Көктамыр жеткіліксіздігі белгілерінсіз цилиндрлі немесе бұратылған эластикалық томпаю түрінде аяқтардың жекелеген учаскелерінде көктамырлардың кеңеюлері, І дәрежелі варикоцеле осы тармақшаны қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
46 | Геморрой: | | | | |
1) тікішектің жапқыш аппараты функциясының елеулі бұзылуымен сыртқы және ішкі геморрой | Д | Д | В | ЖЗ |
2) тікішектің жапқыш аппараты функциясының орташа бұзылуымен сыртқы және ішкі геморрой | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) тікішектің жапқыш аппараты функциясының шамалы бұзылуымен сыртқы және ішкі геморрой | Б | Б | А | А |
Елеулі бұзылуларға тыныштықта түсетін және орнына келмейтін немесе орнына келтіргеннен кейін дереу қайта түсетін геморроидальды түйіндердің ІV сатысы жатады. Бұл ретте олардың тромбозы, анус маңында ауырсыну, сондай-ақ ауыр дәрежелі анемиямен асқынған көп қан кетулер жиі байқалады.
Орташа бұзылуларға түсетін және тек қолмен орнына келетін геморроидальды түйіндердің ІІІ сатысы жатады, орта дәрежелі ауыртпалықтағы анемия қоса болатын қан кетулер кезең-кезеңімен байқалады.
Шамалы бұзылуларға геморроидальды түйіндер түспейтін, эпизодты қан кетулер болатын, ректоскопия кезінде тісті сызықтан жоғары (І дәреже) айқындалатын немесе күшенген кезде түсетін және жеңіл дәрежелі анемия қоса болатын өз бетімен орнына келетін (ІІ дәреже) І-ІІ сатысы жатады.
Куәландырылатындарға көрсеткіштер бойынша хирургиялық немесе консервативті емдеу ұсынылады. Емдеудің қанағаттанғысыз нәтижесі немесе одан бас тартқан кезінде медициналық куәландыру қайталанған анемияның айқын көрінуіне, асқыну жиілігіне және тікішектің жапқыш аппараты функциялары бұзылуларының айқын көрінуіне байланысты 46 тармақ 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша жүргізіледі.
Геморройдың жиі асқынуларына куәландырылушы геморроидальды түйіндердің қан кетуі, тромбозы және ІІ-ІІІ дәрежелі қабынуы немесе түсуі себебінен жылына 3 және одан да көп рет госпитальдаудың ұзақ (1 ай және көп) мерзімдерде стационарлық емдеуде болатын, сондай-ақ науқастану стационарлық емдеуді талап ететін қайталанатын қан кетулермен асқынған жағдайлар жатады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
47 | Соматоформдық вегетативті дисфункция: | | | | |
1) тұрақты елеулі айқын көрінген вегетативті-қантамырлы бұзылулар кезінде | Д | Д | В | ЖЗ |
2) тұрақты орташа айқын көрінген бұзылулар кезінде | Б | Б | А | ДЕРБ |
СВД үшін қандай да бір тітіркендіргіштерге жүрек-қан тамырлары жүйесінің тиісті емес реакциясы бар вегетативті-қан тамырлы бұзылулар синдромы тән.
Гипотензивті типіндегі СВД-ні ешқандай шағымдары жоқ, артериялық қысым көрсеткіштері 90/50 - 100/60 мм. с.б. кезінде еңбекке қабілетін және әскери қызмет міндеттерін орындау қабілеттігін сақтайтын дені сау адамдардың физиологиялық гипотониясынан ажырату керек. Осындай адамдар әскери қызметке жарамды деп танылады. Міндетті түрде аурулар, соның ішінде эндокриндік жүйе, асқазан-ішек жолы, өкпе аурулары себепші болған симптоматикалық гипотонияны алып тастау керек.
СВД диагнозы талаптардың І, ІІ бағандары бойынша куәландырылатындарда невропатологтың, окулистің және басқа да мамандықтар дәрігерлерінің қатысуымен амбулаторлық (әскери қызметшілер үшін - стационарлық) тексеру кезінде белгіленеді. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген кезде СВД-ның кез келген түрі бар азаматтар әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады және емделуге жіберіледі.
