Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
18 | Жеке тұлғаның және мінез-құлықтың бұзылуы: | | | | |
1) қайталанған ұзақ декомпенсацияға немесе патологиялық реакцияларға бейім айқын көрінген бұзылумен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) тұрақсыз компенсациямен орташа бұзылумен | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) тұрақты компенсациямен мінез-құлықтың және эмоцияның бұзылуы | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
18 тармақ адамның және мінез-құлықтың ерекше және басқа да, соның ішінде балалық шақта және жасөспірім жасында басталатын бұзылуды (психопатиялар, адамның патологиялық дамуы, психикалық инфантилизм, тикозды бұзылулардан басқа); мидың зақымдануымен немесе науқасымен байланысты емес созылмалы тұлғалық өзгерістерді; әдеттер мен еліткіштік бұзылуды; жыныстық ұқсастық бұзылуларын; сексуалдық талғамның бұзылуын; сексуалдық дамумен және бейімделумен байланысты психологиялық және мінез-құлық бұзылуын көздейді.
Тұлғаның бұзылулары бар азаматтарды медициналық куәландыру психиатриялық стационар жағдайларында тексергеннен кейін жүргізіледі.
Әскери қызметшілерді медициналық куәландыру стационарлық жағдайларда тексергеннен, жеке ісін, қызметтік және медициналық мінездемелерін зерделегеннен кейін жүргізіледі.
18 тармақ 1) тармақшаға ауыр декомпенсациялар кезінде стационарлық жағдайларда қайта және ұзақ емдеуді және (немесе) диспансерлік бақылауды талап ететін адамның және мінез-құлықтың бұзылуы, сондай-ақ коморбидті психиатриялық патология қоса болатын бұзылу жатады;
18 тармақ 2) тармақшаға тұлғалық бұзылудың орташа айқын көрінген түрлері, психопатиялар, аффективті кедергілермен, реактивті жай-күйдің жеңіл дамуымен, вегетативті нерв жүйесінің айқын байыпсыздығы белгілерімен адамның патологиялық дамуы (адамның және мінез-құлықтың компенсацияланған және тұрақсыз компенсацияланған (қызмет ету деңгейін төмендететін отбасылық, еңбек және әлеуметтік бейімделуді қиындататын бұзылуы) жатады. Сонымен қатар тұрақты және айқын көрінген патологиялық реакцияларға бейім психикалық инфантилизм және жыныстық ұқсастық пен сексуалдық талғамның бұзылуы жатады.
Осы тармақша бойынша транссексуалдықпен зардап шегетін және Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатында немесе жеке басын растайтын өзге де құжатта көрсетілген жынысын өзгерткен және (немесе) оларға қатысты жынысына гормоналды және (немесе) хирургиялық түзету жүргізілген азаматтар куәландырылады.
Нақты сыртқы факторлармен (инфекциялармен, уланулармен, жарақаттармен) себепті байланысқан, психопатиялық тәріздес жай-күйде болатын (адамның өзгеруі) адамдар нервті-психикалық патологияның нозологиялық түрлерін көздейтін аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша куәландырылады.
18 тармақ 3) тармақшаға медициналық ұйымдардан, оқу орындарынан, жұмыс орнынан құжаттармен расталатын, эмоционалдық-еріктің және басқа да патологиялық белгілерінің тұрақты (3 жылдан аса) компенсациясымен мінез-құлықтың және эмоциялардың шамалы айқын көрінген бұзылуы, әдетте балалық шақта және жасөспірім жасында басталатын (психикалық инфантилизм, адамның басқа да бұзылуы (транзиторлық, парциалды) мінез-құлық пен эмоциялардың аралас бұзылуы, сондай-ақ тұлғаның бұзылуы айқын көріну дәрежесіне жетпеген мінез-құлық ерекшеліктері жатады.
