;
5) тармақшада:
жетінші абзац алып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) тармақша «сақтандыру холдингтерінің,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;»;
6) тармақша алып тасталсын;
2) 2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:
«6) тармақшасының екінші абзацынан бастап жиырмасыншы абзацын» деген сөздер «6) тармақшасының екінші абзацынан бастап он алтыншы абзацын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5), 6), 7)» деген цифрлар «5), 7)» деген цифрлармен ауыстырылсын.
35. «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 3-құжат):
5-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын.
36-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
36. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
65-баптың 4-тармағы «оның жазбаша нұсқамаларын,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті оның депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін орнықсыз қаржылық жағдайы бар банктер санатына жатқызу туралы, банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу және оған реттеу шараларын қолдану туралы құқықтық актісін,» деген сөздермен толықтырылсын.
37. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж. № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат, № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат, № 21, 98-құжат, № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 42) тармақшасы «заңды тұлға» деген сөздерден кейін «немесе дара кәсіпкер» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.»;
3) 4-баптың 1-тармағында:
7) тармақшадағы «банкаралық төлем карточкалары» деген сөздер «төлем карточкаларының банкаралық» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну» деген сөздер «электрондық банктік қызметтерді көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «жүргізілген» деген сөз «жүргізілетін» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу» деген сөздер «арасында корреспонденттік қатынастар орнату» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшадағы «беруші көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызылатын» деген сөздер «берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлем жүйесіне қатысушы клиент, егер осы төлем жүйесі арқылы бір жылда жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлеміндегі оның үлесі он немесе оннан көп пайызды құраса, жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиентіне жатады.»;
5) 13-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі «Банкпен» деген сөзден кейін «және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 14-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «(немесе)» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, төлем ұйымының, төлем агентінің, сондай-ақ қосалқы төлем агентінің атауы, сәйкестендіру нөмірі, байланыс деректері (тұрған жері мен заңды мекенжайы, телефон нөмірі).
Дара кәсіпкер болып табылатын төлем агенті және қосалқы төлем агенті өздерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) туралы ақпаратты қосымша көрсетеді;»;
7) 24-бапта:
37-тармақтың 7) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
тақырып «шараларын» деген сөзден кейін «, қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «шараларын» деген сөзден кейін «, қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын төлем жүйелерінің операторларына және төлем жүйелерінің қатысушыларына, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты қадағалап ден қою шаралары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолдануына жатады.»;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге (бұдан әрі - көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілері) қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға құқылы:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру;
2) жазбаша ескерту шығару;
3) жазбаша келісім жасау.
6. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне қатысты нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің және (немесе) жағдайлардың сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының ұқсас бұзушылығын анықтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
8. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою қажеттігі туралы және жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі анықталған бұзушылықтар және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер, сондай-ақ жағдайлар жойылғанға дейін өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға жатады.
9. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы құжатында көрсетілген мерзімдерде шектеулі ықпал ету шарасын орындағаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті.
10. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне бұрын оған қолданылған ықпал ету шараларына немесе санкцияларға қарамастан, осы бапта айқындалған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
12. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау жөніндегі мерзімді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұзартуы мүмкін.»;
8) 27-бапта:
37-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Эскроу-шоттағы ақшаға эскроу-шот шартының талаптарына байланысты іс жөніндегі сот актісі бойынша ғана тыйым салуға және өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
9) 32-бапта:
3-тармақтағы «және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер «, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші және екінші бөліктердегі «банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның» және «Банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым» деген сөздер тиісінше «банктердің, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының» және «Банктер, ипотекалық ұйымдар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және бесінші бөліктер «Қарыз бойынша» деген сөздерден кейін «мерзімі өткен» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөлікте «дебеттеу арқылы» деген сөздерден кейін «қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «Ақша» деген сөз «Осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен ақша» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 44-бапта:
4-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бағалы қағаздармен операцияларды жүргізген, электрондық ақшаны пайдалана отырып, сыйақы төлеген, электрондық ақша пайдалануды ынталандырумен байланысты төлем кезінде заңды тұлғаның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға электрондық ақшаны аударуына жол беріледі.»;
11) 46-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның нұсқауды осы тармақтың бірінше бөлігінің 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша орындаудан бас тартуы инкассалық өкімдерге, сондай-ақ сақталуы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта көзделген төлем құжаттарына қолданылмайды.»;
12) 48-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «Осы баптың» деген сөздер «Осы баптың 1 және 2-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы арқылы ұсынылған нұсқауларды орындауға қолданылмайды.»;
4-тармақтағы «Нұсқауды» деген сөз «Бас тарту көрсетілген төлем құжаттарын орындау үшін көзделген мерзімде жасалатын қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы, сондай-ақ инкассалық өкім арқылы ұсынылған нұсқауларды қоспағанда, нұсқауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармақтың 13) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 50-баптың 4-тармағы «Нұсқауды орындау» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-9-бабында,» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 52-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым» деген сөздер «, ипотекалық ұйым немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 57-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «орындалған жағдайларда жүзеге асырылады.» деген сөздер «орындалған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
3) егер бенефициар банктің корреспонденттік шоты бойынша орындалмаған талаптар немесе шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін ақшаға билік етуге шектеулер болса, ақша аударымын алу кезінде бенефициар банктің клиенті болып табылмайтын адамның пайдасына ақша түскен;
4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-1-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда ақшаны қайтару ақша жөнелтушінің мекенжайына жүзеге асырылады.»;
16) 58-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтқаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.
Осы Заңда бас тарту көзделген жағдайларда төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқауларды орындағаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.
