Нарықтық баға белгілеудің сенімді баға индикаторлары бар ақпараттандыру жүйесі қалыптасады.
Биржалық тауарлар тізбесін кеңейту және сауда-саттық көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Бәсекелестікке әсерді бағалау мақсатында тауар нарықтарын реттеу саясатын әзірлеу, қайта қарау немесе өзгерту үшін мемлекеттің араласуының бәсекелестік салдарларына талдау жүргізілетін болады.
Сондай-ақ мемлекеттік қолдауды қысқарта отырып және «жасанды монополияларды бұзу» қағидаты бойынша бүкіл заңнамаға ревизия жүргізе отырып, өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің монополияларын реттеу жөніндегі жұмыс жалғасады, бұл монополиялардың көрсетілетін қызметтері мен тауарларына баға белгілеудің ашықтығын ғана емес, сондай-ақ монополиялар қызметтерін жеткізудің бүкіл тізбегінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Салалар мен өңірлерде бәсекелестікті дамыту стандарттарының жүйесі қалыптастырылады, бұл мемлекеттік аппаратты осы белсенді жұмысқа тартуға алып келеді.
Бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы процестің тиімділігін арттыру мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің орташа нарықтық бағаларын тұрақты түрде мониторингтеу бойынша тетік (онлайн-алаң) құрылады.
«Бір терезе» қағидаты бойынша шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құра отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың сапалы жүйесі орнықтырылады.
5-міндет. Жаңа жағдайларға бейімдеу үшін агроөнеркәсіптік секторды реформалау
СОVID-19 пандемиясынан және мұнай бағасының құлдырауынан туындаған, өзгерген сыртқы жағдайлар мен бюджеттік шектеулер агроөнеркәсіп кешенін (бұдан әрі - АӨК) реформалауды және мемлекеттік ресурстарды неғұрлым ұтымды бөлуді қажет етеді. Бұл 2025 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін - 1,3 есеге, АӨК-тегі еңбек өнімділігін - 2,5 есеге арттыруға, өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіптік секетордың реформаларының негізінде:
1) саланың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге саясаттар мен ілеспе шығыстарды қайта бағдарлау;
2) өнімділік драйверлері ретінде білім мен цифрландыруға назар аудару;
3) жекелеген өндірістерден - құн жасау тізбегіне баса назар аудару болады.
Мемлекет бәсекелестікті күшейту, неғұрлым өндірісті кәсіпорындарды таңдау және жеделдетілген технологиялық жаңартуды қамтамасыз ету есебінен өсуді ынталандыруға мүмкіндік беретін ашық сауда мен Инвестицияларға бейілділік сасясатын жалғастыратын болады.
Кәсіпорындардың сыртқы нарықтардағы сенімді өнім берушілер ретіндегі беделіне нұқсан келтіретін экспортқа қойылған шектеулер жойылады.
Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдығы логистика объектілері мен ұсақ өндірістерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін қажетті инфрақұрылым құру болуға тиіс.
АӨК саласында білім мен ғылымға, цифрландыруға, технологияларды таратудың және енгізудің экожүйесіне мемлекеттік инвестициялар қамтамасыз етілетін болады.
АӨК-тегі цифрлық мамандардың санын кезең-кезеңімен ұлғайту және олардың сауаттылығын арттыру қамтамасыз етіледі. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде оқыту/қайта оқыту және микрокредит беру сияқты бағыттарды кеңейту ұсынылады.
Бұл ретте саланы ауыл шаруашылығын цифрлық қамтамасыз етуге қайта бағдарлауды ескере отырып, аграрлық білім беруді реформалау жөнінде шаралар көзделетін болады.
Ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жеті ірі экожүйені қалыптастыру жоспарлануда. Балық саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Ірі жобалар қосылған құн құрудың орталық элементі ретінде түйінді рөл атқаратын болады.
Реформаларды іске асыру бөлігінде мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді жақсаратын болады, сапаны, бақылануды, қауіпсіздік талаптарының орындалуын және тізбектердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін заңнамалық және реттеушілік база нығайтылатын болады.
Инновацияларды тарату, оқыту, сапаны басқару, нарыққа (оның ішінде сыртқы нарыққа) қолжетімділікті қамтамасыз ету және тәуекелдерді азайту жөніндегі платформалар мен институттар инвестициялық қолдау алады.
