54 тармақ 3) тармақша тіс жегісі, пломбы салынған және жұлынған тістердің жалпы саны 9-дан көп, бұл ретте кемінде 4 тіс, түбір арналарына пломба салынған тістерді қоса алғанда пульпа мен периодонттың зақымдануымен созылмалы қабынулардың клиникалық немесе рентгенологиялық белгілері болғанда қолданылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
55 | Тістердің қатты тіндерінің, пульпаның және периапикальды тіндердің, қызыл иектердің және парадонттың, сілекей бездерінің, ауыз қуысы жұмсақ тіндерінің, тілдің аурулары: | | | | |
1) ауыр дәрежелі генерализденген парадонтит, пародонтоз | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
2) орта дәрежелі генерализденген пародонтит, пародонтоз, стоматиттер, гингивиттер, хейлиттер және емделуге келмейтін ауыз қуысы шырышының, сілекей безінің және тілдің науқастанулары | Д | Д | Б | ДЕРБ |
3) жеңіл дәрежелі генерализденген пародонтит, пародонтоз | Б | Б | А | ДЕРБ |
Тармақ куәландырылатындарда жиі асқынулармен және (немесе) іріңдеулермен пародонтиттің немесе парадонтоздың генерализденген түрлері болған кезде қолданылады.
Пародонтит, пародонтоз диагнозы рентгенографиямен және ілеспе науқастануларды айқындаумен барлық тіс-жақ жүйесін зерделеуден кейін қойылады. Пародонтоз және пародонтит кезінде азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде емдеуге жолданады.
55 тармақ 1) тармақшаға тіс қызыл иегінің қалта тереңдігі 5 мм және одан астам, тіс қуысы қабырғалы тінін 2/3 түбір ұзындығына резорбциялау, ІІ-ІІІ дәрежелі тіс қозғалысы жатады;
55 тармақ 2) тармақшаға емделмейтін ауыз қуысы шырышты қабығының науқастанулары жатады. Стоматиттер, хейлиттер, гингивиттер, лейкоплакиялар және преканцероздарды қоса алғанда басқа да науқастанулар болған кезде азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген кезде оларға емделу тағай ындалады.
55 тармақ 3) тармақшаға басымырақ тіс арасындағы тіс қызыл иегі қалтасының 3 мм дейінгі тереңдігімен, тіс арасындағы кедергілері қабырға тіндері бұзылуының алғашқы сатысы, тістер қозғалмаған кезде тіс аралық кедергілері биіктігінің кемінде 1/3 төмендеуі болғанда жеңіл дәрежелі пародонтит жатады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
56 | Жақ-бет аномалиялары (туа біткен даму кемістіктерінен басқа), басқа да аурулар және тістердің және олардың тіреу аппаратының өзгерістері, жақтардың аурулары: | | | | |
1) тыныс алу, иіс сезу, шайнау, сілекей бөлу, жұту және сөйлеу функциясының елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) тыныс алу, иіс сезу, шайнау, сілекей бөлу, жұту және сөйлеу функциясының орташа бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) тыныс алу, иіс сезу, шайнау, сілекей бөлу, жұту және сөйлеу функциясының шамалы бұзылуымен | Б | Б | Б | ДЕРБ |
4) функциясының бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | ДЕРБ |
56 тармақ 1) тармақшаға:
хирургиялық емдегеннен кейін трансплантанттармен ауыстырылмаған үстіңгі және (немесе) төменгі жақ сүйектерінің кемістіктері;
емдеуден тиімділік болмаған кезде (соның ішінде хирургиялық) немесе одан бас тартқанда созылмалы, жиі асқынбалы (талаптардың І, ІІ бағандары бойынша куәландырылатындар үшін жылына 2 реттен астам және талаптардың ІІІ, ІV бағандары бойынша куәландырылатындар үшін жылына 3 және одан астам) жақ сүйектерінің, сілекей бездерінің, самай-жақ буындарының, самай-төменгі жақ буындары анкилоздарының, төменгі жақ сүйектері контрактураларының және жалған буындардың науқастанулары;
емделмейтін жақ-бет саласының актиномикозы жатады.
