егер олар дәрі-дәрмекпен индукцияланбаса, ЭКГ-да (соның ішінде ЭКГ-нің тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша) 2-3 секундтік үзілістердің пайда болуына әкеп соқтыратын және клиникалық симптоматика (бас айналу, синкопальды жай-күй және басқалар) қоса болатын ырғақтың және өткізгіштіктің тұрақты бұзылулары;
42 тармақ 3) тармақшаға СЖӘ І ФС жүрек науқастануларын қоспағанда:
қайталанған ревматизм шабуылдары;
жүрек ырғағының, өткізгіштігінің тұрақты бұзылулары қоса болатын миокардиттік кардиосклероз және (немесе) СЖӘ І ФС;
СЖӘ белгілерінсіз гипертрофиялық кардиомиопатия;
жүрек іші гемодинамикасының бұзылуынсыз жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІ дәрежелі пролапсы (6-8,9 мм);
ІІ дәрежелі және одан жоғары регургитациясы бар жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3-тен 5,9 мм дейін);
ырғақтың пароксизмалық бұзылуымен Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы;
ырғақ бұзылуынсыз тұрақты сипаттағы Q-T ұзартылған аралығының туа біткен және жүре пайда болған синдромы;
өткізгіштіктің жекелеген тұрақты бұзылулары (егер ол дәрі-дәрмекпен индукцияланбаса ІІ дәрежелі АV-блокадасы, Гис будалары сол жақ аяқшаларының толық блокадасы);
ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша анықталған қайталана беретін ІІ дәрежелі органикалық АV-блокадасы;
жекелеген ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылулары: жиі монотопты қарынша экстрасистолиясы (ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша сағатына 30 және одан көп эктопиялық кешендер, бір тәулік ішінде кемінде 12 сағат); жиі суправентрикулярлы экстрасистолия (ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша сағатына 30 және одан астам эктопиялық кешендер, бір тәулік ішінде кемінде 12 сағат); 3 ай бойы қайта ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу кезінде расталатын жұп және (немесе) топтық суправентрикулярлы экстрасистолия; ауыстыратын ырғақтың жиілігі минутына 40-тан кем ІІІ дәрежелі СА-блокадасы: Гис будалары оң жақ аяқшаларының тұрақты толық блокадасы; Гис будалары сол жақ аяқшаларының алдыңғы тарамының тұрақты блокадасы; І дәрежелі тұрақты АV-блокадасы жатады.
Сол жақ қарыншаның шығу жолының бітелуінсіз гипертрофиялық кардиомиопатия жүрек жеткіліксіздігінің, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылу түрінің функционалдық сыныбына байланысты қабылданады.
Әскери қызметте болудың шекті жасына толмаған офицерлер туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақаулары себебінен хирургиялық емделуден кейін әскери қызметке жарамдылығы санатын айқындау үшін, операциядан кейін 4 айдан кешіктірмей куәландыруға жіберіледі.
СЖӘ І-ІІ ФС эхокардиография кезінде айқындалатын кардиогемодинамикалық көрсеткіштермен (шығару фракциясының төмендеуі; сол жақ қарынша мен жүрекшенің систолиялық және (немесе) диастолиялық өлшемдерінің ұлғаюы, қосжармалы және аорта қақпақшаларында регургитация ағындарының пайда болуы; миокард талшықтарының циркулярлы қысқаруы жылдамдығының төмендеуі), сондай-ақ дене жүктемесіне жеке төзімділікті аурудың клиникалық белгілерінің талдауымен үйлестіріп бағалау үшін велоэргометрия нәтижелерімен расталады.
Жүрек ырғағының тұрақты бұзылуларына, аритмияға қарсы терапияны қажет ететін және емдеу тоқтатылғаннан кейін қайталанатын немесе оған рефрактерлі, ұзақтығы 7 тәуліктен асатын аритмиялар жатады.
Талаптардың І, ІІ бағандары бойынша СЖӘ-мен немесе онсыз пайда болған оқшауланған жүрек ақаулары бар куәландырылатындарға (осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда), қорытынды созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің функционалдық сыныбына байланысты
2) немесе 3) тармақшалар бойынша шығарылады.
Талаптардың ІІІ бағаны бойынша оқшауланған аорта жүрек ақаулары бар куәландырылатындарға ( 1) тармақшада көрсетілгендерден басқа) қорытынды 3) тармақша бойынша шығарылады.
