Мемлекеттік органдарға бюджеттік дербестік беріледі, бұл міндеттерді жедел шешуге және бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Бюджетті жоспарлаудың және атқарудың автоматтандырылған платформасы бюджет процесінің әрбір кезеңінде тиісті құжаттардың «Ашық бюджеттер» порталында да, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың веб-парақтарында де пайдаланушыға ыңғайлы форматта уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік аппаратқа инновациялық жобаларды іске асыруға шоғырлануға көмектесетін «қолмен» жинау және ұзақ мерзімді бюджеттік келісу рәсімдерінен бас тарту маңызды болады.
Мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау өзгерістер теориясы негізінде бөлшектенген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге байланысты болады.
Есептілік, ашықтық және бақылау жөніндегі жаңа талаптар қоғамның мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады.
2-міндет. Мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру
Басты құндылықтары азаматтар мен олардың игіліктері болып табылатын мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру бойынша ауқымды реформа жүргізілетін болады.
Бұл процесте мемлекеттің «функцияларын» қайта ойластыру, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы және бір деңгейдегі деңгейлес мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктердің нақты институционалдық аражігін ажырату, сондай-ақ кешенді және жүйелі жұмыс маңызды болып табылады, оның нәтижесі - кертартпа рәсімдер мен тән емес функциялардан босатылған мемлекеттік аппараттың оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымы мен штат санына, басқарушылық сатылылық пен қабылданатын шешімдердің өзгеруіне алып келеді.
Мемлекеттік аппаратты одан әрі дамыту ұтқырлықтың, алуантүрліліктің және ашық, мәдениет ынтымақтастығын көтермелейтін, сондай-ақ білімқұмар қызметшілер мен бейімді басшылардың болуын болжайтын мемлекеттік қызметтің инновациялық моделін қалыптастыруға бағытталатын болады.
Мемлекеттік органдардың қызметі, ішкі процестер мен қабылданатын шешімдер қоғам мен бизнестің игілігі үшін нәтижелерге қол жеткізуге бағытталатын болады.
Штат саны мен ұйымдастырушылық құрылым, мемлекеттік органдарды ұстауға және олардың тиімділігін басқару құралдарына арналған бюджеттік шығыстар мемлекеттік функциялардың оңтайландырылған жиынтығы негізінде айқындалатын болады.
Мемлекеттік саясатты іске асырумен тікелей байланысты емес мемлекеттік органдардың көмекші және жәрдемдесуші бөлімшелері оларды бэсекелес ортаға беру не оларды уәкілетті органдарда орталықтандыру арқылы оңтайландырылатын болады.
Мемлекеттік органдардың функционалы процестік тәсілді енгізе отырып сүйемелденетін болады. Бұл ревизияны, реинжинирингті, артық бизнес-процестерді қысқартуды және толық цифрландыруға көшуді көздейді. Мемлекеттік орғандардың 100% қызметі автоматтандырылып, электрондық форматқа көшіріледі.
Мемлекеттік функцияларды қысқарту мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін қайта қарауға және қызметтің тиімсіз түрлерінің азаюына әкеп соғады.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер азаматтармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға, қоғам мүдделерін ескере отырып, мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ нәтижелілікті арттыруға бағдарланатын болады. Жоспарлауды, бюджеттеуді, мемлекеттік қызметтер көрсетуді және цифрландыруды қоса алғанда, барлық негізгі процестер «функциялар - сервистер - өнімдер» формуласы бойынша өзгеретін болады.
Ішкі мемлекеттік аудитті оның объектілері қызметінің ерекшеліктеріне қарай мемлекеттік органдардың дерекқорларымен, электрондық мемлекеттік аудит тәуекелдерін басқару жүйесімен кіріктіре отырып, цифрландыру қамтамасыз етілетін болады.
Мемлекеттік аппаратқа іріктеу бейіндік білімге және талдамалық ойлау, көшбасшылық, креативтілік, бастамашылық сияқты құзыреттер бойынша жүзеге асырылатын болады.
Кадрлық іс жүргізуді толық автоматтандыру қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қызметте персоналды басқарудың барлық процестерін құру цифрлық технологияларды, ауқымды деректерді және жасанды интеллект алгоритмдерін белсенді қолдана отырып жүзеге асырылатын стратегиялық кадрлық жоспарлауға сәйкес келетін болады.
