қызмет атқармайтын бүйрек немесе басқа бүйрек функциясының бұзылуынсыз, ауыру себебінен алынып тасталған бір бүйректің болмауы;
үнемі ауырсыну синдромымен, екінші қайтара пиелонефритпен немесе вазоренальды гипертензиямен ІІ дәрежелі екі жақты нефроптоз;
ІІІ дәрежелі біржақты нефроптоз;
бөлу функциясының орташа бұзылуымен бүйректердің бір жақты жамбас дистопиясы;
несеп бөлу жүйесінің екінші қайтара бір жақты өзгерістері кезінде қуық мойынының склерозы (біржақты гидроуретер, гидронефроз, екінші қайтара пиелонефрит);
емдеудің қанағаттанарлық нәтижелері кезінде жылына 2 реттен артық кеңейтуді талап ететін үрпі стриктурасы жатады;
72 тармақ 3) тармақшаға:
несепте патологиялық өзгерістер болған кезде ультрадыбыстық зерттеулер деректерімен расталған бүйрек шаншуының сирек (жылына кемінде 3 рет) ұстамаларымен бүйректің, несепағардың жекелеген (0,5 см дейін) тастары;
бөлу функциясының бұзылуынсыз бүйректердің, несепағардың жекелеген (0,5 см және одан астам) тастары;
шамалы клиникалық белгілерімен және бүйректің бөлу функциясының шамалы бұзылуымен ІІ дәрежелі екіжақты нефроптоз;
екінші қайтара пиелонефритпен ІІ дәрежелі біржақты нефроптоз;
жылына 3 және көп рет стационарлық емдеуді қажет ететін асқынулармен несеп бөлу жүйесінің созылмалы аурулары (цистит, уретрит);
бөлу функциясының шамалы бұзылуымен бүйректердің жамбас дистопиясы жатады;
72 тармақ 4) тармақшаға:
тастың қайта түзілуінсіз несеп шығару жолдарынан (бүйрек қуысы, несепағар, қуық) жекелеген тасты құралдық алып тастағаннан немесе өз еркімен шығуынан кейінгі жай-күй;
несеп бөлу жолдарындағы тастарды бөлшектеуден кейінгі жай-күй (талаптардың ІІІ - ІV бағандары бойынша куәландырылушылар үшін);
тек ультрадыбысты зерттеумен расталған, несепте патологиялық өзгерістерсіз бүйректің, несепағардың ұсақ (0,5 см дейін) жекелеген конкременттері жатады.
Бүйректің бөлу функциясының бұзылуы бөлу урографиясы немесе радийизотопты зерттеулер деректерімен расталады.
Нефроптоз сатысын рентгенолог тексерілуші тік тұрған кезде рентгенограмма бойынша айқындайды:
І дәреже - бүйректің төменгі полюсінің 2 омыртқаға;
ІІ дәреже - 3 омыртқаға;
ІІІ дәреже - 3 омыртқадан артық төмендеуі.
ІІ және ІІІ дәрежелі нефроптоз кезінде экскреторлы урограммада S әрпі немесе 4 саны түрінде несепағардың бүгілуі айқындалады. Қалыпта бүйректің физиологоиялық қозғалысы болып бүйрек кескіндемесінің төменге қарай 1 омыртқа денесінен биік түспеуі табылады.
Осы тармақта көрсетілген бүйрек науқастануларымен байланысты симптоматикалық артериялық гипертензия болған кезде әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды бүйрек функцияларының бұзылу дәрежесіне байланысты 72 тармақтың 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша және АҚ деңгейіне байланысты талаптардың 43-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шығарылады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
73 | Еркек жыныс мүшелерінің аурулары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Д | Д | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ДЕРБ |
4) шамалы клиникалық белгілерімен объективті деректер болған кезде | Б | Б | А | А |
Тармақ қатерсіз гиперплазияны, қуық түбі безінің қабыну және басқа да ауруларын; ен шеменін, орхитті және эпидидимитті; күпектің аса артықтығы, фимозды және парафимозды; еркек жыныс мүшелерінің басқа да ауруларын көздейді.
