25 тармақ 3) тармақшаға:
бас және жұлын миының жарақаттық зақымдану салдары;
резидуалды энцефалопатия, тұрақты астениялық-невротикалық белгілермен және вегетативті-қан тамырлы тұрақсыздықпен ұштасатын, неврологиялық мәртебеде шашыраңқы органикалық белгілері (бассүйек иннервациясының ассиметриясы және анизорефлексия, сезімталдықтың жеңіл бұзылуы) айқындалатын, бассүйегі ішіндегі қысымның көтерілуі белгілерінсіз жарақаттық арахноидит;
органикалық зақымдану белгілерінсіз және функциялардың бұзылуынсыз бассүйектің бұрынғы жаншылған сынықтары;
жүргізілген емдеуден кейін ауырсыну белгілерінің оң динамикасының болмауы және ұзаққа созылған қайталанған декомпенсациясы жатады;
25 тармақ 4) тармақшаға:
жекелеген шашыраңқы органикалық белгілері бар болған кезде бас және жұлын миы жарақаттарының бұрынғы салдары, қозғалыс, сезімталдық, үйлестіру және нерв жүйесінің басқа да функцияларының бұзылуынсыз әлсіз айқын көрінген вегетативті-қан тамырлы тұрақсыздық және астенизацияның шамалы құбылыстары;
жүргізілген емдеуден кейін жай-күйдің жақсаруы, ауырсыну белгілерінің компенсациясы, әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетінің компенсациясы жатады.
Бас немесе жұлын миы жарақаты себебінен емделу фактісі немесе анамнезде оның салдары медициналық құжаттармен, ал еңбекке қабілеттілікке, әскери қызмет міндеттерін орындауға жарақат салдарының әсері жұмыс, оқу немесе әскери қызмет орнынан мінездемелермен расталады.
Бас миы жарақаты салдарынан пайда болған, әскери қызмет міндеттерін орындауды қиындататын айқын көрінген эмоционалдық-ерік және интеллектуалдық-мнестикалық бұзылу болған кезде талаптардың 14-тармағы бойынша куәландырылады.
Орталық нерв жүйесінің сыртқы факторлармен (радиация, төмен және жоғары температуралар, жарық, ауаның немесе судың, басқа да сыртқы себептердің жоғары немесе төмен қысымдары) зақымдануы салдары болған кезде функциялардың бұзылу дәрежесіне байланысты куәландыру осы тармақтың 1), 2), 3) немесе 4) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Бассүйектердің зақымданулары мен ақаулары болған кезде, осы тармақтан басқа, сондай-ақ талаптардың 81-тармағының тиісті тармақшалары қолданылады.
Бас немесе жұлын миының жіті жарақатына шалдыққан адамдарды медициналық куәландыру талаптардың 28-тармағы бойынша жүргізіледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
26 | Перифериялық нерв жүйесінің аурулары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | ДЕРБ |
Тармақ краниалды (бассүйек нервтерінің ІІ және VІІІ жұптарынан басқа), жұлын нервтерінің, түбіртектердің және ганглийлердің науқастанулары мен зақымдануларын (алғашқы және қайталанған) көздейді.
