Егер нистагм нерв жүйесінің немесе вестибулярлық аппараттың зақымдануының бір белгісі болып табылса, куәландыру негізгі науқастануы бойынша жүргізіледі. Көру өткірлігі елеулі төмендеген кезде қорытынды талаптардың 35-тармағы бойынша шығарылады.
Көз алмасының қатты ауытқуы кезінде көздің нистагмоидты тартуы әскери қызметке, әскери оқу орнына түсуге, радиолокациялық станцияның немесе танкіге қарсы басқарылатын снаряд операторы мамандығы бойынша оқуға, дисплейлермен және ақпараттарды көрсететін басқа да блоктармен жұмыс істеуге кедергі келтірмейді.
Кемінде 15 градусқа бірдей қылилық кезінде диагноз бинокулярлы көруді тексеру жолымен расталады. Бинокулярлық көрудің болуы бірдей қылилықты жоққа шығару үшін негіздеме болып табылады.
Екі көздің жақсы көруімен баламалы қылилық кезінде диплопияның пайда болуына байланысты хирургиялық емдеуден бас тарту керек.
Бірдей қылилық, диплопиясыз парализденген қылилық және бинокулярлық көрудің басқа да бұзылуы кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты және әскери-есептік мамандық бойынша қызметке жарамдылық көз функцияларына байланысты (көру өткірлігі, көру аясы) айқындалады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
34 | Рефракция мен аккомодацияның бұзылуы: | | | | |
1) меридиандардың бірінде 12,0 дптр-дан аса кез келген көздің жақыннан көруі немесе алыстан көруі немесе екі басты меридианда 6.0 дптр-дан аса рефракция айырмашылығымен кез келген көзде кез келген түрдегі астигматизм | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) меридиандардың бірінде 8.0 дптр-дан аса және 12,0 дптр-ға дейін, кез келген көздің жақыннан көруі немесе алыстан көруі немесе екі басты меридианда 4.0 дптр-дан аса және 6 дптр-ға дейін рефракция айырмашылығымен кез келген көзде кез келген түрдегі астигматизм | Д | Д | В | ЖЗ |
3) меридиандардың бірінде 6.0 дптр-дан аса және 8.0 дптр-ға дейін кез келген көздің жақыннан көруі | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) меридиандардың бірінде 3.0 дптр-ден аса және 6.0 дптр-ға дейін кез келген көздің жақыннан көруі, меридиандардың бірінде 4.0 дптр-дан аса және 8.0 дптр-ға дейін кез келген көздің алыстан көруі немесе екі басты меридианда 2.0 дптр-дан аса және 4.0 дптр-ға дейін рефракция айырмашылығымен кез келген көзде кез келген түрдегі астигматизм | Б | Б | Б | ДЕРБ |
Рефракция ауытқуының түрі және дәрежесі скиаскопияның немесе рефрактометрияның көмегімен айқындалады.
Осы тармақта көрсетілген рефракция ауытқуларында талаптардың ІІІ бағаны бойынша әскери қызметке жарамдылықты бағалау көзделген жағдайларда, шешуші мән көру өткірлігіне беріледі.
Тұрақты түйілу, парез немесе аккомадацияның парезі кезінде невропатологтың, терапевтің және басқа да мамандықтар дәрігерлерінің қатысуымен тексеру жүргізіледі. Егер тұрақты түйілу, парез немесе аккомодация парезі нерв жүйесінің, ішкі мүшелердің науқастануларына байланысты болса, онда медициналық куәландыру негізгі науқастанулары бойынша жүргізіледі.
Циклоплегия кезінде айқындалған рефракция, циклоплегияға дейінгі оңтайлы теріс түзететін линзаның күшінен әлсіз болғанда аккомадацияның түйілуі функционалдық науқастану болып табылады.
Бір немесе екі көздегі түйілу, аккомодация парезі кезінде нәтижесіз стационарлық емдеуден кейін әскери қызметке жарамдылық санаты бірнеше рет циклоплегия жасағаннан кейін бастапқы деңгейге қайтып келетін аметропия түзетуімен және дәрежесімен көру өткірлігіне байланысты талаптардың 34 немесе 35-тармақтары бойынша айқындалады.
