2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін тіркеуші облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күннен үш жұмыс күні бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінің негізінде жасайды.
Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі облигацияларды иеліктен шығарған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу құқығы облигациялардың жаңа ұстаушысына ауысады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу үшін аталған тұлға облигацияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды эмитентке ұсынады.
3. Эмитент осы эмитенттің бағалы қағаздарымен мәмілелер жүзеге асырылатын жүйеде сауда-саттықты ұйымдастырушыға, тіркеушіге, орталық депозитарийге облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама жібереді және облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы ақпаратты кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында және (немесе) қор биржасының интернет-ресурсында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін кемінде он бес жұмыс күнінен бұрын жариялайды.
Жарияланымды интернет-ресурта орналастыру уақыты бір айдан кем болмауға тиіс. Интернет-ресурста жарияланымды орналастыру күні мен уақыты көрсетілуге тиіс. Егер облигацияларды ұстаушылардың саны елу ұстаушыдан аспаса, хабарлама ұстаушыларға жазбаша хабарлама жіберу арқылы олардың назарына да жеткізілуге тиіс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу тәртібі эмитенттің басқару органы бекітетін эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында дауыс беру «бір облигация - бір дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешім қабылдауы осы Заңның 9-бабының 8-тармағында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
5. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Эмитент көрсетілген мерзімде қабылданған шешім туралы уәкілетті органды, орталық депозитарийді және тіркеушіні хабардар етеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген облигацияларды шығару проспектісіндегі мәліметтерді өзгерту мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілген күннен бастап бұқаралық ақпарат құралдарында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында қабылданған шешім жарияланғаннан күнінен кейінгі күнге дейінгі кезеңде облигацияларды орналастыру және олардың айналысы тоқтатыла тұрады.
Облигацияларды ұстаушылар осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10), 11) тармақшаларында көзделген облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, облигацияларды орналастыру және олардың айналысын тоқтата тұру мерзімі облигацияларды шығару проспектісіне өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен кейінгі күнге дейін ұзартылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18-3-баппен толықтырылды
18-3-бап. Шетел валютасында номиналданған облигациялар шығарылымының ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер немесе халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында номиналды құны шетел валютасында көрсетілген облигацияларды шығаруға құқылы.
2. Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялардың шығарылымы, айналымы және оларды өтеу, сондай-ақ оларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті ұсыну шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18-4-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 18-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-4-бап. Орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алу
1. Эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды қайталама нарықта сатып алуға құқылы.
2. Эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды:
1) эмитенттің органы облигациялардың делистингі туралы шешім қабылдаған;
2) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған ақпаратты қор биржасына ұсыну бөлігінде арнайы (листингтік) талаптарды орындамау себебімен қор биржасы эмитент облигацияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
3) эмитент облигацияларды ұстаушылардың бұрынғы өкілімен шартты бұзған немесе оның қолданысын тоқтатқан күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен асатын мерзімде облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасаспаған (егер облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген және (немесе) оны жасасуға эмитент бастамашылық жасаған жағдайда) жағдайларда сатып алуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылу шарттары қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттарына сай келетін, екінші деңгейдегі банктерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олар шығарған (шығаратын) мемлекеттік емес облигацияларға қатысты қолданылмайды.
3. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісінде қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленуі мүмкін, олар басталған кезде эмитент өзі орналастырған облигацияларды сатып алуға міндетті.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда, эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды мына бағалардың ең жоғарысы бойынша:
жиналған сыйақыны ескере отырып, мемлекеттік емес облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен;
мемлекеттік емес облигациялардың әділ нарықтық бағасымен сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.
19-бап. Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi
2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигацияларды шығару, орналастыру, олардың айналысы және оларды өтеу кезiнде эмитент алдында облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiрудi облигацияларды ұстаушылардың өкiлi (бұдан әрi - өкiл) жүзеге асырады.
Өкiлдi таңдауды бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар арасынан эмитент дербес жүзеге асырады.