Су және жер ресурстарын тиімді басқару және шөлейттенуге қарсы күрес үшін геоақпараттық жүйелер жаппай қолданыс табады.
Пайдаланылмайтын учаскелерге салықтық жүктемені ұлғайта отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану маңызды шарт болады. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша жұмыс жеделдетіледі, топырақты мелиорациялау мен рекультивациялау тәсілдері жаңғыртылады.
Су заңнамасы жеке тұлғалардың, аграрийлер мен кәсіпорындардың суды тиімді пайдалануына, кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық салада суды пайдалану мен тазартудың тұйық циклын ынталандыруға түрткі болатын жүйелі нормаларды енгізу мақсатында жаңартылады.
Ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру, жаңа су шаруашылығы объектілерін (арналар, су қоймалары) салу, топтық су құбырларын реконструкциялау және су үнемдеу жөніндегі шараларды енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Мемлекеттік және жеке бағдарламаларға қатысуға дайындықты қоса алғанда, АӨК субъектілері арасында технологиялар трансферті мен үздік практикаларды қолдану жүйесін жолға қою көзделеді.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кооперациясын дамытуды ынталандыру жөніндегі тетіктер - өңірлік азық-түлік хабтары енгізілетін болады. Бұл ауқым тиімділігіне қол жеткізуге, олардың келіссөздік күшін ұлғайтуға және құн құру тізбегінде тиімді жайғасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет, оның ішінде инновацияларды енгізуге бағытталған (бүкіл тізбекті қаржыландыру, сауда және инвестициялық кредиттер, кепілдік беру, лизинг) қаржы құралдарын жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
6-міндет. Өнеркәсіп секторларында мамандандырылған факторлар мен нарықтық жағдайлар жасау
Елдің өнеркәсіптік саясаты отандық кәсіпорындардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру үшін жағдай жасауға бағытталатын болады. Реформалар жүйе құраушы кәсіпорындардың дағдарыстан кейінгі жаңа болмыстарға жедел бейімделуімен өнеркәсіптің стратегиялық маңызды салаларын орынды қорғауға әсер етеді.
Стратегиялық маңызды өндірістер, негізгі экспорттық басымдықтар айқындалады, сондай-ақ өндеуші өнеркәсіп өндірушілері үшін, оның ішінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім шеңберіндегі топтамалық шешімдер арқылы қолдау шараларының құралдары айтарлықтай кеңейтілетін болады. Өңдеуші өнеркэәсіптің өндіру көлемі 1,5 есеге артады.
Экспорттың «күрделілігінің», оның ішінде қосылған құнды құрудың өңірлік және жаһандық тізбектеріне кіру арқылы өсуі жаңа өнімдер өндірісін мемлекеттік қолдаудың бағдарына айналады. Бұған елдің белгілі бір тауар нарығында орнықты орын алуы үшін жеткілікті нарықтық үлеске қол жеткізе отырып, экспортталатын тауарлар номенклатурасын ұлғайту жолымен қол жеткізілетін болады.
Мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлар мен жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан кепілдік берілген сатып алу көзделетін болады және жобаның іске асырылуының бүкіл мерзіміне заңнамалық жағдайлардың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Стратегиялық жобалар үшін заттай гранттарды топтамалық ұсыну, жеңілдікті қаржыландыру, ішінара кепілдік беру, экспорттық қолдау тетігі ұйымдастырылады. Инвесторлардың күрделі шығындарының бір бөлігі салықтық міндеттемелерге қарсы есепке жазу арқылы өтеледі. Қолдаудың нақты деңгейі күрделі салымдар көлеміне және жобаның басымдылығына байланысты болады. Осы себепті мемлекет кеңістіктегі дамумен конвергенцияда сапалы өнеркәсіптік инфрақұрылымның артық ұсынысын жасауға назар аударады.
МЖӘ қағидаты бойынша индустриялық аймақтар мен индустриялық парктер салу тетігін дамыту жалғасады. Бұл ретте жаңа индустриялық аймақтарды құру объектілерді салу кезінде шетелдік стандарттарды тікелей қолдану және басқарушы компанияға жобаларды сараптау бойынша өкілеттіктер беру мүмкіндігімен жүзеге асырылатын болады.
Геологиялық барлауға инвестициялар тарту, шикізат базасы мен өндірісті дамыту сегментіне технологиялар трансфертін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар үшін АХҚО-ның мамандандырылған биржа алаңын белсенді түрде іске қосылатын болады.