Бір көздегі аккомадацияның тұрақты парезі кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты, әскери-есептік мамандық бойынша жарамдылығы көз функцияларына байланысты айқындалады.
3,0 дптр-ден артық анағұрлым үлкен аметропия меридианында жақыннан көрумен немесе алыстан көрумен, екі басты меридиандарда 2,0 дптр рефракция айырмашылығымен кез келген түрдегі астигматизммен талаптардың ІV бағаны бойынша куәландырылатын сержанттар мен қатардағы жауынгерлер құрамы санынан келісімшарт бойынша әскери қызметшілер Аэроұтқыр әскерлерінде, ӘТК-де және арнайы мақсаттағы бөлімдерде әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
35 | Соқырлық, нашар көру, түсті көру кемістігі: | | | | |
1) бірінші көздің көру өткірлігі 0, 09 және одан төмен немесе екінші көздің көру өткірлігі 0,3 және одан төмен болған кезде соқырлық, сондай-ақ екінші көздің көру өткірлігі 0,3 және одан төмен болған кезде көз алмасының болмауы немесе екі көздің көру өткірлігі 0,2 және одан төмен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) бірінші көздің көру өткірлігі 0, 09 және одан төмен немесе екінші көздің көру өткірлігі 0,3 және одан төмен болған кезде соқырлық сондай-ақ екінші көздің көру өткірлігі 0,3-тен жоғары болған кезде көз алмасының болмауы немесе екінші көздің көру өткірлігі 0,3-тен 0,1-ге дейін болған кезде бір көздің көру өткірлігі 0,3 | Д | Д | В | ЖЗ |
3) екінші көздің көру өткірлігі 0,3-тен 0,1-ге дейін болған кезде бірінші көздің көру өткірлігі 0,4 | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) дихромазия, ІІІ-ІІ дәрежелі түстік әлсіздік | Б | Б | А | ДЕРБ |
Әр көздің көру өткірлігі кез келген, соның ішінде құрастырылған шынылармен, сондай-ақ түйіспелі линзалармен (төзімділігі жақсы жағдайда (кемінде 20 сағат), диплопия, көздің тітіркенуі болмаған жағдайда), аурулар кестесінің ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерде бұдан басқа интраокулярлы линзалармен ескеріледі.
Түйіспелі линзаларды пайдаланатын адамдарда көру өткірлігі кәдімгі көзілдіріктермен тексеріледі.
Талаптардың І, ІІ бағандары бойынша куәландырылатын адамдар үшін әскери қызмет өткеруге кедергі келтірмейтін көру өткірлігі түзетумен алыстан көру үшін бір көзге 0,5-тен және екінші көзге 0,1-ден төмен емес немесе әр көзге 0,4-тен төмен емес болып айқындалады. Күмәнді жағдайларда көру өткірлігі зерттеудің бақылаулық әдістерінің көмегімен айқындалады.
Кәдімгі сфералық шынылармен түзету кезінде, сондай-ақ түзетілмеген анзиметропия кезінде аурулар кестесінің барлық бағандары бойынша куәландырылатындарда көру өткірлігі іс жүзінде төзімді бинокулярлық түзетумен, яғни екі көз үшін шынылар күшінің айырмашылығы 2,0 дптр-дан артық емес есептеледі. Астигматизмнің кез келген түрін түзету барлық меридиандар бойынша цилиндрлік немесе құрастырылған шынылармен жүргізіледі.
Әскери оқу орындарына түсетін азаматтарда осы бұйрықтың 6-қосымшасында көрсетілген рефракция шегінен аспайтын көру өткірлігі тек алыстан көрмеушілік, қарапайым және күрделі алыстан көрмеушілік астигматизмі бар болған кезде, ал көру өткірлігі төмендеудің өзге де себептері кезінде (соның ішінде алыстан көру, алыстан көргіштік немесе аралас астигматизм кезінде) - түзетусіз айқындалады.