Персоналды стратегиялық басқаруға көшу мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мәдениетін, ынталылығы мен тартымдылығын өзгертуге ықпал ететін болады.
Бастамашылдық, қазіргі заманғы тәсілдерді енгізу көтермеленетін болады.
Білікті қызметкерлерді мемлекеттік қызметке тарту және ұстап қалу, сондай-ақ институционалдық жадыны сақтау мақсатында мемлекеттік аппараттағы жұмыстың тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік сектор басшыларына шешімдер қабылдау үшін көбірек өкілеттіктер мен жеткілікті ресурстар берілетін болады.
3-міндет. Ашық үкімет
Ауқымды деректерді талдау және жасанды интеллект құралдарын қолдану мемлекеттік басқарудың сервистік моделіне көшуге негіз болады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай талдамалық ақпараттық жүйесі мәліметтердің механикалық жиналуын болдырмайды.
Азаматтар мен үкіметтің нақты уақыт режимінде екіжақты ақпараттық өзара іс-қимылын көздейтін, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есеп беруіне ықпал ететін ашық үкіметті одан әрі дамыту қамтамасыз етілетін болады.
Азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың пікірін ескере отырып, ыңғайлы пайдалану мақсатында «Ашық үкімет» порталының тартымдылығы артады.
Азаматтарға бағдарланған тәсіл енгізілгеннен кейін және қажетті қызметтерді алуға, ақпарат табуға, сұрау салулар беруге, кері байланыс алуға жылдам мүмкіндік берілгеннен кейін бірыңғай стандарттар, мемлекеттік органдардың ашықтық саясаты белгіленетін болады.
Бизнестің фронт-офистерінде қызметтер көрсетіледі, атап айтқанда, неғұрлым ыңғайлы интерфейстер арқылы қызметтер алу мүмкіндігімен платформалық тәсіл енгізілетін болады. Ол үшін сәйкестендіру жүйесінің, ЭЦҚ, білім базасының элементтері қолжетімді болады. Сондай-ақ қызметтер үшінші тарап қызметтерінде ұсынылатын болады. Бұл мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараттық жүйелерін одан әрі интеграциялауды талап етеді, көрсетілетін қызметтер бойынша сандық және сапалық көрсеткіштер бөлінісінде үлкен деректер қалыптастырылатын болады.
Проактивті тәсіл енгізілетін болады, оның шеңберінде қызметтер азамат өтініш бергенге дейін оның бейіні, қажеттіліктері және өмірлік сатысы негізінде көрсетіледі. Қызметтер «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі, бұл мерзімдерді қысқартады және олардың сапасын арттырады.
4-міндет. Нәтижеге және азаматтардың мүдделеріне бағдарлануды арттыру
Мемлекеттік органдардың іс-қимылдары тікелей халық пен бизнестің мүдделерін қанағаттандыруға бағдарланатын болады.
Клиентке бағдарлануды арттыру көрсетілетін қызметтер мен орындалған жұмыс бойынша тұрақты қайтымды байланыс алу есебінен жүргізіледі, бұл мемлекеттік органдарға, ең алдымен, азаматтық проблемалардың неғұрлым өзекті мәселелерін шешетін жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Бизнес пен азаматтардың «халық үніне қүлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес әріптестікке бағдарлана отырып, шешімдер әзірлеуге және аса маңызды мемлекеттік құжаттарды қабылдауға қатысуы үшін мүмкіндіктер кеңейеді.
Бизнес, мемлекет және халық арасындағы өзара іс-қимыл цифрлық форматқа көшеді. Азаматтарға қызметті бір арнадан алуға және оны басқа арнада «кез келген уақытта, кез келген құрылғыдан» аяқтауға мүмкіндік беріледі.
Кейіннен процестер мен функцияларды онлайн-форматта құра отырып, олардың цифрлық реинжинирингі жүргізілетін болады. Бұл мемлекеттік қызметтер көрсетудің проактивті форматына көшу. Нақты қатысуды талап етпейтін қызметтер (құқықтарды қайта табыстау, шарттардың кейбір түрлеріне қол қою) баламасыз түрде цифрлық форматта көрсетілуге тиіс. Базалық көрсеткіш - автоматтандырылған қызметтер саны емес, шешілген өмірлік жағдайлар бойынша цифрлар.