Өндіруші салалардың ашықтығы бастамаларына сәйкес деректердің толық ашықтығын қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалану салдарын жою кезінде қоршаған ортаны қорғау, ішкі нарық пен елді мекендердің құрылыс материалдарына сұраныстарын ескере отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды беру, ресурс тиімділігі мақсатында тау-кен өндіру және энергетикалық өндірістер қалдықтарын пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық база жетілдірілетін болады.
Табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында оларды кейіннен стандарттай отырып (тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды ұсыну регламенттерін, стандарттарын қабылдау) қызмет берушілердің тиісті міндеттемелері бар көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлгісі бойынша қызметтерге ревизия жүргізілетін болады.
Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтердің сапасы мен сенімділігінің өлшемшарттары енгізіліп, тариф деңгейі оларға қол жеткізуден байланысты болады. Тариф белгілеу энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін, оның ішінде электр энергиясын өндіруге арналған шығындар сметасын бекітуге және өзгертуге қатысты материалдарды ашық қолжетімділікте орналастыру міндеттемесі арқылы ашық болатын болады.
Табиғи монополиялар субъектілерін және коммуналдық секторды инфрақұрылымға техникалық қосуға арналған талаптардың толық тізбесі айқындалатын болады. Көрсетілетін қызметтер кезең-кезеңімен «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіле бастайды.
7-міндет. Жеке ғылыми-технологиялық және инновациялық базаны дамыту
Ғылым мен гылыми-технологиялық даму саласында мыналарға:
экспорттық әлеуеті жоғары отандық технологияларды әзірлеуге және шетелдік технологияларды елде орналастыруға немесе ішкі нарықта технологияларға қажеттілігі бар, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс/сатып алу арқылы сұраныс жасауға;
жаңа технологияларды коммерцияландыру мен трансферттеуді қаржылық және қаржылық емес қолдауға;
технологиялардың сараптамасын, консультациялық көрсетілетін қызметтерді және алдын ала мақұлданған технологиялық шешімдерді түзуді қамтитын, сараптамалық сүйемелдеуге бағытталған саясат қалыптастырылып, іске асырылады.
Негізгі технологиялар деңгейінде салалардағы үйлесімді саясатты қамтамасыз ету мақсатында ғылым, бизнес, білім беру, сарапшылар қоғамдастығы, мемлекеттік органдар мен даму институттары үшін басым бағыттарда бірыңғай технологиялық бағдарлар айқындалатын болады.
Технологиялық саясатты (стратегияларды) қалыптастыру бойынша инфрақұрылымның басты элементтері құзыретті сарапшылар, сондай-ақ саланың әлемдік технологиялық көшбасшылары жұмысына тартылатын технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары (ЖОО, ҒЗИ немесе мамандандырылған ұйымдар базасында) болады.
Елдің инноваңиялық және технологиялық дамуын қамтамасыз етуде, инновациялар мен технологияларды дамыту саласындағы саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілдері мен тетіктерін қалыптастыруда, сондай-ақ қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалауда жалпы үйлестіру Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан құрылатын Технологиялық саясат жөніндегі кеңес шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Барлығы 2025 жылға қарай басым технологиялық бағыттарда кемінде 10 технологиялық алаңдар мен нысаналы технологиялық бағдарлама жасалатын болады.
Ғылыми-қолданбалы зерттеулер үшін заманауи инфрақұрылым жасалатын болады. Бұл - жетекші университеттер жанындағы (немесе салалық бірлестіктер мен қауымдастықтар) инжиниринг орталықтары, технологиялық дамудың негізгі бағыттары бойынша ұлттық ғылыми-зерттеу орталықтарының (зертханалардың) дамыған желісі болады.
АХҚО базасында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу және қорғау жөніндегі әкімшілік-құқықтық тетік құрылатын болады.
Жоғары технологиялық стартаптарға өндірістік алаңдар, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, тәжірибелік үлгілер, прототиптер немесе пайдалы модельдер жасау, өз өнімдерінің аз сериялы партияларын шығару үшін берілетін болады.
Ғылыми-зерттеу жобаларына гранттар беру және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кезінде бірлесіп қаржыландыру тетігі арқылы өндіріспен байланыс қамтамасыз етіледі.
