Патенттiк сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу кандидат берілген патенттiк сенiм білдірілген өкіл куәлігімен расталатын аттестаттаудан өткен кезде жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасын білуіне тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.»;
25) 36-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«36-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттiк сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және күшін жою туралы тиісті мәліметтер патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.»;
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган патенттік сенiм білдірілген өкілдің әрекетіне жеке немесе заңды тұлғаның шағымы келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссияны құрады. Апелляциялық комиссия келіп түскен шағымды қараған кезеңде патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде белгі жасалады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) уәкілетті органға патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын сотқа жіберуге ұсыным жасау;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
26) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн халықаралық тіркеу
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн халықаралық тіркеу сараптама ұйымына өтiнiм беру жолымен жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қарау қағидаларын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес бекітедi.»;
27) 38-баптың 2-тармағындағы «осы заңнан және басқа да заң актілерінен» деген сөздер «осы Заңнан» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 115-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар таңбасының немесе тауар шығарылатын жердің атауын» деген сөздер тиісінше «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi», «олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер», «айырғысыз дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас», «аумайтындай дәрежеде онымен бiрдей немесе ұқсас», «бiрдей немесе араласып кету дәрежесiне дейiн ұқсас», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені», «онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені» деген сөздер тиісінше «оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi», «бiрдей немесе олар айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелердi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі - уәкілетті органның мүдделi тұлғалар дәлелдемелеріне негiзделген шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған, тауар белгісі ретiнде пайдаланылып жүрген белгiлеме немесе тауар белгісі;»;
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) Мадрид келісіміне хаттама - 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама;»;
9) тармақшада:
«және (немесе) олардың» деген сөздер «олардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бумасында қолдану,» деген сөздер «қаптамаларында орналастыру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«азаматтық» деген сөз алып тасталсын;
4) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады:
1) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
2) мыналарды:
тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын;
тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын;
тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын;
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;
апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын;
аттестаттау комиссиясы туралы ережені;
апелляциялық кеңес туралы ережені;
апелляциялық комиссия туралы ережені;
тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
3) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
4) патенттік сенiм білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;
5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның және тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
5) 3-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1-бап. Сараптама ұйымы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізеді;
2) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, тіркеудің қолданысын тоқтатуды және оны жарамсыз деп тануды жүзеге асырады;
3) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмінде тіркейді;
4) Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмін және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімін, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
5) Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмінен және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер береді;
6) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялайды;
7) тіркелген тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлердің атауларының мәліметтерін мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерді қарайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.»;
6) 4-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі.
Тауар белгісіне айрықша құқық тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күннен бастап туындайды.
3. Тауар белгісіне құқық куәлiкпен куәландырылады және Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.
Куәлiктiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
7) 6-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Көрсетілген белгілер тауар таңбасында басымдық» деген сөздер «Егер көрсетілген белгілемелер тауар белгісінде үстем» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн белгiлердi, оның iшiнде тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiнiң атауларын» деген сөздер «, көрсетілетін қызметке немесе көрсетілетін қызметті беретін тұлғаға, сондай-ақ тауар өндірілген жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiлердiң атауларына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 7-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша «бiртектес тауарларға» деген сөздердің алдынан «осы Заңның 6-тарауына сәйкес тіркелуі жарамсыз деп танылған немесе оның қолданысы тоқтатылған тауар белгілерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «қайтарып алынғандарынан» деген сөздер «кері қайтарып алынғандарынан және тоқтатылғандарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «келісімі берілген кезде» деген сөздер «жазбаша келісімі берілген жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер иесі заңды тұлға болып табылса, онда жазбаша келісім фирмалық бланкіде ұсынылуға, оған уәкілетті адам қол қоюға және заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) бекемделуге тиіс, ал егер иесі жеке тұлға болса, онда қолтаңбаны нотариат куәландыруға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Мәдениет саласындағы уәкілетті органмен келісілудің болмауы Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті игiлiгiн жаңғыртатын белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
4. Осы бапта көзделген бас тартуға негіздер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық қорғау алуға мәлімделген белгілемелерге қатысты да қолданылады.»;
9) 8-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
10) 9-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтінім:»;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сараптама жүргізгені үшін көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;»;
6-тармақ алып тасталсын;
11) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Өтінімге сараптама жүргiзу тәртiбi
1. Өтiнiмге сараптама кезең-кезеңімен жүргiзіледi:
1) алдын ала сараптама - өтiнiм берiлген күннен бастап он жұмыс күні iшiнде;
2) толық сараптама - өтiнiм берiлген күннен бастап жеті ай iшiнде.
