2. Авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін ендіру әділ мәдениет қағидатына негізделуге тиіс.
3. Авиация персоналы және пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының өзге де жұмыскерлері ұшу қауіпсіздігіне елеулі тәуекел туғызуы мүмкін және авиациялық жағдайлар туралы хабарлау авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы жүзеге асырылатын авиациялық жағдайлардың санаттарына жататын авиациялық жағдайлар туралы құлақтандыруға міндетті.
Деректерін ұсыну авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы жүзеге асырылатын авиациялық жағдайлардың санаттары, сондай-ақ осы санаттағы авиациялық жағдайлар туралы деректерді ұсынатын тұлғалардың тізбесі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тізбеде көзделмеген авиация персоналы және пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының өзге де жұмыскерлері құлақтандыруға міндетті санатқа жатпайтын авиациялық жағдайлар туралы, егер олар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ақпаратқа жататын болса, сондай-ақ егер мұндай ақпарат ұшу қауіпсіздігіне нақты немесе ықтимал қатер төндіретіндей қабылданатын болса, авиациялық жағдайлар туралы деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі арқылы хабарлайды.
5. Авиациялық жағдай туралы ұсынылған деректерді алғаннан кейін пайдаланушы мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес жиналған жағдайлардың анық-қанығын:
1) авиациялық оқиғалар үшін - жиырма төрт сағаттан кешіктірмейтін;
2) басқа авиациялық жағдайлар үшін жетпіс екі сағаттан кешіктірмейтін мерзімде хабарлайды.
6. Сапаны қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын деректерде барынша аз ақпарат қамтылуға тиіс, оған қойылатын талаптар авиациялық жағдайдың санатына қарай өзгеруі мүмкін және азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес белгіленеді.
7. Авиациялық жағдайлар туралы деректерді ұсыну жүйесіне қойылатын жекелеген талаптар және деректерді ұсыну тәртібі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында және әуежайларда әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, қызметі көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулықтарда белгіленеді.
8. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары ішкі қағидаларды, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты қабылдау арқылы авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін ендіреді және қолдап отырады.
9. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары авиациялық жағдайлар туралы ақпаратты электрондық дерекқорларда сақтауға тиіс, олар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық жағдайлар дерекқорымен үйлесімді болуға тиіс.
10. Сертификатталған ең жоғары массасы екі мың екі жүз елу килограмнан асатын әуе кемелерімен және (немесе) турбореактивті қозғалтқышы бар ұшақтармен болған авиациялық оқиғалар туралы ақпараттық есептер Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) жіберіледі.
11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес алынған деректерді тәуелсіз жинау, бағалау, өңдеу, талдау және сақтау үшін тетік құрады. Ұсынылған деректерді өңдеу ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен арттырудан басқа, ақпаратты өзге мақсаттарда пайдалануды болғызбау ниетімен жүзеге асырылуға тиіс және әділ мәдениетті іске асыру мақсатында хабарлаушы адамның және авиациялық жағдайлар туралы есептерде аталған адамдардың жеке басының құпиялылығын тиісті түрде қамтамасыз етуге тиіс.
12. Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық жағдайлардың санаттары азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 92-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
92-2-бап. Авиациялық жағдайлар туралы ақпараттың құпиялылығы, оны тиісінше пайдалану және ақпарат көзін қорғау
1. Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық жағдайлар туралы деректер тиісті түрде қорғалуға тиіс және оларды жинау олардың құпиялылығына кепілдік беру, авиациялық жағдайлар туралы есептерде көрсетілген адамдардың дербес деректерін қорғау және авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиациядағы өзге де жұмыскерлердің авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесінің беріктігіне сенімділігін қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласының өзге де жұмыскерлері өздері берген ақпарат негізінде жұмыс берушісі тарапынан тәртіптік жазаға және (немесе) материалдық жауаптылыққа тартылмауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары мынадай жағдайлардың бірі:
1) әдейі жасалған теріс қылық;
2) шынайы тәуекелді айқын елемеу және адамның өмірі мен денсаулығына болжауға болатын зиян келтіруге, мүлікке нұқсан келтіруге алып келген немесе ұшу қауіпсіздігінің деңгейін елеулі түрде төмендеткен лауазымдық міндеттерді сақтамау орын алған кезде қолданылмайды.
3. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары авиациялық жағдайлар туралы ақпаратты:
1) авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын адамдарға кінәні немесе жауаптылықты жүктеу;
2) ұшу қауіпсіздігін қолдаудан немесе арттырудан басқа кез келген өзге де мақсаттар үшін бермеуге немесе пайдаланбауға тиіс.