26 тармақ 1) тармақшаға:
айқын көрінген ауырсыну синдромы қоса болатын қозғалыстың, сезімталдықтың, трофиканың елеулі айқын көрінген бұзылуы қоса болатын (бір жақты үдеріс кезінде кенеттен айқын көрінген бұлшықеттер атрофиялары: иықтың - 4 см жоғары, білектің - 3 см жоғары, мықынның - 8 см жоғары, жіліншіктің - 6 см жоғары; созылмалы трофикалық жаралар, ойылулар) полиневриттер (полиневропатия), қабыну және уланудан туындаған плекситтер (плексопатиялар), перифериялық нерв ісіктері салдары (нерв жүйесі науқасының басталуынан 6 ай бойы және одан астам сақталатын неврологиялық симптомдар);
үзіліссіз жалғасатын стационарлық емдеуді қажет ететін (4 - 6 ай) қозғалыс, вегетативті-трофикалық бұзылумен ауыр, тұрақты ауырсыну синдромымен жиі (жылына 2 және көп) қайталанбалы және ұзақ ағымды құяңдар;
сәтсіз емделген кезде плекситтер мен үштік нерв невралгиясының ауыр түрлері жатады;
26 тармақ 2) тармақшаға:
негізгі функциясы орташа бұзылған кезде (мимикалық бұлшықеттердің тұрақты парезі, білезік функциясы бұзылған, қолды көтеру шектелген) перифериялық нервтердің және түйіндердің аурулары;
2 - 3 ай бойы үзіліссіз стационарлық және амбулаторлық емдеуді қажет ететін немесе стационарлық емдеуді қажет ететін жиі (жылына екі және одан көп рет) асқыну кезеңінде дененің шарасыз орналасуымен, нервтер ауруы қоса болатын созылмалы, қайталанатын құяңдар, плекситтер, невропатиялар, невриттер жатады;
26 тармақ 3) тармақшаға:
қарқынды емес қозғалыс, сезімталдық және трофикалық бұзылудың ұлғаюымен, сирек (жылына екі реттен кем) асқынулармен қайталанатын перифериялық нервтердің және түйіндердің аурулары;
аяқ-қол функциясын шамалы бұзатын, бұрын асқынуларға шалдығумен байланысты кенеттен емес айқын көрінген қалдықты бұзылу жатады;
26 тармақ 4) тармақшаға аяқ-қол функциясын бұзбайтын және қайта қалпына келетін, сезімталдықтың шамалы бұзылуы, шағын атрофиялар немесе бұлшықеттер күшінің әлсізденуі түрінде перифериялық жүйке ауруларының қалған құбылыстары жатады.
Перифериялық нерв жүйесінің қайталанған зақымданулары кезінде сондай-ақ аурулар кестесінің тиісті тармақтары қолданылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
27 | Перифериялық нервтердің жарақаттары және олардың салдары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | ДЕРБ |
27 тармақ 1) тармақшаға айқын көрінген және тұрақты қозғалыс, сезімталдық бұзылу, трофиканың (бір жақты үдеріс кезінде кенеттен айқын көрінген бұлшықеттер атрофиялары: иықтың - 4 см жоғары, білектің - 3 см жоғары, мықынның - 8 см жоғары, жіліншіктің - 6 см жоғары; созылмалы трофикалық жаралар, ойылулар), бұзылу болған кезде нерв сабақтарының және түйіндерінің жарақаттану немесе жаралану салдары, сондай-ақ айқын көрінген ауырсыну синдромы қоса болатын зақымдану салдары жатады;
27 тармақ 2) тармақшаға бұлшықеттер топтарынан немесе жекелеген бұлшықеттерден қол-аяқтың негізгі функциясы орташа бұзылатын нервтер мен түйіндері зақымдануларының салдары, бет нервтерінің негізгі сабақтарының немесе ірі тарамдарының зақымдануы салдарынан мимикалық бұлшықеттердің парезі жатады;
27 тармақ 3) тармақшаға аяқ-қолдың функциясы шамалы бұзылған кезде (білезіктің бүгілу күші төмендеген және оның сыртқы флексиясы шектелген кезде бір кәрі жіліктің немесе шынтақ нервтерінің зақымдануы) нервтердің, түйіндердің зақымдану салдары жатады;
27 тармақ 4) тармақшаға функциялары толық қалпына келген, ал қалған жеңіл құбылыстар зақымданған нервпен иннервацияланған сезімталдықтың минималды айқын көрінген бұзылуы немесе бұлшықеттердің сәл әлсізденуі түрінде қол-аяқ функциясын шектемейтін нервтердің зақымдану салдары жатады.
Перифериялық нервтердің жарақатынан немесе операциялық емделгеннен кейін әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін толық қалпына келтіруге кемінде 1 ай мерзім қажет болған кезде медициналық куәландыру талаптардың 28-тармағы бойынша жүргізіледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
28 | Жіті науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан орталық немесе перифериялық нерв жүйесінің жарақаттарынан немесе оларды хирургиялық емдегеннен кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу | Г | Г | Г | Г |
Тармақ жіті инфекциялы, паразитарлық және басқа да науқастанулардан, улану зақымдануларынан және нерв жүйесінің жарақаттарынан, сондай-ақ бас және жұлын миы тамырларының жіті науқастануларынан кейінгі жай-күйді көздейді.
Әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру қажеттігі туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы жіті серозды менингитке, кене энцефалитінің менингеалды түріне, менингококкты инфекцияның генерализденген түрлеріне (менингит, менингоэнцефалит, менингококкцемия) шалдыққаннан, емделу және ликворды санациялау аяқталғаннан кейін астениялық жай-күйдің нәтижесімен полирадикулоневриттердің аралас түрлері кезінде және одан кейін шығарылады. Менингококкты менингит кезінде лимфоциттер саны 75 пайыз және одан көп кезінде цитоздың 50 жасушадан төмен азаюы ликворды санациялау критерииі болып табылады. Жоғарыда аталған науқастануларға шалдыққан әскери қызметшілер оңалтуға жіберіледі.
Аталған науқастанулардың асқынбаған түрде өтуі кезінде және толық сауыққанда әскери қызметшілер босатылады.
Айқын көрінген клиникалық белгілері бар бас миының шайқалуына немесе бас миының соғылуына шалдыққан әскери қызметшілерді куәландыру кезінде науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығарылады. Науқастануы бойынша демалыстан кейін ӘТК-де, Аэроұтқыр әскерлерінде әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер қайта медициналық куәландыруға жатады.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде менингитке, менингоэнцефалитке шалдыққан азаматтар, егер емдеу аяқталғаннан кейін кемінде 6 ай өтсе, әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Резидуалды құбылыстар болмаған кезде немесе функциясының бұзылуымен ілеспейтін шашыраңқы органикалық белгілер болған кезде азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген, мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде талаптардың 22-тармағының 4) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Азаматтар мидың жіті жабық жарақатынан кейін әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген, мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кезде жарақаттың ауырлығына және функциясы бұзылуының айқын көрінуіне байланысты 6 немесе 12 айларға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Талаптардың ІІІ және ІV бағандары бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерге қатысты нерв жүйесі функциясының қайта қалпына келуімен немесе астениялық жай-күймен аяқталған ми қан айналымының жіті бұзылуына алғаш шалдыққаннан кейін науқастануы бойынша демалыс беріледі.
7. Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
29 | Қабақтың, жас шығу жолдарының, көз ұясының және конъюнктивалардың аурулары: | | | | |
1) екі көзде көру немесе қозғалыс функцияларының елеулі бұзылуымен қабақтың, көз ұясының немесе конъюнктиваның айқын көрінген анатомиялық өзгерістері немесе орналасу кемістіктері | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) бір көзде сол сияқты немесе екі көзде орташа айқын көрінген; бір немесе екі көзде кенеттен көрінген қабақтың, жас шығу жолдарының, көз ұясының, конъюнктиваның науқастанулары | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) қабақтың, көз ұясының немесе коньюнктиваның шамалы айқын көрінген анатомиялық өзгерістері немесе орналасу кемістіктері; бір немесе екі көзде қабақтың, жас шығу жолдарының, көз ұясының, конъюнктиваның орташа немесе шамалы айқын көрінген науқастанулары | Б | Б | А | А |
Тармақ туа біткен және пайда болған анатомиялық өзгерістерді немесе қабақтың орналасу кемістігін, қабақтың, жас шығу жолдарының, көз ұясының және көздің дәнекер қабығының науқастануларын көздейді. Әскери қызметке жарамдылық туралы қорытынды анатомиялық өзгерістердің айқын көріну дәрежесіне, науқастанудың өту ауырлығына, емдеу нәтижелеріне, көз функциясына байланысты шығарылады.
29 тармақ 1) тармақшаға:
егер олар көз қозғалысын елеулі шектесе немесе көруге кедергі келтірсе қабақтардың өзара немесе көз алмасымен қосылып өсуі;
көздің тітіркенуін туындататын қабақтардың қайырылып кетуі немесе кірпіктердің көз алмасы бағыты бойынша өсуі;
теріс айналуы, мүйізгек қабығының жабылуына кедергі келтіретін тыртықтық бұзылуы немесе қабақтардың орналасу кемшіліктері (птоздан басқа),
тұрақты лагофтальм жатады;
29 тармақ 2) тармақшаға:
тыртықтың пайда болуымен және қабақтар шеттерінің қасқалануымен кенеттен айқын көрінген жара блефариттері;
сәтсіз стационарлық емделген кезде жиі (жылына кемінде 2 рет) асқынулармен, гипертрофиямен және шырыш асты тіннің кенеттен айқын көрінген инфильтрациясымен созылмалы конъюнктивиттер;
конъюнктиваның созылмалы трахоматозды зақымдануы;
жас шығу жолдарының науқастанулары және бірнеше рет хирургиялық емдегеннен кейін емделмейтін көз функцияларының үдемелі бұзылуымен қанат тәрізді перденің қайталануы;
бұлшықеттердің қатаюы болмаған кезде үстіңгі қабақ бір көзде қарашықтың жартысынан көбін немесе екі көзде қарашықтың үштен бір бөлігінен аса жапқан кезде туа біткен немесе пайда болған птоз;
лакопротез енгізумен жас шығу жолдарына реконструктивті операциялардан кейінгі жай-күй жатады.