Өкiл эмитенттiң аффилиирленген тұлғасы болмауға тиiс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өкілдің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібі, эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, өкілдің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайлары, сондай-ақ осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
20-бап. Өкiлдiң функциялары мен мiндеттерi
1. Өкiл мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген мiндеттемелерiн орындауын бақылайды;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алған ақшаны нысаналы пайдалануын бақылайды;
2) эмитенттiң облигацияны ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiн бақылайды;
3) эмитентпен эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке қатысты кепiл шартын жасасады;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) эмитенттің қаржылық жағдайына мониторингті және оның корпоративтік оқиғаларына талдау жасауды жүзеге асырады;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
4) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған, оның ішінде меншігінде эмитенттің орналастырылған (сатып алғандарды шегергенде) облигацияларының елу және одан көп пайызы бар облигацияларды ұстаушылардың атынан сотқа эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша талап-арыз беру арқылы шаралар қолданады;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
5) облигацияларды ұстаушыларға және уәкілетті органға осы тармақтың 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерi туралы және мұндай iс-әрекеттерінiң нәтижелерi туралы тоқсанына кем дегенде бір рет хабарлайды.
2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Инфракұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі осы баптың 1-тармағында айқындалған функцияларымен қатар, жобаның уақтылы және сапалы іске асырылуының, сондай-ақ оның инфракұрылымдық облигациялар шығарудың талаптарына сәйкес келуінің мониторингін жүргізеді.
2. Өкiл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайларды анықтауға және көрсетiлген мән-жайлар туралы оларға күнтiзбелiк үш күн iшiнде хабарлауға;
2) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке кепiл құқығын ресiмдеуге және тiркеуге байланысты құқықтық қатынастарда облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiруге;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген тәртiппен эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiне бақылауды жүзеге асыруға;
4) облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыруға;
5) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйi туралы хабарлауға;
6) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитентпен шартты бұзған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өзiнiң өкiл ретіндегі өкiлеттiктерiнiң тоқтатылғаны туралы хабарлауға;
7) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға олардың сұратуы бойынша өзiнiң өкiл ретіндегі қызметiне қатысты ақпарат пен құжаттарды беруге;
8) қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
9) эмитент облигацияларды ұстаушылар алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кепiлге салынған мүлiктi өткізуге мiндеттi.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Өкіл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында:
1) облигацияларды шығару проспектісінде белгіленген облигацияларды ұстаушылардың алдындағы өзінің міндеттемелерін орындау туралы талаптармен эмитентке;
2) уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына;
3) сотқа жүгінуге құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыру мақсатында өкіл облигацияларды ұстаушылардың тізімі туралы ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
Эмитент уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және өкілмен жасалған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыру үшін оның сұратқан ақпаратын ұсынуға міндетті.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өкiлдiң осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған функциялар мен мiндеттердi орындау тәртібі мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Өкіл өзінің интернет-ресурсында осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерiнің нәтижелерi туралы ақпаратты, сондай-ақ эмитент пен өкіл арасында жасалған шартқа сәйкес эмитент ұсынатын ақпаратты орналастыруға міндетті.
4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
21-бап. Инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы ақпарат алуға құқығы
1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестордың бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiн немесе оның көшiрмесiн беруге мiндеттi.
2. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң көшiрмесiн бергенi үшiн инвестордан оны дайындауға жұмсалған шығыс көлемiнен аспайтын мөлшерде ақы алуға құқылы.
3. Инвестор эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi көшiрмесiнiң уәкiлеттi органдағы проспектiсiне сәйкес келуiн тексеру туралы, ocы мақсатта мұндай көшiрменi уәкiлеттi органға бере отырып, уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.
22-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртібі
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген шектеулер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
Акцияларының бақылау пакеті тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі эмитент Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін іске асыру мақсатында акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында орналастырған кезде акцияларды шетелдiк азаматтарға және (немесе) заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға сатуға құқылы емес.
Шығару проспектісінде ұйымдастырылған рынокта не ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған рыноктарда осы облигациялардың айналымы көзделген облигациялар ұйымдастырылған рынокта ғана орналастырылуға тиіс.
Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында аукцион немесе жазылым жүргізу арқылы жүзеге асыруға құқылы.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында орналастыру сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Эмитенттің тиісті органы эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға міндетті.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарда:
1) эмитенттiң толық атауы және орналасқан жерi;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу күнi, олардың түрi және орналастырылуға тиiстi саны;
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 2-1-тармақшамен толықтырылды
2-1) акционерлердің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асырудың мерзімдері мен тәртібі туралы мәліметтер;
3) эмитенттiң бөлiмшелерi мен лауазымды адамдары, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiмен немесе олар туралы өзге де ақпараттармен танысуға мүмкiн болатын андеррайтердiң (эмиссиялық консорциумның) атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер;
4) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы мен оларды төлеу туралы мәлiметтер болуға тиiс.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында орналастыру эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) инвесторлар табыс еткен жазбаша өтiнiмдер негiзiнде аукцион өткізу немесе жазылым жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Аукциондар немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді және ол орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға ниеті бар инвесторларға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.
