Осы жүйені құру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 95-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
95-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау
Осы Заңның 101-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар әуе кемесін, оның құрамдас бөліктерiн, бортындағы және жер үстiндегi объективтік бақылау құралдарын, әуе кемесiндегi барлық заттарды, сондай-ақ авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға әсерін тигізген аумақ пен ондағы заттарды, әуе кемесін жасауға, жөндеу мен пайдалануға және оның ұшуын қамтамасыз етуге қатысты бүкiл құжаттаманы осы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның мүшелерi немесе тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, сондай-ақ егер әуе кемесін тіркеуші шет мемлекет тергеп-тексеруге қатысуға ниет білдірсе, осындай мемлекеттің уәкілетті өкілі (пайдаланушы, әзірлеуші немесе дайындаушы) келгенге дейін ешкімге қол сұқтырмай сақтауға тиіс.
Заттай дәлелдемелерді сақтау алып қойылуы, бұзылуы, жоғалуы немесе жойылуы мүмкін кез келген заттай дәлелдемелерді суретке түсіру арқылы немесе басқа да тиісті тәсілдермен сақтауды қамтиды. Күзет одан әрі зақымданудан, бөтен адамдардың кіруінен, ұрланудан және бұзылудан алдын ала қорғауды қамтиды..
96-бап. Авиациялық оқиға болған жердегi жұмыс
Авиациялық оқиға болған жерде жүргiзiлетiн тексеру дүлей зiлзала зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарға теңестiрiлетiн ерекше жағдайдағы жұмыстар санатына жатқызылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, заңды және жеке тұлғалар авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияға жан-жақты жәрдем көрсетуге мiндеттi.
97-бап. Авиациялық оқиғаны тексеруге байланысты жұмыстарды қаржыландыру және шығыстарды өтеу тәртібі
Авиациялық оқиғаны тексеруге байланысты барлық жұмысты пайдаланушы қаржыландырады.
Авиациялық оқиғаны тексерумен байланысты ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жөндеу және өнеркәсiптiк ұйымдар жүргiзетiн зерттеулер мен сынақтарды осы ұйымдар қаржыландырып, пайдаланушы кейiннен шығындардың орнын толтырады.
13-тарау. ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН, ОЛАРДЫҢ ЖОЛАУШЫЛАРЫ МЕН ЭКИПАЖ МҮШЕЛЕРІН ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ҚҰТҚАРУ
98-бап. Әуе кемелерін, олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру
1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерiн, сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін iздестiру мен құтқаруды ұйымдастыру Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында ұшурды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидалары:
1) авариялық хабар беру тәртібін, апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерiн, сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіру мен құтқаруды ұйымдастыру схемасын;
2) персоналға және әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарын, іздестіру-құтқару командаларын, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерін, әуе кемелерін пайдаланушыларды қажетті жабдықпен және байланыс құралдарымен жарақтандыруға қойылатын талаптарды;
3) іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының аумағында іздестіру-құтқару қызметін бірлесіп құратын барлық мемлекеттік органдардың, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе кемесін басқару органдарының, іздестіру-құтқару командаларының, мемлекеттік органдардың іздестіру-құтқару қызметтерінің, әуе кемесін пайдаланушылардың және әуежайлардың арасында жауапкершілікті бөлуді және іс-шараларды ұйымдастыруды;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) азаматтық авиация ұйымдары іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүзеге асырған және оны қамтамасыз етуге қатысқан кезінде олардың шығынын өтеу тәртібін қамтуға тиіс.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Азаматтық авиацияда әуе кемелерінің іздестіру-құтқару кезекшілігін қамтамасыз ету аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар есебінен жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағында кез келген мемлекеттің әуе кемелерін, жолаушылар мен экипаж мүшелерін іздестіру және құтқару жөніндегі жұмыстар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдар әуе кемесiн iздестiруді және құтқаруды жүргiзуде кез келген мүмкiн болатын көмектерiн көрсетуге мiндеттi және iздестiру-құтқару органдары келгенге дейін адамдарды құтқару, оларға медициналық және басқа да көмек көрсету, сондай-ақ әуе кемесiн және оның бортындағы құжаттаманы, жабдықтар мен мүлiктi күзету жөнінде қажеттi шараларды қолданады.
