Шаштың ошақтанып түсуінің кең тараған түрі болып әрқайсысының диаметрі 10 см кем емес тақырбастықтың көптеген ошақтарының (3 және көп) болуы, ал тұтас тақырбастық кезінде бастың шаш бөлігінде 50 пайыздан астам ауданда шаштың өспеуі түсіндіріледі.
Витилигоның кең тараған түрі болып кез келген анатомиялық бөліктер терілерінде көптеген (3 және одан астам), сондай-ақ бірлі-жарым, бірақ ірі (өлшемі науқастың алақанымен бірдей және одан үлкен) пигментті емес дақтардың болуы түсіндіріледі. Осыған косметикалық ақау болып табылатын беттегі витилигоның ошақтары жатады.
Псориаздың кең тараған түрі болып кез келген анатомиялық бөліктер терілерінде көптеген бөртпелердің болуы саналады.
Атопиялық дерматит кезінде кең тараған лихенификация болып бет, мойын, шынтақ, тізе ойпаңдары құрғақ терілері аймақтарында күшейген суреттің болуы, сондай-ақ толық зақымданулар түсіндіріледі.
61 тармақ 2) тармақшаға:
көптеген конглобатты безеулер;
алақанның, сондай-ақ жүруді және стандартты аяқ киім киюді қиындататын, табандардың функциясын бұзатын фалангтардың жүре пайда болған кератодермиялары;
экземаның шектеулі және жиі (жылына 2 рет және одан астам) қайталанатын түрлері;
бірлі-жарым, бірақ ірі (көлемі науқастың алақанындай және одан үлкен) псориаз бөртпелері;
сәтсіз стационарлық емдеу және 2 айдан кем емес уақыт бойы күлдіреуіктердің (уртикарий) үзіліссіз қайталануы жағдайларында қайталанатын Квинке ісіктері және (немесе) созылмалы есекжем;
стационарлық жағдайларда расталған есекжемнің және (немесе) Квинке ісіктерінің клиникалық белгілерімен қайталанатын ағымдағы суыққа аллергия жатады.
Тері ауруларының жиі қайталанатын түрлері деп өршулері жылына 2 рет және одан астам туындайтын түрлері жатады.
61 тармақ 3) тармақшаға оқшауландырылуына, санына және зақымдану ошақтарының көлеміне қарамастан шектеулі склеродермияның бөртпелі түрі жатады.
61 тармақ 3) тармақшада көрсетілген псориаздың шектеулі түрлері деп кез келген оқшауландырылған, оның ішінде кез келген анатомиялық бөліктердегі ауданы науқастың алақанындай бірлі-жарым зақымдану ошақтары түсіндіріледі. Экзема кезінде анатомиялық бөліктердің (табан, жіліншік, қол, бас) бірінің зақымдануы шектеулі деп бағаланады.
Тері ауруларының сирек қайталанатын түрлеріне соңғы үш жылда бір реттен артық емес тері ауруларының өршулері жатады.
61 тармақ 4) тармақшаға талаптардың 37-тармағы бойынша куәландырылатын сыртқы есту жолының және құлақ қалқанының экземасын қоспағанда, соңғы үш жылда қайталану болмаған кезде экземаның шектеулі түрлері жатады.
Шынтақ және тізе буындары маңындағы ихтиоздың жеңіл түрлері және псориаздың бірлі-жарым түрлері талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын адамдар үшін қарсы көрсеткіш болып табылмайды.
Мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде туындаған псориаздың бірлі-жарым ұсақ бөртпелері химиялық әскери бөлімдерден және кәсіптік зиянды жағдайлардағы жұмысты қоспағанда, әскери қызметке қарсы көрсеткіш болып табылмайды. Әскерге шақырылушыларды стационарлық жағдайларда табысты емдегеннен кейін ұсақ бірлі-жарым бөртпелер болған кезде әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Экземаның, қабыршақты теміреткінің және басқа да созылмалы аурулардың кең тараған дәрежесі кандидаттардың әскери (арнаулы) оқу орындарына жарамсыздығын айқындаған кезде мәні жоқ.