Жүректің зақымдану белгілері сақталатын жіті ревматиттік безгекке шалдыққан адамдар созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің бар болуына және айқын көрінуіне, ырғақтың және (немесе) өткізгіштіктің бұзылуларына байланысты 42 тармақ 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша куәландырылады.
Жіті ревматиттік безгекке шалдыққан талаптардың ІІ бағаны бойынша куәландырылатындар осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп танылады.
42 тармақ 4) тармақшаға жүрек бұлшықеттері науқастануларының тұрақты қалпына келу нәтижелерінен басқа:
жүрек іші гемодинамикасының бұзылуларынсыз жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3-тен 5,9 мм дейін);
қосжармалы қақпақшаның пролапсы кезінде, кенеттен қайтыс болу жағдайларынсыз, отбасылық І дәрежелі регургитациямен жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3-тен 5,9 мм дейін);
талаптардың 42-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген эмболия, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұдан бұрын болған жағдайларынсыз І дәрежелі региргутациясы бар жүректің қосжармалы және басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3-5,9 мм);
І дәрежелі транзиторлы (тұрақсыз) регургитациясы бар (соның ішінде жүктеме сынамаларын орындау кезінде) жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы;
сирек қарыншалық экстрасистолиялар;
ІІ дәрежелі СА-блокадасы (ІІ тип);
ырғақтың пароксизмалы бұзылуынсыз, сондай-ақ қосымша жолдардың абляциясын жүргізгеннн кейінгі Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы жатады.
Талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатын азаматтар (соңғы 3 жылда ЭхоКГ, жүктеме сынама және динамикада ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу нәтижелері болмаған кезде) бақылау зерттеулер: ЭхоКГ, жүктеме сынама және ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу жүргізе отырып, талаптардың 48-тармағы бойынша 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Құбылу және (немесе) регургитация дәрежесі көтерілмеген жағдайда куәландыру осы тармақтың 4) тармақшасы бойынша жүргізіледі, ал егер құбылу және (немесе) регургитация дәрежесі көтерілсе медициналық куәландыру осы тармақтың 2) немесе 3) тармақшасы бойынша анықталған құбылу мен регургитацияның дәрежесіне байланысты жүргізіледі.
Жіті ревматитті безгекке шалдыққан талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар медициналық мекемеден шығарылғаннан кейін талаптардың 48-тармағы бойынша әскери қызметке 12 айға уақытша жарамсыз деп танылады. Кейіннен жүректің және басқа да мүшелердің зақымдануы белгілері болмаған, сондай-ақ науқастанудың қайталануы болмаған кезде осы тармақтың 4) тармақшасы бойынша куәландырылады.
ЭхоКГ нәтижелерін ресімдеу, оларды талдау жөніндегі талаптар, талаптардың 80-тармағын түсіндірулерде көрсетілген.
Синусты аритмия, миокардиосклероз, ІІ дәрежелі СА-блокада (І тип), функционалды І дәрежелі АV-блокада (АV-өткізгіштік дене жүктемесі кезінде немесе көктамырға 0,5-1 мг атропин сульфатын енгізгеннен кейін қалпына келеді), Гис будасы оң жақ аяқшасының толық емес блокадасы, ЭКГ миниторлау деректері бойынша ырғақтың пароксизмалы бұзылуы қоса болмайтын Клерк-Леви-Кристеско синдромы (СLС), клиникалық белгілерінсіз жүрек қуысындағы қосымша хорда, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы болмаған кезде миокардиосклерозға өтпей шалдыққан ревматиттік емес миокардиттер, қарынша іші өткізгіштігінің жергілікті бұзылуы, сирек суправентрикулярлы экстрасистолдар, ырғақты жүргізушінің жүрекшеге көшуі, сондай-ақ жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы болмаған кезде миокардиосклероз нәтижесінсіз шалдыққан ревматиттік емес миокардиттер осы тармақты қолдануға негіз болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
43 | Артериялық гипертензия: | | | | |
1) ІІІ дәрежелі | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) ІІ дәрежелі, 4 тәуекел | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) ІІ дәрежелі, 2-3 тәуекел І дәрежелі, 3-4 тәуекел | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) І дәрежелі, 1-2 тәуекел | Д | Д | Б | ДЕРБ |
Артериялық гипертензия - систолиялық АҚ 140 мм с.б. және одан жоғары және (немесе) диастолиялық АҚ 90 мм с.б. немесе одан жоғары болған кездегі созылмалы тұрақты АҚ-ның көтерілуі. Егер систолиялық АҚ мен диастолиялық АҚ-ның мәндері әртүрлі санаттарға сәйкес келсе, онда артериялық гипертензияның дәрежесі АҚ-ның анағұрлым жоғары көрсеткіштері бойынша қойылады. АҚ-ның көтерілуі белгілі немесе жойылатын себептерге байланысты болған кездегі артериялық гипертензия симптоматикалық (қайталанған) артериялық гипертензия ретінде қаралады.
