Жоғары білім беру жүйесін жаңғырту жалғастырылады. Оның стратегиялық бағыты мемлекеттік реттеуден академиялық еркіндік пен адалдық (academic freedom and integrity), жоғары оқу орындарының білім сапасы үшін жауапкершілігі қағидаттарына негізделген өзін-өзі реттейтін ортаны дамытуға дейін басталған түрлендіруді жалғастыруға шоғырландырылатын болады.
Дарынды жастардың кетуін болдырмау үшін жоғары оқу орындарының зерттеу экожүйесін қалыптастыру және ғылыми әлеуетін арттыру қамтамасыз етіледі.
ЖОО smart-университеттерді қалыптастыруға және білім беретін цифрлық экожүйені құруға ұмтылатын болады.
Білім беру қызметтері нарығында тек сапалы білім беретін және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары оқу орындары ғана қалады.
Жоғары оқу орындары нақты сектор компанияларымен әріптестікте үсынатын, үлттық біліктілік жүйесі, оның ішінде әлемдік практикада қабылданған «Nanodegrее» («Нанодәреже»), әсіресе ІТ-сектор танылатын сертификаттау курстарының тізілімі кеңейтілетін болады.
Мамандардың біліктілігін бағалау және сертификаттау үшін заңнамалық негіз, сондай-ақ Ұлттық біліктілік органы құрылатын болады.
Кәсіби құзыреттердің модельдері мен кәсіби құзыреттерді бағалау тетігі әзірленетін болады.
Педагог кадрлардың тапшылығы жойылып, кәсіби құрамы жақсарады. Педагогтердің жалақысы 2 есеге артады.
Педагог атағына құқық ұлттық біліктілік тестілерінің нәтижелері бойынша берілетін болады, ал аттестаттау жүйесі оқытудың нақты нәтижелеріне бағдарланады.
Білім беру жүйесіне педагогикалық жоғары оқу орындары жанынан қайта даярлаудан өтетін магистр және РhD дәрежелері бар мамандар тартылады.
Информатика мен физиканың ауыл мүғалімдеріне, сондай-ақ робототехника мен бағдарламалау бойынша аудандық конкурстардың, жарыстардың және турнирлердің жеңімпаздарын дайындаған педағогтерге ерекше назар аударылады, олар үшін жалақыға қосымша үстеме жүйелерден басқа, ынталандыру шаралары да әзірленетін болады.
4-міндет. Білім беруді басқару және қаржыландыру тиімділігін арттыру
Негізгі реттеу талапкердің немесе студенттің нәтижелеріне, оның әлеуметтік мәртебесіне және жоғары оқу орнының өзінің танылған мәртебесіне байланысты білім беру гранттары жүйесін орнату арқылы жүргізіледі.
Жоғары оқу орындарын бақылау тетіктері күшейтіледі.
Білім беруге инвестициялар, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту және МЖӘ дамыту есебінен ұлғайтылатын болады.
Жеке инвесторларды тарту үшін білім беруге инвестициялар үшін ынталандырулар жасалады, жан басына шаққандағы қаржыландыру құралдарын кеңейту қамтамасыз етіледі, нормативтік-құқықтық база жетілдіріледі және білім беру мекемелерінің эндаумент-қорларын құру практикасы кеңейтіледі.
Балаларға қосымша білім беру аясында білім беру ұйымдарында, оның ішінде жеке меншік ұйымдарда сұранысқа ие бағыттар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын болады.
Заңнамалық деңгейде сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жоғары оқу орындарын және Оқушылар сарайын жеке секторға беруді болдырмайтын шектеулер белгіленеді.
5-міндет. Цифрлық экономика үшін адам капиталын дамыту
Білім берудің барлық кезеңдерінде - бастауыштан бастап кәсіби деңгейге дейін - базалық және практикалық цифрлық дағдыларға дейінгі оқыту процесі ұйымдастырылады.
Бүгінгі таңдағы аса маңызды міндеттердің бірі жасанды интеллект, Big data (үлкен деректер), виртуалды болмыс, заттар интернеті саласында білімі бар экономиканың нақты салалары үшін АКТ саласындағы мамандарды даярлау болып табылады.
4.0 Индустрия қажеттіліктері үшін өзекті және қолданылатын құзыреттер мен дағдыларды дамыту, ашық экономиканың жаңа сын-қатерлеріне дайын болу қажет.
