Әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары вирусты гепатиттің, іш сүзегінің және паратифтердің жеңіл түрлері бойынша госпитальдық емделгеннен кейін жұмыстардың ауыр түрлерінен, тәуліктік кезекшіліктерден, дене және саптық даярлықтан босатумен шығарылады.
Комплементті токсоплазмалық антигенмен байланыстыру реакциясымен және токсоплазминмен тері ішінде аллергиялық сынаумен расталған созылмалы токсоплазмоздың клиникалық белгілері бар (субфебрилитет, лимфаденопатия, бауырдың ұлғаюы, көз симптомы, бұлшықеттегі және мидағы кальцификаттар) куәландырылушыларға қатысты қорытынды 1 тармақтың 1) тармақшасы бойынша шығарылады.
Орталық нерв жүйесі, жүрек-қантамырлары, сүйек-буын жағынан ауыр асқынулар кезінде мүшелер мен жүйелердің зақымдануына байланысты қосымша аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша куәландырылады.
1 тармақтың 2) тармақшасына шалдыққан жіті инфекциялық, паразитарлық науқастанулардан кейін, функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылулар болған кезде стационарлық емделу аяқталғаннан кейін науқаста жалпы әлсіреу, күшінің төмендеуі, жеткіліксіз тамақтану сақталған функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылулар жатады.
Науқастануы бойынша демалыс беру қажеттілігі туралы қорытынды тек науқастанудың ауыр немесе асқынған ағымы кезінде (ішек перфорациясы, ішектен қан кету, миокардит, парапневмониялық плевритпен пневмония) госпитальдық емделгеннен кейін әлсіреу сақталған кезде қалған өзгерістердің тұрақтылығын бағалау және куәландырылушының әскери қызмет міндеттерін орындау қабілеттілігін толық қалпына келтіру үшін кемінде бір ай мерзім қажет болған кезде ғана шығарылады.
Науқастанудың жеңіл немесе орта ауыртпалықта асқынбаған түрлеріне шалдыққан әскери қызметшілерге қатысты науқастануы бойынша демалыс беру қажеттілігі туралы қорытынды шығарылмайды. Осы санатты қалпына келтіріп емдеу оңалту іс-шаралары кешені ұйымдастырылған әскери бөлімдердің медициналық пункттерінде аяқталады. Ерекше жағдайларда әскери-медициналық мекемелердің инфекциялық немесе терапевтік бөлімшелерінде оңалту жүргізуге рұқсат етіледі.
Науқастанудың ауыр немесе орта ауыртпалықтағы түріне шалдыққан келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер жекелеген жағдайларда оңалу үшін санаторийге кемінде 20 күн мерзімге жіберіледі.
Әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары вирусты гепатиттің, іш сүзегінің және паратифтердің жеңіл түрлері себебінен госпитальдық емделгеннен кейін жұмыстардың кейбір түрлерінен, тәуліктік кезекшіліктерден, дене дайындығынан босату туралы ұсынымдармен шығарылады.
Жіті вирусты гепатитке, іш сүзегіне және паратифтерге шалдыққан азаматтар әскери қызметке әскерге шақырылған немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде стационарлық емделу аяқталғаннан кейін 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
2 | Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі: | | | | |
1) микобактерияларды бөлумен және (немесе) өкпе тіндері ыдырауының болуымен белсенді | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) микобактерияларды бөлусіз және өкпе тіндері ыдырауының болмауымен белсенді | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) клиникалық емделген | Д | Д | В | ЖЗ |
4) емделген туберкулезден кейінгі аз қалдықты өзгерістер | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
5) емделуден кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу | - | Г | Г | Г |
2 тармақ 1) тармақшаға:
бактерияны бөлумен және (немесе) ыдыраудың болуымен тыныс алу мүшелерінің белсенді туберкулезінің барлық түрлері;
уланудың айқын көрінген симптомдарымен тыныс алу мүшелерінің белсенді туберкулезінің түрлері;
көкірекортаны жылжыта отырып, ІІ дәрежелі тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігі қоса болатын өкпенің және плевраның үлкен қалдықты өзгерістері;
туберкулездің мультирезистентті түрлері, сондай-ақ ІІ дәрежелі тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігімен хирургиялық емдеудің салдары;
плевраның эмпиемасы;
бронхтардың фистулезді (жыланкөзді) зақымданулары жатады.