43 тармақ 1) тармақшаға ІІІ дәрежелі артериялық гипертензия және артериялық гипертензияның тез үдемелі (қатерлі) түрі жатады.
Артериялық гипертензияның тез үдемелі (қатерлі) түрі деп ІV дәрежелі ретинопатияның дамуымен, көздің тор қабықшасында ишемиялық немесе геморрагиялық ошақтармен жанама жүретін көру нервтері дискілерінің ісінуімен 220/130 мм с.б. төмен емес АҚ түсіндіріледі.
ІІІ дәрежелі артериялық гипертензия АҚ-ның тұрақты жоғары көрсеткіштерімен (тыныштықта: систолиялық - 180 мм с.б. және одан жоғары, диастолиялық - 110 мм с.б. және одан жоғары) сипатталады.
Науқастанудың клиникалық бейнесінде көз түбіндегі қантамырлардың өзгерістері және НМЗ-ның болуы міндетті.
НМЗ-ға мыналар жатады:
ЭхоКГ нәтижелері бойынша сол жақ қарыншаның гипертрофиясы;
қантамырларды УДЗ деректері бойынша ұйқы артериялары қабырғаларының жуандауы немесе атеросклерозды табақшалардың болуы;
қан сарысуында креатининнің көбеюі (ерлерде 133 мкмоль/л артық және әйелдерде 124 мкмоль/л артық).
Артериялық гипертензия гипертензивті синдроммен тығыз және тікелей байланысты ауыр қантамырлы бұзылуларымен асқынған кезде (ІІ немесе ІІІ дәрежелі созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, аортаның қатпарланатын аневризмасы, геморрагиялық инсульт, көз түбінде қан кетулермен немесе экссудаттармен және көру нервісі дискілерінің ісінуімен торқабық артерияларының генерализацияланған тарылуы, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі) талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатындар әскери есептен алумен, әскери қызметке жарамсыз деп танылады. Олардың болуы артериялық гипертензиямен байланысты емес БКЖ кезінде БКЖ-ның айқын көрінуіне және зақымданған мүше функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты аурулар кестесінің басқа да тармақтары қолданылады.
БКЖ деп мыналар саналады:
бас миының зақымданулары (ишемиялық инсульт, миға қан кету, транзиторлы ишемиялық шабуыл);
жүрек зақымданулары (миокард инфарктісі, стенокардия, тәж тамырларының реваскуляризациясы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі);
бүйректердің зақымдануы (диабеттік нефропатия, бүйрек жеткіліксіздігі);
қантамырларының зақымдануы (перифериялық артериялардың зақымдануы, аортаның қатпарланатын аневризмасы);
ауыр ретинопатия (қан кетулер немесе экссудаттар, көру нервісі дискісінің ісінуі);
қант диабеті.
43 тармақ 2) тармақшаға екі немесе одан көп нысана-мүшелердің зақымдануы болған кезде аралас гипотензивті терапияға рефрактерлі ІІ дәрежелі артериялық гипертензия, 4 қатер жатады.
ІІ дәрежелі артериялық гипертензия АҚ-ның тұрақты жоғары көрсеткіштерімен (тыныштықта: систолиялық - 160-179 мм с.б. диастолиялық - 100-109 мм с.б. ) сипатталады.