Бүгінде аясы тар бағыттағы маман болу жеткіліксіз. Медицина, құрылыс, білім беру және басқа да салалар технологиялар есебінен түбегейлі өзгеруде. Технологиялық және ІТ-дағдылар барлық мамандықтар үшін базалық курс болады.
Цифрлық экономиканың мұқтаждықтары үшін мамандарды барынша көп дайындау бағдарламалаудың инновациялық мектептерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.
Халықаралық ІТ-университеттер мен жеке инновациялық бағдарламалау мектептерінің тәжірибесі бойынша белсенді оқыту әдістемесі базасында рөлдік модельдеу, тең құқықты андрогогика, жобалық басқару қағидаттары қолданылатын болады.
Таланттарды анықтау, тәрбиелеу, тарту және олардың тұрақтауы және ғылыми, инженерлік және кәсіпкерлік кадрлардың кәсіби өсуі үшін жағдайлар жасау жалғастырылады.
2021 жылдан бастап АКТ саласындағы білім беру мәселелерін өзектілендіру және лицензиялау, кәсіби сертификаттарды заңдастыру мәселелерін жүйелеу үшін білім беру ІТ-альянсы құрылатын болады.
Бағдарламалық әзірлемелер саласында 1000 маманға дейін шығару бойынша бастамаларды кеңінен тарату ұлғаяды.
Инновациялық мәдениетті танымал ету, ғылыми-техникалық қызметке ынталандыру, дамуға, табысқа, бәсекеге қабілеттілікке және жасампаздыққа бағдарланған креативті ұрпақты технологиялық кәсіпкерліктің инновациялық ойлауымен және дағдыларымен тәрбиелеу жаңа білімді, жобаларды, өндірістерді, бизнес-модельдерді генерациялау есебінен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін әртараптандыру және арттыру үшін аса маңызды.
Инновациялық экожүйені кәсібилендіру үшін қажетті жаңа қызмет түрлері (технологиялық, кәсіпкерлер, брокерлер, менторлар, венчурлік кәсіпкерлер және басқалар) үшін құзыреттерді дамыту үшін жәрдем көрсетілетін болады.
Бұл жаңа жобалар, инновациялар, бизнес-модельдер ағынын генерациялауға қабілетті экожүйенің дамуына серпін береді.
6-міндет. Қазақстандық ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін ұлғайту
Қолданыстағы ғылыми зерттеулер жүйесі технологиялық жаңғыртуды белсенді қолдауға қайта бағдарланатын болады. Елдің ғылыми-технологиялық дамуы жөніндегі бағдарламалық құжат әзірленеді, оның бірінші кезектегі міндеті ғылымды дамытудың басым бағыттарын, ұлттық дамудың қолданбалы проблемаларын және т. б. айқындау мәселелерін шешу болады.
Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың мамандандырылған басымдықтарына медициналық-биологиялық зерттеулер, агроөнеркәсіптік ғылым, «жасыл» технологиялар, жасанды интеллект, энергия тиімділігі және т. б. енгізіледі.
Шетелдік жетекші ғылыми орталықтар мен университеттерде жұмыс істейтін отандастарды тарту үшін арнайы бағдарлама әзірленеді.
Қазақстандық ғалымдардың Қазақстан үшін маңызды халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу пайызы өседі.
Қазақстандық ғылымның әлемдік ғылыми қоғамдастыққа кірігуін тереңдету үшін ғалымдарды ағылшын тіліне оқыту жалғастырылады.
Ғалымдардың жалақысын арттыру мақсатында зерттеу тобының немесе құрылымдық бөлімшенің құрамында ғалымның жеке жетістіктері мен оның ұжымдық жетістіктеріне байланысты жалақыға үстемеақылар жүйесі әзірленетін болады.
Жас ғалымдарды қолдау әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамалар ұйымдастыру және зерттеулерді қаржыландыруға түрлі гранттар беру арқылы жүзеге асырылады.
Ғалымдардың ғылыми тағылымдамасының санын ұлғайту ғылыми-зерттеу жұмыстарының, шет тілдерін меңгеруінің деңгейі мен сапасын, жарияланым белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді, бұл қазақстандық жұмыстардың әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануына және қазақстандық ғалымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Корпоративтік басқаруды, қаржыландырудың икемді жүйесін және басқарушылық дербестікті енгізу жалғасады.