2 тармақ 2) тармақшаға:
туберкулездің микобактерияларын бөлусіз және ыдыратуынсыз тыныс алу мүшелерінің белсенді туберкулезінің барлық түрлері;
емдеу үдерісінде трансформацияланған жұқа қабырғалы білезік тәрізді қуыстар (ашық тип бойынша кавернаның жазылуы);
І дәрежелі тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігі қоса болатын өкпенің және плевраның үлкен қалдықты өзгерістері;
І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен хирургиялық емдеудің салдары жатады.
Үлкен қалдықты өзгерістерге:
өлшемі 1 см кем (5 және одан астам) алғашқы кешеннің көптеген құрамдастары (Гон ошағы және кальцийленген лимфа түйіндері), өлшемі 1 см және одан астам алғашқы кешеннің жеке және көптеген құрамдастары (Гон ошағы және кальцийленген лимфа түйіндері);
өлшемі 1 см кем көптеген (бес және одан астам) қарқынды айқын көрінген ошақтар;
өлшемі 1 см және одан астам жеке және көптеген қарқынды айқын көрінген ошақтар мен фокустар;
кең таралған фиброз (бір сегменттен артық);
кез келген қашықтықтағы цирротикалық өзгерістер;
қуысты санациялау;
фиброторакс;
бронхоэктаздары бар плевропневмосклероз;
жуандығы 1 см астам ауқымды плевральды қатпарланулар (плевраның кальцийленуі немесе онсыз);
өкпе тінінде операциядан кейін үлкен өзгерістер болған кезде сегментті немесе өкпе бөлігін кескеннен кейінгі өзгерістер;
пульмонэктомиядан, торакопластикадан, плевроэктомиядан, кавернотомиядан, экстраплевральды пневмолизден кейінгі өзгерістер;
шолу рентгенограммаларымен және (немесе) рентгентомограммалармен объективтенген, аз қалдықты өзгерістерге тән екі және одан астам белгінің үйлесуі жатады.
Тиімсіз емдеу кезінде әскери қызметшілер осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша куәландырылады.
2 тармақ 3) тармақшаға:
табысты жүргізілген емдеудің стационарлық кезеңінен кейін (кемінде үш ай) клиникалық-рентгенологиялық сәттілікке қол жеткізген кезде тыныс алу мүшелерінің туберкулезі: бактерияны бөлудің тоқтауы, ыдырау қуыстарының жабылуы, улану симптомдарының жойылуы, өкпедегі инфильтрацияның таралуы және плевральды қуыстағы сұйықтықтың сорылуы;
негізгі емдеу курсы аяқталғаннан кейін тыныс алу мүшелерінің клиникалық емделген туберкулезі;
тыныс алу жеткіліксіздігінсіз өкпедегі және плеврадағы үлкен қалдықты өзгерістер жатады.
Туберкулезді этиологиядағы жалқықты плеврит және басқа да серозиттер (перикардит, полисерозит) болған кезде куәландыру цитологиялық, иммунологиялық, микробиологиялық зерттеулердің және пункциялы биопсияның нәтижелерін ескере отырып жүргізіледі. Құрғақ плевриттердің туберкулездік этиологиясы туберкулинді және иммунодиагностика әдістерімен, сынақты емдеумен және зертханалық көрсеткіштер қарқынымен, плевральды қуысты ультрадыбыстық зерттеумен дәлелденеді.