Соңғы 3 жыл ағымында қайталану болмаған кезде анамнезде атопиялық дерматиттің (экссудативті диатез, балалар экземасы, нейродерматиттер) болуы, сондай-ақ шектеулі склеродермияның әртүрлілігі «ақ даңдақтар ауруы» осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Себорея мерзімді әскери қызметке шақыруға және әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
63 | Шалдыққан тері және теріасты өзегінің жіті науқастануынан, созылмалы науқастанудың асқынуынан кейін функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу | Г | Г | Г | Г |
13. Сүйек-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тіннің аурулары
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
64 | Дәнекерлік тіннің, инфекциялық және қабыну текті артропатияның жүйелі диффузды аурулары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен, тұрақты және айқын көрінген өзгерістермен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен және жиі асқынулармен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен және сирек асқынулармен | Д | Д | Б | ЖЗ |
Тармақ ревматоидты артритті, Бехтерев ауруын, Рейтер ауруын, жүйелі васкулиттерді, Бехчет синдромын, түйінді периартритті, Вегенер грануломатозын, псориатикалық артропатияны және инфекциямен байланысты өзге де артриттерді, сондай-ақ дәнекерлік тіннің басқа да жүйелі ауруларын көздейді.
64 тармақ 1) тармақшаға:
мүшелер мен жүйелер жағынан өзгерістердің айқын көрінуіне, асқыну жиілігіне және функционалдық бұзылудың дәрежесіне қарамастан дәнекерлік тіннің диффузды аурулары (жүйелі тері туберкулезі, жүйелі склеродермия, дермато(поли)миозит, эозинофилді фасциит, Шегрен ауруы, дәнекерлік тіннің аралас науқастанулары), жүйелі васкулиттер, түйінді периартериит, Вегенер синдромы, Бехчет синдромы;
ревматоидты артрит және анкилоздаушы спондилоартрит (Бехтерев ауруы), функцияларының елеулі бұзылуымен немесе әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін тұрақты жоғалтумен басқа да қабыну спондилло және артропатиялар (артриттер) жатады;
64 тармақ 2) тармақшаға:
жиі (жылына 2 рет және одан астам) асқынулармен жүйелі белгілері болмаған кезде стационарлық емделуді қажет ететін орташа айқын көрінген экссудативті-пролиферативті өзгерістерімен буындардың, омыртқаның қабыну науқастануларының баяу үдемелі түрлері;
үдерістің белсенді клиникалық-зертханалық белгілері болған кезде ревматоидты артриттің және Бехтерев ауруының алғашқы түрлері жатады.
Қайталанатын ағымдағы геморрагиялық васкулиттің (Шенлейн-Генох ауруы) аралас түрімен ауыратын әскери қызметшілер осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша куәландырылады.
64 тармақ 3) тармақшаға сирек (жылына кемінде 1 рет) асқынулармен буындардың және омыртқаның созылмалы қабыну науқастанулары жатады.
Осы тармақша бойынша буындардың экссудативті-пролиферативті өзгерістері, үдеріс белсенділігінің зертханалық белгілері сақталған және емдеудің табыссыздығы кезінде жіті артриттердің (артропатиялардың) созылмалы (3 ай және артық) ағымымен әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер куәландырылады.
Созылмалы инфекциялық және қабыну артриттері кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты басқа да мүшелер мен жүйелердің зақымдануына; буындар функциясының жай-күйіне, асқынулар жиілігіне байланысты 1), 2) және 3) тармақшалар бойынша айқындалады. Буындардың функциясы қозғалыс ауқымын бағалау кестесі бойынша айқындалады.
Бес жылдан астам науқастанудың асқынуы болмаған кезде және буындар функциясының бұзылуынсыз реактивті артриттердің (артропатиялардың) созылмалы түрлері осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Буындардың жіті қабыну науқастануларынан кейін медициналық куәландыру талаптардың 86-тармағы бойынша жүргізіледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
65 | Ірі буындардың, шеміршектердің, остеопатияның созылмалы аурулары және зақымданулары, жүре пайда болған сүйек-бұлшықеттердің деформациялары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | Б | ДЕРБ |
Сүйектер мен буындардың науқастанулары кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды стационарлық тексерілуден және емделуден кейін шығарылады. Бұл ретте науқастанудың қайталануға немесе үдеуге бейімділігі, сауығу тұрақтылығы және әскери қызметтің ерекшеліктері ескеріледі.
Емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде қорытынды аяқ-қолдың немесе буынның функциясына байланысты шығарылады.
65 тармақ 1) тармақшаға:
ыңғайсыз орналасқан ірі буын анкилозы, айқын көрінген ауырсыну синдромымен фиброзды анкилоз;
қозғалысты елеулі шектейтін патологиялық қозғалыс (тіремейтін буын) немесе буынның тұрақты контрактурасы;
ауырсыну синдромының жиі (жылына 2 рет және одан астам) асқынуларымен, буын шеміршектерінің бұзылуымен (рентгенограммада буын саңылауы кемінде 2 мм) және аяқ-қол осьтарының деформациясымен айқын көрінген деформацияланған (буын ұштарының өрескел сүйекті өсінділері 2 мм кем емес) ірі буындардың артрозы;
аяқ-қол тұрақсыздығымен 1 см астам сүйек кемістігі;
сан сүйегі басының асептикалық шіруі;
секвестрлі қуыстардың, секвестрлердің, ұзақ жазылмайтын немесе жиі (жылына 2 рет және одан астам) ашылатын жыланкөздердің болуымен остеомиелит жатады.
Функционалдық тұрғыдан ыңғайлы орналасқан ірі буындардың анкилозы кезінде, жасанды буынның жақсы функционалды қалпына келуі кезінде талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын адамдардың әскери қызметке жарамдылық санаты осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша айқындалады.
65 тармақ 2) тармақшаға:
аяқ-қол бұлшықеттерінің орташа айқын көрінген солуы қоса болатын буын синовитінің айқын көрінген тұрақсыздығымен (тербелу) немесе қайталануымен, шамалы дене жүктемелері салдарынан пайда болатын ірі буындардың жиі (жылына 3 рет және одан) шығулары;
айқын көрінген ауырсыну синдромымен ірі буындардың біреуінде өзгерген артроз (рентгенограммада буын саңылауының ені 2-4 мм);
сүйектердің буын ұштарының жарақаттан кейін өзгеруі;
жыл сайын асқынулармен остеомиелит (соның ішінде бірінші созылмалы);
секвестрлі қуыстардың, секвестрлердің болуымен жиі (2-3 жылда 1 рет) асқынулармен остеомиелит;
ірі буындарды сәтсіз эндопротездеуден кейін немесе операциядан кейін асқынулар болған кезде олардың аралас контрактуралары (эндопротездің шығуы, түтікше сүйектерінің сынуы, остеомиелит);
қозғалыс көлемін орташа шектейтін ірі буындардың біреуінің тұрақты контрактуралары;
аяқ-қолдың қозғалысына немесе әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешектерді киюге кедергі келтіретін гиперостоздар жатады;
65 тармақ 3) тармақшаға:
иық буынының сирек (жылына кемінде 3 рет) шығулары, қалыпты дене жүктемесі немесе қайталанған жарақат салдарынан буындардың тұрақсыздығы мен синовиті;
секвестрлі қуыстар және секвестрлер болмаған кезде сирек асқынулармен (2 - 3 жылда бір рет) остеомелит;
қозғалыс көлемін шамалы шектейтін ірі буындардың біреуінің тұрақты контрактуралары;
ұзақ (3 айдан астам) емдеу жағдайларында аяқтардың түтікше сүйектерінің жүктемелі остеодистрофиясы жатады.
Осы тармақшаға ұзын түтікше сүйектерінде металлоконструкциялардың болуы жатады және аяқ-қол функциясының бұзылуына байланысты әскери қызметке жарамдылық санаты 3) немесе 4) тармақшалар бойынша айқындалады. Ұзын түтікше сүйектерінің жүктемелі (маршты) периоститтері кезінде осы тармақша бойынша куәландыру ұзақ (1 айдан кем емес) және (немесе) бірнеше рет стационарлық емделуден кейін шығарылады.