Әзірлемелер мен инновацияларға ықпал ететін заңнама жаңа технологияларды әзірлеуге, сынауға және енгізуге (мысалы, өнеркәсіпте, қызмет көрсету саласында, өрт сөндіруде және т.б. пайдалану үшін пилотсыз автомобильдерді, дрондарды сынау) тиімді және уақтылы бейімделу үшін неғұрлым икемді болады.
Инновациялық компанияларға қолданыстағы заңнаманы бұзу тәуекелінсіз экономиканың әртүрлі салаларында жаңа өнімдер мен қызметтерді сынауға мүмкіндік беретін ерекше құқықтық режим - Ұлттық салааралық реттеуші құм алаңы құрылатын болады. Мұнда жинақталған тәжірибесі мен сараптамасы бар АХҚО белсенді түрде тартылатын болады, ол үздік практика мен тәсілдерді имплементациялауға мүмкіндік береді.
8-міндет. Көлік-логистика секторын реформалау және байланыстылықты жақсарту
Мыналарға:
1) қолжетімді, қауіпсіз және ннклюзивті ұтқырлықты қамтамасыз етуге;
2) жаһандық тізбектерге интеграциялану және халықаралық транзиттік хабқа айналу үшін елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға;
3) орнықтылықты қамтамасыз ету және көлік шығыстарын азайту үшін саладағы бәсекелестік пен тиімділік деңгейін арттыруға;
4) барлық өңірлерде инфрақұрылымның байланыстылығын жақсартуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Жалпы қолжетімділік сала кәсіпорындарының, әсіресе авиа- және автобус тасымалдарын қаржылық қолдау және олардың берешегін қайта құрылымдау жөніндегі жоспарды әзірлеу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Реформалар жұмысының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық көлік олардың көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер құрылымын да қамтиды.
Көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастыру және елдің транзиттік хаб ретіндегі рөлін бекіту үшін сыртқы сауда рәсімдерін оңайлату жалғасады. Негізгі сауда дәліздерін күшейту көзделеді, мультимодальды инфрақұрылым мен логистикалық көрсетілетін қызметтер дамиды, шекарадан өту рәсімдері көрші елдермен бірлесіп жақсартылып, үйлестіріледі. Экспорт пен импортқа арналған құжаттар саны, сондай-ақ оларды дайындау уақыты қысқарады.
Жол желілерін қаржылық және институционалдық нығайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Автожолдар бөлігінде жол активтерін басқару жүйесін құру арқылы бюджет ресурстарын пайдалану тиімділігі едәуір артады, нәтижелілік пен өнімділік көрсеткіштеріне негізделген келісімшарттарды пайдалану, сондай-ақ бюджеттен тыс көздерден, бірінші кезекте, көрсетілетін қызметтерді түтынушылар есебінен қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету кеңейеді.
Теміржол тасымалдарын тиімді дамыту нарықты ырықтандыру және бәсекелестікті арттыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Магистральдық теміржол желісін дамыту қазіргі бар инфрақұрылымды жаңғырту арқылы транзиттік бағыттарда басым түрде жүзеге асырылады.
Бұл даму теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетінің резервін, бірінші кезекте Қытай - Еуропа - Қытай контейнерлік тасымалдау бағытында озық қарқынмен қамтамасыз етуге тиіс.
Жеке инвестицияларды тарту үшін теміржол тасымалдарына ашық қол жеткізу режимі енгізіледі және авиатасымалдар нарығы ырықтандырылады.
Мемлекет өңірлер арасындағы және қалалар мен аудан орталықтары, шалғай ауылдар арасындағы ішкі инфрақүрылымдық байланысты нығайтуға назар аударады. Барлық өңірлер негізгі көлік дәліздеріне қол жеткізетін болады. Бұл өсу түрлі жерлерде әлеуетті іске қосуға және халықтың базалық игіліктерге қол жеткізуін жақсартуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы аудандарында жеткізудің жаңа және тұрақты тізбектерін дамыту және олардың транзиттік дәліздермен байланысын қамтамасыз ету арқылы логистика инфрақұрылымы орнықтырылады.
9-міндет. Ішкі туризмді дамыту
Пандемияның ықпалымен қалыптасқан жағдайларда ішкі туризм экономика өсімінің жаңа көзіне және экономиканың аралас салаларының дамуына орасан мультипликативтік әсер ететін бизнестің ең табысты, еңбекті көп қажет ететін бірден бір түріне айналады.
