51) тауар - дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және (немесе) медициналық техника;
52) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы;
53) бірлесіп орындаушы - өнім беруші фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартты бірлесіп орындау үшін тартатын денсаулық сақтау субъектілері;
54) ауыспалы қалдық - өнім берушілерден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өткен қаржы жылдарында қабылданған, оның ішінде төмендемейтін қордан тапсырыс берушілер өткізбеген дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар;
55) денсаулық сақтау субъектілері - жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке тұлғалар;
56) DDP ИНКОТЕРМС 2010 - Халықаралық тауар палатасы әзірлеген және айқындаған халықаралық сатып алу-сату шарттарының стандартты талаптарының халықаралық сауда термині, мұнда тауар тапсырыс берушіге барлық кеден баждары мен тәуекелдерінен тазартылған, шартта көрсетілген межелі орнына жеткізілгенде;
57) сатып алудың үш жақты шарты - медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалатын шарт;
58) сарапшы - тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы не бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар сипаттамасының немесе техникалық ерекшелігінің бірыңғай дистрибьютордың тізіміне немесе сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктері мен осы Қағидаларда белгіленген оларға қойылатын талаптарға сәйкес келуіне қатысты сараптамалық қорытынды беру үшін өтеусіз негізде тартатын арнаулы және (немесе) техникалық білімі, өткізілетін сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталған тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;
59) сатып алу веб-порталы - бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы жүргізетін электрондық сатып алуға қол берудің бірыңғай нүктесін ұсыну үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;
60) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік затқа, медициналық мақсаттағы бұйымға және медициналық техникаға шекті баға (бұдан әрі - шекті баға) - бірыңғай дистрибьютор және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары бағасы одан жоғары болса сатып алу жүргізілмейтін дәрілік затқа, медициналық мақсаттағы бұйымға және медициналық техникаға арналған баға;
61) бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өнім беру шартында көрсетілген, бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасына үстеме;
62) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет - дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге байланысты есепке алуды, сақтауды халыққа өткізуді (рецептуралық босатуды) қамтамасыз ететін қызметі;
63) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі шарт - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар барлық қосымшалармен қол қойған бірыңғай дистрибьютор мен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер беруші арасында жасалған шарт;
64) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары - денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтардың денсаулығын қорғау, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында басшылықты жүзеге асыратын, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторингті және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
65) бірыңғай дистрибьютор көрсететін қызмет - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халықты дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге байланысты бірыңғай дистрибьютор қорға көрсететін қызметтер жиынтығы;
66) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі - амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;
67) өнім берушінің тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі шығынын өтеу - көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің тауарларды өткізу және есепке алу шығындарын қордың қаражаты есебінен өтеуі;
68) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қоры - өткен жылы тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьютордың тізімінен іс жүзінде сатып алған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы көлемінен он пайызға дейінгі көлемде өз қаражаты есебінен ағымдағы қаржы жылы бірыңғай дистрибьютор белгілеген және сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі;
69) бірыңғай дистрибьютордың қызметтерді көрсету туралы шарты - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, барлық қосымшалармен тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған бірыңғай дистрибьютор көрсететін қызметтерді сатып алуға арналған қор мен бірыңғай дистрибьютор арасында жасалған шарт;
70) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің өтеусіз шарты - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған, барлық қосымшалармен қол қойған, тараптар жазбаша нысанда белгіленген, қор қаражаты есебінен бекітілген халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету мақсатында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде бірыңғай дистрибьютор мен денсаулық сақтау субъектісі арасында жасалатын шарт;
71) жылжымалы кешен - емдік және диагностикалық іс-шараларды дербес орындауға мүмкіндік беретін, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйым стационарлық бекітілген (тасымалданбайтын және портативті емес) арнайы автокөлік.
2-тарау. Сатып алуға байланысты қағидаттар, тәсілдер мен шектеулер
3. Сатып алу мынадай қағидаттар сақтала отырып өткізіледі:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
5) отандық тауар өндірушілерді қолдау;
6) кәсіпкерлік бастаманы қолдау;
7) пациентке бағдарланған дәрілік көмек;
8) Қазақстан Республикасының тұрғындарын дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, медициналық техникамен үздіксіз қамтамасыз ету.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын бағамен сатып алынады.
5. Жыл сайын тиісті қаржы жылының бірінші маусымына дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келесі қаржы жылына бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаны бекітеді.
6. Сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы:
1) тендер;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) оның тізіміне сәйкес бірыңғай дистрибьютордан;
5) медициналық техниканы сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютор арқылы;
6) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қаржы лизингі шарттарында медициналық техниканы сатып алу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
Осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көзделген сатып алуды тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар сатып алу веб-порталында жүзеге асыра алады.
7. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды:
1) екі кезеңдік тендер;
2) бір көзден алу;
3) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болғызбау және салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
4) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құруға және (немесе) жаңартуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
5) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
6) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша медициналық техника бойынша өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
Бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген сатып алуды сатып алу веб-порталында жүзеге асыра алады.
Бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларына сәйкес бір қаржы жылы және өтінімдерінде бірдей сипаттамасы және (немесе) техникалық сипаттамасы (лоттары) бар дәрілік заттар және (немесе) медициналық бағыттағы бұйымдар көрсетілген сол бір әлеуетті өнім беруші қатысатын осы тармақтың 4), 5) тармақшаларына сәйкес сатып алу тәсілдерімен сатып алу рәсімдері бір мезгілде өткізілген жағдайда тендерлік немесе конкурстық комиссия мұндай лоттары бар өтінімдерді, ашу рәсімін бұрын басталған деп қарайды. Бұл ретте тендерлік немесе конкурстық комиссия кеш басталған сатып алудағы мұндай лоттарды бұрын басталған сатып алу қорытындыларын шығарғанға дейін қарамайды.
Бірыңғай дистрибьютор бұрын басталған сатып алу нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді шарт жасасқан жағдайда тендерлік немесе конкурстық комиссия кеш басталған сатып алудағы мұндай лоттарды қараусыз қайтарады.
8. Лизинг беруші қаржы лизингі шарттарында одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін бірыңғай дистрибьютор арқылы медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асырады.
9. Жұмыскерлер, сондай-ақ тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің үлестес тұлғалары осы Қағидаларда реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілер ретінде қатыса алмайды.
Әлеуетті өнім беруші және оның үлестес тұлғасы бір лот бойынша тендердің қатысушысы бола алмайды.
Әлеуетті өнім беруші, егер:
1) әлеуетті өнім беруші бірінші басшыларының және (немесе) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің өкілі болып табылса;
2) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшысының жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесінде болатын заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға байланысы болса;
3) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесіне енгізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;
4) сатып алуға қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;
5) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болса;
6) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті - әлеуетті өнім беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, сатып алуға қатыспайды.
10. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесін тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші заңды күшіне енген сот шешімдері негізінде қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде оны интернет-ресурсқа орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
11. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесіне қосу үшін:
1) өнім берушілердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету біліктілік талаптары немесе сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынуы;
2) жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасудан жалтаруы;
3) екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасудан жалтаруы;
4) өнім берушілердің тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың бір жақты тәртіппен шартты бұзуына әкеп соқтырған олармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы негіз болып табылады.
12. Фармацевтикалық қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыны тартуға жол беріледі, бұл ретте әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушысы осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 3), 10) тармақшаларында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
13. Тауарлардың әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет ету қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
2) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі (осы талап өндірушілерге қолданылмайды);
3) төлем қабілеттілігі - салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;
4) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы, қаржы-шаруашылық қызметі сатып алуды өткізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тоқтатыла тұрмаған болуға тиіс;
5) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болмауы;
6) олармен айналысу үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
14. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет ету қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
2) Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
3) олармен айналысу үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеттілігі «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
4) төлем қабілеттілігі - салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;
5) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы, қаржы-шаруашылық қызмет сатып алуды жүргізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;
6) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер және (немесе) өнім берушілер тізбесінде болмауы;
7) Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
8) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесін енгізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның болуы;
9) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша олардың міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылмауы;
10) осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген шектеулердің болмауы;
11) осы Қағидаларда тыйым салынған бірыңғай дистрибьютормен қарым-қатынастың болмауы.
15. Біліктілік талаптары осы Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.
16. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге осы Қағидаларда көзделмеген біліктілік талаптарын қоймайды.
Әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін растау үшін тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға, бірыңғай дистрибьюторға қағаз жеткізгіште немесе сатып алу веб-порталы арқылы осы Қағидаларда көзделген құжаттарды және/немесе құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
17. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, тендердің, екі кезеңдік тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттың; медициналық мақсаттағы бұйымның; медициналық техниканың өндірушісін көрсете отырып, бір саудалық атауын ұсынады.
Әлеуетті өнім беруші дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның бір атауы бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде, сондай-ақ бір көзден немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу кезінде осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның, медициналық техниканың өндірушісін көрсете отырып бір саудалық атауын ұсынады.
18. Медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісі тендердің бір лоты бойынша, егер сатып алынатын негізгі медициналық техниканы пайдалану үшін қосымша медициналық техника және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйым жиынтықта бірлесіп пайдалану үшін талап етілсе, екі және одан да көп өндірушіні ұсына алады.
19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне кірген, бірақ бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кірмеген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін;
2) балаларды қамтамасыз ету мақсатында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері туралы нұсқамасы бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда;
3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілдік органдарының шешімі негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
4-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
жүйесінде медициналық көмек көрсету шеңберінде сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптар
20. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін сатып алынатын және босатылатын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:
1) Кодекстің ережелеріне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды тіркеудің болуы (дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттарды, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың құрамына кіретін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықты қоспағанда);
2) дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;
3) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;
4) тапсырыс берушіге өнім берушінің беру күніне дәрілік заттардың, профилактикалық препараттардың (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде елу пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он екі айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
5) бірыңғай дистрибьюторға өнім берушінің беру күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде елу пайызды;