Аяқталмаған үдерісті хондропатиялар кезінде азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген, мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде талаптардың 86-тармағы бойынша әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады, кейіннен аяқталмаған үдеріс кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды емдеу нәтижелеріне байланысты осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшалары бойынша шығарылады.
Үш және көп жылдар бойы асқынулар, секвестрлі қуыстар және секвестрлер болмаған кезде остеомиелиттік үдеріс аяқталған деп саналады.
Ірі буынның қайта шығуы медициналық құжаттармен және шығуға дейінгі және одан кейінгі буындарды орнықтыру рентгенограммаларымен расталады. Буын сіңірінің және қаптамасының зақымдануы салдарынан болған тұрақсыздық клиникалық және рентгенологиялық расталады.
Буындардың тұрақсыздығы себебінен куәландырылатындарға хирургиялық емделу ұсынылады. Сәтті емделгеннен кейін азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылған және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кезде талаптардың 86-тармағы бойынша 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Тізе буынының тұрақсыздығын хирургиялық емдегеннен кейін медициналық куәландыру осы тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Сәтті хирургиялық емдеуден кейін әскери қызметшілерге қатысты кейіннен саптық, дене дайындығынан және көлік құралдарының барлық түрлерін басқарудан 6 айға босатумен науқастануы бойынша демалыс беру қажеттілігі туралы қорытынды, сіңірлер мен қаптаманың зақымдануымен шарттасқан тізе буынының тұрақсыздығын емдегеннен кейін - 12 айға шығарылады.
Сүйектердің кистозды өзгеруімен, ірі буынның кесілген остеохондрозымен, фрагментация сатысында үлкен жіліншіктің дөңес асептикалық шіруімен (Осгуд-Шлаттер ауруы) адамдарға операциялық емдеу ұсынылады, аяқ-қол және буындар функцияларының бұзылуы болмаған кезде - әскери қызметке жарамды деп танылады, ал І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатындар әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылады.
Операциялық емдеуден бас тартқан немесе оның қанағаттанғысыз нәтижесі кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды аяқ-қол немесе буын функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты шығарылады.
Функцияларының бұзылуынсыз Осгуд-Шлаттер ауруымен талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылады.
Буындардағы қозғалыс көлемін бағалау кезінде буындардағы қозғалыс көлемін бағалау кестесін басшылыққа алады.
Буындардағы қозғалыс көлемін бағалау кестесі
(градуспен)
Буын | Қозғалыс | Норма | Қозғалысты шектеу |
шамалы | орташа | елеулі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Иық белбеуімен иық | Бүгу | 180 | 115 | 100 | 80 |
Жазу | 40 | 50 | 20 | 15 |
Созу | 180 | 115 | 100 | 80 |
Шынтақ | Бүгу | 40 | 80 | 90 | 100 |
Жазу | 180 | 150 | 140 | 120 |
Пронация | 180 | 135 | 90 | 60 |
Супинация | 180 | 135 | 90 | 60 |
Қол | Бүгу | 75 | 35 | 20-25 | 15 |
Жазу | 65 | 30 | 20-25 | 15 |
Шеттету: |
Радиалды | 20 | 10 | 5 | 2-3 |
Ульнарлы | 40 | 25 | 15 | 10 |
Жамбас | Бүгу | 75 | 100 | 110 | 120 |
Жазу | 180 | 170 | 160 | 150 |
Созу | 50 | 25 | 20 | 15 |
Тізе | Бүгу | 40 | 60 | 90 | 110 |
Жазу | 180 | 175 | 170 | 160 |
Жіліншік-табан | Табанды бүгу | 130 | 120 | 110 | 100 |
Сыртқа бүгу (жазу) | 70 | 75 | 80 | 85 |
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