Еркек жыныс мүшелерінің науқастанулары себебінен көрсеткіштер бойынша куәландырылатындарға хирургиялық емдеу ұсынылады. Емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде медициналық куәландыру функционалдық тұрғыдан бұзылу дәрежесіне байланысты жүргізіледі.
73 тармақ 1) тармақшаға:
емдеудің қанағаттанғысыз нәтижесі немесе одан бас тартқан кезде несеп бөлудің елеулі бұзылуымен ІІІ сатылы қуық түбі безінің қатерсіз гиперплазиясы;
жыныс мүшесінің болмауы жатады;
73 тармақ 2) тармақшаға:
несеп бөлудің орташа бұзылуымен қуық түбі безінің ІІ сатылы қатерсіз гиперплазиясы (қалдықты несептің 50 мл-ге дейін болуы);
науқасты жылына 3 рет және одан астам стационарлық емдеуді қажет ететін созылмалы простатит;
ауыру (ерекшеліксіз және қатерсіз сипаттағы), жаралану немесе басқа да зақымданулар себебінен алып тастағаннан кейін екі еннің болмауы;
100 мл астам сұйықтық көлемімен ен қабығының немесе шәуһет бауының қайталанбалы (қайта хирургиялық емдегеннен кейін) бір жақты немесе екі жақты шемені жатады.
Ен қабығы немесе шәуһет бауы шеменінің бір рет қайталануы талаптардың осы тармағының 2) тармақшасын қолдану үшін негіздеме болып табылмайды.
73 тармақ 3) тармақшаға:
қуық түбі безінің І сатылы қатерсіз гиперплазиясы;
симптомсыз ағым кезінде қуық түбі безінің тастарымен созылмалы простатит;
ауыру (ерекшеліксіз және қатерсіз сипаттағы), жаралану немесе басқа да зақымданулар, туа біткен науқастанулар себебінен алынып тасталуынан кейін бір еннің болмауы;
сперматогенезде бұзылу болған кезде еннің (екі еннің) гипоплазиясы жатады;
73 тармақ 4) тармақшаға:
50 мл кем сұйықтық көлемімен ен қабығы немесе шәуһет бауы шемені, фимоз, шәуһет бауы, шамалы клиникалық белгілерімен еркек жыныс мүшелерінің басқа да аурулары жатады.
Эндокриндік бұзылу болған кезде ауыру (ерекшеліксіз және қатерсіз сипаттағы), жаралану немесе басқа да зақымданулар себебінен алынып тасталуынан кейін еннің болмаған кезде талаптардың 13-тармағы қолданылады.
15. Әйел жыныс жүйесінің аурулары
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
74 | Әйел жыныс мүшесінің созылмалы қабыну аурулары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
Тармақ аналық бездің, жатыр түтікшелерінің, жамбас талшықтарының, ішпердесінің, жатыр мойнының, қынаптың, әйел жыныс мүшелерінің анатомотопографиялық өзара әрекетінің бұзылуымен вульваның созылмалы қабыну ауруларын, жыныс аясы функциясының бұзылуы қоса болатын кіші жамбастағы жабысқақтық үдерісін көздейді. Жабысқақтық үдерісі кіші жамбас мүшелерінің УДЗ деректерімен расталады.
74 тармақ 1) тармақшаға стационарлық емделуді талап ететін айқын көрінген клиникалық белгілерімен, жиі асқынулармен (жылына үш және одан көп), 5 жылдан астам ауырған әйел жыныс мүшелерінің қабыну науқастанулары жатады
74 тармақ 2) тармақшаға орташа клиникалық белгілерімен, жиі асқынулармен (жылына екі және одан көп), кемінде үш жыл ауырған әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары жатады.
74 тармақ 3)тармақшаға шамалы клиникалық белгілерімен және сирек асқынуларымен әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары жатады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
75 | Эндометриоз: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Б | Б | Б | ЖЗ |
75 тармақ 1) тармақшаға стационарлық жағдайларда (жылына үш және одан көп) емделуді немесе ұзақ уақыт гормонотерапия курстарын талап ететін етеккір функциясының бұзылуы, ауырсыну синдромы түрінде айқын көрінген клиникалық белгілерімен эндометриоз жатады.