Талаптардың ІV бағаны бойынша куәландырылатындар көру өткірлігі түзетулерсіз алыс үшін бір көзге 0,5-тен төмен және екінші көзге 0,4-тен төмен кезінде қызметке жарамсыз деп танылады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін жүзушілер құрамының әскери қызметшілері түзетулерсіз көру өткірлігі алыс үшін бір көзге 0,6-дан және екінші көзге 0,5-тен төмен емес кезінде жүзушілер құрамында қызмет өткеруге жарамды деп танылады.
Түсті сезінудің төмендеуі түрлерін, дәрежелерін диагностикалау кезінде медициналық практикада қолдануға рұқсат етілген түсті көруді зерттеу үшін шек кестелеріне әдістемелік нұсқауларды басшылыққа алу қажет. «С» типті аномальді трихомазияға куәландырылатындар ХVІІІ кестені дұрыс оқу кезінде Рабкиннің полихроматикалық кестелеріндегі 12 және одан көп кестені дұрыс таныған кездегі жай-күйлер жатады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
36 | Жіті науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан, жарақаттан немесе хирургиялық емдеуден кейінгі көру мүшесінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы | Г | Г | Г | Г |
8. Құлақ пен емізік өскінінің аурулары
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
37 | Сыртқы құлақ аурулары: сыртқы есту жолының және құлақ қалқанының экземасы, созылмалы диффузды сыртқы отит, есту жолының экзостоздары, сыртқы есту жолының жүре пайда болған тарылулары) | Б | Б | Б | ДЕРБ |
Сыртқы есту жолының және құлақ қалқанының экземасы, микоздар кезінде сыртқы отит диагнозы дәрігер-дерматовенерологпен бірлесіп қойылады.
Сыртқы есту жолының және құлақ қалқанының экземасы, созылмалы диффузды сыртқы отиті, микоздар кезінде сыртқы отиті бар әскерге шақырылушыларға талаптардың 41-тармағы бойынша кейіннен медициналық куәландырумен 6 айға дейін әскерге шақыруды кейінге қалдыру беріледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
38 | Ортаңғы құлақтың және емізік өскінінің аурулары: | | | | |
1) дабыл қуысында полиптер, грануляциялар, сүйек жегісі қоса болатын және (немесе) мұрын маңындағы қуыстардың созылмалы науқастануларымен байланысатын екіжақты немесе біржақты созылмалы орта отит | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
2) дабыл қуысындағы полиптер, грануляциялар, сүйек жегісі қоса болмайтын және (немесе) мұрын маңындағы қуыстардың созылмалы науқастануларымен байланыспайтын екіжақты созылмалы орта отит | Д | Д | Б | ЖЗ |
3) шалдыққан орта отиттің қалдықты құбылыстары, құлақ барофункциясының тұрақты бұзылуы бар аурулар | Б | Б | А | ДЕРБ |
Ортаңғы құлақтың созылмалы іріңді науқастанудың (эпитимпано-антральды, туботимпанальды орта отит) диагнозы отоскопиялық (іріңді бөлінулер, дабыл жарғақтарының перфорациясы, грануляциялар, полиптер, холестеотомды қоймалжындар) деректермен, самай сүйектерін рентгенологиялық, КТ-зерттеулермен, есту функциясын және құлақ барофункциясын зерттеумен; стационарлық немесе амбулаторлық жағдайларда емдеуді талап ететін жиі асқынулармен (жылына кемінде 2 рет) расталады.
Ортаңғы құлақтың созылмалы аурулары кезінде барлық куәландырылатындарға емделу ұсынылады.
38 тармақ 1) тармақшаға мыналар жатады:
мұрынмен тыныс алудың тұрақты қиындауы қоса болатын екіжақты немесе біржақты созылмалы іріңді орта отит;
операциядан кейін 30-дан артық тәулік бойы ірің, грануляциялар немесе холестеатомды қоймалжыңдар болған кезде операциядан кейінгі қуыстарды толық емес эпидермизациялаумен ортаңғы құлақтың созылмалы ауруларын хирургиялық емдеуден кейінгі жай-күй.