5. Авиациялық iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде өздерінің құзыретіне және жарғысына сәйкес мемлекеттік органдардың (кәсіпорындардың) күштері мен құралдары, сондай-ақ іздестіру және құтқару ауданындағы әуе кемелерінің экипажы тартылады және пайдаланылады.
6. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерiне қажеттi көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасының аумағына кіруге:
1) басқа мемлекеттердiң iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарына;
2) сол әуе кемелерiнiң иелерi мен пайдаланушыларына;
3) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерi тiркелген мемлекеттің билігіне рұқсат етiледi.
Мұндай рұқсаттың шарттары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына және Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес айқындалады.
99-бап. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының iс-әрекеттері
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес шараларды және адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау және мүлiктi, оның ішінде әуе кемесін сақтау бойынша өзге де ықтимал шараларды қабылдауға міндетті.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң экипажы өз өкiлеттiктерiн азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілдеріне тапсырғанға дейiн борттағы адамдарды, мүлiктi құтқару мен олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, әуе кемесiнiң өзiн сақтау жөнiнде барлық мүмкiн болатын шараларды қолдануға мiндеттi. Әуе кемесi экипажының барлық мүшелерi адамдарды, мүлiктi және әуе кемесiн құтқаруға қатысуға мiндеттi.
3. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң командирi азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілдері келгенге дейін осы әуе кемесiнiң бортындағы адамдардың iс-әрекеттеріне басшылық жасайды.
100-бап. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi туралы хабарлау
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдары, аэроклубтар апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесі туралы ақпаратты, сондай-ақ қауiптi жағдайға ұшыраған адамдар туралы кез келген өзге де ақпаратты алған кезде Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен қажетті көмек көрсету бойынша барлық ықтимал шараларды қабылдауға және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу жоспарына сәйкес іздестіру-құтқару командаларына, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтеріне, әуе кемелерін пайдаланушыларға дереу хабарлауға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде авариялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарды хабардар етуге міндетті.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, жеке және заңды тұлғалар әуе кемелерiнiң апатқа ұшырауы жөнінде өздерiне белгiлi болған барлық жағдайлар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе жақын маңдағы әуеайлаққа дереу хабарлауға мiндеттi.
101-бап. Авариялық-құтқару жұмыстары
1. Әуеайлақта және әуеайлақ маңындағы аумақта авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу әуе кемесi апатқа ұшыраған пайдаланушының есебiнен меншiк иелерiнiң немесе әуеайлақтар иелерiнiң күштерiмен және құралдарымен Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Егер апатқа ұшыраған әуе кемесi немесе оның бөліктерi теміржол, автомобиль, су көлiгiнiң қозғалысына немесе әуе кемелерiнiң ұшуына кедергi келтiрсе, құтқару жұмыстарының басшысы көлiк құралдары қозғалысын немесе ұшуды қалпына келтiру мақсатында әуе кемесiнің (оның бөліктерiнің) орналасқан жерiн және жалпы жай-күйiн алдын ала белгiлеп алып, оларды басқа орынға көшіру жөнінде шаралар қолдануға мiндеттi.
102-бап. Әуе кемесiн, оның жолаушылары мен экипажын iздестiрудi тоқтату
1. Iздестiру шаралары нәтиже бермеген жағдайда, апатқа ұшыраған әуе кемесiн iздестiрудi тоқтату туралы шешiмдi әуе кемесiнiң иесiмен және іздестiру-құтқару командасының басшысымен келiсім бойынша тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы қабылдайды.
Апатқа ұшыраған әуе кемесін іздестіруді тоқтату туралы шешім қолда бар iздестiру-құтқару күштерiмен және құралдарымен бұдан әрi iздестiру әуе кемесiн табуға және тiрi қалған адамдарды құтқаруға қол жеткiзбейді деп пайымдауға жеткiлiктi негіздер болғанда ғана қабылдануы мүмкiн.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Апатқа ұшыраған әуе кемесін іздестіруді тоқтату туралы шешімге осы әуе кемесін иеленуші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
3. Осы бапқа сәйкес iздестiрiлуi тоқтатылған әуе кемесi хабарсыз жоғалып кеткен болып есептеледi.