Әскери қызмет міндеттерін нақты орындау қабілетіне, әскери бөлім қолбасшылығы мен дәрігерінің пікіріне байланысты, жүре пайда болған жақ-бет саласындағы кемістіктерімен және өзгерістерімен талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылған әскери қызметшілер қанағаттанарлық нәтижелермен емдеудің ортопедиялық әдістерінен кейін 56 тармақтың 2) немесе 3) тармақшалары бойынша куәландырылады.
56 тармақ 2) тармақшаға:
тіс түйістің 5 мм астам сәйкес келмеуімен немесе Н.И. Агапов бойынша шайнау тиімділігі 60 пайыздан кем ІІ-ІІІ дәрежелі тіс түйістің аномалиясы;
жиі асқынулармен созылмалы сиалоадениттер;
емдеудің қанағаттанарлық нәтижесімен жақ-бет саласының актиномикозы;
секвестрлі қуыстардың және секвестрлердің болуымен жақтың созылмалы остеомиелиті;
талаптардың І, ІІ бағандары бойынша куәландырылатындарға хирургиялық емдеуден кейін трансплантанттармен ауыстырылған төменгі жақ кемістіктері;
60 %-дан төмен шайнау тиімділігімен немесе тіс түйістірудің 10 мм-дан астам айырмашылығымен ІІ дәрежелі тіс түйісі кемістігі кезінде (шайнау тиімділігін санамағанда) тіс түйістірудің 5-тен 10 мм-ға дейін айырмашылығымен ІІ дәрежелі тіс түйіс кемістігі (тіс қатарларының 5 мм-дан 10 мм-ны қоса алғанда жылжуы) жатады.
Көрсетілген науқастанулары бар азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген кезде емделуге жіберіледі. Әскери қызметшілер емделгеннен кейін талаптардың 61-тармағы бойынша куәландырылады. операциялық емдеуден бас тартқан немесе операцияның қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде куәландыру осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
56 тармақ 3) тармақшаға үстіңгі және төменгі жақтың немесе бір жақтың толық адентиясы жатады;
56 тармақ 4) тармақшаға тіс түйістің 5-тен 10 мм дейін сәйкес келмеуімен, шайнау тиімділігі 60 пайыз және одан астам ІІ дәрежелі тіс түйістің аномалиясы жатады.
Егер тіс түйісу аномалиясы себебінен операциялық емдеуден кейін кемінде 6 ай өтсе, азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
І дәрежелі (тістер қатарының 5 мм қоса алғанда жылжуы) тіс түйіс аномалиясының болуы осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
57 | Өңештің, ішектердің (ұлтабардан басқа) және ішперде аурулары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен және жиі асқынулармен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | А | А | А | А |
57 тармақ 1) тармақшаға:
жүре пайда болған өңеш-кеңірдек немесе өңеш-бронх жыланкөздері;
жүйелі ұлғайтуды, баллонды дилятациялауды немесе хирургиялық емдеуді қажет ететін елеулі клиникалық белгілерімен өңештің тыртықты тарылуы немесе нерв-бұлшықет науқастанулары;
ІV сатылы гастроэзофагеальнорефлюксты ауру;
ас қорыту функциясының кенеттен бұзылуымен созылмалы ерекшеліксіз жара колиттері мен энтериттерінің ауыр түрлері;
ас қорытудың бұзылуымен және тамақтанудың бұзылуымен (ДСИ 18,5 төмен) қоса болатын ашішекті (кемінде 1,5 метр) немесе тоқішекті (30 см кем емес) резекциялаудан кейінгі жай-күй;
жүрген немесе дене тік қозғалған (ІІІ сатылы) кезде тікішектің барлық қатпарларының түсуі;
хирургиялық емдеудің соңғы сатысы ретінде өрескел анус, ішек немесе нәжіс жыланкөзі;
ІІІ дәрежелі анус сфинктері;
тұрақты немесе ашылатын жыланкөздермен созылмалы парапроктит (талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын әскери қызметшілер осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша куәландырылады) жатады;
57 тармақ 2) тармақшаға:
ІІІ сатылы ГЭРА;
консервативті емдеудің қанағаттанарлық нәтижелері кезінде өңештің тыртықты тарылуы және нерв-бұлшықет науқастанулары;