Негізгі емдеу курсы, сондай-ақ тыныс алу жеткіліксіздігінсіз хирургиялық емдеу аяқталғаннан кейін жақын арадағы үш жыл ішінде өкпенің және плевраның қалдықты өзгерістері болған немесе болмаған кезде әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, әскери қызметке шақыру кезінде азаматтар осы тармақ бойынша куәландырылады.
Оң клиникалық-рентгенологиялық динамикасымен туберкулезді этиологиядағы жалқықты плевритке және басқа да серозиттерге шалдыққан адамдар емдеуден және диспансерлік есептен алынғаннан кейін ОДКК қорытындысы негізінде 2) тармақ 4 тармақша бойынша куәландырылады.
Талаптардың ІІ бағаны бойынша куәландырылатындар сипатына, ағымына және нәтижесіне қарамастан, түпкілікті диагнозы және емделуі белгіленгеннен, үдерісі тұрақтандырылғаннан кейін үш айдан ерте емес ӘДК-ға ұсынылады.
2 тармақтың 4) тармақшасына тыныс алу мүшелерінің туберкулезіне шалдыққаннан кейін (соның ішінде спонтандық емделген) клиникалық емделген туберкулез тобында бақылау аяқталғаннан және диспансерлік есептен алынғаннан кейінгі аз қалдықты өзгерістер жатады.
Аз қалдықты өзгерістерге:
алғашқы генездегі аз қалдықты өзгерістер - өлшемі 1 см кем (төрт және одан кем) алғашқы кешеннің жеке құрамдастары (Гон ошағы және кальцийленген лимфа түйіндері);
өлшемі 1 см кем жеке (төрт және одан кем) қарқынды айқын көрінген ошақтар;
бір сегмент шегінде шектеулі фиброз;
біріккен синустар, бөлікаралық шварталар, плевралық-диафрагмалық және плевралық-медиастиналдық бітіп тұтасулар, жуандығы 1 см дейін бір немесе екі жақты плевралық-апикальдық және плевралық-қабырғалық қатпарланулар (плевраның кальцийленуімен немесе онсыз);
операциядан кейін өкпе тінінде және плеврада үлкен өзгерістер болмаған кезде сегментті немесе өкпе бөлігін кескеннен кейінгі өзгерістер жатады.
Медициналық қайта куәландыру негізгі емдеу курсы аяқталғаннан және диспансерлік есептен алынғаннан кейін кемінде үш жылдан соң жүргізіледі. Стационарлық жағдайларда емделу аяқталғаннан кейін талаптардың ІІ бағаны бойынша куәландырылатындар ӘДК-ға ұсынылады.
Өкпеде немесе кеуде ішіндегі лимфа түйіндерінде жеке ұсақ петрификаттардың (үштен артық емес) болуы осы тармақты қолдану үшін негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орнына түсуге кедергі келтірмейді.
2 тармақ 5) тармақшаға емдеудің стационарлық кезеңінен кейін (консервативті немесе операциялық) функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы жатады. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге емдеудің интенсивті фазасынан кейін 30 - 60 күнтізбелік күнге науқастануы бойынша демалыс беріледі.Бұл ретте кейіннен медициналық куәландырумен және әскери қызметке жарамдылығын айқындаумен амбулаторлық жағдайларда дәрігер-фтизиатрдың бақылауында емделуді жалғастыру үшін науқастануы бойынша демалыс беру қажеттілігі туралы қорытынды шығарылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
3 | Басқа да мүшелер мен жүйелердің туберкулезі: | | | | |