Ортаңғы құлақтың созылмалы аурулары кезінде асқынулар жиілігі - жылына екі және одан көп рет.
38 тармақ 2) тармақшаға операциядан кейінгі қуыстарды толық эпидермизациялау кезінде дабыл жарғағының екіжақты тұрақты құрғақ перфорациялары немесе екі құлаққа радикалды операциялардан кейінгі жай-күй жатады.
Ортаңғы құлақтың созылмалы аурулары кезінде асқынулар жиілігі - кемінде жылына екі рет.
Дабыл жарғағының тұрақты құрғақ перфорациясын 12 және одан көп ай ішінде ортаңғы құлақтың қабынуы болмаған кезде дабыл жарғағы перфорациясының болуын деп түсіну қажет.
Созылмалы іріңді орта отиттің болуы отоскопиялық деректермен (дабыл қуысынан бөлінетін, дабыл жарғағының перфорациясы), дабыл жарғағынан бөлінетінді микрофлораға себумен, самай сүйектерінің рентгенографиясымен, КТ-мен расталады.
38 тармақ 3) тармақшаға дабыл жарғағының біржақты тұрақты құрғақ перфорациялары, адгезивті орта отит, тимпаносклероз, операциядан кейінгі қуысты толық эпидермизациялау кезінде 12 және одан көп ай бұрын бір құлаққа радикалды операция жасалғаннан кейінгі жай-күй жатады.
Сүңгуірлер мен суастында жүзушілерге барофункцияны зерттеу барокамерада (рекомпрессиялы камерада) жүргізіледі. Сүңгуір мамандығына оқуға іріктелетін және оқитын, сондай-ақ суасты қайықтарында әскери қызмет өткеру үшін тағайындалатын адамдар, оларда есту түтігінің жақсы өткізгіштігі (І және ІІ дәрежелі барофункция) болған кезде жарамды, ал барофункцияның ІІІ дәрежелі тұрақты бұзылуымен жарамсыз деп танылады.
Құлақ барофункциясының тұрақты бұзылуы қайталанған зерттеулер деректері бойынша айқындалады.
Барофункцияның ІІІ дәрежелі тұрақты бұзылуы кезінде сүңгуір мен суасты жүзушілері әскери-есептік мамандығы бойынша қызмет өткеретіндердің жарамдылығы дербес айқындалады, ал барофункцияның ІV дәрежелі бұзылуы кезінде олар жарамсыз деп танылады.
Ортаңғы құлаққа радикалды немесе реконструктивті-қалпына келтіру операцияларынан кейін жақсы нәтижелері бар әскери қызметшілерге босату беріледі, ал азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кезде егер стационардан шыққаннан кейін 3 айдан кем өтсе, талаптардың 41-тармағы бойынша 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Операциядан кейінгі қуысты толық эпидермизациялау кезінде куәландыру осы тармақтың 3) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
39 | Вестибулярлық функцияның бұзылулары: | | | | |
1) тұрақты, елеулі байқалатын вестибулярлық бұзылулар | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) тұрақсыз, орташа байқалатын вестибулярлық бұзылулар | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) вестибулярлық тітіркенулерге тұрақты және шамалы байқалатын сезімталдық | Б | Б | А | ЖЗ |
Вестибулярлық бұзылулар кезінде тексеру деректері невропатологпен бірлесіп бағаланады.
39 тармақ 1) тармақшаға кенеттен айқын көрінген меньер тәрізді науқастанулар, сондай-ақ ұстамалары стационарлық тексеру кезінде байқалған және медициналық құжаттармен расталған вестибулярлық бұзылулардың басқа да түрлері жатады;
39 тармақ 2) тармақшаға ұстамалары қысқа мерзімде орташа байқалатын вестибулярлы-вегетативті бұзылумен өтетін меньер тәрізді науқастанулардың жағдайлары және вестибулярлық бұзылулардың басқа да түрлері жатады;
39 тармақ 3) тармақшаға вестибулярлық бұзылулар симптомдары және басқа да мүшелердің науқастанулары болмаған кезде тербеліске күрт жоғары сезімталдық жатады.
