жақын туыстарында медициналық құжаттамамен расталған меланома жағдайлары болған кезде көптеген қалдар (50-ден астам);
әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюмен байланысты жарақаттануы мүмкін аймақтарда оларды оқшаулау кезінде қабыну және (немесе) жалақтану белгілерімен жиі жарақаттанатын қалдар (жарақаттану фактілерін медициналық құжаттармен растаумен) жатады.
10 тармақ 3) тармақшаға сондай-ақ операциялық емдеуді қажет ететін әйел жыныс мүшелерінің ісіктерін жатқызу қажет: клиникалық белгілерінсіз 10-11 апталық жүктілікке сәйкес келетін өлшемі бар жатыр миомалары, диффузды мастопатия, консервативті емдеудің жақсы клиникалық нәтижесімен шектес мүшелердің зақымдануы болмаған кезде жатыр аденомиозы, жатыр мойнының эрозиялары мен дисплазиялары; цервикальды арнаның полиптері; қынаптың өскіндері мен фибромалары.
10 тармақ 4) тармақшаға:
мүшелер мен жүйелер функцияларының бұзылуы қоса болмайтын, әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюді қиындатпайтын қатерсіз ісіктер немесе оларды радикалды емдеу салдары;
операциялық емдеуді қажет етпейтін сүт безінің, жатырдың, аналық бездің және басқа да әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктері жатады.
Функциясын бұзбайтын жатыр мойнының эрозиялары мен дисплазияларын, цервикальды арнаның полиптерін, бартолин бездерінің өскіндерін, қынаптың өскіндері мен фибромаларын радикалды хирургиялық емдеу салдары осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды.
10 тармақ 4) тармақшада көрсетілген жаңа өскіндер әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі келтірмейді.
Қатерсіз ісіктер себебінен операциялық емдеуден кейін стационарлық жағдайларда емделу аяқталғаннан кейін функцияны толық қалпына келтіру үшін кемінде 1 ай мерзім қажет болған кезде 10 тармақтың 4) тармақша бойынша науқастануы бойынша демалыс беруге мұқтаждығы туралы қорытынды шығарылады.
Бас және жұлын миының қатерсіз ісіктері бар адамдар талаптардың 23-тармағы бойынша, перифериялық нерв жүйесінің қатерсіз ісіктерімен - талаптардың 26-тармағы бойынша куәландырылады.
Папиломалардың, пигментті қалдардың болуы 10 тармақтың 2) тармақшада көрсетілген қалдарды қоспағанда, осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды.
3. Қан, қан түзетін мүшелердің аурулары және қорғаныш тетігін туындататын жекелеген бұзылулар
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
11 | Қан және қан түзетін мүшелердің аурулары, иммундық тапшылықты жай-күй: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен тез үдемелі | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) қан құрамының елеулі өзгерістерімен және жиі асқынулармен баяу үдемелі | Е | Е | Д | ЖЗ |
3) қан түзетін жүйе функциясының орташа бұзылуымен және сирек асқынулармен баяу үдемелі | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) қанның жүйелі емес ауруларынан кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы | Г | Г | Г | Г |
11 тармақ 1) тармақшаға:
мамандандырылған бөлімшеде (стационарда) тексеру кезінде белгіленген апластикалық анемиялар, қан кетулер, қан ағулар қоса болатын тромбоцитопатияның, гемофилияның, коагулопатияның тұқым қуалаушы түрлері, сондай-ақ инфекциялық асқынулардың жиі қайталануы қоса болатын пайда болған немесе туа біткен тұрақты иммундық тапшылық жай-күй (АИТВ-ны тудыратын аурудан басқа);
спленэктомиядан шамалы нәтиженің болуы немесе емдеуден нәтиженің болмауы жатады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер жүргізілген емдеудің жеткіліксіз тиімділігі кезінде 11 тармақ 1) тармақшасы бойынша, жақсы нәтижемен спленэктомияға шалдыққандар - 11 тармақ 2) тармақшасы бойынша, тек глюкокортикоидты терапиямен ремиссияға қол жеткізген кезде - 11 тармақ 3) тармақшасы бойынша куәландырылады.