75 тармақ 2) тармақшаға орташа айқын көрінген клиникалық белгілерімен, жиі асқынулармен (жылына екі және одан көп) эндометриоз жатады.
75 тармақ 3) тармақшаға шамалы клиникалық белгілерімен және сирек асқынулармен эндометриоз жатады.
Науқастану ауыртпалығын және дәрежесін айқындау кезінде зақымданған мүшелердің репродуктивті жүйесі функциясының бұзылуы айқындалады. Таралу үдерісінің дәрежесін, көп ошақтығын, бұзылу белгілерінің ұзақтығын: етеккір функциясын (гиперполименорея, метроррагия, етеккір кезеңі алдында және кейін қан аралас шығындылар, анемияның дамуы, ауыршаңдық белгілерімен бедеулік, ауыршаңдық белгісі); дизуриялық (несепті ұстамау); гастроинтестиналды (іш қату, іштің желденуі), сондай-ақ жүргізілетін емдеу іс-шараларының тиімділігін ескеру қажет.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
76 | Әйел жыныс мүшелерінің түсуі, жыланкөздері және басқа да қабынбайтын аурулары: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | Б | ЖЗ |
76 тармақ 1) тармақшаға емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде жатырдың немесе қынаптың толық түсуі, шаттың толық айырылуы, жыныс мүшелерінің жыланкөзі (несепжыныстық, ішекті жыныстық) жатады.
Жатырдың түсуі - тұрып тұрған кезде (немесе жатып күшенген кезде) қынаптың қабырғаларын айналдырып, жыныс қуысы шегінен жатырдың толық сыртқа шыққан кездегі жай-күй саналады.
Шаттың толық айырылуы - шат бұлшықеттерінің тұтастығы толық бұзылған және олар анус қабырғаларымен байланысатын тыртықты тінге ауысқан, анус үңірейген және дұрыс кескіндемесінің болмауы кезіндегі айырылу саналады.
76 тармақ 2) тармақшаға:
әйел жыныс мүшелерінің төмендеуі;
гистологиялық зерттеу деректерімен расталған эпителий пролиферациясымен сүт безінің қатерсіз дисплазиясы жатады.
Жатыр мен қынаптың төмендеуі - күшенген кезде жыныс қуысының үңіреюі және одан жатыр мойынының немесе қынаптың алдыңғы және артқы қабырғаларының көрінуі кезіндегі жай-күй саналады, бірақ олар оның шегінен шықпайды.
Несепті ұстай алмаушылықпен асқынған жыныс мүшелерінің төмендеуі кезінде медициналық куәландыру емдеу нәтижелеріне байланысты 76 тармақ 1) немесе 2) тармақшалар бойынша жүргізіледі.
76 тармақ 3) тармақшаға:
қынап қабырғаларының шамалы төмендеуі;
ауырсыну синдромынсыз кіші жамбас аймағында тыртықты және жабысқақтық үдерістері;
эпителий пролиферациясынсыз сүт безінің қатерсіз дисплазиясы;
меноррагиялар, іш қату, сегізкөз аймағында және іштің төменгі жағының ауруы қоса болатын жатырдың дұрыс орналаспауы жатады.
Функциясы бұзылмай жатырдың дұрыс орналаспауы осы тармақты қолдануға негіздеме болып табылмайды, әскери қызмет өткеруге, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге кедергі болмайды.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
77 | Анабездік-етеккір функциясының бұзылуы: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Д | Д | Д | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Б | Б | Б | ЖЗ |
Бұл тармақ анабездік-етеккір функциясының бұзылуын (аменореяны, меноррагияны, метроррагияны, гипоменореяны, альгодисменореяны) көздейді.
77 тармақ 1) тармақшаға:
анемияға әкелетін органикалық жағынан негізсіз тұрақты қан кетулер;
айқын көрінген вазомоторлы реакциялар, АҚ тербелістері, астения тәрізді ұстамалар, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, дизуриялық құбылыстар, бұлшықеттерде, буындарда, сүйектерде ауырсыну сезімі қоса болатын климакс жатады.