Хабарсыз жоғалып кеткен әуе кемесi экипажының мүшелері мен жолаушыларын хабарсыз жоқ болып кеткендер деп тану немесе оларды қайтыс болды деп жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
103-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi әуе кемелерін iздестiру және құтқару
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған Қазақстан Республикасының әуе кемелерiн iздестiру және құтқару осы Заңның және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптары ескеріле отырып, аумағында осы жұмыстар жүргiзiлетiн мемлекеттің iздестiру-құтқару жұмыстарын орындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
104-бап. Апат жағдайларына әуе кемелерiн жабдықтау және экипажды даярлау
1. Әуе кемелерi іздестіру мен құтқаруға арналған борттық авариялық-құтқару құралдарымен және авариялық жетекті таратқыштармен жабдықталады, олардың тiзбесi әуе кемесiнiң үлгiсi мен ұшатын ауданына қарай азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкес айқындалады, ал мемлекеттік авиацияның әуе кемелерi үшiн мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Әуе кемесi экипажының барлық мүшелерi авариялық-құтқару даярлығы және әуе кемесiнiң бортында авариялық жағдай туындаған кезде жолаушыларға көмек көрсету бағдарламасы бойынша арнайы оқытудан өтуге мiндеттi.
3. Экипаж осындай жағдайда жасалатын iс-әрекеттер туралы және жеке және борттық авариялық-құтқару құралдарын пайдалану қағидалары туралы жолаушыларға мiндеттi түрде нұсқау беруге тиiс.
Жолаушыларға арналған ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Бейнеақпаратты қолдануға рұқсат етіледі.
14-тарау. АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, әуе кемелерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес азаматтық авиацияны оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға мiндеттi.
Жерде және әуеде азаматтық авиация қауіпсіздігіне қатер төндіретін акт немесе актіні жасауға әрекеттену, атап айтқанда:
әуе кемесін заңсыз басып алу;
пайдаланудағы әуе кемесін бұзу;
әуе кемесінің бортында немесе әуеайлақтарда адамдарды кепілге алу;
әуе кемесінің бортына, әуежайға (әуеайлаққа) немесе аэронавигациялық құрал немесе қызмет орналасқан жерге күшпен кіру;
әуе кемесінің бортына немесе әуежайға қылмыстық мақсаттарға арналған қаруды, қауіпті құрылғыларды немесе материалды орналастыру;
пайдаланудағы әуе кемесін адамды өлімге ұшырату, елеулі жарақаттау немесе мүлікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіру мақсатында пайдалану;
ұшып келе жатқан немесе жердегі әуе кемесінің қауіпсіздігіне, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің, жердегі персоналдың немесе әуежайдағы жұртшылықтың немесе азаматтық авиацияның құралдары немесе қызметі орналасқан жердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жалған ақпаратты хабарлау азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актісі болып табылады.
1-1. Әуежайлар мен авиакомпаниялар пайдаланушыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қару мен оның оқ-дәрілерін сатып алуға, сақтауға және пайдалануға құқығы бар.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Азаматтық авиация ұйымы авиациялық қауіпсіздік бағдарламаларын әзірлейді және қабылдайды, оларда Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әзірленген, заңсыз араласу актілерін болғызбау және оларға қарсы іс-қимыл жасау шаралары мен рәсімдері көзделеді.
2. Азаматтық авиацияны оның қызметiне заңсыз араласу актілерінен қорғау:
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әуежайдың бақыланатын аймағына, оның ішінде әуежайдың кіру шектелген күзетілетін аймақтарына және әуе кемесінің бортына бөгде адамдар мен көлiк құралдарының кiруiн болғызбау.
