Сколиоз кезінде омыртқа деформациясы тұрған күйде мықын сүйектерінің қанаттарын ала отырып (1-ші сегізкөз деңгейі), алдыңғы-артқы рентгенограмма бойынша бағаланады.
Сколиоттық доғалардың бұрыштық көлемін айқындау үшін Кобб әдісі пайдаланылады:
доғаның деформациясының краниальды және каудальды омыртқалы сегменттері айқындалады;
краниальды және каудальды омыртқа денелерінің параллель тұйықталу пластиналарына суретте түзу сызықтар жүргізіледі, олардың қиысу бұрышы доға деформациясының көлемі болып табылады. Омыртқа денелерінің мүмкін деформацияларын ескере отырып, сызу үшін аса иілген тұйықталу пластинасы алынады. Деформациялардың айқын көрінуін ескере отырып, таңдалған сызықтардың қиысу бұрышы геометриялық тәсілді пайдалана отырып, қарама-қарсы перпендикулярларды жүргізу жолымен есептеледі.
Егер пациент жатқан немесе тұрған күйде сколиоздың бұрышы өзгермесе, сколиоз бекітілген немесе тұрақты деп саналады. Егер омыртқаны жеңілдеткенде, яғни жатқан күйде ол кішірейсе - сколиоз бекітілмеген (тұрақсыз).
Омыртқаның сколиотикалық деформацияларының ауыр дәрежелері:
І дәреже - доғаның деформациясы 5-тен 10 градусқа дейін;
ІІ дәреже - доғаның деформациясы 11-ден 25 градусқа дейін;
ІІІ дәреже -доғаның деформациясы 26-дан 40 градусқа дейін;
ІV дәреже - доғаның деформациясы 40 градус және одан астам.
Патологиялық көкірек кифозы кезінде омыртқаның деформациясы (ювенильді остеохондроз, Шойерман ауруы) тұрған күйде мықын сүйектерінің қанаттарын ала отырып (1 сегізкөздің деңгейі), омыртқаның бүйір рентгенограммасы бойынша бағаланады.
Кифоз доғаларының бұрыштық көлемін айқындау үшін Кобб әдісі пайдаланылады:
көкірек кифозының краниальды және каудальды омыртқа сегменттері айқындалады (ІІІ және ХІІ кеуде омыртқалары);
краниальды және каудальды омыртқа денелерінің параллель тұйықталу пластиналарына суретте түзу сызықтар жүргізіледі, олардың қиысу бұрышы доға деформациясының көлемі болып табылады. Омыртқа денелерінің айқын көрінген деформацияларын ескере отырып, сызу үшін аса иілген тұйықталу пластинасы алынады. Деформациялардың айқын көрінуін ескере отырып таңдалған сызықтардың қиысу бұрышы геометриялық тәсілді пайдала отырып, қарама-қарсы перпендикулярларды жүргізу жолымен есептеледі.