4. Авиациялық жағдай туралы есепте аталатын және дәл сол жағдайлар туралы өзіне белгілі болған кезден бастап хабарлауға міндетті болған, жұмыс берушінің ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде қасақана хабарламаған азаматтық және эксперименттік авиация саласының жұмыскері жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
5. Егер тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қозғалған болса, авиациялық жағдайлар туралы есептерде қамтылған ақпарат авиациялық жағдайлар туралы құлақтандырған азаматтық және эксперименттік авиация саласының жұмыскеріне немесе авиациялық жағдайлар туралы есепте аталған адамға қарсы пайдаланылмайды.
6. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары жұмыскерлермен консультациядан кейін әділ мәдениетті іске асыру тәртібін белгілейтін ішкі қағидаларды қабылдайды. Әділ мәдениетті іске асыру осы Заңның 92-1 және 92-3-баптарының және осы баптың ережелеріне, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
7. Авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласының жұмыскерлері туралы ақпаратқа, олардың дербес деректеріне авиациялық жағдайлар туралы есептерді жинауға, бағалауға, өңдеуге, талдауға және сақтауға тікелей тартылған пайдаланушының және азаматтық және эксперименттік авиация ұйымының жұмыскерлері ғана қол жеткізе алады.
8. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру талаптарына сәйкес талап етілетін жағдайларды қоспағанда, авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын адамдардың дербес деректері жария етілмейді, дерекқорларға енгізілмейді және қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады.
9. Авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласының өзге де жұмыскерлері осы бап ережелерінің бұзылуы туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға хабарлауға құқылы және бұл үшін жұмыс беруші оларды жауаптылыққа тартпауға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 92-3-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
92-3-бап. Авиациялық жағдайларды талдау және тиісті (түзетуші) шараларды қабылдау
1. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары анықталған авиациялық жағдайларға байланысты ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді анықтау мақсатында авиациялық жағдайларды талдау процесін әзірлейді.
2. Талдау нәтижелері бойынша пайдаланушы мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымы ұшу қауіпсіздігі саласындағы нақты немесе ықтимал кемшіліктерді жою үшін қажетті кез келген тиісті түзету немесе алдын алу іс-қимылдарын:
1) осы іс-қимылдарды уақтылы орындай отырып;
2) іс-қимылдардың іске асырылуы мен тиімділігін мониторингтеу процесін белгілей отырып айқындайды.
3. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы өзге де жұмыскерлерге авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесі шеңберінде талдау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы ақпаратты ұдайы беруге тиіс.
4. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары өз талдауларының алдын ала нәтижелерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жіберуге, сондай-ақ түпкі нәтижелерді, егер бұл нәтижелер ұшу қауіпсіздігі үшін нақты немесе ықтимал тәуекелді сәйкестендірсе, жіберуге тиіс.
5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары ұшу қауіпсіздігі саласындағы нақты немесе ықтимал кемшіліктерді жою үшін қажетті түзету немесе алдын алу іс-қимылдарын талдау және орындау бойынша жүргізетін жұмыстарға мониторингті жүзеге асырады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 93-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
93-бап. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру
1. Қазақстан Республикасының әуе кемесімен не шет мемлекеттің әуе кемесімен Қазақстан Республикасының аумағында болған авиациялық оқиға немесе инцидент міндетті түрде тексерілуге жатады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру мақсаты оқиғаның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, болашақта авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Кімнің болсын кінәсі мен жауапкершілігін анықтау авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексерудің мақсаты болып табылмайды.
Азаматтық және эксперименттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.
Тізбесі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген оқыс оқиғалардың жекелеген түрлерін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелері шеңберінде пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) дербес тергеп-тексереді. Мұндай тергеп-тексерулер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) түпкілікті есепті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға береді.
Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді комиссия мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес жүргізеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
Тергеуді ұйымдастыру кезінде авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның қызметіне, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға жол берілмейді.
Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиғаға немесе инцидентке қатысты оқиға болған жерлерді, объектілерді және сынықтарды тексеруге, жұмыстарға сарапшыларды тартуға, көрген адамдардан сұрауға, авиациялық оқиғаның немесе инциденттің және (немесе) ілеспе факторлардың себептерін анықтап белгілеу үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға, осындай авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беруге құқылы.
Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жүргізілетін тергеп-тексеру кезінде объективтілік пен бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс. Тергеп-тексерудің тәуелсіз болуы мақсатында авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүдделер қақтығысын болғызбауды ескере отырып қалыптастырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік әуе кемесімен болған авиациялық оқиға немесе инцидент авиация саласындағы уәкілетті органдар комиссияларының тексеруіне жатады немесе оны өзара келісім бойынша әуе кемесі тіркелген елдің (пайдаланушының) шет мемлекеті тексереді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы оны пайдаланушы болып табылатын азаматтық авиацияның әуе кемесі шет мемлекеттің аумағында авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға ұшыраған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына және азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес әрекеттерін жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Тергеп-тексеру процесінде авиациялық оқиға туралы ақпарат тек нақты деректермен шектеледі. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналар:
1) тергеп-тексеру процесінде жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер;
2) әуе кемесін пайдалануға қатысы бар адамдар арасындағы хат жазысу туралы мәліметтер;
3) авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысушы адамдарға қатысты медициналық деректер және (немесе) биометриялық және (немесе) дербес деректер;
4) борттағы өздігінен жазатын құрал жазбалары және осындай жазбалардың түсіндірілетін мағынасы;
5) әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару органдарының жазбалары және жазбалардың түсіндірілетін мағыналары;
6) экипаж кабинасындағы көрнекі мән-жайды жазатын құралдардың жазбалары мен осындай жазбалардың кез келген бөлігі немесе түсіндірілетін мағынасы;
7) борттағы өздігінен жазатын құралдар жазбаларын қоса алғанда, тергеп-тексеруге қатысты ақпаратты талдау кезіндегі комиссия мүшелерінің не тартылған сарапшылардың не әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің уәкілетті өкілдерінің (пайдаланушының, әзірлеушінің немесе дайындаушының) пікірлері (нұсқалар, өтініштер) қамтылған ақпарат жария етілмейді.
Осы тармақта көрсетілген ақпарат түпкілікті есепке енгізіледі немесе авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны талдауға қатысы болған жағдайда ғана оған қосылады. Осындай талдауға қатысы жоқ жазбалардың бөліктері жария етілмейді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салуы бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы ұсынуға міндетті.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Азаматтық және мемлекеттік авиациялар салаларындағы уәкілетті органдар жүргізетін авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексерулер Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдары жүргізетін тергеп-тексерулерден тәуелсіз болып табылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 93-1-баппен толықтырылды
93-1-бап. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл
1. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бастапқы дайындықтан өткен және авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамында азаматтық авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тапсырылған лауазымды адамы болып табылады.
Тергеп-тексерулерді ұйымдастыру кезінде, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделгеннен басқа жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, басқа да мемлекеттік органдар тарапынан тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің қызметіне араласуға жол берілмейді.
2. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл оқиға болған жерде және тергеп-тексеру процесінде авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны және оған байланысты барлық аспектілерді тергеп-тексеруді жоспарлайды, жүргізеді және үйлестіреді.
Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру процесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
3. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің өз міндеттерін орындау кезінде:
1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысты дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау жоспарын құруға;
2) авиация оқиғасы болған жерге және әуе кемесін пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және ұшуларды қамтамасыз етуге тартылған авиация персоналына байланысты барлық құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге, авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның туындауына себепші болып табылатын немесе ықпал етуі, әсер етуі мүмкін оқиға орындарын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) борттағы өздігінен жазатын құралдарды немесе әуе кемесінің бортындағы ақпарат жеткізгіш кез келген басқа да құрылғыны, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жазбаларын іздеу, қалпына келтіру, шығарып алу, олардың деректерін оқу кезінде үйлестіруді және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар. Борттағы өздігінен жазатын құралдар жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдар немесе шет мемлекеттердің авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі құзыретті органдарының құралдары пайдаланыла отырып, қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;
4) көзімен көргендерден, авиация персоналынан және авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;
5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;
6) пайдаланушымен келісу бойынша ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің бортында әуе кемесінің кабинасында және салонында отыру құқығымен болуына құқығы бар.
4. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға болған жерге келуге, азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуді осы Заңға, азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес жүзеге асыруға;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген нысан бойынша азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге өкілеттіктер беретін куәлігінің болуы міндетті.
5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл болып табылатын мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
Ақшалай ризық ақшалай үлесті (лауазымдық айлықақы), айрықша еңбек жағдайлары үшін үстемеақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін басқа да үстемеақылар мен сыйлықақыларды қамтиды.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 94-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
94-бап. Мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды сыныптау және есепке алу
1. Мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды сыныптауды және есепке алуды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды сыныптау және есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
3. Мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды есепке алу үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе ықтимал кемшіліктер туралы ақпарат жинауға жәрдемдесу мақсатында авиациялық оқиғалар немесе оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну жүйесін құрады.