1) белсенді үдемелі | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) негізгі емделу курсы кезеңінде белсенді | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) клиникалық емделген | Д | Д | В | ЖЗ |
4) 3-5 жылдан астам белсенділік белгілері болмаған кезде белсенді емес | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
5) емделуден кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу | - | Г | Г | Г |
3 тармақ 1) тармақшаға:
ағым сипатына, бұрынғысына және нәтижесіне қарамастан, әртүрлі мүшелер мен жүйелердің зақымдануымен генерализацияланған туберкулез;
ақпа іріңдігі немесе жыланкөз қоса болатын омыртқаның, түтікше тәрізді сүйектердің және буындардың үдемелі туберкулезі;
көру функцияларының үдемелі төмендеуімен көз туберкулезі;
тері туберкулезінің кең тараған және көріксізденген түрлері;
ыдыраумен және (немесе) бактерия бөлумен несеп-жыныс мүшелерінің туберкулезі;
перикардтың, іштің, іштегі лимфа түйіндерінің, асқазанның, ішектердің, бауырдың, көк бауырдың, ЛОР-мүшелердің немесе басқа да оқшауланған үдемелі туберкулезі;
метатуберкулезді нефросклероз, несеп бөлу жүйесі мүшелерінің туберкулезіне шалдығудың қалдықты өзгерістері мен салдары, қалған бүйректің функциясы бұзылған кезде бір бүйректі алып тастағаннан кейін оның болмауы, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі немесе бөлу функциясының елеулі бұзылуы болған кезде бүйректі және несеп бөлу жолдарын басқа да хирургиялық емдеудің салдары;
несеп шығарудың елеулі бұзылуымен қуықтың тыртықты өзгерістері;
туберкулез себебінен екіжақты тарттырғаннан кейін еннің болмауы жатады;
3 тармақ 2) тармақшаға:
омыртқаның, сүйектердің және буындардың, несеп-жыныс мүшелерінің және үдеріс тынышталғанға дейін басқа да кеудеден тыс оқшауланған белсенді шектеулі туберкулезі;
ыдыраусыз, жыланкөздерсіз және бактерия бөлусіз перифериялық лимфа түйіндерінің белсенді шектеулі туберкулезі;
несеп бөлу жүйесі мүшелерінің туберкулезіне шалдыққан кезде қалдықты құбылыстар немесе салдар, бүйрек пен несеп шығарудың бөлу функциясының орташа бұзылуы қоса болатын бүйрек және несеп шығару жолдарының туберкулезін хирургиялық емдеу салдары;
олардың функцияларының орташа бұзылуымен туберкулезді хирургиялық емдеу салдары жатады.
Емдеудің тиімсіздігі немесе одан бас тартқан кезде әскери қызметшілер
3 тармақ 1) немесе 2) тармақша бойынша куәландырылады.
3 тармақ 3) тармақшаға табысты жүргізілген стационарлық емдеу сатысынан кейін клиникалық-рентгенологиялық сәттілікке жеткен кезде кеудеден тыс оқшауландырылған туберкулез жатады;
3 тармақ 4) тармақшаға негізгі емдеу курсы аяқталғаннан және куәландырылушыны диспансерлік есептен алғаннан кейін үш жыл ішінде белсенділік белгілері болмаған кезде кеудеден тыс оқшауландырылған туберкулездің қалдықты өзгерістері (омыртқаның, түтікше тәрізді сүйектердің, буындардың туберкулезі кезінде - бес жыл ішінде) жатады.
Кеудеден тыс оқшауландырылған туберкулезбен адамдарға қатысты ӘДК қорытындысы сондай-ақ зақымданған мүшенің немесе жүйенің функциясына байланысты аурулар кестесінің тармақтары негізінде шығарылады.