Көз функцияларының тұрақты бұзылуымен трахома салдары кезінде қорытынды осы бұзылуды көздейтін аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша шығарылады.
Жекелеген қабыршақты қабақ шеттерінің шамалы гиперемиясымен қарапайым блефарит, жекелеген фолликулдармен фолликулярлы конъюнктивит, қабақ бұрыштарында және конъюнктивті күмбездер саласында конъюнктиваның барқыт тәрізділігі, тегі трахоматозды емес конъюнктиваның жекелеген ұсақ үстіңгі тыртықтары, сондай-ақ конъюнктиваның, мүйізгектің басқа да өзгерістерінсіз және жыл бойы трахоматозды үдерістің қайталануынсыз трахоматоз текті конъюнктиваның тегіс тыртықтары, үдеу құбылыстарынсыз жалған және шынайы қанат тәрізді перде осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Көктемгі талаурау және конъюнктиваның басқа да аллергиялық зақымданулары кезінде айқын көріну дәрежесіне, науқастанудың өту ауырлығына, асқынулар жиілігіне және жүргізілген емделудің тиімділігіне байланысты медициналық куәландыру 29 тармақтың 2) немесе 3) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Әскери қызметшілерге қатысты жіті трахома себебінен емделгеннен кейін науқастануы бойынша демалыс беру қажеттігі туралы қорытынды шығарылмайды.
Емдеуді аяқтау қажет болған кезде талаптардың 36-тармағы бойынша 15 тәулікке әскери қызмет міндеттерін орындаудан босату туралы қорытынды шығарылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
30 | Склераның, қасаң қабықтың, шатыраш қабығының, цилиарлы дененің, көз бұршағының, көздің қан тамырлы қабығының, торқабықтың, шыны тәрізді дененің, көз алмасының, көру нервінің аурулары: | | | | |
1) көру функцияларының үдемелі төмендеуімен кенеттен көрінген немесе екі көзде жиі асқынумен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) бір көзде сондай немесе екі көзде орташа айқын көрінген | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) бір көзде сирек асқынумен орташа айқын көрінген, үдемейтін | Б | Б | Б | ДЕРБ |
Тармақ туберкулезді, дегенеративті, дистрофиялық және басқа текті созылмалы, қиын емделетін немесе емделмейтін науқастануларды көздейді.
Сирек асқынулармен (жылына кемінде 2 рет) аяқталған үдеріс кезінде немесе үдеріссіз өтетін, сондай-ақ тіндерді ауыстырғаннан кейін талаптардың
І, ІІ, ІІІ бағандары бойынша куәландырылушылардың әскери қызметке жарамдылық санаты көз функциясына байланысты аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша айқындалады.
Көз және оның қосалқысында жаңа өсінділер болған кезде, олардың сипатына байланысты медициналық куәландыру талаптардың 8 немесе 10-тармақтары бойынша жүргізіледі.
Көздердің функцияларын бұзбайтын қатерсіз ісіктері І-ІІ-ІІІ бағандар бойынша әскери қызметке жарамды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
РЗ, ИСК, ЗОҚ және ЭМӨ көздерімен қызмет ету (жұмыс істеу) үшін іріктелетін, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін (жұмыс істейтін) азаматтар қызметке (жұмысқа) жарамсыз.
30 тармақ 1) тармақшаға:
консервативті немесе хирургиялық емделмейтін және көрудің үдемелі төмендеуімен науқастанулар;
бір немесе екі көзде керапротездеуден кейінгі жай-күй;
көз функцияларына байланыссыз тапеторетинальды абиотрофиялар жатады.
Қараңғыға бейімделудің (гемералопия) бұзылуымен үйлесетін пигментпен немесе онсыз тор қабығының пигменттік дегенерациясы қараңғыда көруді зерттеудің бақылау әдістерін қолданып сағаттық адаптометрияны екі мәрте орындаумен расталады.