стационарлық емдеудің нәтижесіздігі кезінде қайта және ұзақ уақыт госпитальға жатқызуды (2 айдан астам) қажет ететін жиі асқынулармен және тамақтанудың бұзылуымен (ДСИ 18,5-тен кем) секрециялық, қышқыл түзуші функциялардың бұзылуымен энтериттер;
созылмалы ерекшеліксіз жара колиттері, ас қорыту функцияның бұзылу дәрежесіне және асқыну жиілігіне қарамастан Крон ауруы;
ашішекті кесу (кемінде 1 м) немесе тоқішекті кесу (кемінде 20 см), демпинг-синдромның сирек белгілерімен асқазан-ішек анастомозын салу;
қайта стационарлық емдеуді қажет ететін эвакуаторлы функцияның бұзылуымен іш қуысының жабысу үдерісі (жабысу үдерісі рентгенологиялық немесе эндоскопиялық мәліметтермен немесе лапаротомиямен расталады);
дене жүктемесі кезінде тікішектің түсуі (ІІ сатысы);
І - ІІ дәрежелі анус сфинктерінің жеткіліксіздігі;
жиі (жылына 2 және одан астам) асқынулармен созылмалы парапроктит;
нәжіс жыланкөздерін жабу, кесілген бөліктің ұзындығына қарамастан ашішек немесе тоқішекті резекциялау себебінен операциядан кейінгі жай-күй жатады;
57 тармақ 3) тармақшаға:
жеңіл эзофагитпен ГЭРА (І-ІІ дәрежелі);
функцияларының шамалы бұзылуымен өңеш, ішек және ішперденің аурулары;
дефекация кезінде тікішектің түсуі (І дәрежелі);
сирек асқынулармен өтетін созылмалы парапроктит;
екінші қайтара дистальды колит жатады.
Мегаколонды және долихосигманы диагностикалаған кезде куәландыру функцияларының бұзылуына байланысты осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Тікішектің түсуі, ішек немесе нәжіс жыланкөздері, көтеншектің тарылуы немесе сфинктері жеткіліксіздігі кезінде куәландырылатындарға хирургиялық емделу ұсынылады. Операциядан кейін әскери қызметшілерге қатысты талаптардың 61-тармағы бойынша науқастануы бойынша демалыс беріледі, ал азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу және мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде, егер операциядан кейін кемінде 6 ай өтсе, 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Әскери қызметке жарамдылығы санаты емдеу нәтижелеріне байланысты айқындалады. Науқастану қайталанған немесе емдеуден бас тартқан кезде қорытынды осы тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шығарылады.
57 тармақ 4) тармақшаға өңеш нысандарының, өлшемдерінің, орналасуының нұсқалары, клиникалық белгілерсіз және функционалдық бұзылусыз құралдық зерттеулер (эзофагогастродуоденофиброскопия, рентгенологиялық зерттеу) кезінде айқындалған мүшелердің жеңіл деформациясы жатады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
58 | Асқазанның, ұлтабардың жара ауруы: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен және жиі асқынулармен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен және сирек асқынулармен | Д | Д | Б | ДЕРБ |
Асқазанның немесе ұлтабардың жара ауруы диагнозы эндоскопиялық зерттеумен және пилородуоденальды зонаның жасанды гипотониясы жағдайында екі жақты қарама-қайшылықты пайдалана отырып, полипозициялы, дәлдеу рентгенологиялық зерттеулермен расталады.
Талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатын азаматтарда анамнезде асқазанның немесе ұлтабардың жара ауруы болған кезде диагноз эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулері толық жазылған стационарлық пациенттің медициналық картасынан (амбулаторлық науқастың медициналық картасынан) үзінділермен расталады, оған медициналық (әскери-медициналық) денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің тиісті дәрігер-мамандары және бастығы (меңгерушісі) қол қояды және оған денсаулық сақтау ұйымының мөрі басылады.
Асқазанның немесе ұлтабардың жарасына шалдығудың нақты себебі асқазанның немесе ұлтабардың жасанды гипотония жағдайларында эндоскопиялық зерттеу және рентгенологиялық зерттеу кезінде айқындалған жарадан кейінгі тыртықты деформация болып табылады.