47 тармақ 1) тармақшаға СВД-нің мынадай түрлері жатады:
ұдайы шағымдар және еңбекке қабілеті мен әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін елеулі төмендететін, емделмейтін, тұрақты кенеттен айқын көрінген вегетативті-қан тамырлы бұзылулар болған кездегі артериялық қысымның тұрақсыздығымен гипертензивті түрі;
ұдайы шағымдар, еңбекке қабілеті мен әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін елеулі төмендететін тұрақты кенеттен айқын көрінген вегетативті-тамырлы бұзылулар болған кезде артериялық қысымды 100/60 мм.с.б. төмен тұрақты белгіленуімен гипотензивті түрі;
қайта стационарлық емдеу нәтижесіз кезінде айқын көрінген вегетативті-тамырлы бұзылулары, жүрек ырғағының тұрақты бұзылулары қоса болатын тұрақты кардиалгиялар болған кездегі кардиалды түрі (жүрек ырғағының тұрақты бұзылуларының сипаттамасы талаптардың 42-тармағына түсіндірмелерде келтірілген).
47 тармақ 2) тармақшаға орташа айқын көрінген белгілермен, соның ішінде еңбекке қабілеті мен әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін төмендетпейтін жүрек ырғағының өтпелі бұзылуымен кез келген түрдегі СВД жатады.
Минутына 5 және көп экстрасистола болған кезде стационарлық тексеру жүргізіледі.
Тыныш кездегі сирек жекелеген экстрасистолдар, функционалдық сипаттағы синусты аритмиясы, шамалы белгілері бар соматоформды вегетативті дисфункция осы тармақты қолдануға негіз болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Ырғақтың және (немесе) өткізгіштіктің бұзылуларының сипаттамасы талаптардың 42-тармағында көрсетілген.
Миокардтың органикалық өзгеруі салдарынан ырғақтың және (немесе) өткізгіштіктің бұзылуы кезінде медициналық куәландыру талаптардың 42-тармағы бойынша жүргізіледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
48 | Шалдыққан жіті науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан, жарақаттанудан немесе хирургиялық емдегеннен кейін қан айналымы жүйесінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылулары | Г | Г | Г | Г |
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер жүрек зақымының (қан айналымының жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының және өткізгіштігінің әртүрлі түрлері) тұрақты белгілері анықталмаған ревматитті емес миокардиттер себебінен стационарлық емделу аяқталғаннан кейін әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар ревматитті емес миокардитке шалдыққаннан кейін медициналық мекемеден шығарылғаннан кейін 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатындарға қатысты белсенді ревматизмнен, ревматитті емес миокардиттерден, миокард инфарктісінен кейін, сондай-ақ жүрекке, негізгі тамырларға, ірі магистральды және функциялардың уақытша сипаттағы бұзылуымен перифериялық қан тамырларына операциялардан кейін, емдеуді аяқтау және әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін толық қалпына келтіру үшін кемінде бір ай мерзім қажет болғанда, науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығарылады.
Талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатындарға қатысты созылмалы ишемиялық аурудың асқынуынан (стенокардияның ұзаққа созылған ұстамалары, жүрек ырғағының және өткізгіштігінің өтпелі бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігінің өтпелі түрлері), артериялық гипертензиядан (гипертониялық криздерден кейінгі жай-күй), жүрек аритмияларын тоқтатқан кездегі электр-импульсті терапиядан кейін босатуға мұқтаждығы туралы қорытынды шығарылады.
10. Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
49 | Мұрын қуысы, мұрын маңындағы қуыстардың, жұтқыншақтың аурулары: | | | | |
1) елеулі айқын көрінген сасық тұмау (озена) | Д | Д | В | ЖЗ |
2) мұрынмен тыныс алудың тұрақты қиындауы қоса болатын полипозды синуситтер, жиі асқынулармен іріңді синуситтер | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) мұрынмен тыныс алудың тұрақты қиындауынсыз полипозды синуситтер, сирек асқынулармен іріңді синуситтер, іріңсіз синуситтер | Б | Б | Б | ДЕРБ |
4) мұрынмен тыныс алудың тұрақты қиындауымен және (немесе) мұрын маңындағы қуыстар барофункциясының тұрақты бұзылуымен мұрын қуысының, мұрын-жұтқыншақ аурулары | Б | Б | Б | ЖЗ |
5) созылмалы қалпына келтірілмейтін тонзиллит; созылмалы атрофиялы, гипертрофиялы, гранулезді фарингит (назофарингит) | Б | Б | Б | ЖЗ |
49 тармақ 1) тармақшаға: сасық тұмау (озена) жатады. Озена диагнозы мұрынмен тыныс алудың қиындауына, мұрын қуысындағы сасық қабықтарға және мұрыннан бөлінулерге шағымдар, мұрын қуысы шырышты қабықшаларында және жақын жатқан қабырға тіндерінде дистрофиялық өзгерістер, бактериологиялық зерттеу кезінде озенді қоздырғыштың бөлінуі негізінде қойылады. Науқастанудың бастапқы сатыларында көрсетілген клиникалық белгілер болмауы мүмкін. Ондай жағдайларда диагноз тек комплементті озена антигенімен байланыстыру реакциясы мен бактериологиялық зерттеу кезінде озена қоздырғышын бөлінуімен расталады.
Склероманың клиникалық өтуінде науқастанудың мынадай түрлері ажыратылады: жасырын, инфильтративті, тыртықты, аралас. Диагноз пациенттің шағымдары негізінде науқастану түрі бойынша эндоскопиялық белгілер, серологиялық зерттеулердің деректері (комплементті склеромалы антигенмен байланыстыру реакциясы) бойынша және бактериологиялық зерттеу кезінде склерома клебсиеласының бөлінуі нәтижесінде белгіленеді. Инфильтративті түрі гистологиялық зерттеумен де расталады.
Мұрын маңы қуыстарының созылмалы іріңді науқастану диагнозы риноскопиялық деректермен (іріңді бөлінулер), екі кескінде контрастілеумен мұрын маңы қуыстарының рентгенотомографиясымен және (немесе) рентгенографиясымен, ал үстіңгі жақ синуситі кезінде емдеу-диагностикалық пункциямен расталады. Медициналық көрсеткіштер болған кезде КТ немесе МРТ немесе бейнескопиялық зерттеу жүргізіледі.
Науқастанудың жиі асқынулары деп жылына 3 және одан көп асқынулар түсіндіріледі.
49 тармақ 2) тармақшаға:
мұрынмен тыныс алудың бұзылуы бар үстіңгі тыныс алу жолдары шырышты қабығының атрофиялық немесе гипертрофиялық үдерістері қоса болатын іріңді және (немесе) полипозды синуситтер;
жиі (жылына кемінде 2 рет) асқынулармен өтетін асқынусыз созылмалы іріңді және (немесе) полипозды синуситтер;
денсаулық сақтау ұйымының мамандандырылған бөлімшесінде стационарлық жағдайда қайта емдеудің нәтижесіздігі кезінде жылдың барлық жылы уақыты (көктем, күз) ішінде мұрынмен тыныс алудың тұрақты, айқын көрінген бұзылуымен, риниттің клиникалық белгілері бар поллиноздар;
тұрмыстық аллергендерге сенсибилизациямен жиі (жылына 3 және одан көп рет) асқынулармен, денсаулық сақтау ұйымының мамандандырылған бөлімшесінде стационарлық жағдайда қайта емдеудің нәтижесіздігі кезінде айқын көрінген клиникалық белгілерімен және еңбекке қабілетінің бұзылуымен өтетін аллергиялық риниттер;
операциялық емделудің қанағаттанғысыз нәтижелері жатады.
Мерзімді қызмет әскери қызметшілері операциялық емделуден кейін талаптардың 53-тармағы бойынша куәландырылады.
