мәслихат бөлген мандаттарды ескере отырып, қайта ұйымдастырылған мәслихат депутаттарының дербес құрамын;
тіркелген партиялық тізімге енгізілген кандидаттарды бөледі;»;
6) 15-1-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Саяси партия Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға үш санат өкілдерін: әйелдерді, жастарды, мүгедектігі бар адамдарды жиынтығында кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде енгізеді.
2. Саяси партия мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға әйелдерді және жастарды жиынтығында кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде енгізеді.»;
7) 16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тиісті мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттары депутаттығына кандидаттар ұсынылады.».
27. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-тараудағы «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 3-тармағы кестесінің 16-жолының 2-бағанындағы «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын.
29. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспедегі «принциптерiн, құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асырушы уәкiлеттi органның және өзге де мемлекеттiк органдардың» деген сөздер «қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
2) тармақшадағы «ақпараттық дерекқоры» деген сөздер «электрондық ақпараттық ресурстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«статистикалық мақсатта пайдалану үшiн» деген сөздер алып тасталсын;
«мәліметтер» деген сөз «құжатталған ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «ұсынылған нысанына қарамастан, ақпараттық есепке алу құжатында жазылған» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша «оптикалық» деген сөзден кейін «, электрондық» деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «сот iсiн жүргiзудiң және» деген сөздер «және әкімшілік сот iсiн жүргiзудiң, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталары – мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің нақты уақыт режимінде елді мекендердің географиялық координаттарында құқықтық статистикалық ақпаратты визуализациялауды қамтамасыз ететін құрамдасы;»;
8) тармақшадағы «қылмыстылықтың, қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң,» деген сөздер «қылмыстық теріс қылық пен қылмыстылықтың, сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеп-тексерудің, қылмыстық сот ісін жүргізудің, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi –Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органға құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, арнаулы, сот және өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, сондай-ақ адамдар;»;
14) тармақшадағы «құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi» деген сөздер «мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) есептік-тіркеу тәртібі – құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің уәкілетті орган белгілеген өлшемшарттарға, шектерге, параметрлерге, көлемдерге және мерзімдерге сәйкес құқықтық статистикалық ақпаратты беруі.»;
3) 2-баптың 1-тармағындағы «заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына» деген сөздер «заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-бапта:
6), 8), 12-1) және 12-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
29-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды
«6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді жүзеге асырады және (немесе) есепке алуды жүргізеді;»;
«8) уәкілетті органның тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;»;
29-тармақтың 4) тармақшасының бесінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«12-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді және есепке алуды үйлестіреді;»;
«12-3) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелер, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
пайдалануды, қолдап отыруды, дамытуды, мониторингті жүзеге асыру;
іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуді, сондай-ақ қорғауды қамтамасыз ету;
электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды және оларды жою жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырады;»;
12-4) тармақшадағы «құқық қорғау» деген сөздер «мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелердің, құқық қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-5), 12-6) және 12-7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-5) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
12-6) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, беруді, олармен танысуды, сақтауды және жоюды жүзеге асырады;
29-тармақтың 4) тармақшасының он алтыншы абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12-7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік бақылау актілерінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 12-9), 12-10) және 12-11) тармақшалармен толықтырылсын:
29-тармақтың 4) тармақшасының он сегізінші абзацының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды
«12-9) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеу және (немесе) есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіреді;
12-10) жолданымдарды қарау бойынша операциялық бағалау жүргізеді;
12-11) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ведомство аумақтық органдармен және оларға теңестірілген органдармен өз қызметін уәкілетті органның құзыреті шегінде жүзеге асырады.»;
5) 7-бапта:
тақырыптағы «Уәкілеттi орган мен оның аумақтық органдарының» деген сөздер «Уәкілеттi органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацта:
«мен оның аумақтық органдары» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) тармақшада:
«сот және қылмыстық iзге түсу органдарының iс жүргiзу қызметiне араласпай, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi» деген сөздер «құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырумен және арнайы есепке алуды жүргізумен байланысты емес қызметіне араласпай, олар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бақылау мен» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтың сақталуына тексеру, заңдылықтың жай-күйіне талдау, күшіне енген актілерге бағалау жүргізуге;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
29-тармақтың 5) тармақшасының он төртінші абзацының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды
«5) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) құқықтық статистикалық ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен қолжетімділік беруге;»;
2-тармақта:
бірінші абзацта:
«мен оның аумақтық органдары» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6) тармақшадағы «мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын құпиялары бар» деген сөздер «мемлекеттiк құпиялар мен дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «табыс етуді жүзеге асыруға міндетті.» деген сөздер «ұсынуды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауды жүзеге асыруға міндетті.»;
6) 8-баптың 2-тармағында:
3) тармақшада:
«мемлекеттiк құпияларды және» деген сөздер «мемлекеттiк құпияларды, дербес деректерді және өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сондай-ақ» деген сөзден кейін «мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелерден,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
