12) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті және оның тарату балансын келісу;
13) валюталық бақылау агенттеріне олардың валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында орындауы үшін міндетті тапсырмалар беру;
14) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;
15) қаржы ұйымдарының және сақтандыру тобының немесе банктік конгломераттың бас ұйымының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауымен байланысты қызметті талдау;
16) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ төлем қызметтерін берушілер көрсететін қызметтерді талдау және бағалау;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап-тексеру;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды; 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) төлем жүйелерінің, төлем ұйымдарының, көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімдерін жүргізу;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысында коллекторлық агенттіктердің қызметін талдау, сондай-ақ «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік ұсынған мәліметтерді, құжаттарды және аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын (болған кезде) талдау жолымен жүзеге асырады.
63-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
64-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруi
65-бап. Қаржы жылы
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 66-бап жаңа редакцияда; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 66-бап өзгертілді
66-бап. Есеп беру
Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуiне жылдық есеп берiп отырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн қарап, оны бекіту туралы шешiм қабылдайды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 67-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Жылдық есеп
Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебi:
- ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің өткен жылғы қызметi туралы есептi;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қамтиды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 68-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 68-бап өзгертілді
68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiн тексеру
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.
Тексерiс кезiнде алынған әрбір ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ұйымдарының қызметiне жасалған кез келген мемлекеттік органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.
13 тарау. Қорытынды ережелер
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің таратылуы
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 70-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
70-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңы (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
70-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржы есептемесін қоса алғанда, есептемені және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларын орындауына қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 70-1-баппен толықтырылды; ҚР 03.05.01 ж. № 182-II Заңымен 70-1-бап жаңа редакцияда; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 70-1-бап өзгертілді
70-1-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңы (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетінше белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөніндегі қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Ол көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін ақының мөлшерлері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 71-бап жаңа редакцияда
71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі
Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап етудің ескіру мерзiмi қолданылмайды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 08.12.97 ж. № 200-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 72-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жауапкершiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
73-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 74-бап өзгертiлдi
74-бап. Осы Заңның күшiне енуi
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 1995 жылғы наурыздың 30-ы.
№ 2155