Екі көзде көру аймағының фиксациясы нүктесінен 30 градустан төмен деңгейіне дейін астынан және сыртынан (тік және көлденең меридиандар бойынша) тұрақты тарылуы кезінде талаптардың барлық бағандары бойынша қорытынды 30 тармақ 1) тармақша бойынша, бір көзде - 2) тармақша бойынша; екі көзде 30 градустан 45 градусқа дейін - 2) тармақша бойынша, бір көзде - 3) тармақша бойынша шығарылады.
30 тармақ 2) тармақшаға:
30 тармақ көздің ішкі қысымының жоғарылауымен ілесетін және стационарлық жағдайларда белгіленген созылмалы увеиттер, увеопатиялар; кератоглобус және кератоконус;
афакия, бір немесе екі көзде артифакия;
көздің көру функцияларының үдемелі төмендеуі кезінде көз түбінде дегенеративтік-дистрофиялық өзгерістердің (тор қабығының шеткі дегенерациясы, көптеген хориоретинальды ошақтары, артқы стафилома) болуы;
қабыну немесе дистрофиялық өзгерістерді тудырмайтын көз ішіндегі бөгде дене жатады.
Талаптардың І-ІІ бағандары бойынша куәландырылатындарда көз ішінде бөтен денелер болған кезде қорытынды 2) тармақша бойынша шығарылады.
Талаптардың ІІІ-ІV бағандары бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылығы санаты жараланғаннан кейін кемінде 3 айдан ерте емес айқындалады. Көздің жақсы функциялары кезінде (көру өткірлігі, көру аясы, қараңғыға бейімделу) қабыну құбылыстары және металлоз белгілері болмаған кезде көрсетілген әскери қызметшілер әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылады, бірақ танкілер, жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, броньды транспортерлері, экипаждары, зымыран әскери бөлімдерінің іске қосу қондырғылары құрамында және көлік құралдарының жүргізушілері ретінде, сондай-ақ дене дірілімен байланысты жұмыстарға жарамсыз.
Көру нервсінің атрофиясы кезінде көз функцияларына байланыссыз (көру өткірлігі, көру аясы) талаптардың І-ІІ бағандары бойынша куәландырылатындар әскери қызметке жарамсыз деп танылады, ал талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылығы санаты көз функцияларына байланысты айқындалады.
Мүйізгекке немесе склераға оптикалық түзету операцияларын жасатқан азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде, егер операциядан кейін кемінде 6 ай өтсе, әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Операциядан кейін олардың әскери қызметке жарамдылығы санаты көз функцияларының жай-күйіне және көз алмаларының ультрадыбыстық биометриясы нәтижелерін ескере отырып, құжаттық расталған операцияға дейінгі аметропия дәрежесіне байланысты аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша айқындалады.
Мүйізгекке оптикалық түзету операциясын жасатқан адамдар операциядан кейін асқынулар, мүйізгекте және көз түбінде дегенеративті-дистрофиялық өзгерістер болмаған кезде, сондай-ақ операцияға дейін құжатты расталған аметропия дәрежесі 3-6 қосымшаларда көзделгеннен жоғары болмаған жағдайда операциядан кейін бір жылдан ерте емес әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге жарамды.
Бір немесе екі көзде афакия, артифакия кезінде талаптардың І-ІІ бағандары бойынша куәландырылушы әскери қызметшілерге қатысты қорытынды 2) тармақша бойынша шығарылады, ІІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерге қатысты талаптардың 35-тармағы бойынша іс жүзінде түзетумен көру өткірлігіне байланысты шығарылады. Көрсетілген әскери қызметшілер әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге, Аэроұтқыр әскерлерінде, ӘТК-де әскери қызметке, танкілер, жаяу әскердің жауынгерлік машиналары экипаждары, көлік құралдарының жүргізушілері ретінде және дене дірілімен байланысты жұмыстарға жарамсыз.
Көз бұршағының таюы мен шала таюы афакия болып бағаланады. Егер осы көздің көру өткірлігі 0,4 және төмен төмендететін екінші көзде көз бұршағының қарауытуы бар болса, бір көздегі афакия екіжақты болып саналады.