66 | Омыртқа аурулары және олардың салдары (туа біткен деформациялар мен даму кемістіктерінен басқа): | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | ДЕРБ |
66 тармақ 1) тармақшаға:
жиі (жылына 3 рет және одан астам) асқынулармен инфекциялы спондилит;
ұдайы айқын көрінген ауырсыну синдромымен және омыртқа тұрақсыздығымен ІV, V дәрежелі спондилолистез;
омыртқа денелерінің рентгенологиялық сына тәрізді деформацияларымен расталған, олардың омыртқаның аса иілген жерлеріне орын ауыстыруымен (кифоздар, ІV дәрежелі сколиоздар) және көкірек торшасының (қабырға бүкірлігі) кенеттен деформациясы қоса болатын, сондай-ақ рестриктивті тип бойынша сыртқы тыныс алу функциясының бұзылуымен жүре пайда болған бекітілген омыртқа қисаюлары;
өрескел өткізгіштік немесе түбіршектік бұзылу қоса болатын жүре пайда болған арқа-ми арнасының қатты тарылуы (мойын бөлігі кемінде 13 мм, кеуде бөлігі кемінде 13 мм, бел бөлігі кемінде 16 мм);
медициналық құжаттар деректерімен расталған ауырсыну синдромымен, түбіршектің және (немесе) өткізгіштің бұзылуымен омыртқаның барлық бөліктерінің ІV дәрежелі кең таралған остеохондрозы;
бекітілетін лигаментоз (Форестье ауруы);
жарақатты спондилопатия (Кюммель ауруы);
сфинктерлер функциясының бұзылуымен, бүйір амиотрофиялық склероз синдромымен, сондай-ақ тұрақты клиникалық тиімділіксіз ұзақ (жылына
3 реттен кем емес) стационарлық емдеуден кейін полиомиелитикалық, каудальды, қантамырлы, компрессиялы және статодинамикалық бұзылумен терең пара және тетрапарездер қоса болатын омыртқаның барлық бөліктерінің кең тараған деформацияланған ІІІ дәрежелі спондилезі жатады;
66 тармақ 2) тармақшаға:
сирек (жылына кемінде 3 рет) асқынулармен инфекциялы спондилит;
көкірек торшасының орташа деформациясымен, рестриктивті тип бойынша сыртқы тыныс алу функциясының бұзылуымен жүре пайда болған бекітілген омыртқа қисаюлары (кифоздар, ІІІ дәрежелі сколиоздар);
клиникалық белгілері қоса болатын (ауырсынулар, неврологиялық бұзылу) жұлын-ми арнасының жүре пайда болған қатты тарылуы;
омыртқаның кемінде екі бөлігінің кең таралған деформацияланған
ІІІ дәрежелі спондилезі;
ІІІ дәрежелі спондилолистез;
ауырсыну синдромымен омыртқаның кемінде екі бөлігінің кең таралған ІІІ және (немесе) ІV дәрежелі остеохондрозы;
талаптардың І, ІІ бағандары бойынша куәландырылатындар үшін омыртқа аралық дискілерін алып тастағаннан кейінгі жай-күй жатады.
Функциялардың бұзылуының орташа дәрежесі үшін аяқ-қол бұлшықеттерінің жеткіліксіздігі, олардың тез шаршауы, бұлшықеттердің жекелеген бөліктерінің, олардың функцияларының компенсациясынсыз парездері, сондай-ақ жамбас сфинктерінің жеткіліксіздігі тән.
66 тармақ 3) тармақшаға:
ІІІ, ІV дәрежелі остеохондроздың, І және одан жоғары дәрежелі сколиоздың; ІІ, ІІІ дәрежелі спондилездің, тұрақсыздық синдромының дамуына әкеп соқтыратын омыртқаның кемінде бір бөлігіндегі көптеген даму кемістіктері;
ІІ-ІІІ дәрежелі кифоз;
ІІ дәрежелі бекітілген сколиоз;
омыртқаның бір немесе одан астам бөлігінің ІІІ дәрежелі кең тараған остеохондрозы;
омыртқаның кемінде екі бөлігінің ІІІ дәрежелі шектелген остеохондрозы;
омыртқаның кемінде екі бөлігінің ІІІ дәрежелі шектелген спондилезі;
функциясының шамалы бұзылуымен көптеген Шморл жарықтары жатады.
Функциялардың шамалы дәрежелі бұзылуына, олардың функциялары жалпы өтелген кезде бір нерв бөлігі аймағында сезгіштікті толық емес жоғалту, сіңір рефлексінің жойылуы немесе төмендеуі, аяқ-қолдардың жекелеген бұлшықеттері күштерінің төмендеуі белгілерімен қозғалғыш және сезгіштік бұзылу тән.