Омыртқаның кифоздық деформациясының ауыр дәрежесі:
І дәреже - кифоздың бұрышы 31-ден 40 градусқа дейін;
ІІ дәреже - кифоздың бұрышы 41-ден 50 градусқа дейін;
ІІІ дәреже - кифоздың бұрышы 51-ден 70 градусқа дейін;
ІV дәреже - кифоздың бұрышы 70 градустан астам.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
67 | Қол мен саусақтардың деформацияларының болмауы, кемістіктері: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | ДЕРБ |
67 тармақ 1) тармақшаға:
қол буындары деңгейінде екі қолдың (қол буындары деп қол мен білекті және кәрі жілік білезігі, білезік, алақан аралық, білезік-алақан және білезік аралық буындарды, сондай-ақ дистальдық кәрі жілік-шынтақ буындарын жалғаушы буындар кешені айтылады);
әр қолда алақан-саусақ буыны деңгейінде үш саусақтан;
әр қолда негізгі фалангтың дистальдық ұштары деңгейінде төрт саусақтан;
екі қолда алақан-саусақ буыны деңгейінде бірінші және екінші саусақтардың болмауы жатады;
67 тармақ 2) тармақшаға:
қол басы буындары деңгейінде бір қолдың болмауы;
білезік сүйектері деңгейінде қолдың болмауы;
бір қолда: алақан-саусақ буыны деңгейінде үш саусақтың; негізгі фалангтардың дистальдық ұштары деңгейінде төрт саусақтың, алақан-саусақ буыны деңгейінде бірінші және екінші саусақтың; фаланг аралық буын деңгейінде бірінші саусақтың және ортаңғы фаланг дистальдық ұштары деңгейінде екінші-бесінші саусақтардың болмауы;
екі қолда алақан-саусақ буын деңгейінде бірінші саусақтардың;
қол және саусақтардың кенеттен бұзылуымен немесе қолдың майда бұлшықеттері контрактураларының ишемиялық дамуымен шынтақ және кәрі жілік артериясының немесе әрқайсысында жекелеген зақымдануы;
үш және одан астам алақан сүйектерінің ескі шығулары немесе ақаулары;
артро-пластикадан кейін үш және одан артық алақан-саусақ буындарының бұзылуы, ақаулары және жай-күйі;
алақан сүйектерінің проксимальды деңгейіндегі үш немесе одан көп саусақтарының игіш сіңірлерінің бұрынғы зақымдары;
тұрақты контрактураға немесе трофиканың елеулі бұзылуына әкеп соқтыратын үш және одан астам саусақтардың бұрынғы зақымдарының жиынтығы (анестезия, гипостезия және басқа да бұзылу) жатады;
67 тармақ 3) тармақшаға:
саусақ аралық буын деңгейінде бірінші саусақтың және негізгі фаланг деңгейінде екінші саусақтың немесе бір қолдағы ортаңғы саусақтың дистальдық ұштарының деңгейінде үшінші-бесінші саусақтардың; бір қолда ортаңғы саусақтың дистальды ұштарының деңгейінде екінші-төртінші саусақтардың; әр қолда ортаңғы саусақтың проксимальды ұштары деңгейінде үш саусақтан; әр қолда алақан-саусақ буынының деңгейіндегі бірінші немесе екінші саусақтың, оң қолда (солақайлар үшін - сол) немесе екі қолда саусақ аралық буын деңгейіндегі бірінші саусақтың; бір қолда негізгі саусақтың проксимальды ұштарының деңгейіндегі екі саусақтың; екі білезіктегі екінші-төртінші саусақтың дистальды фалангтарының болмауы;
бұрынғы шығулар, остеохондропатиялар және қол буыны сүйектерінің остеомиелиті;
екі алақан сүйектерінің кемістіктері;
жалған буындар, үш және одан көп алақан сүйектерінің созылмалы остеомиелиттері;
екі алақан-саусақ буындарының бұзылуы, кемістіктері және артропластикадан кейінгі жай-күй;
карпальды немесе латеральды арнасының синдромы;
алақан сүйектерінің деңгейіндегі екі саусақтың иілдіргіш сіңірлерінің және бірінші саусақтың ұзын иілдіргішінің ескірген зақымдары;
кемінде екі саусақтың қан айналымының орташа бұзылуы, қол функциясының орташа бұзылуы және трофикалық бұзылуы (анестезия, гипостезия және басқа да бұзылу) қоса болатын қол, қол буынының және саусақтар зақымдануларының жиынтығы жатады;
67 тармақ 4) тармақшаға алдыңғы тармақшаларда көрсетілмеген қол мен саусақтар құрылымдарының зақымданулары жатады.
Кемістік жағдайында тұрақты контрактуралардың дамуына әкеп соқтыратын сүйектердің, сіңірлердің, қан тамырлардың немесе саусақ нервтерінің зақымданулары немесе науқастанулары саусақтың жоқтығы болып саналады.