Нақты сыртқы зияндармен (инфекциялармен, уланулармен, жарақаттармен) себепті байланысқан, психопатиялық тәріздес жай-күйде болатын адамдар, еліткіш бұзылуы бар адамдар нервті-психикалық патологияның нозологиялық түрлерін көздейтін талаптардың тармақтары бойынша куәландырылады.
Белгіленген, қасақана мінез-құлық жағдайлары, адамның барлық патологиялық құрылымынан шықпаған тәртіпсіздік белгілері жеке тұлғалық бұзылудың белгілері болып бағаланбайды.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
19 | Психоактивті заттарды пайдаланумен байланысты психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары: | | | | |
1) айқын көрінген, тұрақты психикалық бұзылумен тәуелділік синдромы кезінде | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) орташа немесе шамалы психикалық бұзылумен тәуелділік синдромы кезінде; | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) маскүнемдіктің алғашқы белгілері кезінде | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
19 тармақ түрлі ауыр (тәуелділік синдромынсыз психоздар мен деменцияларға дейін зиянды заттарды асыра пайдалану), бірақ бұл ретте олар бір немесе бірнеше психоактивті заттарды пайдалану салдары болып табылатын психикалық және мінез-құлық бұзылуын көздейді.
Медициналық куәландыру стационарлық тексеруден кейін жүргізіледі.
19 тармақ 1) тармақшаға психоактивті заттарды пайдалану салдарынан туындаған айқын көрінген психикалық, мінез-құлық бұзылуы: жылына екі реттен көп госпитальға қайта жатқызумен ұзақ белсенді емдеуді және (немесе) диспансерлік бақылауды талап ететін, әлеуметтік бейімделуді тұрақты қиындататын созылмалы психикалық бұзылу (созылмалы маскүнемдік психоздар, созылмалы маскүнемдік, адамның айқын көрінген өзгерістерімен, интеллектуалды-мнестикалық бұзылумен нашақорлық пен уытқұмарлық) жатады;
19 тармақ 2) тармақшаға:
адамның орташа айқын көрінген өзгерістерімен жіті маскүнемдік психоздар, созылмалы маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық;
тұлғалық бұзылу, өзгерген реактивтілік пен тәуелділік құбылыстары болмаған кезде нашақорлықтың, уытқұмарлықтың алғашқы белгілері;
нашақорлық және уытқұмарлық заттарын асыра пайдалану (тәуелділік синдромы болмаған кезде психикалық және дене денсаулығы үшін айқын зиянды салдар қоса болатын психоактивті заттарды қайта пайдалану жағдайлары) жатады;
19 тармақ 3) тармақшаға жеке тұлғалық бұзылу, өзгерген реактивті құбылыстар және дене тәуелділігі болмаған кезде созылмалы маскүнемдіктің алғашқы белгілері жатады.
Денсаулық жағдайына талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын әскери қызметшілер, қолбасшылықтың пікірін ескере отырып, емделуге қатал ұстаным болған кезде әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылады.
Денсаулық жағдайына талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерде жүргізілген емдеуден кейін оң нәтиже болмаған және сауығуға ниеті болмаған кезде әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Алкогольді, есірткі заттарын, басқа да уытты заттарды психологиялық бұзылусыз, жеке немесе кездейсоқ пайдалану осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
20 | Ақыл-ой кемістігі: | | | | |
1) айқын көрінудің терең, ауыр және орташа дәрежесінде | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) айқын көрінудің жеңіл дәрежесінде | Д | Д | Д | ЖЗ |
20 тармақ 1) тармақшаға терең, ауыр және орташа ақыл-ой кемістігінің барлық түрлері жатады.
Интеллектінің елеулі және анық кемістіктері кезінде талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамсыздығы туралы мәселе стационарлық тексерусіз шешіледі.
20 тармақ 2) тармақшаға жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі жатады (ақыл-ой дамуының коэффициенті 50-69 диапазонында). Егер осы диагнозды белгілеу кезінде дәрігерлік тексеру нәтижелері куәландырылатынның мінез-құлқын сипаттайтын деректерге сәйкес келмесе тексеру стационарлық жағдайларда жүргізіледі.