ӘТК-де әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселені шешу кезінде тербеліске дағдылану ескеріледі.
Тербеліс салдарынан әскери-есептік мамандық бойынша әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін жоғалту және кемінде бір жыл кезеңінде оң нәтижелер болмаған кезде (арнайы жаттығулардан және жорықтарға қатысудан) ӘТК-де әскери қызметке жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады.
Әскери-дәрігерлік комиссия ӘТК-де қызметке жарамсыздығы туралы қорытындыны вестибулярлық-вегетативті сезімталдықты зерттеу нәтижелеріне, үш жазықтықта отолит реакциясы тәжірибесіне, айналатын креслода немесе Хилов әткеншегінде тітіркенуді, Кориолис үдеулерінің үздіксіз кумуляциясы сынамасының сомалануы (кумуляциясы) нәтижелеріне негіздей отырып шығарады.
Вестибулометрия нәтижелері невропатологпен бірлесіп бағаланады. Вестибулярлық бұзылулардың уақытша сипаты көрсетілген кезде жан-жақты тексеру мен емдеу жүргізіледі.
ӘТК-ге іріктеу кезінде тербеліске төзімділік критерийі отолитті реакция зерттеулерінің немесе Кориолис үдеткішінің үздіксіз кумуляциясын сынау нәтижелері болады. Осы зерттеулер кезінде ІІІ дәрежелі вестибулярлы реакцияны беретін адамдар ӘТК-де қызметке жарамсыз.
Вестибулярлы функцияны зерттеу нәтижелерін бағалау ІІІ дәрежелі қорғаныстық қозғалыстарды ескере отырып жүргізіледі. Қарқынды вегетативті реакциялардың болмауы ӘТК-де қызметке жарамсыздығы туралы қорытынды шығаруға негіздеме бола алмайды, себебі вестибулярлы аппаратқа тітіркенудің осы реакциясы тұрақты болып табылмайды және әдетте тиісті жаттығулар кезінде жоғалып кетеді.
Парашютпен даярлыққа байланысты адамдарды медициналық куәландыру кезінде функционалдық жүктеме тестілерін қолдана отырып, вестибулярлы аппаратты зерттеу жүргізіледі. Өзгерістер (спонтанды нистагм, вестибулярлы-окулярлы және оптокинетикалық рефлекстердің және оларды басу реакцияларының ассиметриясы) айқындалған кезде олар парашютпен секірулер жасауға жарамсыз деп танылады.Патологиялық өзгерістер болмаған кезде вестибулярлы аппаратты зерттеу отолитті реакцияның үш есе тәжірибесімен немесе Кориолис үдеткішінің үздіксіз кумуляциясын сынаумен жүргізіледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
40 | Кереңдік, кереңдік-мылқаулық, естудің төмендеуі: | | | | |
1) екі құлаққа кереңдік немесе кереңдік-мылқаулық | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) бір құлаққа сыбырлап сөйлеуді қабылдамаған кезде және екінші құлаққа 3 метрге дейінгі ара қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде естудің тұрақты төмендеуі немесе бір құлаққа 1 метрге дейінгі ара қашықтықта және екінші құлаққа 2 метрге дейінгі ара қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде естудің тұрақты төмендеуі | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) бір құлаққа сыбырлап сөйлеуді қабылдамаған кезде және екінші құлаққа 3 метрден астам ара қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде естудің тұрақты төмендеуі немесе бір құлаққа 2 метрге дейінгі ара қашықтықта және екінші құлаққа 3 метрге дейінгі ара қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде естудің тұрақты төмендеуі | Д | Д | Б | ДЕРБ |
Талаптардың І, ІІ бағандары бойынша куәландырылатын адамдар үшін әскери қызмет өткеруге кедергі келтірмейтін сыбырлап сөйлеуді қабылдау бір құлаққа 2 м аспайтын арақашықтықта және екінші құлаққа 4 м аспайтын арақашықтықта немесе екі құлаққа 3 м аспайтын арақашықтықта айқындалады.