Спондилез - пульпозды ядро тығыздығы сақталған және омыртқааралық кеңістік биіктігі сақталған, түйістіру пластинкаларының склерозы болмаған, алдыңғы ұзын байламдарының ізбестенуі салдарынан омыртқаның алдыңғы және бүйір беттері бойынша бүгілу түріндегі ұзын байламдар бекітілген орындарда түзілетін остеофиттер болған кезде табиғи қартаю үдерісінде пайда болатын омыртқаның өзгерулері. Спондилез анатомиялық тұйықтаушы пластиналардың барлық шеңберін қамтитын тұмсық тәрізді өсінділермен және омыртқа денелерінің өзгеруімен айқындалады. Омыртқаның зақымданған бөлігінің статикалық функциясының бұзылуы хондроздың клиникалық белгілері болып табылады - мойын (бел) лордозын түзеу немесе кифоздың түзілуі, бірқалыпты лордоздың орнына локальды лордоздың және кифоздың үйлесуі.
66 тармақ 4) тармақшаға:
омыртқаның жүре пайда болған белгіленген қисаюы (І дәрежелі кифоз,
І дәрежелі сколиоз);
І дәрежелі спондилолистез;
омыртқаның бір немесе одан көп бөліктерінің І, ІІ дәрежелі оқшауланған, шектелген остеохондрозы;
І, ІІ дәрежелі оқшауланған, шектелген спондилез жатады.
Омыртқааралық остеохондроздың симптомсыз ағымы (Шморль жарықтары), сыртқы тыныс алу функциясының бұзылуынсыз 1 дәрежелі сколиоз аурулар кестесінің осы тармағын қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Омыртқаның дегенеративті-дистрофиялық өзгерістерін диагностикалаудың негізгі әдісі рентгенологиялық әдіс болып табылады. Ол сараптамалық шешім қабылдау кезінде де негізгі болып табылады. Омыртқаның патологиялық өзгерістерінің сипаттамасы көпосьтік, жүктемелік және функционалдық зерттеулермен расталады. КТ, МРТ, функционалдық сынамалармен МРТ, спиральды КТ және басқа да сәулелік зерттеу әдістері қосымша болып табылады және рентгенологиялық зерттеулер деректеріне сәйкес түсіндіріледі.
Зерттеу кезінде L5-S1 омыртқааралық дискі биіктігінің төмендеуін патологиялық деп дегенеративті үдерістің басқа да белгілері болған кезде ғана есептеуге болады.
Тұрақсыздық синдромының белгілері мыналар болып табылады:
омыртқаның бел бөлігі үшін - функционалдық рентгенография кезінде омыртқаның 4 мм алға немесе артқа жылжуы;
омыртқаның мойын бөлігі үшін - І мойын омыртқасының ІІ мойын омыртқасына қатысты 3,5 мм астам жылжуы, төменгі бөлігінде - омыртқаның 2 мм және астам жылжуы.
Сагитальді жазықтықта омыртқаның қозғалысы өте вариабельді, қалыпта VІІ мойын омыртқаның қылқанды өсінділері арасындағы және желке сүйегінің бұдырының арасындағы арақашықтық басты еңкейткенде 3-4 см ұлғаяды, ал шалқайтқанда (иілгенде) 8-10 см азаяды.
VІІ мойын және І сегізкөз омыртқасының қылқанды өсінділері арасындағы арақашықтық еңкейгенде әдеттегі келбеті 5-7 см ұлғаяды және артқа шалқайғанда 5-6 см азаяды. Бел және кеуде бөліктерінде (шалқайғанда) бүйір қозғалысы 25-30 градус шегінде болады.
Омыртқаның остеохондрозы мен спондилезі рентгенологиялық табылуы және омыртқа, жұлын және оның түбіршектері функциясының бұзылуы қоса болмауы мүмкін. Тиісінше ағзаның функциясын тұтастай бұзбайды. Остеохондроз шеміршек, оның шіруіне дейінгі, кейіннен аралық омыртқаларды тұйықтайтын пластиналары үдерісіне араласуымен және остеофиттердің шеттерін түзе отырып, алғашқы қабынбаған дегенеративті зақымдануымен сипатталады. Остеохондроз кезінде остеофиттер омыртқаның ұзын осіне көлденең пластиналар шеттерінен түзіледі.