77 тармақ 2) тармақшаға олигоменореямен, аменореямен (операциядан кейінгі емес) белгіленетін, соның ішінде Штейн-Левенталь синдромы кезінде анабездік-етеккір функцияларының бұзылуы;
жатырдың және аналық бездің толық болмауы, климакстың (климактериялық бұзылу кезінде вазомоторлы, эмоционалдық-психикалық, урогенитальды, тері, кеш алмасу бұзылуымен үйлесуі) жатады.
77 тармақ 3) тармақшаға жалпы қанағаттанарлық даму кезінде жыныс инфантилизмі, бедеулік жатады.
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
78 | Жіті науқастанудан немесе созылмалы науқастанудың асқынуынан немесе хирургиялық емдегеннен кейін несеп-жыныс жүйесінің функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылуы | Г | Г | Г | Г |
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген, мерзімді әскери қызметке шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген, әскери (арнаулы) оқу орындарына түскен кезде азаматтар, егер оларда бүйректердің жіті қабыну науқастануларына шалдыққаннан кейін несебінде патологиялық өзгерістер сақталса, 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Жіті диффузды гломерулонефритке шалдыққан мерзімді қызмет әскери қызметшілері талаптардың 71-тармағы бойынша куәландырылады.
Кеілісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды тек жіті пиелонефриттердің созылған асқынған ағымы кезінде жіті гломерулонефриттерден кейін, сондай-ақ әйел жыныс мүшелерінің (бартолинит, вульвит, кольпит, эндометрит, аднексит) жіті (емдеу мерзімі 2 айдан аспайтын) қабыну науқастануларынан кейін, операциялық емдеуден кейін шығарылады.
Бүйректердің жіті қабыну науқастануынан кейін бүйрек функциясының бұзылуы және несепте патологиялық өзгерістер туралы деректер болмаған кезде куәландырылушылар әскери қызметке жарамды деп танылады. Созылмалы нефриттің (пиелонефриттің) болуы немесе болмауы туралы түпкілікті сараптамалық шешім стационарлық тексерілуден кейін шығарылады және бір немесе екі кезеңде жүргізіледі.
16. Жүктілік, бала туу және бала туудан кейінгі кезең
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
79 | Жүктілік, бала туудан кейінгі кезең және олардың асқынулары | Г | Г | Г | ЖЗ |
Жеңіл және орта дәрежелі ауыртпалықтағы жүктілік токсикозы кезінде босатуды беру, ал ауыр дәрежелі ауыртпалықта науқастануы бойынша демалыс беру қажеттігі туралы қорытынды шығарылады.
Жүктіліктің тоқтатылуына қатер төнген кезде науқастануы бойынша демалыс беру қажеттігі туралы қорытынды стационарлық емделуден кейін шығарылады. Әскери қызметші әйелдер оларда жүктілік белгіленген кезде РЗ, ИСК, ЗОҚ, ЭМӨ көздерімен, лазерлік сәулеленумен қызметке уақытша жарамсыз деп танылады.
Дәрігер (акушер-гинеколог) жүктілікті белгілеген сәттен бастап декреттік бала туу демалысының мерзіміне дейін (жүктіліктің 30 аптасы) саптық және дене даярлығынан, тәуліктік нарядтардан және далалық сабақтардан босатылады.
Әскери қызметші әйелдерге жүктілік мерзімі 12 (он екі) апта болған кезде жабдықсыз еркін әскери киім нысанын және қыспайтын төмен өкшелі аяқ киім киюге рұқсат етіледі.