Асқазанның немесе ұлтабар жарасының қайталануы (асқынуы) -асқазанның немесе ұлтабардың жара ауруы диагнозы бұрын қойылған пациентте клиникалық белгілер аясында немесе оларсыз сол немесе басқа оқшаулауда жара кемістігі диагностикаланады.
Созылмалы гастрит диагнозы асқазанның шырышты қабығының биоптаттарын морфологиялық зерттеу жолымен ғана қойылады.
Асқынбаған асқазанның немесе ұлтабардың симптомдық жаралары кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты негізгі науқастанудың ауыртпалығына және ағымына байланысты аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша айқындалады.
Асқынған симптомдық жаралар кезінде талаптардың І, ІІ, ІІІ бағандары бойынша куәландырылатындарға қатысты әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды ас қорыту функциясының бұзылуына байланысты 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша шығарылады.
Ұлтабардың тыртықты-жара деформациясының айқын көрінуінің мынадай дәрежелері айқындалады:
І дәреже - рентгенологиялық тұрғыдан деформация жоқ, рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулер үшін барлық бөліктерінде баданаға қол жетімді, оның өлшемдері өзгермеген, бадананың бір қабырғасында эндоскопиялық ақшыл тыртық айқындалуы мүмкін, эвакуаторлық функциясы бұзылмаған;
ІІ дәреже - шамалы деформация. Бадана иіндері бірінің пішіні рентгенологиялық тұрғыдан жуандаған (тартылған), қалған бөліктерінде бадана контрастпен еркін толтырылады және түзеледі, эвакуаторлық функциясы бұзылмаған. Гастрофиброскоп деформация учаскесінен еркін өтеді, осы аймақта шырышты қабығын толық көруге болады, валик пішіндес 1-2 шағын тыртықты қатпарлар және бадана пішіндемесін өзгертпейтін тартылған тыртық бар;
ІІІ дәреже - орташа деформация. Иіннің тартылуы мен қысқаруы рентгенологиялық тұрғыдан байқалады, шырышты қатпарларының рельефі өрескел, тыртықты-деформацияланған, қатпарлар тыртық аймағына жинақталған, контрастылы зат бадананы толық толтырмайды, тыртық аймағында барий қоры үстірт айқындалуы мүмкін, басқа иін қатты тартылған, қалташа түзейді, гипотония бадана деформациясы мен конфигурацияның сипатын өзгертпейді. Пилоробульбарлы аймақтың эвакуаторлық функциясының бұзылу белгілері байқалады, ол барийдің бадана бойымен жылдам жылжуынан, тіпті транзитті өтуінен, бадананың тарылуынан байқалады. Гастроскопия кезінде бадананың қақпаға симметриялы емес орналасуы байқалады, гастрофиброскоп деформация шегінен өтеді, бадананы қалталарға бөліп тұратын өрескел тыртықты қатпарлар болғандықтан бадана шырышын қарау мүмкін емес, ауаны жіберген кезде бадана түзелмейді, оның шығыс бөлігі жиі тарылған, зерттеу кезінде жараның оқшаулануын айқындау қиын;
ІV дәреже - айқын көрінген деформация. Бадананың айқын көрінген жарадан кейінгі тыртықты деформациясы деп баяу (контрастылы заттың асқазанда болуы 2 сағаттан астам) көшірумен қоса болатын жасанды гипотония жағдайларында дуоденография толық орындалған кезде анық айқындалатын деформация саналады. Рентгенологиялық бадана өз пішінін жоғалтқан, тыртықты қысқарулар мен тартылулар екі иінде де байқалады, бадана өлшемдері ұлғайған, бірақ қалталары тартылған болуы мүмкін, бадана үшжапырақша пішіндес, кейде қақпаның жалғасы сияқты көрінеді, шырыштың өлшемі өрескел өзгерген. Эвакуаторлық функцияның бұзылуы өтелген стенозға дейін түрлі дәрежеде айқын көрінген. Гастрофиброскоп ұлтабардың бадана шегінен қиын өтеді, кейде өтпейді, оның кенеттен деформациялануына және өлшемдерінің кішіреюіне байланысты баданаға эндоскопиялық ревизия жасау мүмкін емес.