11 тармақ 2) тармақшаға қиын емделетін және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді қайта (үш және одан астам) госпитальға жатқызуды талап ететін созылмалы анемия жатады.
11 тармақ 3) тармақшаға:
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердегі орта, ауыр дәрежелі созылмалы темір тапшылығы анемиясы;
геморрагиялық белгілерсіз орташа айқын көрінген және демеуші гормондық терапия жүргізу үшін медициналық көрсеткіштер болмаған кезде аутоиммунды тромбоцитопениялық бөртпенің созылмалы баяу үдемелі ағымы жатады.
11 тармақ 4) тармақшаға келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер шалдыққан глюкокортикоидті терапиядан немесе спленэктомиядан жақсы нәтижемен аутоиммунды тромбоцитопениялық бөртпе эпизоды жатады.
Виллебранд ауруы кезінде функцияның бұзылу дәрежесіне және науқастанудың ағымына байланысты куәландыру 11 тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша жүргізіледі.
Инфекциялық асқынулардың жиі (үш рет және одан астам) қайталануы қоса болатын тұрақты иммундық тапшылық жай-күйі кезінде (адамның иммундық тапшылығы вирусынан туындаған аурулардан басқа) куәландыру 11 тармақтың 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Басқа да иммундық тапшылық жай-күйі, қан түзетін жүйенің, басқа да мүшелердің патологиялық өзгерістері қоса болатын саркоидоз кезінде әскери қызметке және әскери-есептік мамандық бойынша қызметке жарамдылық санаты зақымданған мүше немесе мүшелер жүйесі функцияларының бұзылу дәрежесіне байланысты аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша айқындалады.
4. Эндокринді жүйенің аурулары, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
12 | Эутиреоидты зоб: 1) жақын жатқан мүшелер функцияларының бұзылуын туындататын | Д | Д | Д | ЖЗ |
2) әскери киім нысанын киюді қиындататын | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) әскери киім нысанын киюді қиындатпайтын | Б | Б | А | ДЕРБ |
Осы тармақта көзделген науқастанулар анықталған кезде мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға дәрі-дәрмекті терапия курсы жүргізіледі. Емдеудің оң нәтижелері кезінде талаптардың 13-тармағының 4) тармақшасы бойынша куәландырылатындар 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Егер 12 айдан кейін емдеуден оң қарқын болмаса (эндокринді бездің көлемі кішіреймейді, оның функциясы қалпына келмейді), консервативті емделуді жалғастыру үшін азаматтар осы тармақ бойынша қайта 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Жақын жатқан мүшелердің функцияларын бұзуды тудыратын немесе әскери киім нысанын киюді қиындататын зоб себебінен операциялық емдеуден бас тартқан кезде көрсеткіштер болған кезде немесе емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері кезінде медициналық куәландыру 12 тармақтың 1) немесе 2) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Тұрақты эндокринді бұзылу болған кезде куәландыру функциялардың бұзылу дәрежесіне байланысты талаптардың 13-тармағы бойынша жүргізіледі.
Эндокринді без функциясының бұзылуынсыз І дәрежелі эндемиялық зоб осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
13 | Эндокринді жүйенің басқа да аурулары, тамақтанудың және зат алмасудың бұзылуы: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен, ІІІ дәрежелі семіздік | Д | Д | В | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен, ІІ дәрежелі семіздік | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу болған кезде жіті науқастанудан, созылмалы науқастанудың асқынуынан немесе хирургиялық емделуден кейінгі жай-күй | Г | Г | Г | ЖЗ |
5) дененің жеткіліксіз салмағы, І дәрежелі семіздік | Б | Б | Б | ДЕРБ |
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеген, мерзімді әскери қызметке шақырған кезде 13 тармақ 1) немесе 2) тармақшаға жататын науқастанулар алғаш рет анықталған кезде азаматтарды медициналық куәландыру стационарлық жағдайларда тексергеннен және емдегеннен кейін жүргізіледі, ал 13 тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларына жататындарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді мамандандырылған эндокринологиялық диспансерлер (орталықтар) жағдайларында амбулаторлық, ал қажет болған кезде тексеру және емдеу стационарлық жағдайларда жүргізіледі.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтар және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер тексеруден кейін амбулаторлық жағдайларда куәландырылады.
