64. Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі мыналарды қамтиды:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім. Электрондық жеткізгіште денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі ұсынылады;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейінгі қолданыстағы акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);
4) заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
6) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
7) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында әлеуетті өнім берушінің анықтама берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған және конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер;
9) дәрілік заттарды сатып алу және сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі (отандық тауар өндірушілер үшін);
сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі;
сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі;
10) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелмесе, осы әлеуетті өнім беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының салықтық есепте тұрмайтыны туралы хаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі;
11) әлеуметті өнім беруші қосымша көрсетілетін қызметтердің бағасын қоса алғанда мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің, соңғы бағасы қалыптасатын әлеуетті өнім берушінің нақты шығындарын қамтитын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім беруші мәлімдеген бағалар кестесі;
12) қосымша қызметтер;
13) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
14) дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, өткізу үшін жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде тиісті дәріханалық практика (GPP) сертификатының көшірмелерін ұсыну жағдайларын қоспағанда, «салқындату тізбегінің» болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс) көшірмелері;
15) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
16) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
17) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы хат;
18) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда сатып алу шартын бұзуға келісу туралы хат;
19) бірлесіп орындаушылармен фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы ниет шарттары;
20) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) есепке алудың ақпараттық жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды орнату туралы кепілдік хат;
21) тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуге рұқсатта және (немесе) хабарламада көрсетілген мекенжайға сәйкес фармацевтикалық қызмет объектісін меншік құқығында немесе иелену және пайдалану құқығында иеленуді растайтын құжаттың көшірмесі.
65. Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мыналарды қамтиды:
1) мәлімделген тауардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелік (медициналық техниканы мәлімдеген кезде *doc форматында электрондық жеткізгіште де);
2) ұсынылатын тауарлардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің осы Қағидалардың талаптарына және тендерлік құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттар.
66. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан бір пайыз мөлшерде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
67. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі - кепілдікті қамтамасыз ету) мынадай:
1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.
68. Кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмайды.
69. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге бес жұмыс күні ішінде мынадай:
1) тендерлік өтінімнің мерзімі өткен (тендер жеңімпазының тендерлік өтінімін қоспағанда);
2) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім беруші оны кері қайтарып алған;
3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес келмеу негіздемесі бойынша тендерлік өтінім қабылданбаған;
4) басқа әлеуетті өнім беруші тендердің жеңімпазы деп танылған;
5) сатып алу рәсімдері тендердің жеңімпазын айқындамай тоқтатылған;
6) сатып алу шарты күшіне енген және тендер жеңімпазы сатып алу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда қайтарылады.
70. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге, егер ол:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) тендердің жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт жасаудан жалтарса;
3) жеңімпаз деп танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе қайтарылмайды.
71. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны жазбаша нысанда кері қайтарып алады.
72. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
73. Тендерлік өтінім тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті бірінші басшының немесе уәкілетті адамның қолымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің мөрімен (бар болса) бекітіледі. Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алуды кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге бөлек қоса беріледі және тендерлік өтініммен бір конвертке желімденеді. Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, оның соңғы парағы бірінші басшының немесе уәкілетті адамның қолымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің мөрімен (бар болса) бекітілуге жатады.
74. Тендерлік өтінім басылып шығарылады не өшірілмейтін сиямен жазылады және оған әлеуетті өнім беруші қол қояды. Грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасына қосымша жазулар, өшірілген сөздер немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
75. Тендерлік өтінім әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы көрсетілетін конвертке желімденеді. Конверт тендерлік құжаттамада көрсетілген мекенжайы бойынша тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс және «________ сатып алу жөніндегі тендер (тендердің атауы көрсетіледі)» және «________ дейін ашпаңыз» (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі)» деген сөздерді қамтиды.
3-параграф. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
76. Тендерлік өтінімдерді қабылдауды аяқтау мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашудың басталуы арасындағы уақыттың ұзақтығы екі сағаттан аспайды.
77. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада айқындалған уақытта және орында ашады.
78. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қатыса алады.
79. Тендерлік комиссияның хатшысы конверттерді аша отырып, олардан тендерлік өтінімдер келіп түскен әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекенжайын, әрбір лот бойынша мәлімделген бағаларды, беру мен ақы төлеу шарттарын, тендерлік өтінімдерді кері қайтарып алу тәртібін, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды және осы мәліметтерді конверттерді ашу хаттамасына енгізеді.
4-параграф. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
80. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жүзеге асырады.
Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсімдеріне қатыстылығы бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық немесе тарату рәсімдерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты олардың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде болуы бөлігінде қарайды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпаратты қарайды.