ХҚО-ның қызметі функцияларын бәсекелі ортаға барынша бере отырып, цифрлық қызмет көрсету орталықтарына қайта форматталатын болады. Жаңа орталықтардың негізгі құрамдауыштары өзіне-өзі қызмет көрсету және бейнеқызмет көрсету аймақтары болады.
Мемлекеттік органдар жүмысы тиімділігінің негізгі көрсеткіштері аралық процесс емес, азаматтың, өңірдің, жекелеген саланың шешілген проблемалары түріндегі түпкілікті нәтиже, сондай-ақ мемлекеттік органның қызметін халықтың бағалауы болады. Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім және олардың қызметіне қанағаттану деңгейі мемлекеттік аппараттың жүмысын бағалау жүйесінің маңызды бөлігіне айналады.
Қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында азаматтар мен мемлекеттің жауап берудің тиімділігін қадағалай отырып, өзара іс-қимыл жасау тетіктері құрылады.
Қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметіне қатысты барлық ақпарат ашық қолжетімділікте ұсынылатын болады.
Мемлекеттік органдардың ашық отырыстары мен кеңестерін онлайн- трансляциялауды өткізу практикасы халық пен бизнестің ақпаратқа қолжетімділігін арттырады, мәліметтер иеленушілердің жауапкершілігін кеңейтеді.
Азаматтардың реформалар мен ұсыныстарға бастама жасауы үшін бірыңғай заңды онлайн-петиция институты, сондай-ақ өтініштерді есепке алуға арналған платформа құрылады. Мұндай тетік кез келген манипуляциядан толық қорғалған болады.
5-міндет. Квазимемлекеттік сектордың тиімділігі
Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін түбегейлі қысқартуға бағытталған квазимемлекеттік сектордың жаңа моделін құру жөніндегі дәйекті жұмыс аяқталатын болады.
Квазимемлекеттік сектордың стратегиялық жалпыұлттық міндеттерді іске асырудағы рөлі қайта қаралатын болады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің функциялары, міндеттері бойынша аудиті және сыныптамасы жүзеге асырылады, бұл қайталануды жоюға, сондай-ақ дамыған нарықтарға мемлекеттің қатысуын қысқартуға мүмкіндік береді.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кез келген нысандарын құру және тарату, оларға басым функциялар мен ережелерді беру мүмкіндігінің нақты шарттары айқындалатын болады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін сыныптау коммерциялық не коммерциялық емес бағытына қарай ұйымды құрудың негізгі мақсатын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік кәсіпорындар неғұрлым бәсекеге қабілетті және нарыққа бағдарланған ұйымдық-құқықтық нысандарға қайта құрылатын болады. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етуге, сондай-ақ олардың болашақта жекешелендірілуіне негіз қалауға тиіс.
Экономика салалары, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметін жүзеге асыратын функциялар қысқарады. Барлық рәсімдердің толық ашықтығын қамтамасыз ете отырып, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды жекешелендіру жалғасатын болады. Олардың қатысуы қоғамдық мүддені, орындалатын міндеттер шеңберінің ерекшелігі мен бірегейлігін қамтамасыз етуге байланысты жекешелендіруге жатпайтын аса маңызды инфрақұрылымды басқару мақсатында ғана қамтамасыз етілетін болады.
Жаңа модельдің маңызды элементі - портфельді басқару мәселесінде квазимемлекеттік сектордың тиімділігін бағалау. Тиімділік көрсеткіштері бірінші кезекте бәсекеге қабілеттілікке, рентабельділікке, қаржылық орнықтылыққа және экономиканы дамытуға бағытталатын болады.
Квазимемлекеттік ұйымдар қызметінің нәтижелерін бақылау жүйесі мен бағалау өлшемшарттары озық халықаралық практикаға сәйкес келтірілетін және түйінді стратегиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көрсеткіштерге байланыстырылатын болады.
Қызметтің ашықтығы, қоғамның басқаруға қатысуы және мемлекеттік активтерді басқаратын атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектордың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігін бағалау нәтижелерінің жаппай ашықтығы квазимемлекеттік сектордың жаңа моделінің негізі болады.
Квазимемлекеттік сектор заңды түрде институционалданатын болады, бұл оның субъектілерінің нақты ұғымын айқындауға, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқару органдары мен олардың мүшелерінің жауапкершілігін белгілеуге, корпоративтік басқару негіздерін көздеуге, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметінің ашықтығы, есептілігі және мониторингі мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.