Осы тармақтың 2) тармақшасын қолдану үшін негіз болатын НМЗ критерийлері сол жақ қарыншаның, оның гипертрофиясымен тіркескен (ЭхоКГ кезінде анықталған) диастолиялық дисфункциясы, протеинурия және (немесе) қан сарысуында креатининнің көбеюі (ерлерде 115-133 мкмоль/л және әйелдерде 107-124 мкмоль/л), магистральді артерияларда атеросклеротикалық табақшалар түріндегі атеросклеротикалық өзгерістердің (қантамырларын УДЗ деректері бойынша) болуы болып табылады. Одан басқа церебралдық бұзылулар, қозғалыс, сезу, сөйлеу, мишық, вестибулярлы және басқа да өтпелі бұзылулары бар ми қан айналымының динамикалық бұзылулары, тор қабық тамырларының генерализацияланған тарылуы болуы мүмкін.
Мүшелер мен жүйелердің функциялары орташа бұзылған, еңбекке қабілеті төмендеген.
43 тармақ 3) тармақшаға:
ІІ дәрежелі артериялық гипертензия, 2-3 тәуекел;
АҚ-ның көтерілген көрсеткіштерімен (тыныштықта: систолиялық 140-159 мм. с.б., диастолиялық 90-99 мм. с.б.) І дәрежелі артериялық гипертензия, 3-4 тәуекел; тәуекелдің негізгі факторлары үшеуден көп немесе НМЗ болған кезде - 3 тәуекел, БКЖ болған кезде 4 тәуекел жатады;
43 тармақ 4) тармақшаға І дәрежелі артериялық гипертензия, 1-2 тәуекел (қатердің негізгі факторлары болған кезде - 2 тәуекел; олар болмаған кезде - 1 тәуекел) жатады.
Тәуекелдің негізгі факторларына мыналар жатады:
жасы (55 жастан асқан ерлер, 65 жастан асқан әйелдер);
темекі шегу;
дислипидемия (жалпы холестерин 5,0 ммоль/л астам немесе холестерин (тығыздығы төмен липопротеидтер) 4,0 ммоль/л астам немесе холестерин (тығыздығы төмен липопротеидтер) ерлерде 1,0 ммоль/л кем және әйелдерде 1,2 ммоль/л кем);
ерте жүрек-қантамырлары науқастануларының отбасылық анамнезі (ерлерде 55 жасқа дейін, әйелдерде 65 жасқа дейін);
абдоминалды семіздік (ерлерде белдің шеңбері 102 см артық, әйелдерде 88 см артық).
І дәрежелі артериялық гипертензия кезінде АҚ құбылмалы, тәулік ішінде айтарлықтай өзгереді. Артериялық қысымның спонтанды қалпына келуі мүмкін (науқастың демалуы, демалыста болу уақытында), бірақ ол ұзақ емес, баяу басталады. Көз түбіндегі өзгерістер тұрақсыз өтпелі сипатта болады.
Артериялық гипертензия диагнозы стационарлық жағдайларда медициналық тексерілумен, ал талаптардың І, ІІ бағандары бойынша куәландырылатындарда - кемінде 6 ай ішіндегі алдыдағы диспансерлік бақылаудың нәтижелерімен де расталады
Бақылау мерзімі жеткіліксіз артериялық гипертензия алғаш айқындалған жағдайда азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде талаптардың 48-тармағы бойынша 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Аурудың болуы денсаулық сақтау ұйымының мамандандырылған бөлімшесінде және кейіннен екі айда 1 реттен сирек емес дәрігер-терапевтің қарауымен диспансерлік бақылау барысында расталады.
Артериялық гипертензияның әрбір жағдайында симптомдық артериялық гипертензиямен дифференциалды диагностика жүргізіледі. Симптомдық артериялық гипертензиясы бар адамдарды медициналық куәландыру кезінде симптомдық артериялық гипертензияның этиологиялық себебі болып табылатын науқастануға сәйкес аурулар кестесінің тармағын қоспағанда талаптардың 43-тармағы қолданылады: деңгейі бойынша ІІІ дәрежелі АГ-ға сәйкес келетін симптомдық артериялық гипертензия кезінде куәландыру осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша, деңгейі бойынша ІІ дәрежелі АГ-ға сәйкес келетін симптомдық артериялық гипертензия кезінде - 2) тармақша бойынша, деңгейі бойынша І дәрежелі АГ-ға сәйкес келетін симптомдық артериялық гипертензия кезінде - 3) тармақша бойынша жүргізіледі.
