сатып алу жүргізілетін алдыңғы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он төрт айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде он екі айды құрайды;
6) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде отыз пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде сегіз айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
7) тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне вакцинаның жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде қырық пайызды жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
8) олардың жарамдылық мерзімі өткенге дейін тағайындауы бойынша пайдалану үшін тараптардың келісімі бойынша есепке алу және өткізу қызметтері бірыңғай дистрибьютор тауарының ауыспалы қалдықтары үшін тапсырыс берушіге және (немесе) өнім берушіге ұсынылатын осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген жарамдылықтың аз мерзімін құрайды;
9) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттардан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттардан, тіркелмеген дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан басқа, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік заттардың саудалық атауында тіркелген бағаның және медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаның бар болуы.
21. Сатып алынатын медициналық техникаға мынадай талаптар қойылады:
1) медициналық техниканың Қазақстан Республикасында тіркелуінің немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорытындысының (рұқсат беру құжатының) бар болуы. Тіркеу тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесімен немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынатын үзіндімен расталады. Тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;
2) медициналық техниканың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулық пен пайдалану құжаты Кодекстің талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;
3) медициналық техника денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес оның қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;
4) медициналық техника жаңа, бұрын пайдаланылмаған, беру сәтінде шыққанына жиырма төрт ай болмаған болып табылады;
5) өлшем құралдарына жататын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізілгені техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесімен расталады. Өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу қажеттілігінің болмауы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның хатымен расталады;
6) жылжымалы кешен арнайы автокөліктен, медициналық техникадан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұратын бірыңғай кешен ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген.
22. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші тауарларға осы Қағидаларда көзделмеген талаптарды белгілемейді.
23. Тауарларға қойылатын талаптар осы Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.
5-тарау. Отандық тауар өндірушілерді қолдау
24. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендер) отандық тауар өндіруші болып табылатын және тендерлік өтінімі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысса, комиссия осындай әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай шарт жасалады. Бұл ретте шарт жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысының бағасынан аспайды.
25. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) олардың біреуі отандық тауар өндіруші болып табылатын, тендерлік өтінімі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіні тендердің жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай шарт жасалады. Бұл ретте шарт жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы жаңа ұсынысының бағасынан аспайды.
26. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) отандық тауар өндіруші болып табылатын және тендерлік өтінімдері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін қарайды, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (болған кезде) қабылдамайды.
27. Егер екі кезеңдік тендерге берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу көзделетін лоттарға отандық өндіруші болып табылатын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі берілсе, онымен осы Қағидалардың сатып алудың ерекше тәртібін көздейтін 21-тарауына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілі қолданылмай берудің ұзақ мерзімді шарты жасалады.
28. Сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушінің отандық өндіруші мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:
1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар немесе медициналық техника өндірісі бойынша фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат (лицензия);
2) Кодекстің ережелеріне сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өндіруші ретінде отандық тауар өндіруші көрсетілген, отандық тауар өндірушінің тауарына арналған тіркеу куәлігі.
Шарт немесе берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісім жасалған кезде әлеуетті өнім беруші - отандық өндіруші жеткізілетін тауарларға «СТ KZ» ішкі айналыс үшін тауарлардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынады.
6-тарау. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау
29. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шарттар жасау артықшылығына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес:
1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);
2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);
3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификат алған әлеуетті өнім берушілер ие болады.
30. Тендерлік өтінімге сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасауға артықшылық алу үшін:
отандық тауар өндірушілер дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған объекті мен өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;
әлеуетті өнім берушілер дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған объектінің тиісті дистрибьюторлық практикаға сәйкестігі (GDP) сертификатын қоса береді;
әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың бірлесіп орындаушылары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған объектінің тиісті дәріханалық практикаға сәйкестігі (GPP) сертификатын қоса береді.
31. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімді, объектінің осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарға сәйкес тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификат ұсынған бір ғана әлеуетті өнім беруші қатысса, онда комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай шарт жасасады. Бұл ретте шартты жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысының бағасынан аспайды.
32. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) олардың бірі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімді, осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарға сәйкес объектінің тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынған екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысса, комиссия объектінің тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай шарт жасалады. Бұл ретте шарт жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысының бағасынан аспайды.
33. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді және осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарға сәйкес объектінің тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификат ұсынған екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда комиссия олардың тендерлік өтінімдерін ғана қарайды, ал басқа қатысушылардың тендерлік өтінімдерін (олар болған кезде) қабылдамайды.
2-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
8-тарау. Сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
34. Тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші немесе қор және бірыңғай дистрибьютор бір адамның атынан әрекет ететін жағдайды қоспағанда, тапсырыс беруші немесе қор және бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдау жолымен сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ алдағы болатын сатып алуда олардың мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің немесе қордың және бірыңғай дистрибьютордың лауазымды адамын айқындайды.
35. Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет ете алады.
36. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет ете алады.
9-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Тендерді ұйымдастыру
37. Тендер өткізу тәсілімен тауарларды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталатын күннен кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын, қайталама тендер кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн қалғанда тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастыру жолымен әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
38. Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған тендер өткізу тәсілімен тауарларды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына немесе бірыңғай дистрибьютордың сатып алу веб-порталына орналастырылады, ол мынадай ақпаратты:
1) тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының атауын және мекенжайын;
2) сатып алынатын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауларын, сатып алынатын тауарлардың халықаралық патенттелмеген атауларын, саудалық атауларын - пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда, сатып алу көлемін, беру орнын, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомаларды;
3) беру мерзімдері мен талаптарын;
4) тендерлік құжаттаманы беру тәртібі мен көзін;
5) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны мен тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімін;
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнін, уақыты мен орнын қамтиды.
Тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар тендерлерді сатып алу веб-порталы арқылы немесе осы Қағидалардың 1-тарауының нормаларына сәйкес өткізеді.
39. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендер өткізу үшін тендерлік комиссия құрады. Әрбір тендерге бөлек комиссия құрамы бекітіледі.
40. Тендерлік комиссияның құрамына тендерлік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және кемінде үш адам болуға тиіс.
41. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және өз қызметін сатып алу шарты жасалған не тендер өткізілмеді деп танылған күні не сатып алу шарты жасалғанға дейін сатып алу өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайларда қорытындылардың күші жойылғанда тоқтатады.
42. Тендерлік комиссияның құрамына тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ бейінді құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандары кіреді.
43. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе басшының орынбасары тендерлік комиссияның төрағасы болып айқындалады, ол комиссия қызметіне басшылық етеді, жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерін іске асыру үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.
44. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы басшысының бұйрығымен тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының қызметкерлері қатарынан комиссияның құрамына кірмейтін және дауыс беру құқығы жоқ тендерлік комиссияның хатшысы тағайындалады.
45. Тендерлік комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы ұсынады, олардан тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды және басқа да қажетті материалдарды дайындайды, комиссия отырысының хаттамасын жасайды, тендерлік өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда оларды ұсыну күні мен уақыты, тендерлік өтінім салынған конвертті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі. Журнал тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы беті тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті адамының қолтаңбасымен куәландырылады.
46. Қажет болған кезде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бейінді мамандықтағы сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.
47. Сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынып отырған тауарлардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сатып алынатын тауарларға және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарға, тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкестігіне тауарлардың техникалық ерекшелігі (сипаттамасы) бойынша сараптамалық қорытынды береді.
48. Сарапшы тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
49. Сараптамалық қорытындыны комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстырып тексеру, жеңімпазды айқындау кезінде қарайды.
50. Тендерлік комиссияның отырысы оның жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде тендерлік комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
51. Тендерлік комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда отырыс хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні растайтын актіге сілтеме көрсетіледі.
52. Егер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы кворумның болмауы себебінен белгіленген күні мен уақытта өткізілмесе, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде белгіленетін конверттерді ашудың жаңа күні мен уақыты туралы хабарлайды.