Ғылыми әлеуетті дамыту, кадрлық резервті күшейту және көшбасшыларды дамыту, оның ішінде жас ғалымдарды қолдау арқылы дамыту сияқты үш бағыт бойынша стратегиялық НR-менеджментті енгізу жөніндегі жұмыстар кешені жүргізілетін болады.
Ірі бизнес тарапынан өңірлік университеттерге олардың ғылыми қызметі бөлігінде «қамқорлық көрсету» үшін жағдайлар жасалатын болады.
Білім мен технологияларды жаңа жаһандық нарықтарға интеграциялау мақсатында бағдарламалар мен жобалар әзірленетін болады.
Ғылым және ғылыми кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды, диссертациялық кеңестердің, ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтары бар адамдардың, Қазақстан зерттеушілерінің дерекқорын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қажеттіліктері бойынша дерекқорды қамтитын Қазақстан гылымының бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізіледі.
Жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды негізге ала отырып, ҒЗТРК-на арнап жер қойнауын пайдаланушылардың іздестіру шығындарының 1%-ы көлемінде қаражатты бөлудің ашықтығы және орталықтандыру қамтамасыз етіледі.
Қолданбалы ғылыми зерттеулерді жеке қоса қаржыландыру үлесі ұлғаяды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасалады.
Ғылыми-зерттеу жобаларына және ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға гранттар беру кезінде бірлесіп қаржыландыру тетігі, кәсіпорынның технологиялық міндеттерін шешу, конструкторлық бюролардың инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндігі, инкубациялау, акселерациялау және басқалары арқылы өндіріспен байланыс негізгі бағдарлар ретінде қызмет ететін болады.
Жұмыс істеп түрған ҒЗИ-га бағалау жүргізіледі және қызметтің нақты нәтижелерін ескере отырып, қаржыландыру мен қаражатты қайта бөлудің бірыңғай тәсілі әзірленеді.
Ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы инфрақұрылымы - жетекші жоғары оқу орындары жанындағы инжинирингтік орталықтар, сондай-ақ ғылымның басты бағыттары бойынша ұлттық зерттеу орталықтарының (зертханалардың) дамыған желісі қалыптастырылатын болады.
4.0 Индустрия элементтерін дамыту, оның ішінде жасанды интеллектіні, заттар интернетін және басқа да ІТ-технологияларды пайдалану бойынша ынталандыру шаралары әзірленетін болады.
Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен зерттеу жоғары оқу орындарының зертханаларын жаңарту жалғасады.
4-жалпыұлттық басымдық. Азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділ және тиімді мемлекет
Басымдықтың мәні: өмірдің барлық салаларында заңның үстемдігін, жеке адам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін қамтамасыз ететін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді іске асыруға бағытталған мемлекеттің құқықтық негіздерін жетілдіру.
Шараларды іске асыру бизнес жүргізу тәуекелдерін азайтып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартады, азаматтар құқықтарының қорғалу деңгейін арттырады.
2025 жылға қарай Қазақстандағы түбегейлі өзгерістер:
полиция жұмысының күштік моделінен - қауіпсіз және құқықтық қоғам құру үшін құқық қорғау органдарының азаматтармен өзара іс-қимылының сервистік моделіне;
сенімсіздіктен, құқықтық қорғау кепілдіктеріне сенімсіздіктен - сот билігі институтына, толығымен тәуелсіз және әділ сот жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейіне;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы үйреншікті іс-қимылдан - қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге және халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген түрін саналы түрде қабылдамауға;
мінез-құлық ережелерін елемеуден - мінез-қүлық ережелері мен заңдар мүлтіксіз сақталатын қоғамда мәдени-этикалық, құндылықтар және дүниетанымдық көзқарастарды тәрбиелеу мен қалыптастыруға.
1-міндет. Сот жүйесіне және сот төрелігінің сапасына деген сенімді арттыру
Сот жүйесін одан әрі жетілдіру бүкіл сот жүйесінің, сол сияқты әрбір судьяның сыртқы және ішкі тәуелсіздігін дамытуға және тереңдетуге шоғырландырылатын болады.