Екі құлақтың кереңдігін немесе кереңдік-мылқаулықты денсаулық сақтау мекемелері, ұйымдары немесе керең-мылқауларға арналған оқу орындары растайды. Кереңдік деп құлақ қалқаны алдындағы айқайды қабылдамау саналуы тиіс.
Естудің төмендеуі дәрежесін айқындау кезінде мынадай арнайы зерттеу әдістері жүргізіледі: сыбырлап сөйлеумен және сөйлеумен, камертондармен, құлақтың барофункциясын міндетті түрде анықтай отырып тондық шекті аудиометриямен.
Әскери қызметке жарамдылық санатын өзгертуді айқындайтын естудің төмендеуі кезінде көрсетілген зерттеулер бірнеше рет жүргізіледі (тексеру кезеңінде кемінде үш рет). Бір немесе екі құлаққа кереңдікке күмән келтірген кезде кереңдікті объективті айқындау тәсілдері мынадай: Барани сылдырмағын пайдалану, Говсеев, Попов, Штенгер, Хилов тәжірибелері.
Әскери қызметке жарамдылық санатын дербес бағалаған кезде әскери қызметшілердің нақты әскери қызмет жағдайлары, әскери бөлім қолбасшылығы мен дәрігерінің мінездемелері, байланыстың электроакустикалық құралдарын (телефон, радиобайланыс) пайдалану кезінде құлаққап арқылы естуді тексеру жолымен функционалдық зерттеу деректері ескеріледі.
Естудің тұрақты төмендеуі кезінде, егер сыбырлап сөйлеуді қабылдау бір құлаққа кемінде 6 м болса, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсушілер, сондай-ақ тәрбиеленушілер әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге және оқуға жарамсыз деп танылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
41 | Жіті науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан, құлақтың және емізік тәрізді өскінінің жарақатынан немесе хирургиялық емдеуден кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылулар | Г | Г | Г | Г |
Бір ортаңғы құлаққа радикалды операциядан кейін жақсы нәтижелері бар азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелу, мерзімді әскери қызметке шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кезде жасалған операциядан кейін 12 ай мерзімге әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін операциядан кейінгі қуыстың толық эпидермизациясы кезінде талаптардың 38-тармағының 3) тармақшасы бойынша қорытынды шығарылады.
9. Қан айналымы жүйесінің аурулары
Қан айналымы жүйесінің науқастанулары кезінде жүрек жеткіліксіздігі Нью-Йорк жүрек ассоциациясының (NYHA, 1964 ж.) жіктеуіне сәйкес функционалдық сыныптар бойынша, ал созылмалы жүрек функциясы жеткіліксіздігінің сатылары Стражеско-Василенко жіктеуіне сәйкес бағаланады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
42 | Жүректің созылмалы ревматиттік, ревматиттік емес аурулары кардиомиопатия, жүректің дегенеративті және дистрофиялы зақымданулары: | | | | |
1) ауыртпалығы жоғары дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) ауыртпалығы орта дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) ауыртпалығы төмен дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы | Б | Б | Б | ДЕРБ |
Жүректің қосжармалы және (немесе) басқа да қақпақшаларының (дәнекер тін дисплазиясының көріністері сияқты) алғашқы проллапсы кезінде азаматтарды медициналық куәландыру талаптардың 80-тармағы бойынша, ал жүректің қосжармалы және (немесе) басқа да қақпақшаларының қайталанған проллапсы кезінде (жүректің ишемиялық ауруы, миокардит, кардиомиопатия, жарақаттануы және басқа да науқастанулар кезінде қалыптасатын) осы тармақ бойынша жүргізіледі.