6. Нерв жүйесінің аурулары
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
21 | Эпилепсия: | | | | |
1) жиі эпилептикалық талмалар немесе айқын көрінген психикалық бұзылулар болған кезде | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) ұстамадан тыс психикалық бұзылуларсыз жекелеген және сирек (тырысулармен және тырысуларсыз) эпилептикалық талмалар кезінде | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
21 тармақ эпилепсияны генерализденген немесе парциалды талмалармен, психикалық эквиваленттермен немесе адамның ерекше өзгерістерімен бас миының созылмалы науқастануы ретінде көздейді.
Симптоматикалық эпилепсия бұл тармаққа жатпайды. Бұл жағдайда куәландыру тырыспа синдромының дамуына әкеп соқтырған науқастану бойынша жүргізіледі.
Эпилептикалық талмалардың болуы дәрігерлік қадағалаумен расталады, медициналық емес құрамның лауазымды адамдары қол қойған және командирлер (бастықтар) бекіткен актілер жасалады, сондай-ақ көргендердің куәлігі назарға алынады, тұрғылықты жерінен, оқу орнынан, әскери қызмет орнынан деректер сұратылады. Көргендердің талманы және талмадан кейінгі жай-күйді сипаттауы, сұрау нәтижелері талманы эпилептикалық деп санауға немесе оны жоққа шығаруға негіздеме болады.
Жиі (жылына 3 және одан көп) талмалар немесе тырыспалы талмалардың психикалық эквиваленттері, сондай-ақ психиканың үдемелі бұзылуы болған кезде куәландыру осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Жекелеген сирек (жылына кемінде 3) талмалар, соның ішінде эквиваленттерсіз және эпилепсияға тән басқа да психикалық өзгерістерсіз, тырыспасыз пароксизмдер кезінде куәландыру осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Медициналық мекеменің құжаттарымен бұрын эпилептикалық талмалардың болуы расталған, бірақ соңғы бес жылда олар бақыланбаса, ал стационар жағдайларында тыныштықта электроэнцефалограммада тексеру кезінде немесе функционалдық жүктеме кезінде патологиялық өзгерістер (кез келген амплитудада пароксизмальды тіркелетін өткір және баяу толқындар, өткір және баяу тербеліс кешендері, жартылай шеңбер аралық ассиметрия) анықталған жағдайларда куәландыру осы 21 тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Бұрын әртүрлі сипаттағы бір мәрте талмаларда (эпилептикалық реакция) немесе әлсіз айқын көрінген және сирек туындайтын аз талмалар, тырысуларсыз пароксизмдер немесе көңіл-күйдің ерекше бұзылуы жағдайларында әскери қызметке жарамдылық санаты туралы мәселе тек стационарлық тексерілуден кейін шешіледі. Эпилептикалық пароксизмдері бар адамдар көлік құралдарын басқаруға, биіктікте, жылжымалы механизмдерде, отта және суда жұмыс істеуге жарамсыз.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
22 | ОНЖ-ның қабыну, демиелиндену аурулары және олардың салдары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен немесе тез үдемелі өтетін | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Д | Д | Б | ДЕРБ |
22 тармақ орталық нерв жүйесінің инфекциялық және паразитарлық ауруларын, жалпы инфекциялар, жіті және созылмалы уланулар кезінде бас миының немесе жұлынның зақымдануларын (менингококкты менингит, серозды менингит, полиомиелит, кене және маса вирустарының энцефалиттері, туберкулез, мерез кезінде нерв жүйесінің зақымданулары, демиелиндену аурулары) көздейді.