Жете тексеру пунктінен әуе кемесіне дейінгі коммерциялық авиацияның ұшатын жолаушыларына арналған аймақтар, сондай-ақ перрон, жете тексеруден өткен багаж бен жүктер бар әуе кемелеріне қызмет көрсету аймақтарын қоса алғанда, багаж өңдеу аймақтары, жүк қоймалары, пошта жөнелтілімдерін өңдеу орталықтары, әуежайдың бақыланатын аймағында орналасқан бортта тамақтандыру мен ұшақтарды тазалау қызметтерінің үй-жайлары кіру шектелген күзетілетін аймақ болып табылады;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) авиациялық жұмыстарды орындау кезінде пилотсыз авиациялық жүйеге бөгде адамдардың кіруін болғызбау;
2) бөгде адамдардың әуе кемелерiне кiрiп кету мүмкiндiгiн болғызбайтындай тұрақтардағы әуе кемелерiн күзету;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) пилотсыз әуе кемесін сақтау орнына заңсыз кіру және бағдарламалық қамтылымның және (немесе) жабдықтың конфигурациясын заңсыз өзгерту мүмкіндігін болғызбайтын пилотсыз авиациялық жүйені тиісінше сақтау;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әуе кемелерінде, оның ішінде пилотсыз әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қаруларды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш, радиоактивтi, уландырғыш, тез тұтанғыш және басқа да қауiптi заттар мен құралдарды заңсыз алып жүру мүмкiндiгiн болғызбау;
4) қару-жарақ пен оқ-дәрiлердi тасымалдау кезiнде олардың әуе кемелерiнің жолаушылардан оқшауланған бөлiктерiнде оқтары алынған күйде багажбен тасымалдануын қамтамасыз ететiн айрықша сақтық шараларын енгізу;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) ерекше жағдайларда әуе кемелерiн, пилотсыз авиациялық жүйелерді арнайы қарап тексеру;
6) ұшу кезiнде экипаждың қауiпсiз жұмысын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ әуе кемесiн заңға қайшы пайдалануға жол бермейтiн техникалық құрылғылармен әуе кемелерiн жабдықтау;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) әуе кемесінің бортына, әуежайға немесе аэронавигациялық құрал және басқа да объектілер орналасқан жерге заңсыз кіруді болғызбау;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) аэровокзалдар мен іргелес аумақтардың жалпы рұқсат етілген аймақтарында қауіпсіздіктің қажетті шараларымен;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-3) азаматтық авиация мақсаттары үшін пайдаланылатын ақпараттық технологиялар мен байланыс технологияларының және деректердің маңызды жүйелерінің қауіпсіздік шаралары;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-4) пилотсыз авиациялық жүйелерді құқыққа қарсы пайдалануды болғызбайтын бағдарламалық-техникалық құралдармен пилотсыз авиациялық жүйелерді жарақтандыру;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мен мемлекеттік органдар авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз құзыреті шегінде арнайы әзiрлеген авиация қызметiне заңсыз араласуға қарсы іс-әрекет жасау шаралары, сондай-ақ авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ететiн басқа да шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Егер әуе кемесі заңсыз араласу актісіне ұшыраса, әуе кемесінің командирі, егер әуе кемесінің бортындағы жағдай өзгені талап етпесе, Авиациялық қауiпсiздiк қағидаларына сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым айқындаған қолайлы әуеайлаққа аса қысқа мерзімде қону әрекетін жүзеге асырады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Әуе кемелерін пайдаланушылар әуе кемесінің бортында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша азаматтық әуе кемелерінің экипаждарына арналған нұсқаулықтан үзінді көшірменің болуын қамтамасыз етеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Ұшып келуі, ұшып кетуі кезінде және тұрақта тұрған уақытында әуе кемесінің бортына бөгде адамның заңсыз кіруіне тыйым салынады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, пилотсыз авиациялық жүйені бөгде адамға беруге тыйым салынады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуына бақылауды және қадағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен бірлесіп жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым басшысының Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғау саласындағы лауазымдық өкілеттіктер берілетін орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша тағайындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті тағайындалатын адамды келісуден бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді
4-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жыл сайын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын сақтау тұрғысында азаматтық авиация ұйымдарында тексерулер мен сынақтар жүргізуге бағытталған іс-шаралар кешені түсінілетін авиациялық қауіпсіздікті тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасына бақылауды және қадағалауды жүргізу:
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушыларды, азаматтық әуе кемелерін «, авиациялық жұмыстарды орындайтын пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушыларды және Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты рейстер орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды жылына бір реттен жиі емес кезеңділікпен ішінара тексерулер және жоспардан тыс тексерулер;
2) ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін қызметтік эксперименттер;
3) әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік бойынша ішкі тексерулері;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау;
5) авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасын бақылауды жүзеге асыратын мамандарды іріктеуді жүргізу;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) кемшіліктерді анықтауды және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтитын авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйіне талдау жүргізу;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақтар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
8) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)