17. Туа біткен кемістіктер, өзгерістер мен хромосомды бұзылулар
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
80 | Мүшелер мен жүйелердің туа біткен кемістіктері: | | | | |
1) функциялардың елеулі бұзылуымен | Е | Е | Е | ЖЗ |
2) функциялардың орташа бұзылуымен | Д | Д | Д | ЖЗ |
3) функциялардың шамалы бұзылуымен | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
4) функциялардың бұзылуынсыз объективті деректер болған кезде | Б | Б | Б | ЖЗ |
80 тармақ дамудың туа біткен ақаулары мен кемістіктерін емдеу мүмкін болмаған, емдеуден бас тартқан немесе оның қанағаттанарлықсыз нәтижелері жағдайларында қолданылады.
Жүректің қос жармалы және (немесе) басқа да қақпақшаларының алғашқы пролапсы кезінде (жалғамалы тіннің дисплазиясы белгісі сияқты) азаматтарды медициналық куәландыру осы тармақ бойынша, ал жүректің қос жармалы және (немесе) басқа да қақпақшаларының қайталанған пролапсы (жүректің ишемиялық ауруы, миокардит, кардиомиопатия кезінде, жарақаттану және басқа да аурулар кезінде қалыптасатын) кезінде талаптардың 42-тармағы бойынша жүргізіледі.
80 тармақ 1) тармақшаға:
СЖӘ І ФС болған кезде жүректің және ірі қан тамырларының (аортаның, өкпе артериясының) туа біткен аралас немесе жанама ақаулары;
СЖӘ ІІ-ІІІ ФС болған кезде жүректің оқшауланған туа біткен ақаулары (аортаның тарылуы, өкпе артериясының тарылуы, сол жақ атриовентрикулярлық қуыстың тарылуы, аорталы (қосжармалы) қақпақшаның жеткіліксіздігі, аорталы қақпақша жармасының ілінуі, бикуспидальды аорталы қақпақша, миксоматоз, жүрекше аралық бөгелістің, қарынша аралық бөгелістің немесе Вальсальва синусының аневризмасы, қан регургитациясымен қақпақша жармаларының фенестрациясы, боталл түтіктерінің өспеуі, жүрекше аралық және қарынша аралық бөгелістің кемістігі және басқалар;
мүше анатомиясын және (немесе) оның функциясын бұзумен (Марфан синдромы, Элерс-Данло синдромы) жалғамалы тіннің тұқым қуалаушылық бұзылуы (соның ішінде жалғамалы тіннің дисплазиясы);
ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен тыныс алу мүшелерінің туа біткен ақаулары;
айқын көрінген тұрақты өзгерістермен функцияның елеулі бұзылуымен бассүйек дамуының ақаулары мен кемістіктері;
туа біткен құлақ қалқанының болмауы, ерін және таңдай саңылаулары, айқын көрінген клиникалық белгілерімен және функцияларының кенеттен бұзылуымен ас қорыту мүшелерінің басқа да туа біткен кемістіктері;
айқын көрінген клиникалық белгілерімен және функциясының кенеттен бұзылуымен ас қорыту мүшелерінің кемістіктері;
кеуде қуысының кенеттен өзгеруімен (қабырға бүкірлігі) және рестриктивті тип бойынша ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен омыртқаның белгіленген туа біткен қисаюлары (кифоз, сколиоз);
остеосклероз (остеопороз, мраморлық ауру);
бір бүйректің немесе қалған бүйректің айқын көріну дәрежесіне байланыссыз функциясының бұзылуы болған кезде функциясының болмауы;
функциясының елеулі бұзылуымен бүйрек поликистозы немесе ІІ-ІV дәрежелі СБӘ;
деңгейі бойынша ІІІ дәрежелі АГ-ға сәйкес симптоматикалық артериялық гипертензиямен бүйрек және бүйрек тамырларының кемістігі (ангиография деректерімен расталған);
жыныс мүшелерінің кемістігі (жыныс мүшесінің болмауы, қынап атрезиясы);
жамбас-мықын буындарында қозғалысты елеулі шектеу қоса болатын жамбастың өзгеруі;
аяқ-қолдың 8 см артық қысқалығымен сүйек деформациясы;
аяқ-қол сегментінің болмауы;