22 тармақ 1) тармақшаға:
қатты сал болумен немесе парездер, айқын көрінген қайталанған паркинсонизм, жиі (жылына 3 және одан көп) эпилептикалық талмалар, айқын көрінген кең таралған гиперкинездер, Кожевников немесе Джексон эпилепсиясының жиі талмалары, атаксикалық бұзылу, айқын көрінген гидроцефалия, айқын көрінген ликворлы гипертензия қоса болатын нерв жүйесінің аурулары;
көрудің бұзылуымен оптикалық-хиазмальдық арахноидит;
ұмытшақтық склероз;
сал немесе айқын көрінген парез құбылыстарымен миелитке шалдығу салдары;
ерте және кеш нейромерез кезінде нерв жүйесі зақымдануының ауыр түрлері, нерв жүйесінің паразитарлы зақымданулары жатады;
22 тармақ 2) тармақшаға орталық нерв жүйесі функциясының бұзылу дәрежесі бойынша әскери қызмет өткеруді шектейтін (бұлшықеттер күшінің төмендеуі, бұлшықет тонусының артуы түрінде орташа айқын көрінген гемипарезбен энцефалиттің, арахноидиттің қалдықты құбылыстары; орташа гидроцефалия, орташа ликворлы гипертензия), сондай-ақ жиі (жылына екі және одан көп рет) және ұзақ (әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар үшін кемінде 6 ай, әскери қызметшілер үшін кемінде 4 ай) ауырсыну бұзылуының декомпенсациясымен қалдықты құбылыстар және науқастанулар салдары жатады;
22 тармақ 3) тармақшаға емдеудің нәтижесіздігі кезінде вегетативті-қан тамырлы тұрақсыздықпен, астениялық-невротикалық белгілермен ұштасатын, функцияның шамалы бұзылуымен, жекелеген органикалық белгілермен орталық нерв жүйесінің зақымдану салдары және қалдықты құбылыстары жатады. Жай-күйі жақсарған және әскери қызмет міндеттерін орындау қабілеттілігінің компенсациясы кезінде медициналық куәландыру осы тармақтың 4) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Туберкулезді менингитке шалдыққан адамдар, ОНЖ функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша куәландырылады.
22 тармақ 4) тармақшаға астенизацияның шамалы құбылыстары, вегетативті-қан тамырлы тұрақсыздығы және жекелеген тұрақты шашыраңқы органикалық белгілері болған кезде, қозғалыстың, сезімталдықтың, үйлестірудің және нерв жүйесінің басқа да функцияларының бұзылуы қоса болмайтын нерв жүйесінің зақымдану салдары және қалдықты құбылыстары жатады.
Осы тармақта көрсетілген бұзылудың болуы жұмыс, оқу немесе әскери қызмет орнынан еңбекке қабілеттілігіне немесе әскери қызмет міндеттерін орындауға көрсетілген бұзылудың ықпалы туралы медициналық құжаттармен, мінездемелерден мәліметтермен, ал диагнозы клиникалық және арнайы зерттеулердің нәтижелерімен расталады. Бұл ретте әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген, мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде азаматтардың әскери қызметке жарамдылығы санаты туралы қорытынды тек стационарлық тексерілуден кейін шығарылады.
Жұлын-ми сұйықтығы қысымының көрсеткіштерінен басқа (дене көлденең орналасқан кезде жұлын-ми қысымының нормасы су бағанымен 70-тен 200-ге мм дейін тербеледі, жоғары: 200-ден 300-ге дейін шамалы, 300-ден 400-ге дейін орташа, 400 және одан жоғары күрт), бассүйек ішіндегі гипертензия синдромының айқын көрінуін бағалаған кезде науқастану клиникасы, окклюзивті-гидроцефальды пароксизмдердің, көз түбінде іркілген өзгерістердің болуы эхоэнцефалоскопия деректері, КТ немесе МРТ деректері бойынша мидың қарыншалы жүйесінің ұлғаю дәрежесі ескеріледі.