42 тармақ 1) тармақшаға:
СЖӘ ІІІ-ІV ФС жүрек-қан тамырлары жүйесінің науқастанулары;
жүрек жеткіліксіздігі болған немесе болмаған кездегі аралас (жүректің бірнеше қақпақшаларының зақымдануы) немесе құрамдас (жүректің бір қақпақшасының зақымдануы: тарылуы және жеткіліксіздігі) жүре пайда болатын жүрек ақаулары;
СЖӘ І-ІV ФС болған кезде оқшауланған аорталы жүрек ақаулары;
перикардтың ауқымды бітелуі;
сол жақ атриовентрикулярлық тесіктің оқшауланған тарылуы;
трикуспидальді қақпақшаның тарылуы;
өкпе артериясының тарылуы;
сол жақ қарыншадан шығатын жолдар бітелулері бар дилатациялық және рестриктивті кардиомиопатиялар, гипертрофиялық кардиомиопатия;
жүректің қақпақша аппаратына операциялық араласу салдары; жасанды ырғақ жүргізушінің имплантациясы;
науқастанулардың айқын байқалуына қарамастан, оларға әкеп соқтыратын өмірге қауіпті ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуларының жекелеген түрлері (қарыншалар фибрилляциясы, асистолия, пароксизмалы қарынша тахикардиясы, толық АV-блокада);
тұрақты, қиын емделетін жүрек ырғағының бұзылу түрлері (жүрекше фибрилляциясының тұрақты түрі, фибрилляцияның қайталанған пароксизмдері немесе жүрекшелер дірілі). Жүрек ырғағын қалпына келтіру үшін электрлі кардиоверсия қолданылады;
егер олар дәрі-дәрмекпен индукцияланбаса ЭКГ-да немесе ЭКГ тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша 3 секундтан астам үзіліске әкеп соқтыратын ырғақтың және өткізгіштіктің тұрақты бұзылулары;
Бругад синдромы;
жасанды жүректің қақпақшалары;
шағын емес миокард;
оң жақ қарыншаның аритмогенді дисплазиясы жатады;
42 тармақ 2) тармақшаға СЖӘ ІІ ФС қоса болатын жүрек науқастануларынан басқа мыналар жатады:
жүрек іші гемодинамикасының бұзылуымен жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІІ дәрежелі (9 мм және одан астам) пролапсы, жүректің қосжармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІ дәрежелі (6-8,9 мм) пролапсы;
І ФС созылмалы жүрек жеткіліксіздігі болған кезде оқшауланған жүре пайда болған жүрек ақаулары ( 1) тармақшада көрсетілгендерден басқа) жатады. СЖӘ-нің функционалдық сыныбы ЭхоКГ деректерімен (сол жақ қарыншаның диастолиялық немесе систолиялық дисфункциясы; сол жақ қарыншаның шығару фракциясы 54 пайыз және одан кем, сол жақ қарыншаның және (немесе) сол жақ жүрекшенің систолиялық және диастолиялық көлемдерінің ұлғаюы) және дене жүктемесіне төмендеген толеранттылықпен расталады;
1 ФС созылмалы жүрек жеткіліксіздігі болған кезде сол жақ қарыншадан шығу жолдарының бітелуінсіз гипертрофиялық кардиомиопатия;
жіті ревматитті безгектің қайталанған көріністері;
синусты түйін әлсіздігінің синдромы;
ырғақтың пароксизмалы бұзылулары бар тұрақты сипаттағы Q-T ұзартылған аралығының туа біткен және жүре пайда болған синдромы Q-T ұзартылған аралығы синдромының ЭКГ-критерийі болып оларды қабылдау Q-T аралығын ұзартуға әсер ететін, дәрілік заттарды қабылдамайтын, науқастардың тыныштықтағы ЭКГ-да Q-T аралығын 0,44 с астам түзетілген көлемі болып табылады.
жекелеген тұрақты, қиын емделетін ырғақтың бұзылу түрлері (фибрилляцияның жиі пароксизмдері немесе жүрекше дірілі, жылына 3 рет және одан жиі суправентрикулярлық тахикардияның жиі пароксизмдері жылына 3 рет және одан жиі, жиі политопты қарынша экстрасистолиясы, жұп қарынша экстрасистолиясы, соның ішінде стационарлық жағдайларда қайталанған емделудің нәтижесіздігі кезінде ЭКГ тәуліктік мониторингілеу деректері бойынша);