Созылмалы қалпына келмейтін тонзиллит деп жиі асқынулармен (кемінде жылына 2 рет), тонзиллогенді интоксикацияның болуымен (субфебрилитет, тез шаршау, әлсіздік, делсалдылық), бадамша безі тінінің, аймақтық лимфатүйіншіктерінің (паратонзиллярлы абсцесс, аймақтық лимфоденит) және метатонзиллярлы асқынуларының қабыну үдерісіне қатысуымен сипатталатын созылмалы тонзиллиттің түрін түсіну керек. Объективті белгілеріне шпательмен басқан немесе зонд салған кезде іріңнің қуыстан бөлінуі, таңдай бадамша бездерінде өрескел тыртықтардың болуы, таңдай доғаларының гиперемиясы мен ісінуі және олардың бадамша безімен тұтасуы, іріңді фолликулдардың эпителий астындағы қатпарларда болуы, лимфа түйіншектерінің ұлғаюы жатады. Созылмалы тонзиллиттің тек осы түрі әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге қарсы көрсеткіш болып табылады. Басқа түрлері болған кезде кандидаттар әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге жарамды деп танылады.
49 тармақ 3) тармақшаға үстіңгі тыныс алу жолдары тіндерінің дистрофиясы белгілерінсіз, жиі асқынуларсыз мұрын маңы қуыстарының созылмалы іріңсіз науқастанулары (катаралды, серозды, вазомоторлы және синуситтердің басқа да іріңсіз түрлері), сондай-ақ жоғарғы жақ қуыстарының 1/3 көлемін алып жатқан жоғарғы жақ қуыстарының гиперпластикалық синуситтері мен кисталары жатады. Мұрын маңы қуыстарының созылмалы іріңсіз науқастанулары бар азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген кезде емделуге жіберіледі.
Созылмалы синуситтер операциялық (радикалды және эндоскопиялық гайморотомия) емдеуге жатады.
Сәтті операциялық емдеу кезінде талаптардың І-ІІ бағандары бойынша куәландырылатындар әскери қызметке жарамды деп танылады.
Мұрын маңы қуысының остеомалары мұрынның қосалқы қуыстарын екі кескінде рентгенологиялық тексеру деректерімен, пайда болу сипатын нақтылау үшін компъютерлік томографиямен расталады. Үштік нерв тарамдарының жолы бойынша пайда болу кескініндегі ауырсынулар, бас аурулары, барокамералық зерттеу кезінде анағұрлым анық анықталатын мұрын қуысы барофункциясының бұзылу симптомдары остеоманың клиникалық белгілері болып табылады.
Сүңгуірлер мамандығына оқыту үшін іріктелетін адамдар, есту түтікшелерінің жақсы өткізгіштігі (І және ІІ дәрежелі барофункция) болған кезде оқыту үшін жарамды деп танылады, ал ІІІ дәрежелі тұрақты барофункция кезінде жарамсыз деп танылады.
Мұрын маңы қуыстары барофункциясының бұзылуы куәландырылатынның шағымдары, мұрын қуысының жай-күйі, сынауға дейін және одан кейін мұрын маңы қуыстарын рентгенологиялық зерттеулермен барокамерада қысымның күрт өзгерістеріне төзімдігіне сынаулар, медициналық және қызметтік мінездемелер деректері негізінде белгіленеді.
Барофункцияның ІІІ дәрежелі тұрақты бұзылуы кезінде сүңгуірлердің әскери-есептік мамандығы бойынша оқитындар және әскери қызмет өткеретіндер талаптардың І, ІІ бағандары бойынша жарамсыз, ІІІ баған бойынша - шамалы шектеулермен жарамды, ал ІV дәрежелі барофункция кезінде І, ІІ және ІІІ бағандар бойынша - әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз деп танылады.
Поллинозы және аллергиялық риниттері бар әскерге шақырылушыларды тексеру дәрігер-аллергологты міндетті тартумен жүргізілуі тиіс.