Бас миының органикалық зақымдануына, жұқпалы науқастануға немесе улануға шалдығу салдарынан пайда болған, айқын көрінген эмоционалдық-ерікті немесе интеллектуалды-мнестикалық бұзылуы бар адамдар талаптардың 14-тармағы бойынша куәландырылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
23 | Орталық нерв жүйесінің органикалық, тұқым қуалайтын-дегенеративті аурулары және нерв-бұлшықет науқастанулары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен немесе тез үдемелі өтетін | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен немесе баяу үдемелі өтетін | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
23 тармақ церебральды дегенерацияларды, Паркинсон ауруын, басқа да экстрапирамидалы ауруларды, жұлын-церебеллярлық дегенерацияларды, бас және жұлын миының ісіктерін, балалық церебральды салды, туа біткен кемістіктерді (даму кемістіктерін), нерв-бұлшықет ұштасуларының және бұлшықеттердің ауруларын, сондай-ақ орталық нерв жүйесінің басқа да ауруларын (гидроцефалия, церебральды өскін және өзгелер) көздейді.
23 тармақ 1) тармақшаға жүйке жүйесінің туа біткен ауыр кемістіктері (даму кемістіктері) және аурулары, сондай-ақ тез үдемелі ағыммен немесе функциясының кенеттен бұзылуымен аурулар жатады (бас миының немесе жұлынның ісіктері, трофиканың кенеттен айқын көрінген бұзылуымен сирингомиелия, бүйір амиотрофикалық склероз, миастения, невральды амиотрофия, Фридрейхтың жұлын атаксиясы, Пьер-Маридің мишықты атаксиясы, балалар церебральды салы, миотония, миопатия) жатады;
23 тармақ 2) тармақшаға симптомдардың баяу, ұзақ уақыт бойы (бір жылдан кем емес) өтетін ұлғаюымен сипатталатын аурулар (бұлшықеттердің шамалы атрофиясымен және сезгіштіктің жеңіл бұзылуымен сирингомиелия, бассүйек іші гипертензиясы синдромымен краниостеноз) жатады;
23 тармақ 3) тармақшаға науқастанудың объективті белгілері шамалы дәрежеде айқындалған кезде нерв жүйесінің аурулары, өте баяу үдемелі миотонияның жеңіл түрлері (сезгіштіктің кенеттен емес айқын көрінген үйлеспеген бұзылуымен, бұлшықеттердің және трофикалық бұзылудың атрофиясынсыз сирингомиелия) жатады.
Бас миының және жұлынның қатерсіз ісіктерін радикалды алып тастағаннан кейін куәландыру функциялардың бұзылу дәрежелеріне байланысты осы тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
24 | Бас, жұлын миы қан тамырларының науқастанулары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен; ми қан айналымының жиі өтпелі бұзылуы | Е | Е | Д | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен; ми қан айналымының сирек өтпелі бұзылуы; орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану белгілерінсіз жиі талмалар болған кезде | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану белгілерінсіз сирек талмалар болған кезде | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
24 тармақ субарахноидты, миға қан кетулерді, басқа да бассүйекке қан кетулерді, ми инфарктісін, мидың транзиторлы ишемиясын, бас, жұлын миы қан тамырларының зақымдану салдарын көздейді.