Қолда саусақтың болмауы деп: бірінші саусақ үшін - тырнақ фалангысының болмауы, басқа саусақтар үшін - 2 фалангтың болмауы саналады. Оның проксималды ұшы деңгейінде фалангтың болмауы фалангтың болмауы деп саналады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
68 | Майтабан және табанның басқа да өзгерістері: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | А |
68 тармақ жүре пайда болған белгіленген табанның өзгеруін көздейді.
Тіреу жүктемесі кезінде оны жазықтыққа дұрыс қойған кезде артылған ұзына бойы күмбезімен табан норма болып табылады.
Патологиялық майтабан деп биік ішкі және сыртқы күмбездер (кенеттен бұратылған табан) болған кезде бөліктің артқы супинациясының және алдыңғы пронациясының өзгерісі, табанның алдыңғы бөлігі жалпақ, біршама ішке бұрылған, орта бақайлар сүйектері басының мүйізгектері және саусақтардың тырнақты немесе балға тәрізді деформациялары саналады. Аса үлкен функционалдық бұзылу барлық табанның немесе оның бөлшектерінің сыртқа немесе ішке ауысуы түріндегі эверсионды-инверсионды компоненттердің деформациялары қоса болған кезде туындайды.
68 тармақ 1) тармақшаға белгіленген әскери үлгідегі аяқ киімді киюге кедергі келтіретін табан, өкшелеп басатын, варусты, жалпақ, жалпақ-вальгусты, эквиндық-варусты табандар және басқа да жарақаттану немесе науқастану нәтижесінде орнына келмейтін кенеттен айқын көрінген табандардың қисаюы жатады;
68 тармақ 2) тармақшаға:
айқын көрінген ауырсыну синдромымен, экзостоздармен, саусақтардың контрактурасымен және табанның ортаңғы бөлігіндегі буындарда артроздың болуымен ұзына ІІІ дәрежелі немесе көлденең ІІІ - ІV дәрежелі майтабан;
оның кез келген деңгейінде барлық саусақтардың немесе табан бөлігінің болмауы;
олардың тырнақты немесе балға тәрізді деформациясы кезінде екі табандағы барлық саусақтардың тұрақты аралас контрактурасы;
Белер бұрышының минус 10 градустан жоғары азаюымен, ауырсыну синдромымен және ІІ дәрежелі жіліншік-табан буыны артрозымен өкше сүйегінің жарақаттанудан кейінгі деформациясы жатады.
Табандағы саусақтардың болмауы деп оның табан сүйектері фалангысы буыны деңгейінде болмауы, сондай-ақ толық құрысуы немесе саусақтың қимылдамауы саналады.
Декомпенсацияланған немесе субкомпенсацияланған ұзына майтабан кезінде табан облысында ауырсыну болған кезде туындайды және әдетте кешке қарай олар ісінген кезде күшейеді. Сырттай табан ішке бүгілген, ұзарған және ортаңғы бөлігі жалпайған, ұзына күмбез төмендеген, табанның медиальды шетінде табан сүйегі теріден көрінеді, өкше вальгусты.
Майтабанның көрсетілген дәрежелері табан, жіліншік бұлшықеттері бөлігінде айқын көрінген ұдайы ауырсыну синдромымен қоса болады. Объективті тексерген кезде - сыртқы ұзын күмбез жүктеме кезінде және онсыз айқындалмайды. Табан вальгусты орналасады және қолмен түзетуге келмейді, өкше жалпайған, дөңгелек түрінде, ахиллов сіңірінің контуры тегіс, табан мен жіліншік-табан буыны ісінген, табан буындары әрең қозғалады. Жүруді және белгіленген үлгідегі әскери аяқ киім киюді қиындатады.