ортан жілік ішкі ұршығының шығыңқы жерінің арасы 20 см артық аяқтардың О-үлгіде қисаюы немесе жіліншік-тобық арасы 15 см артық Х-үлгіде қисықтығы (талаптардың ІІІ бағаны бойынша куәландырылатындарға 2) тармақша қолданылады);
функцияларының елеулі бұзылуымен сүйектердің, буындардың, сіңірлердің, бұлшықеттердің басқа да даму кемістіктері, науқастанулары және өзгеруі;
туа біткен ихтиоз, ихтиоз түріндегі эритодермия жатады;
80 тармақ 2) тармақшаға:
СЖӘ І ФС болмаған кезде жүректің және ірі қан тамырларының (аортаның, өкпе артериясының) туа біткен аралас немесе жанама ақаулары;
СЖӘ І ФС болған кезде жүректің оқшауланған туа біткен ақаулары;
жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІІ дәрежелі пролапсы (9 мм астам), жүрек іші гемодинамикасының бұзылуымен жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІ дәрежелі пролапсы (6-8,9 мм), сондай-ақ жармалардың миксоматозды дегенерациясымен асқынған қақпақшалар пролапсы;
талаптардың 42-тармағының 1), 2) 3) тармақшаларында көрсетілген асқазанның диастолиялық функциясының бұзылуы (ЭхоКГ нәтижелері бойынша) және (немесе) жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы қоса болатын сол (оң) жақ қарынша қуысының геометриясын өзгертетін жүректің кіші кемістіктері (қарыншалардың артық трабекулярлығы) немесе олардың жанамаласуы;
функциясының орташа бұзылуымен тұрақты немесе баяу үдемелі өзгерістер болған кезде бассүйек дамуының ақаулары мен кемістіктері (краниостеноз, платибазия, базиллярлы импрессиялар, макро немесе микроцефалия);
ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен тыныс алу мүшелерінің туа біткен ақаулары;
кеуде қуысының өзгеруімен және рестриктивті типі бойынша ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен омыртқаның белгіленген туа біткен қисаюлары (кифоз, сколиоз);
бір бүйректің немесе қалған бүйректің қалыпты функциясы кезінде функциясының болмауы;
бөлу функциясының орташа бұзылуымен немесе І дәрежелі СБӘ-мен поликистоз, дисплазия, бүйректің және оның элементтерінің қосарлануы, таға тәріздес бүйрек;
деңгейі бойынша ІІ дәрежелі АГ-ға сәйкес симптоматикалық артериялық гипертензиямен бүйрек және (немесе) бүйрек тамырларының кемістігі;
бөлу функциясының орташа бұзылуымен несепағардың немесе қуықтың кемістігі;
жамбас-мықын буындарында қозғалысты орташа шектеу қоса болатын жамбастың өзгеруі;
бір немесе екі жағында құлақ қалқанының болмауы немесе көріксіздендіретін өзгерісі;
ұма немесе шатаралық гипоспадия;
аяқтың 5-8 см дейін қысқаруымен аяқ-қолдың қысқаруымен сүйек деформациясы, ортан жілік мойынының ішке қайырылып бұзылуы;
ортан жілік ішкі айдаршығының шығыңқы жерінің арасы 12-20 см дейін аяқтардың О-үлгіде қисаюы немесе жіліншік-тобық арасы 12-15 см дейін Х-үлгіде қисықтығы;
функцияларының орташа бұзылуымен сүйектердің, буындардың, сіңірлердің, бұлшықеттердің басқа да даму кемістіктері, науқастанулары және өзгеруі;
туа біткен рецессивті (қара немесе қарайған) ихтиоз жатады;
80 тармақ 3) тармақшаға:
СЖӘ болмаған кезде оқшауланған туа біткен жүрек ақаулары;
жүрек іші гемодинамикасының бұзылуынсыз жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының ІІ дәрежелі пролапсы (6-8, 9 мм);
ІІ дәрежелі және одан астам регургитациямен жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3-5, 9 мм дейін);
