130. Қор халықты дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютордың қызметімен байланысты бірыңғай дистрибьютордың көрсетілетін қызметін сатып алады.
131. Бірыңғай дистрибьютор мен қордың арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету шеңберінде қаржыландыру көлемі шегінде әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана) және денсаулық сақтау субъектілерінің бөлінісінде бірыңғай дистрибьютордың қызметтер көрсету шарты жасалады.
Қаржыландырудың бекітілген көлемін түзету кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және (немесе) қор түзетулерді енгізген сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл жөнінде бірыңғай дистрибьюторға хабарлайды.
132. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын және (немесе) қор активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары осы Қағидалардың 19-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың қор сатып алатын қызметі шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағалардан аспауға тиіс.
133. Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бірыңғай дистрибьютордың тауарларға прайс-парағының бағалары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайды.
134. Бюджет қаражатын және (немесе) қордың активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар мәлімдеген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлеміне мониторингті жүзеге асырады.
135. Бірыңғай дистрибьютор сатып алудың қорытындылары шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын көрсете отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша сатып алу нәтижелері туралы есепті ұсынады.
2-параграф. Жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті
көрсету және аурулардың профилактикасы үшін тауарларды сатып алу
136. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін тапсырыс берушілер қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған, тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінімдерді бірыңғай дистрибьюторға береді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін, осы тарауда тапсырыс берушіге теңестірілген мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының елу және одан да көп пайыздары (үлестері) мемлекетке тиесілі болатын, заңды тұлғаларға жатпайтын денсаулық сақтау субъектілерінің бірыңғай дистрибьюторға өтінім беруіне рұқсат етіледі.
137. Тапсырыс берушілердің өтінімдері сатып алу шарты жасалатын сәтке дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгі шартында көзделген талаптарды сақтай отырып, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыруға олардың келісім білдіруінің нысаны болып табылады.
138. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютор сұрау салуды жіберген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға:
1) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы) және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларын;
2) мәлімделетін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасы мен өлшем бірлігін;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өлшем бірлігі үшін белгілеген дәрілік зат пен медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауы бойынша шекті бағасын;
4) жөнелтудің қажетті кестесін көрсете отырып, келесі қаржы жылына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір мәлімделген атауы бойынша санын;
5) дәрілік зат пен медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір мәлімделген атауы бойынша сомасын және өтінім бойынша жалпы сомасын;
6) ағымдағы қаржы жылы сатып алу шартында көрсетілген дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз бетінше сатып алуды қоса алғанда, алдыңғы қаржы жылы дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша нақты тұтынуды;
8) өтінім берілген күнге жағдай бойынша дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша қалдықты;
9) тапсырыс берушілердің толық атауын;
10) тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
11) деректемелерін, мекенжайын (пошталық және заңды), телефонының, факстарының байланыс нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайын қамтитын келесі қаржы жылына арналған бастапқы өтінімді ұсынады.
139. Тапсырыс берушілерде сол қаржы жылы қосымша қажеттілік туындаған кезде тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылының әрбір айының 1-5 күні аралығында бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын, олардың көлемін және беру кестелерін көрсетіп, сатып алуға арналған қосымша өтінімді ұсынады.
140. Тапсырыс берушілер бастапқы өтінімдерді осы Қағидалардың 138-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылының әрбір айының 1-5 күні аралығында бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға арналған өтінімді ұсынады.
Өтінімге тапсырыс беруші басшысының (оны алмастыратын адамның) атқаратын лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі; оның шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның нөмірі және атауы, төлем деректемелері, тауарды беру орны (мекенжайы) көрсетілген ақпараттық хат қоса беріледі; сұрау салу бойынша жарғының немесе ереженің көшірмесі ұсынылады.
141. Бірыңғай дистрибьютор ағымдағы қаржы жылы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуды қосымша өтінімдердің және тапсырыс берушілердің осы Қағидалардың 145-тармағына сәйкес ұсынған өтінімдерінің негізінде тоқсанына кемінде бір рет жүзеге асырады.
142. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден алғашқы өтінімді алғаннан кейін осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
143. Сатып алуды өткізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор прайс-парақты бекітеді және оны бекіткеннен кейін үш күн ішінде тапсырыс берушілерге тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру (түзету) үшін жібереді.
144. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылғы он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана), тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері бөлінісінде жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде келесі қаржы жылы қаржыландырудың нақтыланған көлемін қорға және бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Орталық атқарушы органдар және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсететін әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар ағымдағы жылғы он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей келесі қаржы жылы әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана), денсаулық сақтау субъектілері, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер бөлінісінде жедел, стационарлық, стационар алмастыратын көмек көрсету кезінде дәрілік қамтамасыз етуді қаржыландырудың нақтыланған көлемін бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
145. Сатып алу шартының жобасын ресімдеу үшін тапсырыс берушілер жыл сайын бірыңғай дистрибьютордан прайс-парақты алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей қаржыландыру көлеміне сәйкес бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағына сәйкес түзетілген өтінімді бірыңғай дистрибьюторға жібереді, ол:
1) дәрілік заттардың атауларын (халықаралық патенттелмеген атаулары және құрамы) және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларын, сондай-ақ олардың саудалық атауларын;
2) өлшем бірлігін;
3) бастапқы өтінімде көрсетілген санынан он пайызға дейін азайту жағына қарай өзгеруі мүмкін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын қамтиды. Өтінімді қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың мөлшерін олардың сапасын сақтау мақсатында жалпы жылдық көлемнен ең кіші қаптамаға дейін дөңгелектейді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе қормен келісілген дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер болған қайта ұйымдастыру, тарату және қаржыландыруды қысқарту жағдайларында тауардың санын бастапқы өтінімде көрсетілген санынан он пайыздан астамға азайтуға жол беріледі;
4) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағында белгіленген дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша шекті бағасын;
5) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағында белгіленген дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша бағасын және өлшем бірлігін;
6) алдыңғы қаржы жылы сатып алу шарттарында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде өз бетінше сатып алуды қоса алғанда, алдыңғы қаржы жылындағы дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша нақты тұтынуды;
8) дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша түзетілген өтінімді ұсыну күнінің жағдайы бойынша қалдығын;
9) тапсырыс берушінің толық атауын;
10) тапсырыс берушінің бірінші басшының (оны алмастыратын адамның) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
11) деректемелерін, мекенжайын (пошта және заңды), телефондардың байланыс нөмірлерін, факстерді, электрондық пошта мекенжайын;
12) қормен медициналық көрсетілетін қызметтер шартын жасау нөмірі мен күнін, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға бөлінген соманы қамтиды.
Түзетілген өтінімге тапсырыс беруші басшысының (оны алмастыратын адамның) атқаратынын лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі; заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтамасының немесе куәліктің көшірмесі; оның шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы көрсетілген ақпараттық хат, төлем деректемелері, тауарды беру орындары (мекенжайы); сұрау салу бойынша жарғының немесе ереженің көшірмесі қоса беріледі.
146. Тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына сәйкес құрылған және жасалған сатып алу шарттарының негізінде бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады. Сатып алу шартын жасауға тапсырыс берушінің түзетілген не қосымша өтінімі негіз болып табылады.
147. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден түзетілген өтінімді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілерге қабылдау-беру актісі бойынша не тапсырыс берушінің электрондық поштасына бір мезгілде хабарламаларды тарата отырып, электрондық құжат түрінде сатып алу шарттарын қол қоюға жібереді.
148. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шарттарын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оларға қол қояды, мөрмен бекітеді, бірыңғай дистрибьюторға қабылдау-беру актісі бойынша не электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы береді.
3-параграф. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді көрсетуге арналған тауарларды сатып алу
149. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының бірінші маусымынан кешіктірмей тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекітеді.
Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорға, бірыңғай дистрибьюторға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына тегін медициналық көмектің кепілдік берін көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін ведомстволық бөлімшелерге (ұйымдарға) жібереді.
150. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келесі қаржы жылына арналған бір реттен аспайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету үшін бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
151. Денсаулық сақтау субъектілері белгілі бір аурулармен диспансерлік есептегі азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықты, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша белгілі бір аурулары бар (жай-күйі) азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджеттерінің бөлінісінде бөлінген қаражаттың шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті есептеуді (алдын ала, түзетілген, қосымша) жүзеге асырады.