29-тармақтың 6) тармақшасының алтыншы абзацының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды
«4) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау туралы актілерді тiркеуге мiндеттi.»;
7) 9-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын құпиялары бар» деген сөздер «мемлекеттік құпияларды, дербес деректерді және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 10-баптағы «және оның аумақтық органдары» деген сөздер алып тасталсын;
9) 11-баптағы «және оның аумақтық органдары» деген сөздер алып тасталсын;
10) 12-бапта:
3-тармақта:
1) тармақша «қылмыстық жауаптылыққа» деген сөздерден кейін «тартылған және» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «жасырынған адамдарды» деген сөздер «жасырынып жүрген іздеудегі адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) хабарсыз жоғалып кеткен іздеудегі адамдарды;»;
6-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
29-тармақтың 10) тармақшасының он бірінші абзацының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды
«10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын;»;
16-2) тармақшадағы «адамдарды» деген сөз «іздеудегі адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «құру, қалыптастыру, сақтау, жүргізу және пайдалану ережесін» деген сөздер «жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 16-1-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік «өзге де органдардың қызметкерлеріне» деген сөздерден кейін «және (немесе) жұмыскерлеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өзге де органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және өзге де органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
12) 16-2-баптың 5-тармағындағы «актілерінде» деген сөз «актісінде» деген сөзбен ауыстырылсын.
30. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
38-баптың 2-тармағындағы «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын.
31. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жануарлар дүниесі Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.»;
2) 15-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
32. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-тараудағы «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді» деген сөздермен ауыстырылсын.
33-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
33. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-бапта:
1-тармақта:
«Конституциялық Кеңес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Премьер-Министрдің» деген сөздерден кейін «, Бас Прокурордың» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «Конституциялық Кеңеске» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 3) тармақшасындағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
35. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан өзге де санаттардағы жерлердің жер учаскелері Қазақстан халқына тиесілі және иеліктен шығаруға жатпайды. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.»;
2) 78-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
36. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Астана Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған.»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының астанасы (бұдан әрі – астана):»;
2) 4-баптың 1-тармағында:
«Нұр-Сұлтан қаласының экономикасын» деген сөздер «астананың экономикасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы» деген сөздер «Астана қаласының құрметті азаматы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 1-тармағындағы «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «астананың» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 3) тармақшасының алтыншы абзацындағы «Нұр-Сұлтан қаласы» деген сөздер «астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 9-баптың 2), 3), 18-1), 19-13), 29) және 38) тармақшаларындағы «Нұр-Сұлтан қаласының», «Нұр-Сұлтан қаласын», «Нұр-Сұлтан қаласы» деген сөздер тиісінше «астананың», «астананы», «астана» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 9-1-баптың бірінші абзацындағы және 1) тармақшасындағы «Нұр-Сұлтан қаласының», «Нұр-Сұлтан қаласын», «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер тиісінше «Астананың», «астананы», «астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 12-баптың 1-тармағында:
«Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «Астананың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Нұр-Сұлтанның бас жоспары» деген сөздер «астананың бас жоспары» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Ассамблея Кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бес депутатын тағайындайды;»;
2) 9-бапта:
4-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
8-тармақ алып тасталсын;
3) 10-бапта:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бес кандидат бойынша ұсыныстар енгізу;»;
6-тармақ «Кеңестің шешімі» деген сөздерден кейін «хаттамамен ресімделеді және ол» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 14-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын кандидаттар жөнінде ұсыныстар әзірлейді, олар Кеңеске жіберіледі;»;
5) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігін тоқтату
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша, оның ішінде Кеңестің ұсыныстары негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалған депутатын кері шақырып алу туралы ұсыныс Кеңесте қабылданады.
3. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалған депутатының өкілеттігін тоқтату туралы Кеңестің ұсынысы Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.».
38. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-1-тараудағы «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді», «Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен», «Адам құқықтары жөніндегі уәкілге» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге» деген сөздермен ауыстырылсын.
39. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
25-бапта:
1-тармақтағы «заңдылығын» деген сөз «заңдылығына жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «қаулы шығарады» деген сөздерден кейін «, ол міндетті түрде орындалуға жатады» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Прокурор жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау мақсатында өз қаулысымен сот орындаушыларының заңға сәйкес келмейтін актілерінің күшін жоюға құқылы.».
40. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 1-тармағының 30) тармақшасындағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
14-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
42-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
42. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
36-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы «депутаттары,» деген сөзден кейін «аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,» деген сөздермен толықтырылсын.
43. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
28-баптың 2-тармағындағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
44-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
44. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «өмір бойғы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттігі тоқтатылған, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, өмір бойғы» деген сөздермен ауыстырылсын;