Әскери қызмет өткерудің алғашқы 3 айында АҚ-ның транзиторлы көтерілуін, анамнезінде артериялық гипертензия болмаған кезде бейімделу синдромының көрінісі ретінде бағалану қажет. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің осы санатына дене жүктемесінің жеке режимін тағайындай отырып, әскери бөлім дәрігерінде динамикалық диспансерлік бақылауға, ал медициналық көрсеткіштер бар болған кезде стационарлық жағдайларда тексерілуге жатады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
44 | Жүректің ишемиялық ауруы: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
Жүректің ишемиялық ауруының болуы аспаптық зерттеу әдістерімен расталады (міндеттілер - тыныштықта және жүктеме сынамаларымен ЭКГ, ЭхоКГ, қосымшалар - стресс-ЭхоКГ, коронарография, ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу, сол жақ жүрекшенің өңеш арқылы электрокардиостимуляциясы және басқалар).
Тұрақты күшейту стенокардиясының 4 ФС ажыратады:
1 ФС - қалыпты дене жүктемесі стенокардия ұстамаларын тудырмайды. Ұстамалар ұзақ және тез жылдамдықта орындалатын жоғары қарқынды жүктемелер (латентті стенокардия) кезінде немесе оны тоқтатқаннан кейін бірден пайда болады. Жазық жермен орташа қарқынмен жүру немесе екі қабаттан жоғары сатымен көтерілу, көңіл-күй жүктемелері стенокардия ұстамаларын тудырмайды. Төзімділік жүктемесінің қуаты жоғары - 600 кгм/мин астам; 270-тен көп шартты бірлікті екі реттен жасау; оттегін пайдалану 7 МЕТ астам;
2 ФС - қалыпты дене белсенділігінің шағын шектелуі байқалады. Стенокардия ұстамалары жазық жермен 500 м-дан астам қашықтыққа жүрістің орташа қарқынмен жүру кезінде (минутына 80-100 адым), бір қабаттан жоғары сатымен көтерілу, тауға шығу кезінде, ұйқыдан кейінгі алғашқы сағаттарда, тамақтанғаннан кейін жүру кезінде, эмоционалдық әсерлену кезінде туындайды. Метеосезгіштік анықталады - стенокардия ұстамаларының пайда болу ықтималы суық, желді ауа-райында, желге қарсы жүрген кезде артады. Төзімділік жүктемесі қуатының шегі 400-600 кгм/мин шегінде; 220-270 астам шартты бірлікті екі реттен жасау; оттегін пайдалану 5-тен 7 МЕТ-ке дейін;
3 ФС - байқалатын қалыпты дене белсенділігінің шектелуімен сипатталады. Науқастарда стенокардия ұстамалары жазық жермен орташа қарқынмен 100-500 м қашықтыққа жүрген кезде, жүрісті жылдамдатқаннан кейін дереу, бір қабатқа сатымен көтерілген кезде пайда болады. Тыныштықта сирек стенокардия ұстамалы пайда болады. Төзімділік жүктемесі қуатының 150-300 кгм/мин шегінде; 160-210 шартты бірлікті екі реттен жасау; оттегін пайдалану 3,3-4,7 МЕТ;
4 ФС - дене белсенділігінің қатты айқын байқалатын шектелуі. Стенокардия аздаған дене жүктемелерінің әсерінен, жазық жермен орташа қарқынмен 100 м кем қашықтыққа жүрген кезде, сондай-ақ минималды тұрмыстық және эмоционалдық жүктемелер кезінде; тыныштықта стенокардияның жиі ұстамалары; АҚ-ның шамалы көтерілуі, тахикардия кезінде; көлденең қалпынан тік қалпына ауысу кезінде туындайды. Орындалған жүктеменің қуаты 150 кгм/мин кем; 160 шартты бірліктен кем екі реттен шығару; МЕТ саны 3,0 кем (сынамалар жиі жүргізілмейді).
Егер ФС-ның сапалы критерийлері көрші сыныптар арасындағы аралық орналасса және екі реттен шығару көрсеткіштері клиникалық деректерге қарама-қайшы келсе, соңғысы таңдалады.