Ол үшін туристік ресурстарды дамыту мақсатында инвестициялық әлеуетті кеңейтуге бағытталған кешенді шаралар қабылданатын болады.
Туристік орындарды дамыту және еңбек ресурстарын салаға жаппай тарту, оңтайлы туристік жағдай жасау, Қазақстанның туристік әлеуетін танымал ету арқылы туристік көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.
Мәдени туризмді дамыту үшін халықтың бай мұрасы мен «Қазақстанның киелі орындары» атты еліміздегі киелі орындарының мәдени-географиялық картасы кеңінен пайдаланылатын болады.
Қазақстанның топ-10 туристік нүктелерін дамыту бойынша жұмыс жалғасады. Олардың ішінде - «Бурабай» курорт аймағы, Баянауыл курорт аймағы, Алакөл, Балқаш көлдері, Каспий теңізінің жағалауы. Инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде жолдар, жол бойындағы сервис, қонақ үй кешендерінің құрылысына, аумақты абаттандыруға баса назар аударылатын болады. Бұл ЖІӨ-дегі туризм үлесін 8%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Елді мекендерден тыс туристік объектілерге кірме жолдар салу дамытылатын болады.
Туристік инфрақұрылымды дамытуға жеке инвестицияларды тарту мақсатында туристік объектілерді салу, реконструкциялау және жабдықтау кезінде жеке бизнестің шығындарын өтеу жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік органдардың шығындарды өтеу жөніндегі құзыреті айқындалады.
Дүниежүзілік туризм ұйымының QUEST стандарттарына сәйкес Destination management organization (Туризмді басқару жүйесі) қызметін стандарттау белсенді түрде енгізіледі.
10-міндет. Инфрақұрылымды дамыту және экономиканың негізгі салаларын цифрландыру
Салаларды технологиялық жаңарту және цифрландыру бойынша жағдайлар жасау үшін сенімді, қолжетімді және қауіпсіз цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасады.
Елдің инновациялық дамуына жаңа серпін беру және төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын белсенді қолдану мақсатында 2021 жылы АХҚО платформасында Дүниежүзілік экономикалық форумның Төртінші өнеркәсіптік революция технологияларының үлестес орталығы ашылады.
Цифрлық теңсіздікті азайту мақсатында халық саны 250 және одан көп барлық елді мекендерде Интернет сапасын арттыру жұмысы қамтамасыз етілетін болады. Мобильдік байланыс пен Интернетке қолжетімділіктің жаңа буындағы технологиялары дамитын болады. Урбандалу мен экономикалық орындылықты ескере отырып, халқының саны 250 адамнан аз қалған ауылдарды Интернетке қосу пысықталатын болады. Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 50 жоғары жылдамдықты интернетпен 100% қамтылатын болады.
Деректер транзиті және цифрлық көрсетілетін қызметтерді дамытудың жаһандық нарығына қатысу үшін дата-орталықтар салу және орналастыру жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік және коммерциялық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында азаматтардың қалауы бойынша паспортпен немесе жеке куәлікпен ұқсастығы бойынша авторландырудың бірыңғай тетігі ретінде биометрия мен «бұлтты» ЭЦҚ сияқты басқа да тетіктер негізінде бірыңғай «цифрлық бейін» енгізіледі.
Республиканың бүкіл аумағында өзекті картографиялық материалдары бар бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесі құрылады.
Қазақстанның телекоммуникациялық және ғарыш салаларының - меншікті ғарыш техникасын өндіруден және ғарыштық байланыс жүйелерін, спутниктік навигацияны ұсынудан бастап өзінің бағдарламалық өнімдерін, оның ішінде халықаралық нарыққа шыға отырып құруға дейінгі барлық бағыттарының нәтижелерін үйлесімді қолдану қамтамасыз етілетін болады.
Халықаралық тәжірибе негізінде Инновациялық обсерватория (инновациялар, технологиялар және ғылым саласындағы ұлттық ақпарат жүйесі) құрылатын болады.
Корпоративтік инновациялар дамиды, оның ішінде жүйе құрайтын ірі компанияларда инновациялар орталықтары мен акселераторлар құруды ынталандыру арқылы дамиды, олар үшін бизнес қаражатын инновацияларға қайта инвестициялау мүмкіндіктері әзірленетін болады.