24 тармақ 1) тармақшаға:
функциялардың бұзылу дәрежесіне қарамастан қайталанған инсульттар;
талаптардың І, ІІ, ІІІ бағандары бойынша куәландырылатындарға қатысты қайталанған субарахноидты қан кетулер (этиологиясына қарамастан);
церебральды немесе жұлын миы қан айналымының жіті бұзылуы салдарынан пайда болған нерв жүйесі функцияларының тұрақты төмендеуі;
ІІІ сатылы дисциркуляторлы энцефалопатия (гемиплегиялар, терең парездер, сөйлеу, ес, ойлау бұзылуы, паркинсонизм құбылыстары, эпилептикалық талмалар, жамбас мүшелері функцияларының бұзылуы);
талаптардың І - ІІ бағаны бойынша куәландырылушыларда бас миының спонтандық (жарақаттық емес) субарахноидты қан кетулері;
операциялық емделуден бас тартқан немесе операция жасау мүмкін емес болған кезде, ми қан айналымы бұзылуының қалған құбылыстары айқын көріну дәрежесіне және нерв жүйесінің функцияларына қарамастан ми қан айналымының бұзылуына себеп болған бас миы және жұлын қан тамырларының аневризмалары мен артериялық-венозды мальформациялары жатады;
24тармақ 2) тармақшаға:
оларды қан айналымынан шығарғаннан кейін, көптеген артериялық аневризмдер;
эмболизациялаудан, жасанды тромбылау немесе интракраниалды алып тастаудан кейін артериялық-венозды аневризмдер;
орташа өтетін және ошақтық төмендеулер орташа айқын көрінген бас немесе жұлын миының қан тамырларының зақымданулары;
церебральды атеросклероз кезінде ІІ сатылы дисциркуляторлы энцефалопатия (күйзеліске бейім, бас аурулары, бас айналу, ұйқының бұзылуы, әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетінің төмендеуі, орталық нерв жүйесі тарапынан жекелеген тұрақты органикалық белгілер болған кезде эмоционалдық-ерік ортасының бұзылуы, анық анизорефлексия, қарашықтың жарыққа солғын реакциясы, пирамидалық симптомдар, сезгіштіктің бұзылуы, үйлесімнің бұзылуы);
ми қан айналымының жиі (жылына 3 және одан көп рет) өтпелі бұзылуы (мидың транзиторлық ишемиялары, гипертониялық церебральды криздер);
сезгіштіктің бұзылуы немесе аяқ-қолдардың жеңіл парезі түріндегі жұлын қан айналымының бұзылу салдары;
талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылушыларда бас миының спонтандық (жарақаттық емес) субарахноидты қан кетулері жатады.
Бас миы тамырларының аневризмі, басқа да бас немесе жұлын миы тамырларының зақымданулары себебінен операция жасалған адамдардың әскери қызметке жарамдылығы санатын бағалау кезінде операция радикалдылығы, оның тиімділігі, бассүйектеріне операция жасаудан кейінгі кемістіктерінің көлемі, бұзылған функциялардың компенсация динамикасы ескеріледі.
Бас миы тамырларының аневризмі, басқа да бас немесе жұлын миы тамырларының зақымданулары себебінен хирургиялық емдеуден кейін талаптардың І, ІІ бағандары бойынша куәландырылушыларға қатысты қорытынды осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша, ал ІІІ баған бойынша куәландырылушыларға қатысты операция радикалдылығына, оның тиімділігіне, бассүйектеріне операция жасаудан кейінгі кемістіктерінің көлеміне, бұзылған функциялардың компенсация динамикасына байланысты 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша шығарылады. Бассүйектердің кемістіктері болған кезде талаптардың 81-тармағының тармақшалары қолданылады.
24 тармақ 3) тармақшаға:
бассүйек ішін клиппирлеуден немесе баллонға қосу немесе жасанды тромбылау көмегімен қан айналымынан ажыратқаннан кейін жеке артериялық аневризмдер;
бір тәуліктен артық емес тұрақтайтын және нерв жүйесі функцияларының бұзылуынсыз немесе бар бұзылудың тереңдеуінсіз өтетін, орталық нерв жүйесі тарапынан тұрақсыз ошақтық симптомдар (парездер, парестезиялар, сөйлеу бұзылуы, мишықтық құбылыстар) қоса болатын ми қан айналымының сирек (жылына 2-ден көп емес) өтпелі бұзылуы (мидың транзиторлық ишемиялары, гипертониялық церебральды криздер);
ми қан айналымы жеткіліксіздігінің алғашқы белгілері және стационарлық немесе амбулаторлық жағдайларда емделуді талап ететін псевдоневротикалық синдром (эмоциялық тұрақсыздық, ашушаңдық, есте сақтаудың нашарлауы, бас ауруы, бас айналу, ұйқының бұзылуы, құлақтағы шу) түріндегі І сатылы дисциркуляторлы энцефалопатия;
медициналық құжаттармен және динамикалық бақылаумен расталған, стационарлық жағдайларда емдеуді талап ететін (диагнозды растау үшін ангиобағдарламамен бас миына МРТ жүргізу міндетті) жиі (жылына 3 және одан көп) және ұзақ бас сақинасы ұстамалары бар бас сақинасының кез келген түрлері;
құжаттармен расталған, мидың жіті қан аздығымен айқындалатын жиі (айына бір және одан көп рет) криздермен соматоформды вегетативті дисфункция (вегетативті-қан тамырлы дистония) жатады;
24 тармақ 4) тармақшаға құжаттармен расталған, мидың жіті қан аздығымен айқындалатын (қарапайым және тырыспалы талулар), сирек криздермен (айына 1 реттен көп емес) соматоформды вегетативті дисфункция (вегетативті-қан тамырлы дистония) жатады.