44 тармақ 1) тармақшаға:
3 ФС - 4 ФС тұрақты күшейту стенокардиясы;
ІІ сатылы қан айналымының жеткіліксіздігі кезінде 2 ФС тұрақты күшейту стенокардиясы;
жіті тәж синдромы түріндегі ишемиялық аурудың жиі (жылына 2 және одан көп) тұрақсыздануы көріністерімен 2 ФС тұрақты күшейту стенокардиясы;
ЭхоКГ нәтижелері бойынша дискенезия учаскелерімен байланысты сол (оң) жақ қарыншаның тұрақты дисфункциясымен 2 ФС тұрақты күшейту стенокардиясы жатады.
Осы тармаққа (стенокардияның айқын көрінуіне және қан айналымының жеткіліксіздігіне қарамастан) сондай-ақ мыналар жатады:
трансмуральды, ірі ошақты немесе қайталанған миокард инфарктісі нәтижесінде дамыған жүрек аневризмі немесе ірі ошақты кардиосклероз;
кең тараған тарылу үдерісі (екі және одан көп тәж артерияларында 75 пайыздан астам); сол жақ тәж артериялары бағаналарының тарылуы (50 пайыздан астам) және (немесе) сол жақ тәж артерияларының алдыңғы қарынша аралық бағаналарының жоғары оқшауланған тарылуы (50 пайыздан астам); миокардты қанмен қамтамасыз етудің оң типі кезінде оң жақ тәж артерияларының тарылуы (75 пайыздан астам).
Тәжді шунттауға, тәж ангиопластикасына шалдыққан талаптардың І, ІІ, ІІІ бағандары бойынша куәландырылатындарға қорытынды 1) тармақша бойынша шығарылады. Әскери қызметте болудың шекті жасына толмаған офицерлер әскери қызмет міндеттерін орындау қабілеті сақталған кезде операциядан кейін 3 айдан кейін 2) тармақша бойынша куәландырылады.
44 тармақ 2) тармақшаға:
2 ФС тұрақты стенокардия;
ЭхоКГ нәтижелері бойынша дискенезия учаскелерімен байланысты сол (оң) жақ қарыншаның тұрақты дисфункциясымен 1 ФС тұрақты күшейту стенокардиясы;
спонтанды стенокардия;
шалдыққан ұсақ ошақты миокард инфарктісі;
бір ірі тәж артериясының ( 1) тармақшада көрсетілгендерден басқа) окклюзиясы немесе тарылуы (75 пайыздан астам) жатады;
44 тармақ 3) тармақшаға:
1 ФС тұрақты стенокардия;
стресс-ЭхоКГ нәтижелері бойынша дискенезия учаскелерімен байланысты сол (оң) жақ қарыншаның транзиторлы дисфункциясы жатады.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының және (немесе) өткізгіштігінің бұзылуы болған кезде медициналық куәландыруда талаптардың 42-тармағы бойынша жүргізіледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
45 | Аортаның, магистральды және перифериялық артериялардың, көктамырлардың, барлық лимфа қан тамырларының аурулары мен зақымдану салдары: | | | | |
1) қан айналымының және функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) қан айналымының және функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) қан айналымының және функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) қан айналымының және функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Д | А | ЖЗ |
Талаптардың І, ІІ, ІІІ бағандары бойынша куәландырылатындарға көрсеткіштер бойынша хирургиялық емдеу ұсынылады. Емдеуден қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде әскери қызметке жарамдылық санаты патологиялық үдерістің айқын көрінуіне байланысты айқындалады.