6-жалпыұлттық басымдық. Патриотизм құндылықтарын дәріптеу
Басымдықтың мәні: қайратты және жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыру.
Шынайы отаншылдық азаматтың өз елінің жетістіктеріне қатысы болуына және болып жатқан процестерге нақты ықпал ете алатын фактіге, мемлекет жүргізетін саясатты олардың түсінуі мен қолдауына, өзі өмір сүретін қоғамның, ортаның жай-күйі үшін жауапкершіліктің бір бөлігін алуына негізделеді.
Саяси жүйе мен экономиканы табысты жаңғырту үшін қоғамдық сананы озыңқы жаңғырту талап етіледі, бұл қайратты және жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осы орайда қоғамдық-саяси процестерді демократияландыру мен саяси бастамаларды іске асыру бағытын, оның ішінде сайлау заңнамасын реформалау, ауылдық және аудандық әкімдердің тікелей сайлауын енгізу, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен жергілікті қоғамдастықтардың шешімдер қабылдаудағы дербестігін арттыру арқылы жалғастыру маңызды.
Отаншылдықтың маңызды шарты ұлттық бірегейлікті сақтау, қоршаған әлемге жауапты қарауға, жергілікті және ұлттық деңгейлерде қоғамдық өмірге белсенді қатысуға, қатыстылық пен бастамашылық сезімін дамытуға бағытталған әрбір азаматтың санасын жаңғырту болып табылады
Өзіндік ұлттық рәмізді жасау мен тарихи және мәдени объектілерді асқақтату барлық қазақстандықтардың ұлттық санасына біртұтас сіңіре отырып, оларды елдің бірыңғай «рухани белдеуіне» біріктіруге мүмкіндік береді
Жастардың материалдық деңгейі мен элеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау, жеке табысқа қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы олардың өзін-өзі танытуы үшін жагдайлар жасалатын болады.
Өскелең ұрпақтың тәрбие процесі өз біліміне, салауатты өмір салты мен кәсіби жетістіктеріне, өзінің жеріне, ауылына, қаласына, өңіріне, атажұртына, мәдениеті мен тіліне деген сүйіспеншілікке баса назар аудара отырып, өмірге салиқалы көзқарас сияқты элементтерді қамтитын болады.
Адалдық, мейірімділік, әділдік, өзін-өзі дамыту сияқты дәстүрлі жалпыадамзаттық құндылықтар қазақстандық жастарда басым болуы тиіс.
Волонтерлер қызметі аясында өзара көмек көрсетудің биік мәдениетін қалыптастыру және бұл процеске әрбір азаматтың кеңінен қатысуы
жалпыұлттық ауқымда болуы тиіс.
Бұған оның ішінде:
азаматтар арасында қайырымдылық мәдениетінің деңгейін арттыру;
қайырымдылық ұйымдарының қызметі үшін қолдау мен ынталандырулар жасау;
қайырымдылық ұйымдарының қызметіне азаматтардың сенімін арттыру үшін олардың есептілігі мен ашықтығын стандарттау да ықпал ететін болады.
Азаматтардың экологиялық мәдениетін дамыту табиғатқа аялы көзқарас призмасы, жануарларды қорғау қағидаттары мен экологиялық ұйымдарды қорғау арқылы жүруі тиіс.
Отандық мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелде елдің оң имиджін қалыптастыру үшін бұрынғы отандастармен жұмыстың жаңа тетіктерін енгізу маңызды.
Заманауи өнерді дамытуды басымдық ету және Жаңа мәдени толқынды қолдау қажет.
Бұқаралық спортты, ең алдымен балалар спортын жан басына шаққанда қаржыландыруды енгізу арқылу дамыту.
Сондай-ақ биік жетістіктер спортын қолдау мен дамыту, соның нәтижесінде кәсіби спортшылардың халықаралық аренадағы өнер көрсетуде нәтижелері деңгейінің артуы өз елі үшін мақтаныш сезімінің тудыруға әсер етеді.
Тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған инклюзивті жобалар іске асырылатын болады.
Әрбір қала мен өңірде отбасыларға қолдау көрсету, отбасылық шиеленісті шешу және әйелдер мен балаларға тұратын орын беру бойынша орталықтар құрылатын болады.