Остеохондроздың рентгенологиялық белгілері мыналар болып табылады:
І дәреже кезінде - бір немесе бірнеше сегменттерде омыртқа конфигурациясының шамалы өзгерістері, функционалдық сынамаларды орындау жағдайларында омыртқааралық дискілердің тұрақсыздығы;
ІІ дәреже кезінде - омыртқа денелерінің тұйықталу пластиналарының тығыздалуы, физиологиялық лордоздың түзелуі, омыртқааралық дискі биіктігінің шамалы төмендеуі (төменде жатқан диск биіктігі бойынша жоғары жатқанға тең), омыртқа денелерінің вентральды және дорзальды экзостоздары;
ІІІ дәреже кезінде - омыртқа денелерінің тұйықталу пластиналарының субхондральды склерозы, омыртқааралық дискі биіктігінің орташа төмендеуі (төменде жатқан диск биіктігі бойынша жоғары жатқаннан төмен), омыртқааралық саңылаулардың орташа тарылуымен (спондилоартроз белгілері) омыртқааралық буындардың дистрофиялық өзгерістері;
ІV дәреже кезінде - омыртқа денелерінің тұйықталу пластиналарының субхондральды склерозы, омыртқааралық дискі биіктігінің айқын көрінген төмендеуі (төменде жатқан диск биіктігі бойынша жоғары жатқаннан 2 есе төмен), омыртқааралық саңылаулардың және омыртқа арнасының елеулі тарылуымен омыртқааралық буындардың дистрофиялық өзгерістері.
Рентгенограммалар бойынша деформацияланған спондилездің дәрежелерін айқындау:
І дәреже - омыртқа денелерінің шеттерінде деформацияланған өзгерістер (лимбуста);
ІІ дәреже - бір омыртқадан екінші омыртқаға бағытталып өсетін және бітісу дәрежесіне жетпеген шетінен өсінділер;
ІІІ дәреже - екі аралық омыртқалардың бүгілу түріндегі остеофиттерінің бітісуі.
Остеохондроз және спондилез мынадай болуы мүмкін:
оқшауланған - 1 омыртқааралық дискі немесе екі аралық омыртқаның зақымдануы;
шектелген - 2 дискінің немесе 3 омыртқаның зақымдануы;
кең таралған - 2 дискіден артық немесе 3 омыртқадан артық зақымдануы.
Спондилолиз - бұл омыртқа доғасының буынаралық бөлігіндегі кемістік. Спондилолиз теріс даму нәтижесі болуы мүмкін - механикалық жүктемелер салдарынан дисплазиялар немесе шаршап сыну. Спондилолиз спондилолистезсіз кездеседі және зақымданған сегменттің айқын көрінген тұрақсыздығы және ауырсыну синдромы қоса болуы мүмкін.
Спондилолистез - жоғары жатқан омыртқаның көлденең жазықтықта төмен жатқанға қатысты жылжуы. Қалыпта дискінің және байламдық аппараттың икемділігі себебінен көлденең жазықтықта омыртқалардың жылжуы 3 мм шегінде барынша бүгу немесе жазу кезінде болуы мүмкін.
Жылжу дәрежесі бүйір кескінде рентгенограмма бойынша айқындалады: төмен жатқан омыртқаның краниальды тұйықтау пластинасы шартты түрде төрт бөлікке бөлінеді, ал үстіңгі омыртқаның артқы-төменгі шетінен төменгінің тұйықталу пластинасына перпендикуляр төмендейді:
І дәреже - 33 мм жоғары ¼ омыртқа денесіне дейін жылжу;
ІІ дәреже - ¼-тен ½-ге дейін омыртқа денесіне жылжу;
ІІІ дәреже - ¾-ден ¾-ке дейін омыртқа денесіне жылжу;
ІV дәреже - омыртқа денесінің еніне дейін жылжу ¾-тен жоғары;
V дәреже (спондилоптоз) - қосымша каудальды жылжумен жоғарғы омыртқаның алға толық алдыңғы-артқы дене көлемімен байланысты жылжуы.