13 тармақ 1) тармақшаға:
гипофиз, бүйрек безі, эндокринді және жыныс бездері науқастанулары, сондай-ақ талаптардың 12-тармағына кірмеген функцияларының елеулі бұзылуымен, дәрі-дәрмекті терапия аясында клиникалық-гормональды субкомпенсация немесе декомпенсация жай-күйіндегі эндокринді без науқастанулары;
орнына қолданылатын терапия аясында клиникалық-гормональды субкомпенсация немесе декомпенсация жай-күйіндегі эндокринді безге (операциялық, соның ішінде ішінара алып тастау, сәулелік терапия және басқалар) медициналық процедуралардан кейінгі жай-күй;
дәрі-дәрмекті терапия аясында клиникалық-гормональды субкомпенсация немесе декомпенсация жай-күйіндегі эндокринді мүшелер функцияларының шамалы бұзылуымен генетикалық синдромдар;
1-типті қант диабеті;
ұдайы инсулиндік терапияны, соның ішінде қантты төмендететін таблеткалы препараттарды аралас тағайындауды талап ететін 2-типті қант диабеті;
ұдайы инсулиндік терапияны тағайындауды талап етпейтін (гипергликемия деңгейіне және емдеу сипатына қарамастан), мынадай асқынулардың ең болмаса біреуі болған кезде: препролиферативті және пролиферативті ретинопатия (көзді зақымдаумен), созылмалы бүйрек функциясының жеткіліксіздігі дамитын диабеттік нефропатия (бүйректі зақымдаумен), автономды (вегетативті) нейропатия (неврологиялық асқынулармен), трофикалық жаралар, табан гангренасы, невропатиялық ісінулер, остеоартропатия (диабеттік табан синдромы) ретінде пайда болатын аяқтардың диабеттік ангиопатиясы (перифериялық қан айналымын зақымдаумен), сондай-ақ қайталанатын гипогликемиялық және кетоацидодты жай-күй, гипогликемиялық және диабеттік есінен тану кезінде 2-типті қант диабеті жатады.
13 тармақ 2) тармақшаға:
гипофиз, бүйрек безі, эндокринді және жыныс бездері науқастанулары, сондай-ақ талаптардың 12-тармағына кірмеген функцияларының орташа бұзылуымен, дәрі-дәрмекті терапия аясында клиникалық-гормональды компенсация жай-күйіндегі эндокринді бездің науқастанулары;
орнына қолданылатын терапия аясында клиникалық-гормональды компенсация жай-күйіндегі эндокринді безге (операциялық, соның ішінде ішінара алып тастау, сәулелік терапия және басқалар) медициналық процедуралардан кейінгі жай-күй;
дәрі-дәрмекті терапия аясында клиникалық-гормональды субкомпенсация немесе декомпенсация жай-күйіндегі эндокринді мүшелер функцияларының орташа бұзылуымен генетикалық синдромдар;
көмірсутек алмасуды қалпына келтіруге диетотерапия аясында қантты төмендететін таблеткалы препараттарды ұдайы қабылдаумен ғана қол жеткізілетін 2-типті қант диабеті;
бір тәулік ішінде гликемия 8,9 ммоль/литрден асатын және (немесе) гликозилденген гемоглобин 7,5 пайызды құрайтын 2-типті қант диабеті;
пролиферативті емес ретинопатия, 3 (микроальбуминуриялық) немесе 4-сатылы (протеинуриялық) нефропатия, орташа айқын көрінген перифериялық невропатия және ангиопатия болған кезде көмірсутек алмасуды қалпына келтіруге ұдайы диетотерапияны тағайындаумен қол жеткізілетін 2-типті қант диабеті;
ІІІ дәрежелі экзогенді-конституционалдық семіздік;
ұдайы емделуді, арнайы тамақтануды, еңбек пен демалыстың арнайы режимін сақтауды талап ететін зат алмасудың бұзылуы (фенилкетонурия, галактоземия, гликогеноз, Вильсон-Коновалов ауруы, Гоше ауруы және басқалар) жатады.
Мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде азаматтарда ІІ дәрежелі экзогенді-конституционалдық семіздік алғаш анықталған кезде олар 13 тармақтың 4) тармақшасы бойынша 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады, ал семіздікті сәтсіз емдеген кезде медициналық куәландыру 13 тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
13 тармақ 3) тармақшаға:
диффузды уытты зобтың жеңіл емделетін түрлері (жеңіл невроз тәрізді симптоматика, толеранттылықтың дене жүктемесіне төмендеуі, тамыр соғысының минутына 100-ге дейін соғуы, І-ІІ дәрежелі эндокринді бездің ұлғаюы кезінде негізгі алмасудың жоғарылауы 30 пайыздан аспайды);
терапияны тағайындауды талап етпейтін, клиникалық-гормональдық компенсация кезінде эндокринді безге медициналық процедураларды (операциялық алып тастау, соның ішінде ішінара, сәулелік терапия және басқалар) жасағаннан кейінгі жай-күй;
көмірсутек алмасуды қалпына келтіруге ұдайы диетотерапияны тағайындаумен қол жеткізілетін, ал гликемия тәулік бойы 8,9 ммоль/литрден аспайтын және (немесе) кеш асқынулар болмаған кезде гликозденген гемоглобин 7,5 пайызға тең немесе одан кем 2-типті қант диабеті;
бүйрек диабеті;
қайталанатын ағыммен жіті емес тиреоидит;
ІІ дәрежелі экзогенді-конституционалдық семіздік жатады.
Созылмалы фиброзды және аутоиммунды тиреоидит кезінде эндокринді без функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты медициналық куәландыру 13 тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша (функцияның бұзылуынсыз - талаптардың 12-тармағының 3-тармақшасы бойынша) жүргізіледі.
13 тармақ 4) тармақшаға эндокринді безге медициналық процедураларды (операциялық алып тастау, соның ішінде ішінара, сәулелік терапия және басқалар) жасағаннан кейінгі жай-күй, жіті және жіті емес тиреоидитті емдегеннен кейінгі жай-күй жатады. Азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде 4) тармақша бойынша алты ай мерзімге әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Жеткіліксіз дене салмағы - ДСИ 18,5-тен аз болған кезде әскерге шақырылушылар дәрігер-терапевтің және дәрігер-гастроэнтерологтың консультациясынан кейін дәрігер-эндокринологтың консультациясын алады. Эндокринді патология айқындалған кезде әскерге шақырылушыларды медициналық тексеру және емдеу стационарлық жағдайларда жүзеге асырылады.
Азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде 4) тармақша бойынша алты ай мерзімге әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Егер алты айдан кейін азаматтарда дене салмағын төмендететін науқастанулар айқындалмаса, ДСИ-дің теріс динамикасы болмаса (ай сайын тексеру деректері бойынша), дене еңбегіне қабілеті сақталса (функционалдық жүктеме сынамаларының деректері бойынша), олар 5) тармақша бойынша куәландыруға жатады. ДСИ-дің теріс динамикасы болған, дене еңбегіне қабілеті төмендеген кезде азаматтар 3) тармақша бойынша куәландыруға жатады.
18 жасқа толған азаматтардың тамақтану жай-күйін (жеткіліксіз тамақтану, семіздік дәрежесі) бағалау үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындаған ДСИ мынадай формула бойынша пайдаланылады:
ДСИ (кг/м²) = дене салмағы (кг)/бой өлшемінің квадраты (м²).