152. Қажеттілік есептерін (алдын ала, түзетілген және қосымша) денсаулық сақтау субъектілері облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ұсынады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға жалпы қажеттілігін айқындау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджеттерінің бөлінісінде бөлінген қаражат шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері қажеттіліктерінің (алдын ала, түзетілген және қосымша) есептерін жинақтауды жүзеге асырады.
Әкімшілік аумақтық бірлік бойынша қажеттілік есептерінің (алдын ала, түзетілген және қосымша) жиынтығын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары бірыңғай дистрибьюторға жібереді (өтінім статусы бар).
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және бірыңғай дистрибьюторға қажеттілік есептерін (алдын ала, түзетілген және қосымша) ұсынады.
153. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келесі қаржы жылына бірыңғай дистрибьютордың тізімін бекіткеннен кейін және бірыңғай дистрибьютор сұрау салу жіберген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана, орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджеттерінің бөлінісінде бөлінген қаражаттың шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің, ведомстволық бөлімшелердің (ұйымдардың) бөлінісінде жиынтық деректерден тұратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша келесі қаржы жылына қажеттіліктің алдын ала жиынтық есебін ұсынады. Бұл ретте жиынтық деректер мыналарды қамтиды:
1) нозологиялар;
аурулар;
халықтың санаттары;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы) бөлінісінде дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары/құрамы, сипаттамасы), медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын (құрамы, техникалық сипаттамасы):
2) өлшем бірлігін;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша шекті бағасын;
4) келесі қаржы жылына мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын;
5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын көрсете отырып, қаржы жылы ішінде өнім беру кестесін;
6) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір мәлімделетін атауы бойынша сомасын және қажеттіліктің алдын ала есебі бойынша жалпы сомасын;
7) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша белгілі бір ауруы бар, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықтың санын;
8) сырқаттанушылық динамикасы деректерінің, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың және (немесе) статистикалық деректердің негізінде науқастардың болжамды санын;
9) есепті ұсыну күніне дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды нақты тұтыну санын;
10) аяқталған қаржы жылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды нақты тұтыну санын (өтінім берілетін алдағы жылға);
11) алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің және (немесе) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің, ведомстволық бөлімшелердің (ұйымдар) және олардың құрылымдық бөлімшелерінің мекенжайларын;
12) олар арқылы уәкілетті орган бекіткен тізбесі бойынша диспансерлік есептегі белгілі аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықты дәрілік қамтамасыз ету жүзеге асырылатын мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарының және АИТВ/ЖИТС-тың профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының, сондай-ақ амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдарының мекенжайларын;
13) мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде халыққа дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды тегін босататын денсаулық сақтау субъектілерінің мекенжайларын;
14) тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер өнім берушілерінің немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерінің қажетті санын көрсете отырып, тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетілуге тиіс елді мекендердің тізбесін.
Бірыңғай дистрибьютор облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) ұсынған жиынтық алдын ала қажеттілік есептерін келісу үшін қорға және (немесе) орталық атқарушы органдарға және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдарға жібереді. Қор және (немесе) орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор ұсынған қажеттіліктің алдын ала жиынтық есептерін келісу нәтижелері туралы хабарламаны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
Бірыңғай дистрибьютор қордың және (немесе) орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдардың хабарламасының негізінде қажеттіліктің алдын ала жиынтық есептерін қайта жинауды жүргізеді.
154. Бірыңғай дистрибьютор қордан және (немесе) орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдардан жиынтық алдын ала қажеттілік есептерін келісу туралы алынған хабарламалардың негізінде оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді сатып алу рәсіміне кіріседі.
155. Сатып алуды өткізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор келесі қаржы жылына халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, саудалық атауы, дәрілік нысаны (сипаттамасы), өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, тауарлардың өлшем бірлігіне бағалары, өндірушінің атауы, елдің атауы көрсетілген бірыңғай дистрибьютор сатып алған тізбеден; құрамы (техникалық сипаттамасы), саудалық атауы, өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, өндірушінің атауы, елдің атауы көрсетілген медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесінен тұратын прайс-парақты бекітеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, қорға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілеріне жібереді.