Озық инновациялық технологияларды қолдана отырып, ғылымды қажет ететін жаңа өнімдерді әзірлеу арқылы отандық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі артады. Ол үшін кәсіпкерлерді қолдау және инвестициялар тарту саясатына өзгерістер енгізілетін болады.
Негізгі салалардың кәсіпорындарын автоматтандыру және цифрландыру, тыныс-тіршіліктің түрлі салаларын (қаржы секторы, мемлекеттік сектор, қалалық инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және басқалар) цифрлық трансформациялау бойынша жұмыс жалғасады.
Кәсіпорындардың технологиялық міндеттерін шешу және өнімнің/ көрсетілетін қызметтердің/инфрақұрылымның сапасын арттыру мақсатында ірі кәсіпорындардың өндірістік процестерінде, шағын және орта бизнес кәсіпорындарында одан әрі ірілендіре отырып, инфрақұрылымды дамытуда ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері қолданылатын болады. Негізгі салаларды - көлік және логистика, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы негізгі салаларының цифрлық трансформациясы негізгі назарда болмақ.
11-міндет. Экономиканы технологиялық даму есебінен әртараптандыру
Жастардың жаңашыл және білімді бөлігін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, отандық жаңа ірі жоғары технологиялық компаниялардың пайда болуы және жаңа жұмыс орындарын құру үшін жаңа формацияның орта класын дамыту үшін негіз ретінде технологиялық және венчурлік кәсіпкерлікті дамыту аса маңызды болады.
Экономиканың тарихи күшті жақтары мен флагман-компанияларға сүйене отырып, технологиялық хабтар мен кластерлер құрылып, онда экспортқа бағдарланған зәкірлік өнімдер пайда болады.
Мемлекеттік органдар үшін АКТ-жабдығын, сондай-ақ әлемдік өндірушілермен бірігу есебінен халықаралық нарықтарға экспорттау үшін әлеуетті смарт аспаптар мен құрылғыларды оқшаулауға назар аударылатын болады.
12-міндет. Жасанды интеллект элементтерін енгізу және барльщ жерде Віg Data технологияларын кеңінен пайдалану
Жасанды интеллектісі бар технологияларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
Жасанды интеллект және Віg gata негізінде аналитиканы енгізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру жоспарлануда.
Жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерге, қазақстандық ғылыми-техникалық шешімдер мен прототиптерді әзірлеуге салынатын инвестициялар үлесі арттырылатын болады.
Нәтижесінде елде жасанды интеллектінің кешенді дамуына ықпал ететін гылымның, бизнестің және мемлекеттің экожүйесі қалыптасады.
13-міндет. Венчурлік қаржыландыруды дамыту
Жеке венчурлік капиталды тарту үшін АХҚО инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерін дамыту және қолдану жөніндегі жұмыс жанданатын болады.
Экономиканың басым салаларында да халықаралық баламаларды ауыстыра алатын және әлемдік деңгейдегі инновациялардың драйверлері болатын бірқатар қазақстандық жобалар айқындалады.
Отандық ІТ-секторға жәрдемдесу мақсатында қаржылық қолдау шараларын қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған және ІТ-қызметтердің/тауарлардың технологиялық өндірістерін құруда қажетті қолдау құралдарымен ІТ-жобаларды қаржыландыру бағдарламасы енгізілетін болады. ІТ-саласында инвестициялар 500 млрд теңгеге дейін 6 есеге артып, 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
Құрылған қаржылық экожүйе арқылы қолайлы реттеу режимі негізінде жаңа көрсетілетін қызметтерді құрудан бастап венчурлік қаржыландыруды іздеуге дейін қаржы-технология компанияларын дамытуға қолдау көрсетілетін болады.
14-міндет. Салықтық-бюджеттік тұрақтылықты сақтау
Ағымдағы жағдайларда бизнеске салық жүктемесін жеңілдете отырып және бюджет шығыстарын экономикалық белсенділікті қолдауға бағыттап, контрциклдік макроэкономикалық саясатты іске асыру жалғасады.
Экономиканың тұрақтануы кезінде бюджет шығыстарын оңтайландыру, мұнайға қатысты емес және шикізаттық емес түсімдерді арттыру, Ұлттық қордан қосымша қаражатты пайдалануды шектеу және оның көлемін болашақ ұрпақ үшін молықтыру арқылы бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын қысқартуға бағытталған фискалдық бейімдеу мен топтастыру бірінші кезектегі мақсатқа айналуға тиіс.