Тамақтану жай-күйін бағалау | ДСИ (кг/ м²) | Семіздік дәрежесі |
Жеткіліксіз дене салмағы | < 18,5 | |
Норма | 18,5-24,9 | |
Артық дене салмағы | 25,0-29,9 | |
Семіздік | 30,0-34,9 | І |
35,0-39,9 | ІІ |
≥ 40 | ІІІ |
Бойы (см) | Бойының квадраты (м²) |
156 | 2,43 |
158 | 2,50 |
160 | 2,56 |
162 | 2,62 |
164 | 2,69 |
166 | 2,76 |
168 | 2,82 |
170 | 2,89 |
172 | 2,96 |
174 | 3,03 |
176 | 3,10 |
178 | 3,17 |
180 | 3,24 |
182 | 3,31 |
184 | 3,39 |
186 | 3,46 |
188 | 3,53 |
190 | 3,61 |
192 | 3,69 |
194 | 3,76 |
196 | 3,84 |
5. Психикалық бұзылу
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
14 | Органикалық психикалық бұзылу: | | | | |
1) кенеттен айқын көрінген психикалық бұзылу кезінде | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) орташа айқын көрінген психикалық бұзылу кезінде | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) жеңіл қысқа мерзімді ауырсыну белгілері кезінде | Г | Г | Г | ЖЗ |
4) шалдыққан жеңіл психикалық бұзылудың тұрақты компенсациясы кезінде немесе сауығумен аяқталған психикалық бұзылу | Б | Б | Б | ЖЗ |
14 тармақ бас миының зақымдануымен және дисфункциясымен байланысты психоздарды, басқа да психикалық бұзылуларды, адамның және мінез-құлықтың өзгеруін (жарақаттар, бас миының ісіктері, энцефалит, менингит, нейромерез, сондай-ақ кәрілік және кәрілік алды психоздар, қан тамырлы, дегенеративті, басқа да органикалық науқастанулар және бас миының зақымдануы) көздейді.
Азаматтарды медициналық куәландыру стационарлық (амбулаторлық) тексеруден кейін жүргізіледі.
14 тармақ 1) тармақшаға: тұрақты айқын көрінген ұзаққа созылған психотиялық жай-күй, сондай-ақ интеллектуалды-мнестикалық бұзылулармен немесе психоорганикалық тип бойынша адамның кенеттен айқын көрінген өзгерістерінен көрінген психикалық бұзылулар, қайта госпитальға жатқызу жай-күйі (әлеуметтік бейімделуді тұрақты қиындататын, жылына 2 реттен көп) жатады.
Осы тармаққа эпилепсия салдарынан туындаған психикалық бұзылу және адамның ерекше өзгерістері жатады. Бұл ретте әскери қызметке жарамдылық санаты туралы сараптамалық қорытынды талаптардың 14, 21-тармақтары бойынша қабылданады. Психикалық бұзылулар мен адамның ерекше өзгерістері болмаған кезде тек эпилептикалық талмалар болған кезде ғана медициналық куәландыру талаптардың 21-тармағы бойынша жүргізіледі.
14 тармақ 2) тармақшаға орташа айқын көрінген тұрақты астениялық, аффектілі, диссоциативті, когнитивті, тұлғалық және басқа да бұзылу болатын жай-күй, сондай-ақ орташа өтетін психотиялық жай-күй (орташа өтетін психотиялық жай-күй, жылына екі реттен астам жиі декомпенсациямен және (немесе) амбулаторлық жағдайларда емдеуді жалғастыруды талап ететін психотиялық емес жай-күй; әлеуметтік бейімделуді қиындататын жай-күй) жатады.
14 тармақ 3) тармақшаға бас миының жіті органикалық науқастанулары немесе жарақаттары салдарынан туындайтын, сауығумен немесе шамалы айқын көрінген астениямен аяқталған орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану белгілері болмаған кезде емдеу ұзақтығы 1 айға дейін, диспансерлік бақылауды және емдеуді жалғастыруды талап етпейтін өтпелі, қысқа уақытты психотиялық және психотиялық емес бұзылулар, әлеуметтік бейімделуді қиындатпайтын жай-күй жатады.
Әскери қызметшілерге кейіннен медициналық куәландырумен науқастануы бойынша демалыс беріледі. Әскерге шақырылушыларға ауырсыну белгілерінің теңгерілуіне байланысты 14 тармақтың 2) немесе 4) тармақша бойынша кейіннен стационарлық жағдайларда тексерумен және медициналық куәландырумен 12 ай мерзімге мерзімді әскери қызметке шақырудан шеттету беріледі.