Клиенттің банктік шотынан ақша алудың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілігін бұзғаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.
Төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы төлем қызметтерін көрсеткен кезде осы Заңда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.
Өзіне қабылдаған міндеттемелер сомасына сәйкес келмейтін сомаға электрондық ақша шығарғаны үшін, сондай-ақ электрондық ақша иесін сәйкестендірмей бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығарғаны үшін, сондай-ақ бір операцияның ең жоғары сомасы бойынша белгіленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны пайдалануға жол бергені үшін электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.
Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жеке тұлғалардан алған электрондық ақшаны эмитенттің өтемегені, уақтылы және толық өтемегені үшін электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.
Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру кезінде (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету кезінде) төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға міндетті дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғаның оларды қабылдаудан бас тартқаны үшін және (немесе) дара кәсіпкерлерде және заңды тұлғаларда төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмағаны үшін осы Заңның 25-бабының 11-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді не төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеуі мәселелері бойынша өзге есептілікті белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер және ақша аударымдары лимитін бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзғаны үшін не көрсетілген лимиттің орындалғаны туралы мәліметтердің бұрмалануына әкелген есептілікті жасағаны үшін банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.».
38. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат):
1) 4-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
2) 5-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «жолымен» деген сөз «жіберу тәсілімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
3) 6-баптың 5-тармағының үшінші абзацы «есепке жазылған сыйақыны» деген сөздерден кейін «, қарыз және микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды және өзге төлемдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 7-баптың 2-тармағы 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесін;»;
5) 14-баптың 5) тармақшасындағы «жасасуға құқылы.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, екінші бөлігі алып тасталсын;
6) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Коллекторлық агенттіктің қызметін мемлекеттік бақылау
Коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.».
39. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-бапта:
3) тармақшадағы «319-бабы 2-тармағының 19) тармақшасы,» деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақшадағы «319-бабы 2-тармағының 20) және 42) тармақшалары» деген сөздер «319-бабы 2-тармағының 19), 20) және 42) тармақшалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 33-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жеті жүз сексен жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқу, тағылымдамадан немесе практикадан өту мақсатында жүрген тұлғалар осы тармақта көзделген негіздер болмаған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмайды.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 15) тармақшасын, 7-тармағы 3) тармақшасының бірінші және жетінші абзацтарын, 39-тармағының 2) тармақшасын;
2) 2018 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағының 50) тармақшасын;
3) 2018 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағының 2) тармақшасын;
4) 2018 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағының 2) тармақшасын;
9-тармақтың 50) тармақшасы қатемен басылған, орыс тіліндегі мәтінін қараңыз
5) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармағының 5) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8) тармақшасының тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 11) тармақшасының тоғызыншы - он екінші абзацтарын, 12) тармақшасын, 3-тармағын, 4-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын, 8) тармақшасын, 18) тармақшасының үшінші абзацын, 6-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының төртінші абзацын, 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 8-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 2) тармақшасының алтыншы және жетінші, отыз екінші, отыз үшінші және отыз төртінші абзацтарын, 3), 7), 9) және 12) тармақшаларын, 16) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 17) және 18) тармақшаларын, 19) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 20) тармақшасының бірінші - жиырма төртінші абзацтарын, 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 5) тармақшасының екінші - сегізінші, оныншы және он бірінші абзацтарын, 7), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының төртінші, он екінші, жиырма бірінші - жиырма төртінші абзацтарын, 12) тармақшасын, 14) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы, он төртінші - жиырма бірінші абзацтарын, 15) тармақшасын, 16) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 18) тармақшасының төртінші - оныншы абзацтарын, 20) тармақшасын, 21) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 25) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 34), 35), 36), 37), 38) және 39) тармақшаларын, 40) тармақшасының үшінші - тоғызыншы, он төртінші - жиырма алтыншы абзацтарын, 41) тармақшасының тоғызыншы және оныншы, он үшінші - жиырма бесінші абзацтарын, 42) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 43) және 46) тармақшаларын, 47) тармақшасының бесінші - тоғызыншы, он екінші - жиырма жетінші абзацтарын, 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 57), 58) және 60) тармақшаларын, 10-тармағының 2) және 4) тармақшаларын, 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 14-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының екінші - он тоғызыншы, жиырма екінші - отыз жетінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші, төртінші және тоғызыншы абзацтарын, 7) тармақшасының екінші, бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 8) және 9) тармақшаларын, 10) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы, он төртінші - он сегізінші абзацтарын, 11) және 12) тармақшаларын, 14) тармақшасының төртінші абзацын, 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшаларын, 23) тармақшасының төртінші, бесінші, оныншы және он бірінші абзацтарын, 24), 25) және 28) тармақшаларын, 15-тармағын, 16-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 17-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, он бірінші - он төртінші абзацтарын, 5), 6) және 7) тармақшаларын, 18-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 4), 5), 6), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 14) тармақшасын, 15) тармақшасының екінші - отыз бірінші абзацтарын, 16) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы, он төртінші - он сегізінші абзацтарын, 17) тармақшасын, 18) тармақшасының екінші, үшінші және жетінші абзацтарын, 19), 20), 22) және 28) тармақшаларын, 19-тармағы 1) тармақшасының екінші, бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 4) тармақшасын, 5) тармақшасының төртінші абзацын, 7) тармақшасын, 20-тармағының 1) және 4) тармақшаларын, 21-тармағын, 22-тармағының 3) тармақшасын, 24-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларын, 29-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 30-тармағын, 31-тармағы 2) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы, он төртінші абзацтарын, 36-тармағын, 37-тармағы 7) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 13) тармақшасын;