Қуыстық лампамен зерттеген кезде ғана анықталатын көз бұршағы вакуоліндегі түстердің құлпыруы, құбылмалылығы, үйінділердің, дәндердің болуы, сондай-ақ көру өткірлігін төмендетпейтін көз бұршағының алдыңғы капсуласындағы туғаннан пигменттердің жиналуы, осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге, РЗ, ИСК, ЗОҚ, ЭМӨ көздерімен және лазерлік сәулеленумен жұмыс істеуге кедергі келтірмейді.
РЗ, ИСК, ЗОҚ, ЭМӨ көздерімен жұмыс істейтін адамдарда биомикроскопияда көз бұршағының (ұзақ бақылағанда олардың санының және көлемінің айтарлықтай ұлғаюы) артқы капсуласында қарауыту табылған кезде әскери-есептік мамандық бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылады.
Бір немесе екі көзде орталық және параорталық тұрақты абсолюттік скотомалар кезінде әскери қызметке, әскери-есептік мамандық бойынша қызметке жарамдылық санаты көз функциясына байланысты айқындалады.
Мерезден туындаған паренхиматозды кератиті бар адамдар талаптардың 6-тармағының 2) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
31 | Көздің тор қабығының сырылуы және жарылулары: | | | | |
1) екі көзде жарақаттық емес этиологияда | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) екі көзде жарақаттан кейінгі этиологияда | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) бір көзде кез келген этиологияда | Д | Д | Б | ЖЗ |
31 тармақ 1) тармақшаға олардың функцияларына (көру өткірлігі, көру аясы) қарамастан, екі көздегі тор қабықшасының жарақаттық емес сырылуы, сондай-ақ көз функцияларының үдемелі төмендеуі кезінде екі көздегі тор қабықшасының жарақаттық емес сырылуын сәтсіз қайта хирургиялық емдеу жағдайлары жатады.
Талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын офицерлер екі көзде жарақаттық этиологиядағы көздің тор қабығының сырылуына шалдыққаннан кейін көздің жақсы функциялары (көру өткірлігі, көру аясы) жағдайы кезінде дербес бағалау тәртібінде 31 тармақ 2) тармақша бойынша әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылады. Олар Аэроұтқыр әскерлерінде, ӘТК-де әскери қызметке, танкілер, жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, броньды транспортерлері, экипаждары, зымыран әскери бөлімдерінің іске қосу қондырғылары құрамында көлік құралдарының жүргізушілері ретінде, сондай-ақ дене дірілімен байланысты жұмыстарға жарамсыз.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
32 | Глаукома: 1) екі көзде даму және кейінгі сатыларында | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) бір көзде де сондай | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) бір немесе екі көзде глаукома алды алғашқы сатысында | Д | Д | Б | ЖЗ |
Глаукома диагнозы жүктеме сынамаларын қолдана отырып стационарлық тексеру жағдайларында расталады. Әскери қызметке жарамдылық санаты емдеуден кейін (дәрі-дәрмекпен немесе хирургиялық) көру мүшесінің үдерісін және функцияларын орнықтыру дәрежесін ескере отырып (көру өткірлігі, көру аясы, параорталықты скотомалардың болуы, соның ішінде жүктеме сынамалары кезінде, сондай-ақ көру нервісі дискісін экскавациялау) шешіледі.
Осы тармақ бойынша екінші рет глаукома болған адамдар куәландырылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
33 | Көз бұлшықеттерінің аурулары, серіктес қозғалыстың бұзылуы: | | | | |
1) диплопия болған кезде көз алмасының қозғалыс бұлшықеттерінің тұрақты парезі | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
2) диплопия болмаған кезде сол сияқты; бинокулярлық көру болмаған кезде серіктес қылилық | Б | Б | Б | ДЕРБ |
33 тармақ 1) тармақшаға көз ұясының жарақатынан кейін көз бұлшықеттерінің зақымдануымен тұрақты диплопиясы жатады. Егер диплопия қандай да бір науқастанулар салдары болып табылса, қорытынды негізгі науқастануы бойынша шығарылады.
Куәландырылатындарда көз алмаларының жан-жағына және жоғарыға қатты ауытқу кезінде ғана қосарлану болған кезде куәландыру 33 тармақ 2) тармақша бойынша, ал төмен қараған кезде 1) тармақша бойынша жүргізіледі.
33 тармақ 2) тармақшаға сондай-ақ көз алмасы бұлшықеттерінің айқын көрінген тербеліс түйілуі жатады.