2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы өтiнiште:
1) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерi немесе мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң - заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпарат агенттiгi материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);
3) шығарылымның болжамды мерзiмдiлiгi;
4) негiзгi тақырыптық бағыты;
5) таралу аумағы;
6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);
7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою кезiнде өзге рұқсат беру талаптарын қоюға тыйым салынады.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 12-бап толықтырылды; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату
Таралымы:
- жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;
- ресми, нормативтік және өзге де актілерді;
- сот практикасының бюллетеньдерін.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертілді; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру және тоқтату
1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару не бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, теле-, радиобағдарламалардың, теле-, радиоарналардың эфирге шығуын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды уақытша тоқтату түсiнiледi. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, тосқауылдар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, интернет желісіндегі авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 15 және 16-баптарының талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу заңда белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
5. Меншік иесінің не соттың шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға әкеп соғады.
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы мен мәтініндегі «құралдарын тарату», «құралдарын таратуды», «құралы таратуға» деген сөздер тиісінше «құралдарының өнімін тарату», «құралдарының өнімін таратуды», «құралдарының өнімін таратуға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
03.05.01 ж. № 181-II ҚР Заңымен;19.12.03 ж. № 509-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын:
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдiр ораммен буып-түйiлмеген күйiнде;
3) білім беру ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) үй-жайларында және аумақтарында;
4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Субъектілер, эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарын тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына бұл туралы хабарлама жасауға міндетті.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарын таратуды бастағаны туралы хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін жүргізеді.
2007.18.06 № 264-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.
Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
3-1. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.
2014.17.01. № 166-V ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды
3-3. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттік органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Шығарылым деректерi
1. Мерзiмдi басылымның әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы;
2) бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi;
3) бас редактордың (редактордың) тегi және аты-жөнi;
4) есепке қою туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның атауы;
5) басылымның мерзiмдiлiгi;
6) бұқаралық ақпарат құралының рет нөмiрi мен жарық көрген күні;
7) таралымы;
8) баспахананың атауы, оның мекен-жайы және редакцияның мекен-жайы.
2. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге әрбiр шыққан сайын, ал үздiксiз хабар таратқан жағдайда тәулiгiне кемiнде төрт рет өзiнiң атауын жариялап отыруға мiндеттi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
16-бап. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi даналары мен телерадиобағдарламалардың материалдарын сақтау
1. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi тегiн даналарын, соның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын олар әзiрленген күнi бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi немесе оның тапсыруы бойынша үшiншi тұлға Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасына, Ұлттық кiтапханаға, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң кiтапханасына, уәкiлеттi органға жiбередi.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теле-, радиоарналардың) редакциялары өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын бiр ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өздерiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында көрсетуге және оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мәдени жағынан құнды жазбалар уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен сақталады.
4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтармен және ұйымдармен қатынасы
17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Редакция, интернет-ресурстың меншік иесі пайдаланылатын зияткерлік меншік құқығының объектілеріне құқықтарды, оның iшiнде зияткерлік меншiкке авторлық, сабақтас және өзге де құқықтарды сақтауға мiндеттi.
2. Оқырмандар хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін қысқартуға және оның мазмұнының мағынасын бұрмаламай редакциялауға жол беріледі.
3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға ешкімнің де міндеттеуге құқығы жоқ.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 18-бап толықтырылды
18-бап. Ресми хабарлар
1. Мемлекеттік органдардың ресми хабарлары бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес орналастырылады.
2. Мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, олардың меншік нысанына және кімге қарайтынына қарамастан, өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатынынан басқа ақпаратты тең шарттарда беруге міндетті.
2-1. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге не беру мерзiмiн немесе беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге мiндеттi.
Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралынан қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн мемлекеттік органдарға немесе өзге де ұйымдарға өтiнiш келiп түскен жағдайда, осы өтiнiш бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi органдарға жiберiлiп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабарлануға тиiс.
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сұралып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуға бұқаралық ақпарат құралының өкілі мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға арналған заңда көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға, не сотқа шағым жасауы мүмкін.
19-бап. Теріске шығару құқығы
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.
2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы адресатқа мiндеттi түрде хабарлануға тиiс.
Өзге реттерде терiске шығару тәртібін сот белгілейдi.
3. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.
4. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған болса, олар мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері
20-бап. Журналистiң құқықтары
Журналистiң:
1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;
2) мемлекеттік органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткізу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;
4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;
5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;
8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;
10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 21-бап толықтырылды
21-бап. Журналистiң мiндеттерi
Журналист:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;
4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;
4-1) 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 6-тараудың мемлекеттік тілдегі тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша «тіркеу», «тіркей», «тіркелген», «тіркеген», «тіркелуі», «тіркеуге», «тіркеуді» деген сөздер тиісінше «аккредиттеу», «аккредиттей», «аккредиттелген», «аккредиттеген», «аккредиттелуі», «аккредиттеуге», «аккредиттеуді» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
6-тарау. Журналистерді аккредиттеу
22-бап. Журналистердi аккредиттеу
1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың келісімi бойынша олардың жанында өз журналистерiн аккредиттей алады.
2. Журналист аккредиттелген мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар оны өткiзiлетiн отырыстар, кеңестер және өзге де шаралар жөнiнде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жабық шара өткізу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда, аккредиттелген журналистiң өзiн аккредиттеген мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар өткiзетiн отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға құқығы бар.
4. Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуі күшiн жоюы мүмкiн.
5. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде аккредиттеу
Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралы иесiнің Қазақстан Республикасының және өздерi болған елдердiң заңдарында көзделген тәртiппен басқа елдерде тiлшiлер қосынын ашуға, журналистердi аккредиттеуге құқығы бар.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 24-бап толықтырылды
24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi
1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел журналистерiнің және басқа да шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Заңның нормаларын бұзатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға сот тәртiбiмен тыйым салынады, ал интернет-ресурстар болып табылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін - Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұру көзделеді.
7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшін жауапкершілік
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 25-бап толықтырылды
25-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн жауапкершiлiк негiздерi
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың (мемлекеттік органның, азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, дiни не өзге де бiрлестiгiнiң және заңды тұлғалардың) ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал жасау Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың оған кiнәлi лауазымды адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының иесi, таратушысы, бас редакторы (редакторы), таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады.
2-1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi, бас редакторы (редакторы) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-таптық және рулық артықшылықты, қатыгездікті, зорлық пен порнографияны насихаттап, үгіттейтін хабарлар мен материалдарды таратқаны үшін, олардың алынған көздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармағының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi)
3. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату үшін жауапкершіліктен босатылатын реттер
Бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін:
1) егер бұл мәліметтер ресми хабарлар мен құжаттарда айтылған болса;
2) егер олар жарнама және ақпарат агенттіктерінен немесе мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінен алынса;
3) егер олар өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының және азаматтардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;
4) егер олар алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде айтылса;
5) егер бұл мәліметтер осы Заңның 18-бабына сәйкес міндетті хабарларда айтылса, бас редактор (редактор), сондай-ақ журналист жауапты болмайды.
Қазақстан Республикасының