Талмалары бар адамдар тереңдетілген медициналық тексерілуге және емделуге жатады.
Вегетативті нерв жүйесінің бұзылуы қоса болатын, мақсатты бағытталған тексеру басқа науқастануларды айқындамаған кезде соматоформды вегетативті дисфункция (вегетативті-қан тамырлы дистония) диагнозы қойылады. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру кезінде азаматтар және әскери қызметшілер, басқа науқастанулар немесе бұзылу (инфекциялар, жарақаттар, уланулар) салдарынан талмалар болған кезде аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша куәландырылады. Талмалары бар адамдар көлік құралдарын басқаруға, биіктікте, жылжымалы механизмдерде, отта және суда жұмыс істеуге жарамсыз.
Талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатын келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты, ми қан айналымының өтпелі бұзылуына шалдыққаннан кейін ОНЖ-ның функциялары толық компенсацияланған кезде талаптардың 28-тармағы бойынша босату немесе науқастануы бойынша демалыс беру қажеттігі туралы қорытынды шығарылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
25 | Бас, жұлын миының жарақаттары және олардың салдары. Орталық нерв жүйесінің сыртқы факторлары әсерінен зақымдануларының салдары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | Б | ДЕРБ |
Бұл тармақ бас, жұлын миының қазіргі және бұрынғы (жарақат алған сәттен бір немесе одан көп жылдан кейін) жарақаттары салдарын, орталық нерв жүйесінің жарақаттық зақымдануларының асқынуларын, сондай-ақ ауадағы жарылыс толқынынан және басқа да сыртқы факторлардың әсерінен жарақаттар салдарын көздейді.
25 тармақ 1) тармақшаға:
бас және жұлын миы функциясының ауыр бұзылуымен жарақаттық зақымдану салдары (тұрақты параличке немесе терең парездерге, жамбас мүшелері функциясының бұзылуына әкеп соқтыратын миды соғып алу және жаншылуы);
ми затының зақымдану нәтижесі кезінде қыртыстық функциялардың бұзылуы басталатын жай-күй (афазия, агнозия, апраксия, амнестикалық синдром);
жарақаттан кейінгі арахноидит, бассүйек ішіндегі қысымының кенеттен көтерілуіне немесе жиі (жылына 3 және одан көп) эпилептикалық талмаларға әкеп соқтыратын гидроцефалия жатады;
25 тармақ 2) тармақшаға 1) тармақшада көзделген ошақтық симптомдар мен функциялардың бұзылуы айқын көріну дәрежесіне жетпеген кезде бас немесе жұлын миы жарақаттарының салдары: аяқ-қолдың функциясын орташа шектейтін парез; жүру кезінде тұрақсыздық, нистагм, сезімталдық бұзылу түрінде орташа айқын көрінген мишықтық бұзылу; орташа айқын көрінумен немесе бассүйек ішіндегі қысымның шамалы көтерілуімен, сирек (жылына 3 реттен аз) эпилептикалық талмалармен жарақаттық арахноидит, гидроцефалия жатады;