7-жалпыұлттық басымдық. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту
Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, ақпараттық, халықаралық, әскери және басқа салалардағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізі:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен әлеуметтік- экономикалық және қоғамдық-саяси теңгерімді даму міндеттерінің ажырамас өзара байланысы мен өзара тәуелділігі;
ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқарудың заманауи әдістерін енгізу;
ұлттық қауіпсіздік жүйесін сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы тұруға бағдарлау ғана емес, орнықты даму үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің 2025 жылға дейінгі стратегиясында қамтамасыз етілетін болады.
8-жалпыұлттық басымдық. Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру
Басымдықтың мәні: кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыруға және дамытуға, жеке меншік пен бәсекелестікті тиімді қорғауға бағытталған кәсіпкерлікті дамытудың «жаңа күн тәртібі». Негізгі нәтиже бәсекеге қабілетті отандық кәсіпорындарды қалыптастыру болады.
2025 жылға қарай Қазақстандағы түбегейлі өзгерістер:
кәсіпкерлік субъектілерін дамытудың қарапайым қағидаттарынан қазіргі заманғы кәсіпкерлік экожүйесін құруға;
бизнеске қолдау көрсету жөніндегі «сандық» міндеттен талап етілетін инфрақұрылымды құра отырып, сапалы «топтамалы шешімдер» қабылдауға;
реттеуден ынталандыруға;
«көлеңкедегі» бизнесті дамыту мүмкіндігінен адал «ашық» бизнесті жүргізуге жағдай жасауға және «көлеңкедегі» нарықты анықтаудың бұлтартпастығына;
жоғары әкімшілік бақылаудан кәсіпкерлік қызметті оңайлатуға және заңды түрде жүргізуге;
салалардағы меншік иесі және реттеуші ретіндегі мемлекеттің белсенді рөлінен жеке субъектілер арасындағы салауатты бәсекелестікке;
басым салалар есебінен сандық өсуге бағдарланудан (бэсекелестік артықшылыққа қол жеткізген) әртүрлілік есебінен сапалы өсуге (бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу жолында);
ішкі тұтынуға ғана бағдарланудан жалпыөңірлік экспорттық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікке.
1-міндет. Бәсекелес салаларда мемлекет иелігінен алу
Стратегиялық функцияларды немесе ел жағдайында және ауқымында бәсекелестік экономикалық тұрғыдан орынсыз болатындарды қоспағанда, тиімді жекешелендіруді, мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруді қамтитын экономиканы мемлекет иелігінен алу процесі жеделдетіледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін, оның ішінде өңірлердің ерекшелігі мен даму деңгейін ескере отырып оңтайландыру бойынша жұмыс жалғасады. Осындай жұмыс мемлекеттік кәсіпорындар бойынша да жүргізілетін болады.
2-міндет. Кәсіпкерлікті теңгерімді реттеу
Кәсіпкерлікті дамытудың «жаңа күн тәртібінің» негізгі басымдығы әкімшілік кедергілерді қысқарту арқылы бизнес құру рәсімін оңайлату болады.
Дағдарыстан кейінгі кезеңде мемлекеттік реттеуді жаппай жеңілдету жүргізіледі, «жаңа парақтан бастап» реттеу және нарыққа кіру және бизнесті жүргізу процестеріне кедергілерді азайту тетіктері енгізіледі.
«1 in 2 out» («2-еудің орнына 1» жаңа реттеуші құралды енгізу тең болатын қолданыстағы екі реттеуді алып тастауды көздейді) қағидатын енгізу жүзеге асырылады, бұл кәсіпкерлерге қатысты артық талаптарды азайтуға мүмкіндік береді.
Жеке меншікке қол сұғылмаушылықты қорғау кепілдігін арттыру үшін Қылмыстық кодекстің барлық баптарында, егер кәсіпкердің қылмыстық теріс қылығы бюджет қаражатын ұрлаумен немесе мемлекеттің мүліктік мүдделеріне тікелей зиян келтірумен байланысты болмаса, кәсіпкердің мүлкіне мемлекет пайдасына тыйым салу түріндегі санкциялар алып тасталады.
Рұқсат беру құжаттарынан мемлекеттік лицензиялар қолданылатын болады. Басқа барлық рұқсаттар жойылады, олардың орнына бизнестің есептілігі, ерікті негізде қызметті талдау енгізіледі.
Бизнеске бақылау жүктемесін азайту, сондай-ақ отандық кәсіпкерліктің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы тексерулердің орнына кәсіпорынның «диагностикасы» қағидаты енгізілетін болады. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде кәсіпорындарды жауаптылыққа тартпай «диагностикалау» мүмкіндігі мемлекеттік органдарға берілетін болады.
Шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің қолданылуы кезеңінде (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қатаңдатуға, сондай-ақ жаңа рұқсаттар мен хабарламалар енгізуге тыйым салынады.
3-міндет. ШОБ-тың өсуі мен дамуы үшін мүмкіндіктерді кеңейту
Мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шараларының атаулылығын кеңейту және арттыру арқылы бизнесті қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға қатысуды ұлғайтуға қабілетті кәсіпорындар мемлекеттің үлесі мен қатысу деңгейін айқын шектей отырып, «пакеттік шешімдер» арнайы шаралар кешенін айқындау арқылы ынталандырылатын болады.
Бизнестің барлық санаттары үшін салық салынбайтын сараланған қолдау шаралары көзделетін болады, бұл барлық мұқтаж кәсіпкерлерді қамтуға және оның орнына қоғам үшін соған мөлшерлес игілік алуға, оның ішінде отандық тауарларды міндетті өндіруді және кәсіпорындардың ішкі нарыққа қатысуын ұлғайтуга мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты оқыту тәсілдері болашақ кәсіпкердің жаңа философиясының пайда болуымен өзгереді.
Бизнестің коммерциялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін субсидиялау, гранттар, шығыстарды өтеу сияқты мемлекеттік қолдау шараларына салық салу жойылады.
Бизнестің банктік кредиттеуге тәуелділігін төмендету мақсатында микрокредит беруді, факторингті, қор нарығы мүмкіндіктерін кеңейту арқылы банктік кредиттеуге баламаларды дамыту қамтамасыз етілетін болады.
Қазақстандық бизнес айналым қаражатын толықтыру мүмкіндігімен арзан қаражатқа немесе сомасы мен салалары жағынан шектелмейтін инвестициялық мақсаттарға қол жеткізе алатын болады. Бұл ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 4 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Реттеуді жеңілдету және инноватор компаниялар мен реттеуші арасындағы өзара тиімді іс-қимыл форматын қамтамасыз ету үшін қаржы нарығына қатысушылар үшін құқықтық белгісіздік пен заңдық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін «реттеуші құм алаңы» қағидаты қолданылатын болады.
4-міндет. Салауатты бәсекелес ортаны қамтамасыз ету
Ұлттық экономиканы нығайту мақсатында, оның жазалаушылық бағытынан ауыр бұзушылықтар бойынша жауапкершілікті күшейте отырып, елеусіз құқық бұзушылықтарға «жеңіл құқық» құралдарын кеңінен қолдануға бағыттау арқылы бәсекелестікті дамыту бойынша проактивті мемлекеттік саясатты енгізу жөніндегі жұмыс жалғасады.
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының құқық қолдану практикасы жетілдірілетін болады.
Квазимемлекеттік сектор мен жеке бизнес арасында біртекті бәсекелес ортаны қамтамасыз ету, ЭЫДҰ елдерінің озық практикасын қолдана отырып, «бәсекелес бейтараптылық» қағидатын іске асыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
«Open Markets» (ашық нарықтар) қағидаттарын тұтынушылардың ақпаратқа қол жеткізуіне бағытталған ІТ-құралдары арқылы енгізу бәсекелестікті дамытудың маңызды бағыттарының біріне айналады. Бұл салаға жаңа жеткізушілердің енуі шарттарын жеңілдетеді және сатып алушылардың тиімді ұсыныстарды іздеуіне мүмкіндіктер береді.
Шектеулі ресурстарды бөлуде сәйкессіздіктер байқалатын нарықтарда (радиожиілік спектр және т.б.) тауарларды тұтыну жүйесін («коллаборативті тұтыну») өзгертуге арналған «Sharing Economy» қағидаттары енгізілетін болады.
Биржалық саудаға қойылатын монополияға қарсы талаптардың сақталуын мониторингтеу (биржалық тауарды сатудың біркелкілігі мен тұрақтылығы, лоттардың ең аз және ең көп мөлшері, биржадан тыс мәмілелерді тіркеу, тауар биржаларының электрондық жүйесіне монополияға қарсы қол жеткізу) жер қойнауын пайдаланушылардың ресурстарға тең қол жеткізуін, сатушылар мен сатып алушылардың шектелмеген тобының сауда- саттыққа бір мезгілде қатысуы есебінен нарыққа қатысушыларды ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.