Сыртқы тәуелсіздік сот жүйесін биліктің басқа тармақтарынан, көбінесе атқарушы тармақтардан, сот жүйесінің жұмыс істеуі мен қамтамасыз етілуінің барлық деңгейлері мен салаларында көбірек межелеу және оқшаулау арқылы дамитын болады.
Жоғарғы Сот Кеңесі мен Жоғарғы Сот сот төрелігін атқаруға жаңа кәсіби кадрларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыратын болады.
Кандидаттарды іріктеу кезінде үміткерлердің жеке мінездемелері, этикалық өмір сүру салты, құқық салаларындағы терең кәсіби заңгерлік тәжірибесі ескерілетін болады. Судьяларды іріктеу БАҚ-та жарияланумен қатар жүретін болады.
Процестік заңнаманы одан әрі жетілдіру судьялардың тәуелсіздігін арттыру мен оларға және олар қабылдайтын шешімдерге ықпал етудің мүмкін еместігін қамтамасыз ететін болады.
Алқабиге кандидаттардың тізімдерін қалыптастыру үміткердің өзінің қатысуынсыз автоматтандырылған режимде жүзеге асырылатын болады.
Ішкі тәуелсіздік облыстық соттар төрағаларының құқықтық мәртебесін, апелляциялық және кассациялық сатылардың рөлі мен жұмыс істеу негіздерін үйлестіру, сот органдарының жұмыс істеу негіздерін және басқа да құралдарды жетілдіру арқылы дамитын болады.
Сот билігі институтының жұмыс істеуі нығайтылатын болады, сондай-ақ Big Data және «Соттың смарт талдауы» сияқты цифрлық құралдарды дамыту мен енгізу одан әрі өрістейді.
Азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту сот төрелігіне қол жеткізуді одан әрі оңайлатуға және сот процесін төрешілдіктен шығаруға, апелляциялық сатының рөлін күшейтуге және судьяның қалауы бойынша өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталатын болады.
Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін, оның ішінде нотариустың атқарушылық жазба институтын кеңейту, сотқа дейінгі дайындықты енгізу, медиация мен төрелік рәсімдерін кеңінен қолдану арқылы дамыту үшін ынталандырулар жасалатын болады. Халыққа кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегінің көлемі 2 есеге артады.
2-міндет. Құқық қорғау органдарының сервистік моделі
Көбінесе күштік құрылымды білдіретін полиция азаматтардың жеке және ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде оларға құқық қорғау қызметтерін көрсететін негізгі органға өзгеретін болады.
Құқық қорғау органдарына кандидаттар мен оның қызметкерлеріне қойылатын талаптар қайта қаралатын болады.
Заманауи тәсілдер мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік әкімшілік қызметке ұқсас оқыту бағдарламасы іске қосылатын болады.
Ішкі рәсімдер, іс қағаздарын жүргізу, өтініштермен жұмыс процесі, жасанды интеллект элементтері мен озық талдамалық құралдарды пайдалана отырып барынша цифрландырылады.
Қызметтер көрсетудің инфрақұрылымы мен форматын қайта құруда клиентке бағдарланған тәсілге басымдық берілетін болады.
Жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторға басты рөл берілетін «қадамдық қолжетімділік полициясы» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады.
3-міндет. Азаматтар мен бизнестіц мүдделерін қорғау
Қылмыстық саланың жаңа моделі ЭЫДҰ елдерінің қолданыстағы халықаралық стандарттары негізге алынуға тиіс: полиция - прокурор - сот.
ЭЫДҰ елдерінде қылмыстық сот ісін жүргізудің мұндай жүйесі халықтың полиция мен соттарға сенімін барынша қамтамасыз етеді.
Қылмыстық процестің негізгі үш міндетін түрлі органдар орындауы тиіс: 1) қылмыстық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, қатысы бар адамдарды анықтау, дәлелдемелерді жинау және бекіту - сотқа дейінгі тергеу органдары; 2) жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз құқықтық баға беру, негізгі процестік шешімдерді қабылдау, сотта айыптау және қолдау - прокуратура; 3) жаза тағайындау, тергеу әрекеттерін санкциялау және сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратураның әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарау - сот.
Осылайша, сотқа дейінгі тергеу органдарының, прокуратура мен соттың өкілеттіктері мен жауапкершілік аймағы нақты ажыратылатын болады. Бұл қылмыстық процестің заңды болуын қамтамасыз етеді.