Мұрынмен еркін тыныс алған кезде мұрын кеңсірігінің қисаюы, үстіңгі тыныс алу жолдары шырышының тұрақсыз субатрофиялық құбылыстары, егер диагностикалық пункция кезінде ірің немесе транссудат алынбаса және үстіңгі жақ қуысы сағасының өткізгіштігі сақталса үстіңгі жақ қуыстары шырышының қабырғаға қарай жуандауы, сондай-ақ үстіңгі жақ қуыстарына операциядан кейін қалдықты құбылыстары (ауыз алдындағы өтпелі қатпардың сызықты тыртығы, мұрын қуысымен операция жасалған сағасы немесе рентгенограммада перде), сондай-ақ мұрынмен тыныс алудың бұзылуынсыз немесе шамалы бұзылуымен поллиноздар және аллергиялық риниттер осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
50 | Көмейдің, кеңірдектің мойын бөлігінің аурулары мен зақымданулары: | | | | |
1) тыныс алу және (немесе) дауыс функциясының елеулі көрінген бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) тыныс алу және (немесе) дауыс функциясының орташа көрінген бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) тыныс алу функциясының шамалы көрінген бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
Тармақта туа біткен және жүре пайда болған аурулар, емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кездегі көмейдің немесе кеңірдектің мойын бөлігінің зақымдану салдарлары көзделеді.
50 тармақ 1) тармақшаға дауыс шығудың, табиғи тыныс алу жолдары арқылы тыныс алудың, көмей-жұтқыншақ бөлу функциясының тұрақты болмауы, көмей ортасының тарылуы жатады;
50 тармақ 2) тармақшаға обструктивті тип бойынша ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен тұрақты тыныс алудың қиындауы және (немесе) жүргізілген емдеуден кейін 3 және одан көп ай бойы сақталатын дауыс дыбысын бірнеше рет (тексеру кезеңінде кемінде 3 рет) тексерумен расталған дауыс шығаруының тұрақты қиындауы (функционалды афония, қарлығу, дауыс дыбысының төмендеуі) жатады;
50 тармақ 3) тармақшаға обструктивті тип бойынша І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен тыныс алудың тұрақты бұзылуы жатады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
51 | Тыныс алу мүшелерінің басқа да аурулары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Б | Б | Б | ЖЗ |
51 тармақ 1) тармақшаға бронх-өкпе аппаратының және плевраның созылмалы науқастанулары, ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен (өкпе) өкпенің іріңді науқастанулары;
өкпеде айқын көрінген фиброзды өзгерістермен саркоидоз, сондай-ақ өкпеден тыс саркоидоз;
альвеолярлы протеиноз, өкпедегі альвеолярлы микролитиаз, гистологиялық зерттеу нәтижелерімен расталған тыныс алу жеткіліксіздігінің дәрежесіне қарамастан идиопатиялық өкпе фиброзы жатады;
51 тармақ 2) тармақшаға:
ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен (өкпе) бронх-өкпе аппаратының созылмалы науқастанулары;
талаптардың І және ІІ бағандары бойынша куәландырылатын азаматтарда бронх-эктазды ауру және қайталанған бронх-эктазбен асқынған өкпе науқастанулары, гистологиялық зерттеу нәтижелерімен расталған кеуде қуысы лимфа түйіндерін оқшаулап зақымдаумен және өкпенің лимфа түйіндерін зақымдаумен саркоидоз жатады.
Талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын азаматтардың әскери қызметке жарамдылық санаты тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігінің дәрежесіне байланысты айқындалады.
Саркоидоз және өкпенің басқа да диссеминациялы ауруларымен ауыратын азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген, мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кезде, сондай-ақ мерзімді немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер 1) немесе 2) тармақшалар бойынша, ал талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын әскери қызметшілер науқастану сатысына, тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігінің дәрежесіне байланысты 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша куәландырылады. Науқастану диагнозы гистологиялық зерттеулер нәтижелерімен расталады.
51 тармақ 3) тармақшаға:
І дәрежелі тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігімен бронх-өкпе аппаратының және плевраның созылмалы науқастанулары жатады.
Шектеулі пневмофиброз, плевральді қабысу түріндегі спонтанды пневмотораксқа шалдыққан әскери қызметшілер ТӘ (өкпе) дәрежесіне байланысты куәландырылады.
Куәландырылатын морфологиялық верификациядан бас тарқан кезде диагноз клиникалық, аспаптық және зертханалық деректердің жиынтығы бойынша белгіленеді.