68 тармақ 3) тармақшаға:
шамалы ауырсыну синдромымен және статиканың бұзылуымен орташа айқын көрінген бұзылу кезінде белгіленген әскери үлгідегі аяқ киімді кию үшін икемдеуге болады;
өкше сүйегінің вальгусты қондырғысынсыз және жіліншік- табан жігінде және табанның ортаңғы бөлігінің буындарында деформацияланған артроз құбылыстарынсыз ІІІ дәрежелі ұзына майтабан;
жіліншік- табан жігінде және табанның ортаңғы бөлігінің буындарында деформацияланған ІІ сатылы артрозбен ІІ дәрежелі ұзын немесе көлденең майтабан;
табанды бүгу кемінде 10 градус және сыртқа бүгу кемінде 20 градус шегінде қозғалыстарды шектеумен бірінші табан буынының ІІІ сатылы деформацияланған артрозы;
бір табанда бірінші немесе екі саусақтың; екі табанда ортаңғы фаланг деңгейінде екінші-бесінші саусақтардың болмауы;
Белер бұрышын 0-дан минус 10 градусқа дейін азайтумен және табан буынында артроздың болуымен өкше сүйегінің жарақаттанудан кейінгі деформациялары жатады.
Клиникалық көрінісі кешке қарай күшейетін және демалғаннан кейін әлсірейтін табандардың, тобық бөлігінің, табан бұлшықеттерінің қатты ауыруымен сипатталады. Жүріс икемділігін, байсалдылығын жоғалтады, аяқтың ұштары екі жаққа қараған. Ұзын күмбез жүктемесіз төмендеген, жүктеме кезінде одан әрі төмендейді. Табан пронацияланған, ұзарған, ортаңғы бөлігінде кеңейген, табанның медиальды шетінде табан сүйегі теріден көрінеді. Табандардың барлық буындарында қозғалыс ауқымы шектеулі. Зерттеу кезінде мынадай сипатты: табанда; өкше ортасында және ішкі шетінде; табанның сыртқы жағында, оның ортаңғы бөлігінде; жіліншік және табан сүйектері арасында; толарсақ сүйектерінің бастарында; ішкі және сыртқы тобықтарының астында; жіліншіктің жүктемесі салдарынан олардың бұлшықеттерінде; жамбастың кең шандырының шамадан тыс күш салуына байланысты тізе және жамбас-бел буындарында, компенсаторлы лордоздың күшеюінен белдеме аймағында ауырсыну нүктелері болады.
Көлденең майтабан табанның көлденең күмбезінің қатаюымен немесе жойылуымен, саусақтардың өзгеруімен, табанның мүйізденуімен сипатталады.
68 тармақ 4) тармақшаға табан бармақтары контрактуралары және экзостоздар болмаған кезде ауырсыну синдромынсыз жіліншік-табан буындарының және табанның ортаңғы бөлігінің І сатылы деформацияланған артрозымен ұзына бойымен немесе көлденең І немесе ІІ дәрежелі майтабан жатады.
Ұзына бойы майтабан және өкше сүйегінің балға тәрізді деформациясы жүктемемен тұрған күйінде кескінді рентгенограммалар бойынша бағаланады. Рентгенограммаларда үшбұрышты құру жолымен ұзын күмбездің және күмбез биіктігінің бұрышы айқындалады. Қалыпта күмбез бұрышы 125-130 градусқа тең, күмбездің биіктігі - 39 мм. І дәрежелі майтабан: ұзына бойы ішкі табан күмбезінің бұрышы 131-140 градус, күмбездің биіктігі 35-25 мм; ІІ дәрежелі майтабан: ұзына бойы ішкі күмбезінің бұрышы 141-155 градус, күмбездің биіктігі 24-17 мм; ІІІ дәрежелі майтабан: ұзына бойы ішкі күмбезінің бұрышы 155 градустан жоғары, күмбездің биіктігі 17 мм кем.
Өкше сүйегінің жарақаттанудан кейінгі деформацияларын айқындау үшін екі сызықтың қиылысуынан түзілген, олардың біреуі табан буыны алдыңғы бұрышының аса жоғары нүктесін артқы буын фасеткасының төбесін жалғайтын, екіншісі өкше сүйегі бұдырының көлденең жоғары бетінен өтетін Белер бұрышын есептейді (өкше сүйегі бұдырының буынды бөлігінің бұрышы). Қалыпта ол бұрыш 20-40 градусты құрайды. Оның азаюынан әдетте жарақаттанудан кейінгі майтабан қоса болады. Табан буыны жай-күйін бағалау үшін аса ақпаратты болып коронарлы жазықтықта, өкше сүйегі артқы буынды фасеткасына перпендикуляр орындалған компьютерлік томография табылады. Көлденең майтабан тура кескінде жүктемемен табанның алдыңғы және ортаңғы бөліктері рентгенограммалары бойынша бағаланады.