57 тармақ 1) тармақшаға:
хирургиялық емдеуге қарсы көрсеткіштер болған немесе одан бас тартқан кезде тамақтанудың төмендеуі (ДСИ кемінде18,5) болатын пенетрациямен, қақпаның тарылуымен (суб және декомпенсацияланған), ұлтабар баданасымен және бадана арты бөлігінің асқынуымен (контрастылы заттардың 24 сағаттан астам асқазанда тұрып қалуы) асқазанның және ұлтабардың жара ауруы;
көрсетілген асқынудан кейін көлемі 2 литрден астам (қан айналымы көлемінің 30 пайызға дейін төмендеуі) қансыраумен, массивті қайталанған гастродуоденальді қан кетулермен асқынған жара ауруы;
асқазан экстирпациясы немесе оны субтотальды кесу;
асқазанды резекциялау салдары, тамақтанудың елеулі бұзылуымен (ДСИ кемінде 18,5) асқазан-ішек сағасы баспалары;
ас қорыту функциясының елеулі бұзылуымен (емделмейтін демпинг-синдром, тұрақты іш өтулер, тамақтанудың бұзылуы, ДСИ кемінде 18,5) тұрақты анастомозиттер, анастомоздар жарасы) асқазан-ішек анастомоздарын салумен бағана немесе іріктемелі ваготомия жатады;
58 тармақ 2) тармақшаға:
жиі (жылына 2 рет және одан астам) және асқынулармен асқазан немесе ұлтабар жарасы;
аса ірі жаралармен (асқазанда 3 см және одан астам немесе ұлтабарда 2 см және одан астам) жара ауруы;
көшпелі каллезді асқазан жараларымен жара ауруы;
бадананың сыртындағы жарамен асқазан жарасы;
бадананың көптеген (3 және одан астам) жараларымен және (немесе) одан тыс асқазан жарасы;
ұзақ тыртықтанбайтын жаралармен асқазан жарасы (асқазанда оқшаулануы - 3 ай және одан астам, ұлтабарда оқшаулануы - 2 ай және одан көп);
ұлтабардың үздіксіз қайталанатын жара ауруы (жара жазылғаннан кейін екі айға дейінгі мерзімде қайталануы);
тарамды немесе селективті ваготомия, асқазан резекциясы, ас қорыту функциясының орташа бұзылуымен асқазан-ішек сағасы баспалары салдары жатады.
Ұлтабар баданасының орташа деформациясы деп баяу көшу (контрастылы заттың асқазанда 2 сағаттан астам болуы) және фиброгастроскопия кезінде жарадан кейінгі тыртық қоса болатын жасанды гипотония жағдайларында дуоденография толық орындалған кезде анық айқындалатын деформация саналады.
58 тармақ 3) тармақшаға:
талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатындарда ас қорыту функциясының бұзылуынсыз, сирек (жылына 1 рет және сирек) асқынулармен ұлтабар баданасының шамалы деформацисы болған кезде асқазан немесе ұлтабардың жара ауруы;
талаптардың І, ІІ бағаны бойынша куәландырылатындарда ремиссияның ұзақтығына (тұрақтылығына) қарамастан функциясының шамалы бұзылуымен асқазан немесе ұлтабардың жара ауруы жатады.