ТӘ (өкпе) дәрежелерінің көрсеткіштері және пайдаланылатын қысқартулар «Тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігі дәрежелерінің көрсеткіштері» кестесінде келтірілген:
ТӘ (ӨКПЕ) ДӘРЕЖЕЛЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
(көрсеткіштер дилатациядан кейінгі болып табылады)
Көрсеткіштер | Норма | ТӘ (өкпе) дәрежелері |
І дәреже (шамалы) | ІІ дәреже (орташа) | ІІІ дәреже (айқын көрінген) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Клиникалық: |
1) Демікпе | жоқ | бұрын күш салғанда қолжетімді кезде | орташа жүктемелерде | ұдайы тыныштықта |
2) Цианоз | жоқ | жоқ немесе шамалы, жүктемеден кейін күшейетін | анық, кейде елеулі | кенеттен айқын көрінген диффузды |
3) тыныш- тықтағы пульс (минутына) | 80-ге дейін | жиі емес | жиіленуге бейімді | елеулі жиіленген |
2. Аспаптық |
1. Оттегінің парциалды қысымы Ра О2 (мм. с.б) | 80-нен астам | 80 | 79-65 | 65-тен кем |
2. ӨЖТА тиісті өлшемдерден пайызбен | 80-нен астам | 60-80 | 50-60 | 50-ден кем |
3. 1ЖТА тиісті өлшемдерден пайызбен | 80-нен астам | 60-80 | 50-60 | 50-ден кем |
4. Генслар индексі (1ЖТА/ ӨЖТА қатынасы пайызбен) | 70-тен астам | 70-тен кем | 70-тен кем | 70-тен кем |
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
52 | Бронх демікпесі: | | | | |
1) ауыр персистелетін ағымы | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) орта ауыртпалықтағы персистелетін ағымы | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) жеңіл персистелетін ағымы | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) алма-кезек ағым | Д | Д | Б | ДЕРБ |
Бронх демікпесі диагнозы тек стационарлық тексеруден кейін ғана қойылады.
Бронх демікпесінің алғаш айқын көрінген белгілері кезінде куәландыру тек стационарлық тексерілуден кейін жүргізіледі. Стационарлық емделу және медициналық көмекке жүгінулері туралы медициналық құжаттармен расталған бронх демікпесі болған кезде І баған бойынша куәландырылатын азаматтардың, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтардың әскери қызметке жарамдылық санаттары туралы қорытынды стационарлық тексерусіз шығарылады.
Бронхоспастикалық синдромдар (обтурациялық, эндокринді-гуморальды, неврогенді, уытты) басқа науқастанулардың белгілері немесе асқынуы болып табылатын жағдайда әскери қызметке жарамдылық санаты негізгі науқастану ағымына байланысты аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша айқындалады.
Клиникалық белгілері бойынша бронх демікпесінің ауыртпалығы мынадай болып жіктеледі:
интермиттелетін: аптасына 1 реттен сирек симптомдар. Қысқа мерзімді асқынулар. Түнгі симптомдар айына 2 реттен жиі емес. 1ЖТА немесе ТҮЖ ≥ тиісті мәннен 80 пайыз. Тәуліктік вариативтілік ТҮЖ немесе 1ЖТА <20 пайыз;
жеңіл персистелген: аптасына 1 реттен жиі, бірақ күніне 1 реттен сирек симптомдар. Асқынулар белсенділік пен ұйқыны бұзады. Түнгі симптомдар айына 2 реттен жиі. 1ЖТА немесе ТҮЖ ≥ тиісті мәннен 80 пайыз. Тәуліктік вариативтілік ТҮЖ немесе 1ЖТА ≤30 пайыз;
орта ауыртпалықта персистелген: күнделікті симптомдар. Асқынулар белсенділік пен ұйқыны бұзады. Түнгі симптомдар > аптасына 1 рет. Ингаляциялы β2-қысқа әрекеттегі агонистерді күнделікті қабылдау. 1ЖТА немесе ТҮЖ тиісті мәннен 60-80 пайыз. Вариабелділік ТҮЖ немесе 1ЖТА <тиісті мәннен 30 пайыз;
ауыр персистелген: күнделікті симптомдар. Жиі асқынулар. Түнгі жиі симптомдар. Дене белсенділігінің шектелуі. 1ЖТА немесе ТҮЖ тиісті мәннен <60 пайыз. Тәуліктік вариативтілік ТҮЖ немесе 1ЖТА <30 пайыз.