Көлденең майтабан дәрежелерінің нақты критерийлері болып бірінші табан сүйегінің және бірінші бақайдың бұрыштық ауытқуларының параметрлері табылады. Рентгенограммаларда І-ІІ табан сүйектерінің көлденең осьтеріне және бірінші бақайдың негізгі фалангысына сәйкес келетін үш түзу сызықтар жүргізіледі. Деформацияның І дәрежесі кезінде І-ІІ табан сүйектерінің арасындағы бұрыш 10-12 градусты құрайды, ал бірінші бақайдың ақауы - 15-20 градус; ІІ дәреже кезінде осы бұрыштар тиісінше 15 және 30 градусқа дейін; ІІІ дәреже кезінде 20 және 40 градусқа дейін ұлғаяды, ал ІV дәреже кезінде 20 және 40 градустан артады.
Табан буындарының І сатылы деформацияланған артрозы рентгенологиялық буын саңылауының кемінде 50 пайызға тарылуымен және буын саңылауы шетінен 1 мм аспайтын жиекті сүйек өсінділерімен сипатталады. ІІ сатылы артроз буын саңылауының 50 пайыздан астам тарылуымен, буын саңылауы шетінен 1 мм асатын жиекті сүйек өсінділерімен, жалғамалы сүйектердің деформациясымен және буын ұштарының субхондральды остеосклерозымен сипатталады. ІІІ дәрежелі артроз кезінде буынды саңылау рентгенологиялық айқындалмайды, айқын көрінген жиекті сүйек өсінділері, жалғайтын сүйектердің буынды ұштарының өрескел деформациясы және субхондральды остеосклерозы болады.
І немесе ІІ дәрежелі ұзына майтабан, сондай-ақ жіліншік-табан жігінде және табанның ортаңғы бөлігінің буындарында артрозсыз І дәрежелі көлденең майтабан, бақайлардың контрактуралары және экзостоздар осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
69 | Функцияның бұзылуын тудыратын және (немесе) әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюді қиындататын аяқ-қолдың жүре пайда болған өзгерістері: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | Б | ДЕРБ |
Тармақ жүре пайда болған аяқ-қолдың қысқаруын, соның ішінде сынулардан кейінгі сүйектердің бұрыштық өзгеруінің салдарын көздейді.
69 тармақ 1) тармақшаға қол немесе аяқтың 8 см астам қысқалығы жатады;
69 тармақ 2) тармақшаға қолдың немесе аяқтың 5 см-8 см-ді қоса алғандағы қысқалығы жатады;
69 тармақ 3) тармақшаға аяқтың 2 см-5 см-ді қоса алғандағы қысқалығы жатады;
69 тармақ 4) тармақшаға қолдың 5 см дейін немесе аяқтың 2 см дейін қысқалығы жатады.
Аяқтың қысқалығы болған кезде талаптардың І, ІІ, ІІІ бағандары бойынша куәландырылатындарға компрессиялық-дистракционды остеосинтезді қолдана отырып емделу ұсынылады. Емдеуден бас тартқан немесе оның қанағаттанғысыз нәтижесі кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды 69 тармақтың тармақшалары бойынша шығарылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
70 | Аяқ-қолдың болмауы: | | | | |
1) кез келген деңгейде аяқ-қолдардың екіжақты ампутацияланған ұштары | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) иықтың немесе санның жоғарғы үштен бір бөлігі деңгейіне дейін аяқ-қолдың болмауы | Е | Е | Д | ЖЗ |
3) білек және кәрі жілік-білезік буыны деңгейіне дейін аяқ-қолдың, жіліншік және жіліншік-табан буынының болмауы | Е | Е | В | ЖЗ |
Қатерлі ісіктер немесе қан тамыры аурулары (эндартериит, атеросклероз) себебінен кез келген деңгейдегі аяқ-қолдың кесілген басы болған кезде қорытынды негізгі науқастануды көздейтін аурулар кестесінің тармақтары бойынша шығарылады.