Прокуратураның қадағалауы азаматтар мен бизнес жүгінетін проблемаларды тиімді шешуге, прокурордың өкілеттіктерін және шектелмеген адамдар тобының, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын тиімді қорғау жөніндегі құралдарды нақты құқықтық регламенттеуге қайта бағдарланатын болады.
Прокуратураның қызметі оның әлеуметтік-экономикалық саладағы қатысуын кеңейте отырып, заңдылықтың бұзылуының кез келген көріністеріне уақтылы ден қою үшін алдын ала қадағалауға бағытталатын болады. Әрине, бұл халықтың шағымдары үшін бірқатар алғышарттарды жояды, қоғамдағы шиеленіс пен қақтығысты жеңілдетеді.
Азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметімен ғана емес, сонымен қатар прокуратура тарапынан да кепілдік берілетін болады.
Бизнесті күштік құрылымдардың шамадан тыс араласуынан заңнамалық түрде қорғау қажет.
Мемлекеттік органдардың заңды қызметіне құқық қорғау органдарының араласуын болдырмау қажет.
Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы негізінен «көлеңкедегі» экономикаға қарсы күреске қайта бағдарланатын болады.
Құқық қорғау органдарының адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру практикасын жетілдіруі жалғасатын болады.
БАҚ пен әлеуметтік желілер тарапынан қылмыстық процеске қатысушыларға және сотқа қысым көрсету жағдайларына жол бермеу мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің объективтілігіне және соттың заңды әрі негізді шешім қабылдауына кедергі келтірмейтіндей көлемде ғана сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға берілетін болады.
4-міндет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық саясаты
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қоғамдық иммунитетті арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қоғам мен бизнесті тарту бойынша жұмыс жалғасады.
Ақпаратқа кедергісіз қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасау барлық мемлекеттік органдар мен әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті болуға тиіс. Бұл ретте ақпаратқа қолжетімділік дербес деректердің және заңмен қорғалатын құпияның қорғалуын барынша қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығы мен транспаренттілігі, сондай-ақ ақпаратты барынша ашу мен алмасу сыбайлас жемқорлықты айтарлықтай төмендетуге ықпал етуі тиіс.
Цифрлық тетіктер бағдарламалар мен саясаттардың іске асырылуына қоғамдық мониторингті қамтамасыз етеді. Мемлекеттік азаматтық қоғаммен және бизнеспен бірлескен шаралар әзірлеуді жүзеге асыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға белсенді түрде тартылатын болады.
Жасырын мемлекеттік қызметтер алып тасталады және электрондық форматқа көшіріледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың қосымша факторларының бірі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін биржалық заңнаманы дамыту болады.
Қылмыстық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесі (whistleblowing), сондай-ақ ЭЫДҰ мен Еуропа Кеңесінің (ГРЕКО) ұсынымдарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар қалыптастырылатын болады.
Мемлекеттік қызметшілер шығыстарының олардың кірістеріне сәйкестігін бақылауды енгізу туралы мәселе қаралатын болады.
Сыбайлас жемқорлықты түбірімен жою факторы ретінде, оның ішінде халық пен бизнесті қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды пайдалануға ынталандыратын шаралар қабылдау есебінен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу маңызды шешім болады.
Қызметті алушылардың және мемлекеттік органдар мен мекемелер өкілдерінің тікелей байланысынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жоя отырып, мемлекеттік қызметтерді ұсынуды электрондық форматқа көшіру бойынша шаралар кешенін іске асыру жалғасатын болады.
5-міндет. Заңнаманы және құқық қолдануды жетілдіру
Заңнамалық базаны әзірлеуге және талқылауға қоғам мен бизнесті тарта отырып, оны оңтайлы және тиімді құру талап етіледі.
Құзыретті сараптаманы, қоғамдық талқылауды, құқық қолдану мониторингін белгілеу арқасында заң жобаларын дайындаудың процестері мен институционалдық мүмкіндіктері жақсарады.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі жаңарған, «ақылды» реттеу арқылы қайта құрылатын болады.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар қабылдау жалғасатын болады, оның ішінде азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөнінде заңнамалық шаралар қабылданатын болады, сондай-ақ Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға хабарламаларға қатысты қосылу туралы мәселені қарай отырып, осы салада халықаралық-құқықтық ынтымақтастық күшейтілетін болады.