81. Тендерлік комиссия мынадай:
1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама ұсынылмаған;
3) жарғының көшірмесі немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе акция ұстаушыларының тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда құрылтай шарты ұсынылмаған;
4) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылмаған (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін);
5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өткізуге арналған рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері ұсынылмаған не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылмаған;
6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер ұсынылмаған;
7) тиісті мемлекеттік кірістер органының құжаттарында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек (олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген, берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген сомаларды қоспағанда) туралы ақпарат болған;
8) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы қол қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы ұсынылмаған;
9) банктің немесе банк филиалының анықтамасында осы анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешек болған;
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер ұсынылмаған;
11) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмаған;
12) әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған;
13) біліктілік талаптары және осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;
14) банкроттық, тарату рәсімі қолданылған және (немесе) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде болған;
15) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға ұсынылған тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайын құжаттар ұсынылмаған;
16) дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, өткізу үшін жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде тиісті дәріханалық практика (GPP) сертификатының көшірмелерін ұсыну жағдайларын қоспағанда, «салқындату тізбегінің» болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс) көшірмелері ұсынылмаған;
17) егер мәлімделген медициналық техниканың техникалық сипаттамасы тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу деректерінде айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинағына сәйкес келмеген;
18) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 17-тармағының;
19) осы Қағидалардың 26, 33-тармақтарында белгіленген талаптарына сәйкес келмеген;
20) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттаманың талаптарында көрсетілгенге қарағанда неғұрлым қысқа болса;
21) егер бағалар кестесі ұсынылмаса не қол қойылмай ұсынылса;
22) әлеуетті өнім беруші тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және (немесе) тауардың саудалық атауы бойынша уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан жоғары тауар бағасын ұсынған;
23) тендерлік өтінім тігілмеген түрде, беттері нөмірленбей, қолмен куәландырылмай, конвертте әлеуетті өнім берушінің, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылған;
24) әлеуетті өнім беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
25) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы ақпарат ұсынылмаған;
26) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда сатып алу шартын бұзуға келісім ұсынылмаған;
27) сатып алуды өткізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банкроттық не тарату рәсіміне бастаманың жасалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің тоқтатыла тұруы белгіленген;
28) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде соңғы екі жыл ішінде жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту фактісі анықталған жағдайларда тұтастай немесе лот бойынша тендерлік өтінімді қабылдамайды.
82. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертеді және тендерді қайтадан өткізеді.
83. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін бір ғана өтінімнің берілуі негіздемесі бойынша өткізілмеді деп танылса, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы өтінімді берген әлеуетті өнім берушіден сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырады.
84. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:
1) тендерлік өтінімдер ұсынылмаса;
2) екеуден аз тендерлік өтінім ұсынылса;
3) егер бірде бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
4) егер бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.
85. Тендердің жеңімпазы ең төмен баға негізінде айқындалады.
5-параграф. Тендердің қорытындысын шығару
86. Тендердің қорытындылары тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде шығарылады, ол туралы хаттама жасалады, оған:
1) тауарлардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша сипаттамасы;
2) сатып алу сомасы;
3) тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, орналасқан жері және біліктілік деректері;
4) тендерлік құжаттамаға сәйкес әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және басқа да шарттары;
5) тендерлік өтінімдерді бағалаудың және салыстырудың мазмұны;
6) тендерлік өтінімдерді қабылдамау негіздемелері;
7) саудалық атауын көрсетіп, тендердің әрбір лоты бойынша жеңімпаз(дар)дың атаулары мен орналасқан жері және олар бойынша жеңімпаз айқындалған талаптар;
8) тендердің әрбір лотының оның ұсынысы саудалық атауы көрсетіліп, жеңімпаз ұсынысынан кейінгі екінші болып табылатын қатысушысының атауы мен орналасқан жері;
9) егер тендер жеңімпазы айқындалмаса, негіздемелері;
10) сатып алу шарты жасалуға тиіс мерзім;
11) сараптама комиссиясын тарту туралы ақпарат енгізіледі.
87. Тендердің қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілерге тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына қорытындылар хаттамасын орналастыру жолымен тендердің нәтижелері туралы хабарлайды.
88. Тендердің қорытындылары туралы хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады. Сатып алуды ұйымдастырушы қорытындылар шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс берушіге сатып алудың қорытындылары хаттамасының куәландырылған көшірмесін және жеңімпаз тауарларының техникалық ерекшелігін жібереді.
6-параграф. Сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын жасау
89. Тапсырыс беруші тендердің қорытындылары шығарылған күннен не сатып алуды ұйымдастырушыдан сатып алу қорытындыларын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған сатып алу шартын немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасалған фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді.
90. Шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тендердің жеңімпазы оған қол қояды не тапсырыс берушіні оның талаптарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді. Көрсетілген мерзімде қол қойылған шартты немесе талаптармен келіспеу туралы хабарламаны ұсынбау шарт жасасудан бас тарту болып есептеледі. Келіспеушіліктерді шешу мерзімі екі жұмыс күнінен аспауға тиіс.
91. Сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарт, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзге көзделмесе, тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
92. Егер тендердің жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу шартына немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қоюдан жалтарса немесе тапсырыс берушіге оның талаптарымен келіспейтіні туралы хабарламаса, онда тапсырыс беруші осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін және баға ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін екінші болып табылатын тендерге қатысушымен шарт жасайды.
93. Шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге (тауар бағасын, көлемді азайтуды қоспағанда), оның ішінде шартта көрсетілген саудалық атауды басқа саудалық атаумен ауыстыруға жол берілмейді.
94. Өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған сапа мен басқа да шарттар өзгермеген жағдайда, жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:
1) тауарларға бағаны және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісімі бойынша;
2) тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін азайту бөлігінде тараптардың өзара келісімі бойынша жол беріледі.
95. Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қойылғанға дейін тауардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуіне жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші қалауы бойынша тауардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
7-параграф. Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету
96. Сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың мазмұнын, нысанын және оны кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу талаптарын (бұдан әрі - кепілдікті қамтамасыз ету) осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды және тендерлік құжаттамаға, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа енгізілуге тиіс.
97. Кепілдікті қамтамасыз ету сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың бағасынан үш пайызды құрайды және:
1) тапсырыс берушіге қызмет көрсетілетін банкке енгізілетін ақшалай қаражат түріндегі кепілдік жарна;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі түрінде ұсынылады.
98. Ақшалай қаражатты кепілдік жарна түрінде кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.
99. Егер сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың бағасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.
100. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер өзі өзгешені көздемесе, шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.