45 тармақ 1) тармақшаға:
магистральды тамырлардың артериялық және артериялық-веноздық аневризмдері;
аяқ-қолдардың ишемиялық қалпына келмеуі кезінде бітелген атеросклероз, эндартериит, тромбангиит, аортоартериит (гангреналы-некротикалық саты);
оның висцералды тармақтары саңылауының, мүшелер мен дисталды қан айналымы функцияларының кенеттен бұзылуымен мықын артериясының жартылай немесе толық бітелуімен аортаның ішкі бөлігінің атеросклерозы;
қақпа немесе қуыс көктамыр тромбозы;
жиі қайталанбалы тромбофлебит, флебтормбоз, ІV дәрежелі СКӘ-мен индуративті-жара түріндегі аяқ-қолдардың тромбтан кейінгі және көктамыр ауруы (тұрақты ісінулермен, гиперпигментациямен және терінің жұқаруымен, индурациямен, дерматитпен, жаралармен және жарадан кейінгі тыртықтармен терең, теріасты және коммуникантты көктамырлар қақпақшаларының жеткіліксіздігі);
имплантантты кава-фильтрдің болуы;
ІV дәрежелі элефантиаз;
ІІІ сатылы (гангренозды-некротикалық) ангиотрофоневроздар;
қан айналымының айқын көрінген бұзылуы және науқастанудың үдемелі ағымы сақталған кезде ірі магистралды (аорта, мықын, сан, брахиоцефалды артериялар, қақпалы немесе қуыс көктамырлар) және перифериялық қан тамырларға реконструктивті операциялар салдары жатады;
45 тармақ 2) тармақшаға:
бітелген эндартериит, тромбангиит, аортоартериит және ІІ сатылы аяқ тамырларының атеросклерозы;
ІІІ дәрежелі СКӘ-нің болуымен ісіну-индуративті түріндегі тромбофлебиттен кейінгі немесе варикозды ауру (түнгі демалыс кезеңінде толық кетпейтін табан, жіліншік ісіктері, қышу, гиперпигментация, терінің жұқаруы, жаралардың болмауы);
ІІІ дәрежелі элефантиаз;
нәтижесіз қайта стационарлық емдеу кезінде жалғасқан ауырсыну синдромымен, саусақтардың көгеруімен, суықта қозғалыстың еркінсіздігімен ІІ сатылы ангиотрофоневроздар;
қан айналымының шамалы бұзылуымен магистралды және перифериялық қан тамырларға реконструктивті операциялардың салдары;
ІІІ дәрежелі шәуһет бауы көк тамырларының варикозды кеңеюі (бау солған еннің төменгі полюсінен төмен түседі, тұрақты ауырсыну синдромы бар, сперматогенездің бұзылуы, протеинурия, гематурия) жатады;
45 тармақ 3) тармақшаға:
бітелген эндеартериит, тромбангиит, І сатылы аяқ тамырларының атеросклерозы;
ІІ дәрежелі СКӘ құбылыстары бар аяқтардың тромбтан кейінгі немесе варикозды ауруы (ұзақ жүрістен кейін табандардың және жіліншіктің кезеңдік ісінулері немесе түнгі немесе күндізгі демалыс кезеңінде кететін жай-күй);
ІІ дәрежелі элефантиаз;
бұғаналы қан тамырлы-нерв будасының экстравазальды қысылуы, «кеудеден тыныс шығару» синдромы;
емделуді жалғастырудан бас тартқан кезде (талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатындар үшін 4) тармақша қолданылады) шәуһет бауы көктамырының қайталанған (қайта хирургиялық емделуден кейін) ІІ дәрежелі варикозды кеңеюі (көктамыр бауы еннің жоғарғы полюсінен төмен түседі, ен атрофиясы жоқ);
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерде шәуһет бауы көктамырларының ІІІ дәрежелі варикозды кеңеюі;
І сатылы ангиотрофоневроздар жатады;
45 тармақ 4) тармақшаға:
СКӘ белгілерінсіз аяқтардың І сатылы варикозды ауруы;
І дәрежелі элефантиаз (түнгі немесе күндізгі демалыс кезеңінде азаятын немесе кететін табанның сыртқы жағының шамалы ісінуі);
шәуһет бауы көктамырының ІІ дәрежелі варикозды кеңеюі жатады.
Қан айналымын және функцияларын толық қалпына келтірумен ірі магистральды артериялардың жаралануы және басқа да зақымдануларынан кейін куәландыру кезінде талаптардың І, ІІ бағандары бойынша осы тармақтың 3) тармақшасы, ал ІІІ-ІV бағандар бойынша 4) тармақша қолданылады.
Науқастану және тамырлардың зақымдану салдарының диагнозы функционалдық бұзылулар үдерісінің сатысын және дәрежесін көрсетеді. Сараптама қорытындысы объективті көрсеткіштер беретін әдістерді қолдана отырып тексерулерден кейін шығарылады (нитроглицеринді сынаумен реовазография, ангио, флебо, лимфография, ультрадыбысты доплерография және ультрадыбысты ангиосканерлеу). Диагностикада реовазографияны қолдану кезінде артерияларды пульстық қанмен толтыру 40 және одан жоғары пайызға азаюы кезінде сынау оң деп саналады.