Науқастану ремиссиясының фазасында ұлтабар баданасының жараға шалдығуының сенімді белгісі болып фиброгастроскопия кезінде жарадан кейінгі тыртықтың және жасанды гипотония жағдайларында дуоденография кезінде айқындалатын бадананың тыртықты деформациясының болуы, ал асқазан жарасына шалдығуы - фиброгастроскопия кезінде жарадан кейінгі тыртықтың болуы саналады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
59 | Асқазанның және ұлтабардың басқа да аурулары (жара ауруынан басқа), бауырдың, өт қабының, өт шығару жолдарының және ұйқы безінің аурулары.: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен және жиі асқынулармен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ДЕРБ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | А |
59 тармақ 1) тармақшаға:
бауыр циррозы;
жоғары белсенділік дәрежесімен (биопсия деректері және (немесе) трансминаз белсенділігінің 10 рет және одан астам тұрақты артуы бойынша) және (немесе) ІІІ-ІV дәрежелі фиброздармен созылмалы гепатит;
айқын көрінген морфологиялық өзгерістермен (атрофия, кальцинат, түтіктердің деформациясы, кисталар) және тамақтану мәртебесінің бұзылуымен (ДСИ кемінде 18,5) ұйқы безі сыртқы секрециясы функциясының бұзылуымен және (немесе) глюкозаға шыдамдылықпен немесе қант диабетімен созылмалы панкреатит;
ұйқы безін резекциялаудан кейінгі жай-күй, билиодигестивті анастомоздарды салу;
өттен шығаратын жолдарға операция жасағаннан кейінгі асқынулар (өт жыланкөздері);
ұйқы безіне операциядан кейінгі асқынулар (жыланкөздер) жатады;
59 тармақ 2) тармақшаға:
сәтсіз стационарлық емдеген кезде қайта және ұзақ (2 айдан артық) госпитальда емделуді қажет ететін, секреторлы, қышқылтүзуші функцияларының бұзылуымен, жиі асқынулармен және тамақтанудың төмендеуімен (ДСИ кемінде 18,5) гастриттер, гастродуодениттер;
белсенділіктің орташа дәрежесімен (биопсия деректері және (немесе) трансминаз белсенділігінің 3-10 рет және одан астам тұрақты артуы бойынша) және (немесе) ІІ дәрежелі фиброздармен созылмалы гепатит;
стационарлық жағдайларда емдеуді қажет ететін жиі (жылына 3 және көп) асқынулармен созылмалы холецистит;
айқын көрінген морфологиялық өзгерістермен (атрофия, кальцинат, түтіктердің деформациясы, кисталар) және тамақтану мәртебесінің бұзылуынсыз ұйқы безі сыртқы секрециясы немесе инкреторлы функциясының бұзылуымен созылмалы панкреатит;
жиі (жылына 3 рет және одан астам) асқынулармен созылмалы панкреатиттер;
жалған киста нәтижесімен (марсупилизация) панкреатиттерді хирургиялық емдеудің салдары жатады.
Өт қабын алып тастағаннан немесе жақсы нәтижемен өт түтікшелері, ұйқы безі ауруларын хирургиялық емдегеннен кейін осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша куәландырылады.
59 тармақ 3) тармақшаға:
секреторлық функциясының шамалы бұзылуымен және жиі (жылына 2 реттен көп) асқынулармен созылмалы гастриттер, гастродуодениттер;
бауыр функциясының шамалы бұзылуымен (бұзылуынсыз) және ең төменгі белсенділікпен созылмалы гастриттер;
функциясының шамалы бұзылуымен және (немесе) жиі (жылына 2 реттен көп) асқынулармен созылмалы холециститтер;
ұйқы безі сыртқы секрециясы функциясының бұзылуынсыз және емдеудің жақсы нәтижелерімен тамақтану мәртебесінің бұзылуынсыз созылмалы панкреатит;
өт қабын алып тастағаннан немесе жақсы нәтижемен өт түтікшелері, ұйқы безі ауруларын хирургиялық емдегеннен кейінгі жай-күй;
бауыр функциясының бұзылуынсыз стеатоз (бауырдың майлы дегенерациясы) жатады;
59 тармақ 4) тармақшаға:
ас қорыту функциясының бұзылуынсыз және сирек (жылына 2 реттен көп емес) асқынулармен созылмалы гастриттер, гастродуодениттер;
функциясының бұзылуынсыз созылмалы холециститтер;
функциясының бұзылуынсыз өт шығару жолдарының дискинезиясы;
ферментті гипербилирубинемиялар;
клиникалық белгілерсіз және функционалдық бұзылусыз құралдық зерттеулер кезінде айқындалған өт қабының, өт жолдарының және ұйқы безі пішіндерінің нұсқалары, өлшемдері, орналасуы жатады.
Бауыр функциясының бұзылуынсыз және (немесе) ең төменгі белсенділікпен созылмалы гепатит кезінде азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде 2) тармақша бойынша куәландырылады.