Бронх демікпесінің ауыр дәрежесін айқындаған кезде қабынуға қарсы дәрілік заттармен негізгі емдеу алатын адамдарда жүргізілетін терапияның көлемі және жүргізілген терапияға жауабы міндетті түрде ескеріледі.
52 тармақ 1) тармақшаға науқастанудың жиі асқынуларымен, күні бойы ұдайы ұстамалармен немесе демікпелік жай-күйімен, дене белсенділігінің елеулі шектеулерімен ауыр персистелетін бронх демікпесі және гормонға тәуелді бронх демікпесі жатады;
52 тармақ 2) тармақшаға күнделікті ұстамалармен, аптасына кемінде 1 рет науқастанудың түнгі көріністерімен, негізгі терапияның нәтижесіздігі және стационарлық жағдайларда (бір жыл ішінде 3 және одан көп) емделуге мұқтаждығы кезінде бронхты кеңейтетін құралдармен тоқтатылатын орта ауыртпалықтағы персистелетін бронх демікпесі жатады;
52 тармақ 3) тармақшаға күніне 1 реттен сирек ұзаққа созылмайтын симптомдарымен, асқыну аралық кезеңде симптомдар болмаған және өкпенің қалыпты қызметі кезінде бронхты кеңейтетін құралдармен жеңіл тоқтатылатын жеңіл персистелетін бронх демікпесі жатады.
Осы тармаққа стационарлық жағдайларда өршіту ингаляциялық тестілермен расталған бронхтардың өзгерген реактивтілігі сақталған кезде анамнездегі бронх демікпесі жатады.
52 тармақ 4) тармақшаға аптасына 1 реттен сирек ұзаққа созылмайтын симптомдармен, асқыну аралық кезеңде симптомдар болмаған және өкпенің қалыпты қызметі кезінде бронхты кеңейтетін құралдармен жеңіл тоқтатылатын алма-кезек бронх демікпесі жатады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
53 | Жіті науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан, жарақаттанудан немесе хирургиялық емдегеннен кейін тыныс алу мүшелерінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы | Г | Г | Г | Г |
Жіті пневмониялардың асқынған ағымы (инфекциялық уытты соққы, іріңдеу, плевриттер, ателектаздар, кең жайылған плевралық таңулар, вирусты пневмониялардан кейін айқын көрінген астенизация) жағдайында бронх-өкпе аппаратына операциядан кейін әскери қызметшілерге қатысты науқастануы бойынша демалысқа мұқтаждығы туралы, әскерге шақыру учаскелеріне тіркелу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде азаматтарға қатысты әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады.
Жіті науқастануларға шалдыққаннан, өкпенің созылмалы науқастануларының асқынуынан кейін қалдықты құбылыстар кезінде әскери қызметшілерге қатысты босату беру туралы қорытынды шығарылады.
11. Ас қорыту мүшелерінің аурулары
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
54 | Тістердің дамуы мен шығуының бұзылуы: | | | | |
1) бір жақта 10 және одан көп тістің болмауы немесе оларды алынып-салынатын протезбен ауыстыру, бір жақта 8 азу тістің болмауы, бір жағынан жоғары жақта 4 азу тістің және екінші жағынан төменгі жақта 4 азу тістің болмауы немесе оларды алынып-салынатын протездермен ауыстыру | Д | Д | Б | ДЕРБ |
2) бір жақта 4 және одан көп маңдай алды тістің болмауы немесе оларды алынып-салынбайтын және алынып-салынатын протездермен алмастыру мүмкін емес кезінде қатарынан екінші күрек тістің, азу тістің және бірінші кіші азу тістің болмауы | Г | Г | Г | ЖЗ |
3) көптеген асқынған тіс жегісі | Б | Б | А | ДЕРБ |