14 тармақ 4) тармақшаға психикалық бұзылулар және орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану құбылыстары болмаған кезде, тек функциялардың бұзылуынсыз жекелеген шашыраңқы органикалық белгілер болған кезде ғана, бас миының жіті науқастануынан немесе жарақатынан кейін психотиялық емес жеңіл, психикалық бұзылулар кезінде тұрақты компенсация (кемінде екі жыл) немесе сауыққан жай-күй жатады.
Осы тармаққа, сондай-ақ нервтік-психикалық орта және ішкі мүшелер жағынан патология болмаған кезде тармақтарда көрсетілген психикалық бұзылулардың анамнезде болуы жатады. Көрсетілген психикалық бұзылулардың оң нәтижесі медициналық мекемелер жағдайларында стационарлық (амбулаторлық) тексеру нәтижелерімен расталады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
15 | Эндогенді психоздар: шизофрения, шизотиптік бұзылулар, созылмалы сандырақтық бұзылулар және аффективті бұзылу (соның ішінде циклотимия) | Е | Е | Е | ЖЗ |
Азаматтарды медициналық куәландыру стационарлық тексеруден кейін жүргізіледі.
Шизофренияның барлық түрлерін, маниакальды-депрессивті психоздың жеңіл, кенеттен айқын көрінген немесе ұзаққа созылған түрлерін, жиі қайталанатын фазалармен, «толық психикалық денсаулықтың» сирек ұстамаларымен және ұзақ аралықтарымен (бірнеше жыл) циклотимияларды көздейді.
Мамандандырылған медициналық мекемеде емдеу және бақылау туралы медициналық құжаттармен расталған эндогенді психоз болған кезде І баған бойынша куәландырылатын азаматтардың, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтардың әскери қызметке жарамдылығы санаты туралы мәселе стационарлық тексерусіз шешіледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
16 | Экзогенді этиологияның симптомдық және басқа да психикалық бұзылулары: | | | | |
1) кенеттен айқын көрінген тұрақты ауырсыну белгілері кезінде | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) орташа айқын көрінген ұзақ немесе қайталанатын ауырсыну белгілері кезінде | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) орташа немесе шамалы айқын көрінген, ұзаққа созылған астениялық жай-күй кезінде | Г | Г | В | ЖЗ |
4) сауығумен аяқталған жеңіл және қысқа мерзімді астениялық жай-күй кезінде | Б | Б | Б | ДЕРБ |
Бұл тармақ жалпы инфекциялар, уланулар (психоактивті заттарды қолданудан туындағандардан басқа), әртүрлі генезді соматикалық науқастанулар, АИТВ-инфекциялары салдарынан, сондай-ақ физиологиялық бұзылумен және басқа да себептермен байланысты психоздарды және басқа да психикалық бұзылуларды көздейді. Мұнда РЗ-ның, ИСК-ның, ЗОҚ-ның, ЭМӨ көздерінің және лазерлік сәулеленудің әсеріне байланысты психикалық бұзылулар жатады.
Тексеру және медициналық куәландыру нәтижелері туралы медициналық құжаттарда психикалық бұзылулардың дамуына әкеп соқтырған себеп көрсетіледі.
16 тармақ 1) тармақшаға кенеттен айқын көрінген клиникалық белгілерімен және ұзақ өтуімен, соның ішінде жеке тұлғаның айқын көрінген өзгерістерімен психотиялық бұзылулар жатады.
16 тармақ 2) тармақшаға органикалық тип бойынша адамның патологиялық өзгерістеріне немесе айқын көрінген ұзақ (3 айдан астам) астениялық жай-күйіне әкелетін, соның ішінде орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану құбылыстарымен орташа айқын көрінген немесе қайталанған психотиялық және психотиялық емес бұзылулар жатады.
Науқастанудың қалыпты өтуі кезінде орталық нерв жүйесін шамалы зақымдануымен ауырсыну белгілерінің тұрақты компенсациясы басталғанда офицер атақтары бар әскери қызметшілер әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылады.