Созылмалы гепатит диагнозы мамандандырылған бөлімше жағдайында және пункциялық биопсия нәтижелерімен, ал биопсияны жүргізу мүмкін болмаған немесе одан бас тартқан кезде - бауырдың зақымдануы тұрақтылығын куәландыратын клиникалық, зертханалық және құралдық мәліметтермен және кемінде 6 ай бойы диспансерлік бақылау нәтижелерімен расталады.
Асқынуларсыз лапароскопиялық операциялардан кейін медициналық куәландыру талаптардың 61-тармағы бойынша жүргізіледі және 15 тәулік мерзіміне әскери қызмет міндеттерінен толық босату беріледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
60 | Жарық: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) клиникалық белгілерсіз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | ДЕРБ |
Жарық болған кезде аурулар кестесінің барлық бағандары бойынша куәландырылатындарға хирургиялық емдеу ұсынылады. Нәтижелі емдеуден кейін олар әскери қызметке жарамды.
Емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі (науқастанудың қайталануы) немесе емдеуден бас тартқан кезде, сондай-ақ оны жүргізуге қарсы көрсеткіштер осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылады.
60 тармақ 1) тармақшаға:
қолдың көмегімен немесе денені көлденең орналастырумен түзету үшін қажет ететін немесе ішкі мүшелердің функциясын бұзатын, қайталанатын, үлкен көлемді сыртқы жарықтар;
кеуде қуысы мүшелерінің функциясын бұзатын немесе жиі (жылына 2 және көп рет) қыстырылумен, диафрагмалы жарықтар (соның ішінде диафрагманың жүре пайда болған релаксациясы);
функциясының елеулі бұзылуымен көптеген жарықтар;
орнына келмейтін вентральдық жарықтар жатады.
Хирургиялық емдеуден кейін жарықтың бір рет қайталануы осы тармақтың 1) тармақшасын қолдану үшін негіздеме болып табылмайды.
60 тармақ 2) тармақшаға:
емдеудің қанағаттанарлық нәтижелерінде 1) тармақшада көрсетілген бұзылу қоса болмайтын диафрагманың өңеш тесігі жарықтары;
дене жүктемелері, жөтел кезінде дене тік тұрғанда пайда болатын орташа көлемдегі қайталанатын сыртқы жарықтар;
бандаж киюді қажет ететін вентральдық жарықтар;
бір рет қайталанатын жарықтар жатады.
60 тармақ 3) тармақшаға шамалы көлемдегі, жеңіл орнына келетін, дененің көлденең жағдайы кезінде өздігінен жойылатын жарықтар жатады.
Кіші (физиологиялық сақина шегінде) кіндік жарығы, іштің ақ сызығындағы іш пердесін май басу, сондай-ақ дене жүктемесі, күшену кезінде жарықтың томпаюынсыз шап сақиналарының кеңеюі осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
61 | Жіті науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан немесе хирургиялық емдегеннен кейін, ас қорыту мүшелерінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы | Г | Г | Г | Г |
12. Тері және теріасты өзегінің аурулары
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
62 | Тері және теріасты өзегінің аурулары: | | | | |
1) қиын емделетін созылмалы экземаның кең таралған түрлері, псориаздың ауыр және асқынған түрлері, тері бетінің кең таралған лихенификациясымен атопиялық дерматит, күлдіреуік, герпетиформды дерматит, басқа да генодерматоздар | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) жүре пайда болған ихтиоз, кең таралған іріңді және созылмалы жаралы пиодермия, кең таралған псориаз, экземаның, псориаздың шектеулі және жиі қайталанатын түрлері, тері бетінің ошақтық лихенификациясымен атопиялық дерматит, дискоидті тері туберкулезі; фотодерматит, қызыл жазық теміреткі, созылмалы жүргізілген емделмейтін есекжем, қайталанған Квинке ісіктері | Д | Д | Б | ЖЗ |
3) шектелген экземаның, псориаздың сирек қайталанатын түрлері, ұялы алопецияның және витилигоның кең таралған және тотальды түрлері; шектелген склеродермия | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) тұрақты ремиссиядағы экземаның, ұялы аллопецияның, ксеродермияның, фолликулярлы ихтиоздың шектеулі түрлері | Б | Б | А | ДЕРБ |