сол (оң) жақ қарынша қуысының геометриясын өзгертетін және ВЭМ нәтижелері бойынша орындалған жүктеме қуатының төмендеуі қоса болатын жүректің шағын кемістіктері немесе олардың жанамаласуы;
функциясының шамалы бұзылуымен тұрақты өзгерістер кезінде бассүйек дамуының ақаулары мен кемістіктері;
екінші құлаққа сыбырлап сөйлеуді 3 м астам қашықтықта қабылдау кезінде есту жолының атрезиясы;
екі жақты микротия;
І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен тыныс алу мүшелерінің туа біткен ақаулары;
І дәрежелі сыртқы тыныс алу функциясының бұзылуымен кеуде қуысының деформациясы;
аяқталған үдеріспен және шамалы клиникалық белгілерімен остеохондропатиялар (қалыпты дене жүктемесі кезінде функция шамалы зардап шегеді);
аяғының 2-5 см дейін қысқаруымен сүйектердің деформациясы;
аяқтардың О-үлгіде қисаюы (ортан жілік ішкі айдаршығының шығыңқы жерінің арасы 9-11 см дейін) немесе Х-үлгіде қисықтығы (жіліншік-тобық арасы 9-11 см дейін);
функцияларының шамалы бұзылуымен сүйектердің, буындардың, сіңірлердің, бұлшықеттердің басқа да даму кемістіктері, науқастанулары және өзгеруі;
деңгейі бойынша І дәрежелі АГ-ға сәйкес симптоматикалық артериялық гипертензиямен бүйрек және (немесе) бүйрек тамырларының кемістігі;
бүйректің толық қосарлануы, бөлу функциясының шамалы бұзылуымен немесе бұзылуынсыз таға тәріздес бүйрек;
бүйрек функциясының шамалы бұзылуымен бүйректің жекелеген солитарлы кисталары;
жыныс мүшесінің тамырынан ортасына дейін зәр шығару арнасының жыланкөзі;
іш қуысында, шап арналарында немесе олардың сыртқы саңылауларында аналық бездің тұрып қалуы;
іш қуысында бір еннің тұрып қалуы;
құйымшақты бірнеше рет (3 және одан көп рет) радикалды хирургиялық емдегеннен кейін қайталанатын дермоидты кисталар;
туа біткен доминантты (қарапайым) ихтиоз;
қолдың функциясын бұзатын алақандардың, сондай-ақ жүрісті және стандартты аяқ киімді киюді қиындататын табанның тұқым қуалаушылық кератодермиялары жатады;
80 тармақ 4) тармақшаға:
талаптардың 42-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген қос жармалы қақпақшаның пролапсы кезінде отбасылық жағдайларсыз, алдағы эмболия жағдайларынсыз, жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуынсыз І дәрежелі регургитациямен жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3-5,9 мм дейін);
жүрек іші гемодинамикасының бұзылуынсыз жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының І дәрежелі пролапсы (3-5,9 мм дейін);
сол (оң) жақ қарынша қуысының геометриясын өзгертпейтін, бірақ ВЭМ нәтижелері бойынша орындалған жүктеме қуатының төмендеуі қоса болатын жүректің кіші кемістіктері немесе олардың жанамаласуы;
функциясының бұзылуынсыз бассүйек дамуының ақаулары мен кемістіктері;
бір жақты микротия;
функцияларының бұзылуынсыз бүйректердің (бүйректердің және олардың элементтерінің толық емес қосарлануы), несепағардың және қуықтың туа біткен ақаулары;
бүйрек функцияларының бұзылуынсыз солитарлы бірлі-жарым ұсақ (диаметрі 20 мм дейін) кисталар;
шап арнасында немесе олардың сыртқы саңылауларында бір еннің тұрып қалуы;
қолдың 5 см дейін және аяқтың 2 см дейін қысқаруымен сүйек деформациясы жатады.
Жалғамалы тіннің тұқым қуалаушылық бұзылуының жіктемесі белгісі ретінде регургитациямен немесе регургитациясыз жүректің қос жармалы немесе басқа да қақпақшаларының пролапсы айқындалған кезде (толық емес остеогенезді және басқа да Марфан, Элерс-Данло синдромы) куәландыру негізгі науқастануы бойынша жүргізіледі.