3 тармақ 5) тармақшаға емдеудің стационарлық (консервативті немесе операциялық) кезеңінен кейін функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу жатады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге кейіннен ӘДК-да медициналық куәландырумен амбулаторлық жағдайларда дәрігер-фтизиатрдың бақылауында емделуді жалғастыру үшін 30 - 60 күнтізбелік күнге науқастануы бойынша демалыс беріледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
4 | Алапес | Е | Е | Е | Е |
4 тармақ бойынша алапес диагнозы белгіленген кезде әскери қызметшілер әскери есептен алумен әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде азаматтар, отбасында тиісті денсаулық сақтау органымен алапеспен ауырғандар тіркелген әскери қызметшілер әскери есептен алумен әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Анамнезінде алапеспен ауыратын отбасылықпен байланысты емес азаматтар тексерілуге жіберіледі және жұқтыру болмаған кезде әскери қызметке жарамды деп танылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
5 | Адамның иммундық тапшылығы вирусынан туындайтын ауру: | | | | |
1) АИТВ-инфекциясымен ауыратындар | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) АИТВ-жұқтырғандар | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
5 тармақ 1) және 2) тармақшасымен яғни, АИТВ-инфекциясымен ауыратындар әскери есептен алумен әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
6 | Мерез және басымы жыныс мүшелерімен берілетін басқа да инфекциялар: | | | | |
1) кеш, туа біткен мерез | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) классикалық серологиялық реакциялардың баяу терістігі кезінде алғашқы, қайталанған және жасырын мерез | Г | Б | Б | ДЕРБ |
3) алғашқы, қайталанған, жасырын мерез, гонококкокты және басымы жыныс мүшелерімен берілетін басқа да инфекциялар (жұмсақ шанкр, шап лимфогранулемасы, шап безінің ісігі, гонококкты емес уретриттер) | Г | Б | Б | ЖЗ |
Азаматтар әскери есепке алғаш рет тұрған, әскери қызметке әскерге шақырылған немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде, сондай-ақ әскери қызметшілер, оларда басымы жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар анықталған жағдайларда емделуге жатады. Олар табысты емделгеннен және диспансерлік есептен алынғаннан кейін әскери қызметке жарамды деп танылады.
Венерологиялық уретриттердің созылмалы немесе асқынған түрлері кезінде мерзімді әскери қызметке шақырылған немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген және әскери (арнаулы) оқу орындарына түскен кезде азаматтар, егер емдеуді аяқтау үшін 6 айдан астам мерзім қажет болса, 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады, ал алғашқы, қайталанған немесе жасырын мерез кезінде диспансерлік есептен алынғанға дейін 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Создың және мерездің емделу критерийі венерологиялық науқастанудың клиникалық белгілерінің шешілуі және зертханалық бақылау кезінде үш рет теріс нәтиженің болуы болып саналады.
Егер мерезді толық емдегеннен кейін 12 айдан соң классикалық серологиялық реакциялардың терістенуі болмаса, куәландыру 6 тармақтың 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Ішкі мүшелердің, сүйектердің, нерв жүйесінің мерезбен зақымдануы кезінде, олардың функцияларының бұзылуы дәрежесіне байланысты куәландыру аурулар кестесінің тиісті тармақтары бойынша жүргізіледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
7 | Микоздар: | | | | |
1) актиномикоз, ішкі мүшелердің кандидозы, кокцидиоидоз, гистоплазмоз, бластомикоз, споротрихоз, хромомикоз, феомикотикалық іріңдеу, мицетома | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
2) дерматофития | Г | А | А | А |
Мерзімді әскери қызметке шақыру, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери (арнаулы) оқу орындарына түсу кезінде микроспориямен, трихофитиямен ауыратын азаматтар емделуге жатады және алты айға дейінгі мерзімге әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Дерматофитиямен ауыратын әскери қызметшілер, азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде емделуге жатады, ол аяқталғаннан кейін олар әскери қызметке жарамды деп танылады.
Микоз диагнозы зертханалық зерттеулермен расталады.
2. Жаңа өскіндер
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
8 | Қатерлі ісіктер (нерв жүйесінің, лимфалы, қан түзетін және оларға жақын тіндердің ісіктерінен басқа): | | | | |
1) операция жасау мүмкін болмаған және алыстаған метастаздар болған кезде | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) алғашқы ісікті радикалды алып тастағаннан кейінгі жай-күй | Е | Е | Д | ЖЗ |
3) хирургиялық емделуден, цитостатикалық немесе сәулелік терапиядан кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы | Д | Д | Г | Г |
8 тармақ 1) тармақшаға:
таралуына және сатысына қарамастан, сүйектердің және буын сіңірлерінің қатерлі ісіктері;
радикалды емес хирургиялық емдеуден кейін алыстаған метастаздармен басқа мүшелердің және жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері немесе бұрын жүргізілген емдеуден кейін науқастанудың үдеуі;
ісіктің сатысына және таралуына қарамастан, науқастың қатерлі ісікті емдеуден бас тартқан жағдайлары жатады.