Бұл ретте қайта берілген тендерлік өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды.
53. Егер белгіленген уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны қамтамасыз етілмесе, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен кейінгі үш жұмыс күні ішінде тендерлік комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.
54. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына оның барлық мүшелері, тендерлік комиссияның төрағасы, оның орынбасары мен комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды.
55. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманы бекітеді, ол оның интернет-ресурсына орналастырылады және мыналарды қамтиды (сатып алу нысанасына қарай):
1) осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына және 4-тарауына сатып алынатын тауарлардың өзінің сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынуға тиіс тендерлік құжаттаманың құрамын, құжаттар тізбесін;
2) техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің техникалық және сапалық сипаттамаларын;
3) сатып алынатын тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін және әрбір лот бойынша оларды сатып алу үшін бөлінген сомаларды;
4) тауарды беру немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету орны, мерзімдері мен басқа да шарттарын;
5) төлем шарттары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша тауарларды сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың жобасын;
6) тендерлік өтінімнің, сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың тіліне қойылатын талаптарды;
7) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптарды;
8) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу тәртібін, нысаны мен мерзімдерін;
9) тендерлік өтінімді кері қайтарып алу мүмкіндігі мен тәртібін көрсетуді;
10) тендерлік өтінімдерді қабылдау орны мен соңғы мерзімін және олардың қолданылу мерзімін;
11) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік құжаттаманың мазмұны қажет болған кезде олармен кездесу өткізу тәртібі бойынша түсініктеме алу үшін жүгіну нысандарын;
12) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу орнын, күнін, уақыты мен рәсімін;
13) тендерлік өтінімдерді қарау рәсімін;
14) әлеуетті өнім берушілерге - отандық тауар өндірушілерге Қағидаларда айқындалған қолдау көрсету шарттарын;
15) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу шарттарын, нысанын, көлемі мен тәсілін;
16) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, сондай-ақ әрбір лот бойынша саудалық атауының техникалық сипаттамалары және шекті бағалары көрсетілген тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін және санын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде);
Пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда, тапсырыс берушінің дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы негізінде саудалық атауы, сондай-ақ әрбір лот бойынша саудалық атауының техникалық сипаттамасы және шекті бағалары көрсетілген, тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін және санын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде);
17) медициналық техниканың тізбесі мен санын;
18) әрбір лот бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармалары айқындаған фармацевтикалық қызмет көрсетілуге тиіс елді мекендердің тізбесін (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде);
19) осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне, сондай-ақ олардың бірлесіп орындаушыларына қойылатын талаптарды (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);
20) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтерді;
21) осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген тауарларға қойылатын талаптарды.
56. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының біртекті тауарларды оларды беру орны бойынша лоттарға, ал біртекті тауарлардың бірнеше түрін сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және (немесе) беру орны бойынша лоттарға бөлуіне жол беріледі.
Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сатып алуды оларды көрсету орны бойынша лоттарға бөледі.
57. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша түсініктеме беруге жүгінеді, оларға тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салу авторын көрсетпей, сұрау салу келіп түскен күнге тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберілетін түсініктеме береді.
58. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімге тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажеттілік болған кезде өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік бес күнге ұзартылады.
59. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде тендерлік құжаттамада айқындалған жерде және уақытта тендер шарттарын түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізеді, бұл туралы кездесудің барысы және мазмұны туралы мәліметтерді қамтитын хаттама жасалады, ол тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және кері қайтарып алу
60. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді желімделген түрде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.
61. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
62. Тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнінен бастап есептелетін кемінде күнтізбелік қырық бес күнді құрайды. Қолданылуы мерзімі неғұрлым қысқа тендерлік өтінім қабылданбауға тиіс.
63. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады. Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған, қызметтерді немесе әрекеттерді (операцияны) жүзеге асыруға бірлесіп орындаушының құқықтарын растайтын (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелерін де, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидалардың 64-тармағының 19), 20) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.