Азаптауларға қарсы күрес жөніндегі ұлттық заңнама Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге қарсы халықаралық конвенцияның ережелеріне сәйкес жетілдірілетін болады.
Сот талдамасы мен сот практикасы туралы ақпарат Қазақстанның заңнамалық базасын тұрақты жетілдіру үшін белсенді пайдаланылатын болады.
Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредиттеу стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру жалғастырылады, сондай-ақ сот сараптамасы органдары үшін арнайы жарақтандырылған ғимараттар салу қамтамасыз етіледі.
Құқық қорғау қызметі процесінде мамандар сараптамаларының рөлін, орны мен форматын сапалы түрде қайта қарау, сондай-ақ олардың сараптамалық қорытындылармен дәлелдемелік мәнінің арақатынасын қарау талап етіледі.
Көрсетілген шаралар сот сараптамасы саласындағы монополияны жояды және басқа дамыған елдермен ұқсастық бойынша сарапшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады.
Жүргізіліп жатқан цифрландыру қылмыстарды, әсіресе, көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды анықтау бойынша ақпараттық жүйелерді дамыту қажеттігін талап етеді. Бұл қылмыстарды ашу қызметінің тиімділігіне оң әсер етеді.
Бұдан басқа, сараптамалық қызметті цифрландыру электрондық қылмыстық іс институтын дамытумен қатар осы саладағы сыбайлас жемқорлық факторын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
5-жалпыұлттық басымдық. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі
Басымдықтың мәні: азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жақсарту, мемлекеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және мемлекеттік қызметтің кадр құрамының сапасын арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің проактивті форматына көшу, квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру арқылы мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшу.
2025 жылға қарай Қазақстандағы түбегейлі өзгерістер:
іс-әрекеттерді орындау процесінің күрделілігінен мемлекеттік басқару тиімділігіне интеграцияланған тәсіл және қоғам мен бизнестің нақты сұраныстарын өлшеу негізінде нәтижелер мен сапалы өзгерістерді басқаруға;
көлемді мемлекеттік аппараттан - басқарылуы жылдам және қызметі нақты құрылған ықшам, тиімді, икемді және «адамға бағдарланған» мемлекеттік аппаратқа;
жедел басқарудан және жекелеген тапсырмалардың орындалуын шамадан тыс бақылаудан - жобалық басқаруға және стратегиялық құжаттарды іске асыруға шоғырландыруға;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы формальды тәсілден - азаматтардың сұраулары мен болашақ үміттері негізінде қызметтерді проактивті көрсетуге;
мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуының жоғары үлесінен - жинақы және тиімді функциялы квазимемлекеттік секторға;
мемлекеттік сектордың үстем рөлінен - бәсекелес орта жасауға және экономикаға, әсіресе жоғары технологиялық өндірістерге жеке инвестицияларды тиімді тартуға.
1-міндет. Мемлекеттік басқару тиімділігіне интеграцияланған тәсіл
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі стратегиялық жоспарлауға, бюджеттеуге және бюджетті орындауға, мемлекеттік инвестицияларды басқаруға, мониторинг пен бағалауға интеграцияланған тәсілді енгізу есебінен арттырылатын болады. Бұл жеке сектор мен азаматтық қоғам үшін ұлттық және салалық деңгейлерде барынша нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі мемлекеттік басқару жүйесінің басты элементі бола отырып, барлық адами ресурстарды жұмылдыруды қамтамасыз ету, жекеше сектор мен қоғамды жоспарлаудың, орындаудың, бағалаудың барлық кезеңдерінде толыққанды әріптестер ретінде тарту үшін қайта қаралатын болады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне болжамдау мен сценарийлерді әзірлеудің ғылыми әдістері енгізіледі.
Тексерілген нақты деректерді, талдауды және негізделген сенімді болжамдарды ескере отырып, мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдауды көздейтін «Data-driven government» («Деректер негізіндегі үкімет») бастамасы іске асырылатын болады. Бұл фактілерге негізделген саясат жүргізуге (evidence-based poliy making) және жаңа бастамалардың ықтимал әсерін нақты болжауға және тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.