Протездеуге кедергі келтіретін теріс сынық ұшын емдеудің қанағаттанғысыз нәтижесі кезінде куәландыру 70 тармақтың тармақшасы бойынша жүргізіледі.
14. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
71 | Бүйректің созылмалы науқастанулары: | | | | |
1) функциялардың кенеттен бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | ДЕРБ |
Тармақ бүйректің гломерулярлы созылмалы науқастануларын (тез үдемелі гломерулонефрит, созылмалы нефритті синдром, нефротикалық синдром, тұқымқуалаушылық нефропатия және өзге де гломерулярлы зақымданулар), созылмалы тубулоинтерстициалды науқастануларды (созылмалы тубулоинтерстициалды нефрит, басқа да интерстициалды аурулар), алғашқы созылмалы пиелонефритті, бүріскен бүйректі, бүйрек амилоидозын, сондай-ақ белгісіз генезді созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін көздейді.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу және мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде бүйректің науқастануы себебінен әскери қызметшілерді куәландыру стационарлық тексеруден және емдеуден кейін жүргізіледі.
Бүйрек функциясының диагнозы және бұзылу дәрежесі клиникалық-зертханалық және құралдық тексеру, ал қажет болған кезде бүйректің пункциялық биопсиясы әдістерінің деректеріне негізделеді.
«Созылмалы пиелонефрит» диагнозы дерматовенерологтың, урологтың (әйелдер үшін одан басқа гинекологтың) қатысуымен тексеруден және міндетті рентгенурологиялық зерттеуден кейін зәр шығару жолдарының және жыныс мүшелерінің қабыну науқастануларын жоққа шығару жағдайлары кезінде лейкоцитурия және бактериурия болған кезде белгіленеді.
71 тармақ 1) тармақшаға ІІ-ІV сатылы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен асқынған бүйректердің созылмалы науқастанулары жатады;
71 тармақ 2) тармақшаға 1-сатылы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен асқынған немесе бүйрек функциясының орташа бұзылуымен (12 айдан астам сақталатын тұрақты несеп синдромы немесе зәрдің салыстырмалы тығыздығы тербелісі амплитудасының тұрақты төмендеуі немесе радийизотопты ренография деректері бойынша секреция-экскреторлық функциясының орташа бұзылуы немесе аурудың (жылына 2 реттен астам) жиі қайталануы) бүйректердің созылмалы аурулары жатады.
Бүйректің жіті қабыну науқастануларына шалдыққаннан кейін кемінде 4 ай ішінде айқындалатын несепте патологиялық өзгерістер (протеин, қанның нысанды элементтері) болған кезде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер 2), 3) тармақша бойынша куәландырылады.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу және мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде азаматтар, егер бүйректің жіті қабыну науқастануларына шалдыққаннан кейін 12 ай ішінде оларда тұрақты патологиялық несеп синдромы сақталса, 2) тармақша бойынша куәландырылады.
71 тармақ 3) тармақшаға бүйрек функциясының шамалы бұзылуымен бүйректің созылмалы науқастанулары (микрогематурия түрінде оқшауланған несеп синдромы, этиопатогенетикалық терапия жүргізгеннен кейін жойылуы мүмкін бір грамға дейінгі тәуліктік протеинурия, бүйректің несепті араластыру және концентрациялау қабілеті шамалы бұзылған, радийизотопты ренография кезінде секреция-экскреторлық функциясының шамалы бұзылуы) жатады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер жіті гломерулонефрит себебінен стационарлық емделуден кейін 3) тармақша бойынша куәландырылады.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің І сатысы (латентті) қан креатининінің деңгейі 0,18 ммоль/л дейін, қан несепнәрінің 8,8 ммоль/л дейін өтпелі артуымен, бүйрек шумағы фильтрациясының 40-60 мл/мин дейін төмендеуімен сипатталады, Зимницкий сынамасының көрсеткіштері қалыпты болуы мүмкін.