8 тармақ 2) тармақшаға:
төменгі еріннің немесе терінің қатерлі ісіктерін радикалды емдегеннен кейінгі тыртықтар;
мүшелер мен жұмсақ тіндерді, соның ішінде өңірлік метастаздармен қатерлі ісіктерді (сүйектерден, буын сіңірлерінен және тері меланомасынан басқа) радикалды емдегеннен кейінгі басқа да жай-күй жатады.
Қатерлі үдерістің оқшаулануына, сатысына және таралуына, сондай-ақ науқастану басталған уақытқа қарамастан, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және шекті жасқа толғаннан кейін немесе ұйымдық-штаттық іс-шаралар бойынша алдағы уақытта әскери қызметтен шығарылуына байланысты куәландырылатындарға қорытынды 8 тармақ 2) тармақша бойынша шығарылады. Метастаздарсыз төменгі ерін, тері ісігін радикалды емдеу жағдайлары ерекшелік болып табылады, онда әскери қызметшілердің осы санаты 8 тармақ 2) тармақша бойынша куәландырылады.
Қатерлі ісіктермен науқастарды стационарлық емдеу аяқталғаннан кейін талаптардың ІІІ-ІV бағаны бойынша куәландырылатындарға 8 тармақтың 3) тармақша бойынша науқастануы бойынша демалыс беріледі.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
9 | Лимфоидті, қан түзетін және оларға жақын тіндердің қатерлі ісіктері (лейкоздар, Ходжкин ауруы, ходжкиндік емес лимфомалар, қорғаныш-пролиферативті аурулар, көптеген миелома және қатерлі плазмажасушалы өскіндер): | | | | |
1) қан құрамында елеулі өзгерістермен және кезеңдік асқынумен тез үдемелі, сондай-ақ баяу үдемелі | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) қан түзу жүйесі функциясының орташа бұзылуымен және сирек асқынулармен баяу үдемелі | Е | Е | Д | ЖЗ |
3) сәулелік немесе цитостатикалық терапия аяқталғаннан кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу | Е | Е | Г | ЖЗ |
9 тармақ 1) тармақшаға жүргізілген емдеуден нәтиже болмаған кезде лимфоидты, қан түзетін және оларға жақын тіндердің қатерлі науқастанулары жатады.
9 тармақ 2) тармақшаға баяу үдемелі ағыммен науқастанулар жатады, ал емдеу нәтижесі уақытша сипатта болады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және шекті жасқа толғаннан кейін, ұйымдық-штаттық іс-шаралар бойынша алдағы уақытта әскери қызметтен шығарылуына байланысты куәландырылатындарға қорытынды қатерлі үдерістің оқшаулануына, сатысына және таралуына, сондай-ақ науқастану басталған уақытқа қарамастан 8 тармақтың 1) тармақшасы бойынша шығарылады.
8 тармақ 3) тармақшаға қан және қан түзетін мүшелердің, лимфоидты және оларға жақын тіндердің қатерлі науқастанулары себебінен сәулелік немесе цитостатикалық терапиядан кейінгі жай-күй жатады.
Науқастануы бойынша демалыс беру қажеттілігі туралы қорытынды сәулелік немесе цитостатикалық терапияның тек бірінші курсын өткізгеннен кейін ғана шығарылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
10 | Қатерсіз ісіктер (нерв жүйесінің ісіктерінен басқа): | | | | |
1) функцияның елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функцияның орташа бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) функцияның шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ДЕРБ |
4) функцияның бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | А | А | А | А |
5) хирургиялық емделуден кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу | Г | Г | Г | Г |
Қатерсіз ісіктер болған кезде әскерге шақырылушыларға, әскери қызметшілерге операциялық емделу ұсынылады.