16 тармақ 3) тармақшаға инфекцияға шалдыққаннан кейін орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану құбылыстары болмаған кезде орташа немесе шамалы айқын көрінген, ұзаққа созылған (3 айға дейін) астениялық жай-күй жатады.
Алкогольден немесе есірткі (токсикологиялық) заттардан жіті уланған адамдарға науқастануы бойынша демалыс берілмейді.
16 тармақ 4) тармақшаға жіті науқастану нәтижесінде туындайтын, жеңіл және қысқа мерзімді (2-3 аптаға дейін) астениямен өтетін және сауығумен аяқталатын психикалық бұзылу жатады.
Осы тармаққа нервті-психикалық орта және ішкі мүшелер жағынан патология болмаған кезде тармақтарда көрсетілген анамнездегі психикалық бұзылулардың болуы жатады. Осы психикалық бұзылулардың қолайлы нәтижесі медициналық мекемелерде тексерумен расталады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
17 | Күйзеліспен байланысты невротикалық және соматоформалы бұзылулар: | | | | |
1) кенеттен айқын көрінген, тұрақты ауырсыну белгілері кезінде | Д | Д | Д | ЖЗ |
2) орташа айқын көрінген, ұзақ немесе қайталанған ауырсыну белгілері кезінде | Д | Д | В | ЖЗ |
3) орташа айқын көрінген, қысқа мерзімді ауырсыну белгілері кезінде | Д | Д | В ДЕРБ | ДЕРБ |
4) сауығумен аяқталған жеңіл және қысқа мерзімді ауырсыну белгілері кезінде | Б | Б | А | А |
Тармақ үрей-фобиялық, үрей, обсессивті-компульсивті, диссоциативті (конверсиялы) және соматоформды бұзылуларды, ауыр күйзеліске реакцияларды, бейімделудің бұзылуын және басқа да невротикалық бұзылуларды көздейді. Осы тармаққа, сондай-ақ тамақтанудың бұзылуы (нервті анорексиясы және нерв булимиясы), органикалық емес текті ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, гиперсомния, ұйықтағанда жүру, түнгі қорқыныштар мен үрейлер), тикозды бұзылулар жатады.
17 тармақ 1) тармақшаға ұзақ емдеуді және (немесе) диспансерлік бақылауды талап ететін созылмалы психикалық бұзылулар, қайта госпитальға жатқызу (жылына екі реттен артық), әлеуметтік бейімделуді тұрақты қиындататын жай-күй (ұзаққа созылған ағыммен реактивті психоздар, психогенді параноидты психоз, сананың өзгеруімен есіріктік психоздар, реактивті депрессия), сондай-ақ емделмейтін кенеттен айқын көрінген невротикалық бұзылулар жатады;
17 тармақтың 2) тармақшаға стационарлық жағдайларда емделуді және кейіннен амбулаторлық жағдайларда емделуді талап ететін жай-күй, сондай-ақ стационарлық жағдайларда жүргізілген емдеуге қарамастан, әлеуметтік бейімделуді және әскери қызмет міндеттерін орындауды қиындататын қайталанған невротикалық бұзылулар (қысқа мерзімді және қолайлы ағыммен психотиялық бұзылулар; орташа айқын көрінген, ұзаққа созылған немесе қайталанған невротикалық бұзылулар) жатады. Әскери қызметке шектеулі жарамдылық туралы қорытынды әскери қызметшіні нәтижесіз стационарлық емдегеннен кейін бір айдан соң шығарылады.
17 тармақ 3) тармақшаға орташа өтетін, теңгерілумен аяқталған орташа айқын көрінген, қысқа мерзімді невротикалық бұзылу жатады. Осы тармақша бойынша қысқа мерзімді және орташа өтетін реактивті психозға немесе жеңіл астениямен аяқталған орташа айқын көрінген невротикалық бұзылуға шалдыққан әскери қызметшілер куәландырылады.
17 тармақ 4) тармақшаға негізінен эмоционалдық-ерік, вегетативті бұзылулармен сипатталатын, жақсы емделетін және сауығуымен және толық әлеуметтік бейімделумен аяқталған шамалы айқын көрінген, қысқа мерзімді невротикалық бұзылулар жатады.