Созылмалы бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің ІІ сатысы (өтелетін) жеңіл полиуриямен, гемоглобиннің 83-100 г/л дейін төмендеуімен, қан креатининінің 0, 18 ммоль/л-ден 0,28 ммоль/л дейін, қан несепнәрінің 8,8 ммоль/л-ден 10,0 ммоль/л дейін артуымен, бүйрек шумағы фильтрациясының 30-40 мл/мин дейін төмендеуімен сипатталады, Зимницкий сынамасындағы ең жоғарғы және ең төменгі тығыздықтың айырмашылығы кемінде сегіз бірлік.
Созылмалы бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің ІІІ сатысы (алма-кезек) полиуриямен, гипоизостенуриямен, гемоглобиннің 67-83 г/л дейін төмендеуімен, қан креатининінің 0,28 ммоль/л 0,6 ммоль/л дейін, қан несепнәрінің 10,1 ммоль/л-ден 19,0 ммоль/л дейін артуымен, бүйрек шумағы фильтрациясының 20-30 мл/мин дейін төмендеуімен сипатталады.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ІV сатысы (терминальды) қан креатининінің 0,6 ммоль/л жоғары, қан несепнәрінің 19,0 ммоль/л жоғары артуымен, бүйрек шумағы фильтрациясының кемінде 20 мл/мин төмендеуімен сипатталады.
Қан креатининінің және несепнәрінің шекаралы көрсеткіштері кезінде бүйрек шумағы фильтрациясының деңгейіне бірінші кезекте мән беріледі.
Осы тармақта көрсетілген бүйрек науқастануларымен байланысты симптоматикалық артериялық гипертензия кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты осы тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша және АҚ деңгейіне байланысты талаптардың 43-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шығарылады.
Әскери қызметшілерге бүйректің жіті қабыну науқастануларынан кейін науқастануы бойынша демалыс немесе босату беру қажеттігі туралы қорытынды талаптардың 78-тармағы бойынша шығарылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
72 | Бітелген уропатия және рефлюкс-уропатия (гидронефроз, пионефроз), пиелонефрит (қайталанған), несеп-тас ауруы, бүйректердің және несепағардың басқа да аурулары, цистит, қуықтың басқа да науқастанулары, венерологиялық емес уретрит, үрпі стриктурасы, үрпінің басқа да аурулары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | ЖЗ |
72 тармақ 1) тармақшаға бүйректердің бөлу функцияларының елеулі айқын көрінген бұзылу немесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі қоса болатын науқастанулар;
емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде қос бүйректің зақымдануымен несеп-тас ауруы (тастар, гидронефроз, пионефроз, емделмейтін пиелонефрит);
ІІІ дәрежелі екі жақты нефроптоз;
бөлу функциясының елеулі бұзылуымен бүйректердің жамбас дистопиясы;
қызмет атқармайтын бүйрек немесе қалған бүйрек функциясының кез келген бұзылуы дәрежесі болған кезде ауыру себебінен алынып тасталған бір бүйректің болмауы;
қуықты резекциялау немесе пластикалаудан кейінгі жай-күй;
қуық-несепағар рефлюксі және екінші қайтара екі жақты созылмалы пиелонефрит немесе гидронефроз қоса болатын қуық мойынының склерозы;
жүйелі кеңейтуді талап ететін үрпі стриктурасы жатады;
72 тармақ 2) тармақшаға:
бүйрек шаншуының жиі (жылына 3 рет және одан астам) ұстамаларымен, тастардың қайтуымен, бүйректердің бөлу функциясының орташа бұзылуымен несеп-тас ауруы;