Тармақ емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері жағдайларында немесе одан бас тартқан кезде қолданылады.
10 тармақ 1) тармақшаға:
тыныс алу және (немесе) дауыс шығару функцияларының елеулі бұзылуымен үстіңгі тыныс алу жолдарының қатерсіз ісіктері;
елеулі клиникалық белгілерімен средостенияның қатерсіз ісіктері (кеуде қуысы мүшелерін жылжыту, басу);
айқын көрінген клиникалық белгілері қоса болатын тыныс алу мүшелерінің қатерсіз ісіктері (қан түкіру, бронхостеноз немесе ателектаз);
тамақтанудың төмендеуі қоса болатын немесе жұту актісін және тамақтың өтуін елеулі қиындататын ас қорыту мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюге мүмкіндік бермейтін терінің, іргелес тіндердің, қан таратушы немесе лимфа қан тамырларының қатерсіз ісіктері;
әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюге мүмкіндік бермейтін қабырға тіндерінің қатерсіз ісіктері;
айқын көрінген дизуриялық бұзылу немесе қайталанатын қан кету қоса болатын несеп-жыныс жүйесінің қатерсіз ісіктері;
емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кезінде операциялық емдеуді қажет ететін немесе одан бас тартқан кезде мүше функцияларының елеулі бұзылуымен сүт бездерінің, жатырдың, аналық бездің және басқа да әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктері жатады.
10 тармақ 2) тармақшаға:
тыныс алу және (немесе) дауыс шығару функцияларының орташа бұзылуымен үстіңгі тыныс алу жолдарының қатерсіз ісіктері;
мүше функцияларының бұзылуымен средостенияның қатерсіз ісіктері;
орташа клиникалық белгілерімен тыныс алу мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
тамақтанудың төмендеуінсіз орташа клиникалық белгілерімен ас қорыту мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюді қиындататын терінің, іргелес тіндердің, қан таратушы немесе лимфа қан тамырларының қатерсіз ісіктері;
әскери киім нысанын, аяқ киімді немесе киім-кешекті киюді қиындататын қабырға тіндерінің қатерсіз ісіктері;
ұзын түтікше тәрізді сүйектерді алып тастағаннан кейін қабырға тіндерінің кемістігі сүйектің жартысын немесе одан астам диаметрін құрайтын оның қатерсіз ісіктері;
орташа дизуриялық бұзылумен несеп-жыныс жүйесінің қатерсіз ісіктері жатады.
10 тармақ 2) тармақшаға сондай-ақ сүт безінің және әйел жыныс мүшелерінің фондық жай-күйі және ісік алды науқастанулары жатады: фиброзды-кистозды мастопатия, анемияға әкеп соқтыратын қан кетулер қоса болатын жүктіліктің 12 апталық және одан көп өлшемі кезінде, сондай-ақ олардың қанмен қамтылуының бұзылуымен, тез өсуімен (ісіктің бір жылда жүктіліктің бестен астам аптасына сәйкес келетін өлшеміне дейін ұлғаюы) субмукозды немесе субсерозды түйіндер болған кезде жатыр миомалары; безді-кистозды гиперплазия, полипоз, аденоматоз эндометрия; жатыр аденомиозының хориорезистентті түрлері жатады.
10 тармақ 3) тармақшаға:
тыныс алу және (немесе) дауыс шығару функцияларының шамалы бұзылуымен үстіңгі тыныс алу жолдарының қатерсіз ісіктері;
шамалы клиникалық белгілерімен средостенияның қатерсіз ісіктері;
шамалы клиникалық белгілерімен тыныс алу мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
диспептикалық бұзылу қоса болатын шамалы клиникалық белгілерімен ас қорыту мүшелерінің қатерсіз ісіктері;
шамалы дизуриялық бұзылумен несеп-жыныс жүйесінің қатерсіз ісіктері;
ең үлкен сызықты өлшемі 20 см астамды құрайтын үлкен пигментті қалдар;