4. 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
5. Эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) акцияларды орналастыру кезінде:
1) эмитенттің орналастырылған акцияларды кері сатып алуын жүзеге асыру құқығын не міндетін көздейтін мәмілелерді жасасуға (жасауға);
2) талаптарында (шығарылым талаптарында) эмитенттің орналастырған акцияларын эмитенттің сатып алу құқығы немесе міндеті көзделетін шарттар жасасуға (туынды бағалы қағаздарды сатып алуға) тыйым салынады.
Эмитенттің (андеррайтердің, эмиссиялық консорциумның) облигацияларды орналастыру кезінде облигациялардың жекелеген ұстаушыларына облигацияларды шығару проспектісінде белгіленбеген қосымша құқықтарды беруіне тыйым салынады.
6. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестор бағалы қағаздарға ақы төлеу жөніндегі мiндеттемесiн орындаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі инвестордың жеке шотына сатып алынған эмиссиялық бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрықты тiркеушiге (нақтылы ұстаушыға) табыс етуге мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 22-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен 22-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздар тізіміне енгізудің шарттары мен тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы мынадай негiзгi шарттар сақталған жағдайда уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болған кезде ғана шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыруға құқылы:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымы бұрын шығарған және айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бір және (немесе) одан да көп шығарылымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген.
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне меншігінде осы заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы бар, Қазақстан Республикасының ұйымы бұрын шығарған және айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздарының бір және (немесе) одан да көп шығарылымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары енгізілуге тиіс;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарған облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде олар Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы, осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыру кезіндегі орналастыру шарттарымен иеленуге ұсынылуға тиіс. Осы облигацияларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған нарығы арқылы иеленуге инвесторлардың өтінімдерін (бұдан әрі - инвесторлардың өтінімдері) тіркеуді Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Инвесторлардың өтінімдері облигацияларды осылай орналастыру шеңберіндегі барлық өтінімдерді қабылдау нәтижелері бойынша эмитент айқындаған, облигациялар шығарылымын орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемінің кемінде жиырма пайызы көлемінде өтеуге кіріс мөлшерлемесі бойынша қанағаттандырылады. Егер инвесторлардың өтінімдерінің жиынтық номиналды көлемі облигациялар шығарылымын орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемінің жиырма пайызынан кем болса, онда инвесторлардың өтінімдері толық көлемде қанағаттандырылады.
3) шығарылымын уәкілетті орган тiркеген облигацияларды орналастыру кезiнде осы облигациялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тiзiмiнiң санаттарына енгiзiлуге тиiс;
4) шығарылымы шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тiркелген облигацияларды орналастыру кезiнде осы облигациялар бойынша қор биржасының оларды уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген қор биржасы тiзiмiнiң санаттарына енгiзуге келiсiмi алынуға тиiс;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы акцияларын, сондай-ақ базалық активі Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарын бастапқы орналастырған кезде:
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының акцияларын не шығарылымын уәкілетті орган тіркеген Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды орналастырған кезде, осы акциялар немесе депозитарлық қолхаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс;
Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акцияларын не шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды орналастырған кезде, осы акциялар немесе депозитарлық қолхаттар бойынша оларды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізуге қор биржасының келісімі алынуға тиіс;
Қазақстан Республикасының резидент ұйымы болып табылатын акциялар эмитенті уәкілетті органының не осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруды жүзеге асыратын осындай эмитенттің тиісті сатушы акционерінің акцияларды немесе осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімінде осы акциялардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы иеленуге ұсынылуға тиіс деген шарт қамтылуға тиіс. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы иеленуге ұсынылуға тиіс акциялардың немесе осы акциялар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарының саны, егер осындай сан осы акцияларды басымдықпен иелену құқығын іске асырудың нәтижесі болып табылса, орналастырылатын акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан кем болуы мүмкін.