2. Сараптама ұйымы сараптаманың кез келген кезеңiнде оларсыз сараптама жүргізу мүмкін болмайтын қосымша немесе нақтылаушы мәліметтерді сұратуға құқылы.
Өтiнiм берушi сұратылатын мәліметтерді сараптама жүргізу мерзiмi ішінде ұсынбаған және (немесе) осы мерзімді ұзарту туралы өтінішхат болмаған жағдайларда, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.
3. Өтінімді қарау барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді.»;
12) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау
1. Алдын ала сараптама аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім туралы мәліметтер апта сайынғы бюллетеньде жарияланады.
2. Берілген өтінімдер туралы мәліметтерде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) мәлімделген белгілеменің кескіні;
2) өтінім беруші туралы деректер, оның ішінде өтінім берушінің және (немесе) оның өкілінің мекенжайы;
3) өздеріне қатысты белгіні тiркеу сұралатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi;
4) өтiнiмнiң нөмiрi мен сараптама ұйымына берiлген күнi;
5) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, бірінші өтiнiмді берген ел, өтінімнің нөмірі мен берілген күнi;
6) ұжымдық тауар белгісіне нұсқау.»;
13) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Өтінім сараптамасының нәтижелерi бойынша шешiмдер
1. Алдын ала сараптама нәтижелерi бойынша өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
2. Өтiнiм қабылданған жағдайда сараптама ұйымы толық сараптама жүргізеді, оның нәтижелері бойынша өтінім берушіге тауар белгісін тiркеу, алдын ала ішінара тіркеу немесе тiркеуден алдын ала бас тарту туралы сараптама қорытындысы жіберіледі.
Өтінім беруші өзіне тіркеуден бас тарту немесе ішінара тіркеу туралы алдын ала сараптама қорытындысы жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде уәжді қарсылық беруге құқылы, оны қарау нәтижелері бойынша сараптама ұйымы қарсылық келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде түпкілікті қорытынды шығарады.
Түпкілікті қорытындының негізінде сараптама ұйымы тауар белгісін тiркеу, ішінара тіркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Тауар белгісін тiркеу немесе ішінара тіркеу туралы шешiм Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне оны енгiзгенге дейiн неғұрлым ертерек басымдығы бар өтiнiмнiң анықталуына байланысты қайта қаралуы мүмкiн.
4. Өтiнiм берушi тіркеу немесе ішінара тіркеу туралы қабылданған шешім туралы хабарлама өзіне жіберілген күннен бастап үш ай iшiнде тауар белгісін тіркегені үшін сараптама ұйымы көрсеткен қызметке ақы төлеуді жүргізеді. Көрсетілген қызметке ақы төлеу туралы құжатты ұсынбаған кезде тауар белгісіне өтiнiм кері қайтарып алынды деп танылады және ол бойынша iс жүргiзу тоқтатылады.
5. Түпкілікті қорытындымен келiспеген кезде өтiнiш берушi осы қорытынды өзіне жiберiлген күннен бастап үш ай мерзімде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Апелляциялық кеңес қарсылықты уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.»;
14) 13-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенге дейін тауар белгісін алуға құқықты басқа тұлғаға беру туралы өтінішхат беруге;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенге дейін өтінім берушінің атауына және мекенжайына өзгерістер енгізуге құқығы бар.»;
15) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар белгісін тіркеу туралы мәліметтер сараптама ұйымының тауар белгісін тіркегені үшін көрсеткен қызметтеріне ақы төленген кезде Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мәліметтерде мыналар қамтылуға тиіс:
1) тауар белгісінің кескіні;
2) оның иесi және (немесе) оның өкілі туралы деректер. Ұжымдық тауар белгісіне қатысты иелерінің деректері және ұжымдық тауар белгісін пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі көрсетіледі;
3) тауар белгісін тiркеу нөмiрi мен күнi;
4) өздеріне қатысты тауар белгісі тiркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi;
5) өтiнiмнiң нөмiрi мен сараптама ұйымына берiлген күнi;
6) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, бірінші өтiнiмді берген ел, өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнi;
7) тауар белгісіне құқыққа билік ету туралы деректерді қоса алғанда, тауар белгісін тiркеуге жататын басқа да ақпарат.»;
16) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша әр жолы он жылға ұзартылады. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер сараптама ұйымына өтінішхат келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне және куәлікке енгiзiледi.»;
17) 16 және 18-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
Тауар белгісін тiркеуге қатысты, Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзілген мәлiметтердi сараптама ұйымы олар Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiкелей жазылғаннан кейін екі ай ішінде бюллетеньде жариялайды және өзінің интернет-ресурсына орналастырады. Тіркелген тауар белгілеріне қатысты өзгерістерді сараптама ұйымы мәліметтер Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өзінің интернет-ресурсына орналастырады және мәліметтер Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілгеннен кейін келесі айдың бюллетенінде жариялайды.
Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiміне және куәлікке ұжымдық тауар белгісінің иелері туралы мәліметтер қосымша енгізіледі.»;
«18-1-бап. Тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану
1. Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгісі немесе Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмайтын тауар белгісі ретінде пайдаланылатын, белсендi пайдалану нәтижесiнде Қазақстан Республикасында кеңiнен мәлiм болған белгiлеме уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгiлi тауар белгісі деп танылуы мүмкiн.
Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгiлi деп тану туралы жеке немесе заңды тұлғалардың өтiнiшi уәкiлеттi органға беріледі.
Өтініш бір тауар белгісіне немесе белгілемеге қатысты болуға және онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіле отырып, өтініш беруші туралы мәліметтер;
2) жалпыға бірдей белгiлi белгі ретінде мәлімделген тауар белгісінің немесе белгілеменің кескіні;
3) өтініш берушінің пікірі бойынша белгі жалпыға бірдей белгiлi болған күн;
4) өтініш берушінің пікірі бойынша белгі өздеріне қатысты жалпыға бірдей белгiлi болған тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізбесі.
2. Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) тауар белгісінің немесе белгілеменің жалпыға бірдей белгiлi екенін растайтын мәліметтер;
2) 8х8 сантиметр форматпен саны бес данадағы тауар белгісінің немесе белгілеменің кескіні;
3) өтінішті өкіл берген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;
4) тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгiлi деп тану туралы өтінішті уәкілетті органның тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгiлi деп тану жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі - уәкілетті органның комиссиясы) қарайды.
Тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы өтінім алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы өтінімнің және оған қоса берілетін құжаттардың осы баптың талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Тексерудің оң нәтижесі алынған жағдайда, сараптама ұйымы келіп түскен өтінім туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды.
Жарияланған күннен бастап үш ай өткен соң уәкілетті органның комиссиясы екі ай ішінде өтінімді және белгінің жалпыға бірдей белгілі екенін растайтын оған қоса берілетін материалдарды қарайды.
Өтінім беруші өтінім материалдарына оны қарау аяқталғанға дейін түзетулер, толықтырулар мен нақтылаулар енгізуге құқылы.
Үшінші тұлғалар тарапынан келіспеушілік болған кезде өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі, өтінім беруші оған қатысты пікірін өтінімді қарау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылғанға дейін ұсынады.
Өтiнiмдi қарау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның комиссиясы тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану не мұндай танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды, ол мұндай шешiм қабылданған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тауар белгісінің иесiне (құқық иеленушіге) жiберiледi.
Егер өтiнiм берушi ұсынған нақты мәлiметтер белгінің жалпыға бірдей белгiлi болуы өтiнiмде көрсетiлгеннен өзге күн екенін растаса, тауар белгісі нақты күннен бастап жалпыға бірдей белгілі деп танылуы мүмкiн.
Тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп іс жүзінде тану туралы мәліметтер тұтынушыларға сауал қою нәтижелерімен расталады, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы мамандандырылған тәуелсіз ұйым жүргізеді. Сауал қою республикалық маңызы бар қаланы, астананы және кемінде бес облыстық маңызы бар қаланы қамтуға тиіс. Бір елді мекендегі респонденттердің жалпы саны кемінде бір жүз адамды құрауға тиіс.
Егер:
1) тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану үшiн мәліметтердің жеткiлiксiз екені;
2) өтiнiш берушiнiң тауар белгісімен бiрдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас, қорғалатын немесе бiртектес тауарларға қатысты өзге тұлғаның атына мәлімделген, өтініш беруші өзiнiң тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тануға өтiнiшхат берген күннен неғұрлым ертерек басымдығы бар тауар белгісінің бар екенi анықталса, тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарылады.
Уәкілетті орган комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
3. Жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісіне осы Заңда көзделген құқықтық қорғау берiледi.
4. Жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгілерін құқықтық қорғау:
1) тiркеудiң қолданылу мерзiмiнің өтуіне байланысты;
2) кез келген мүдделі тұлғаның соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жалпыға бiрдей белгiлi мәртебесін жоғалтуына байланысты жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісін құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші бойынша;
3) уәкілетті орган комиссиясы шешiмінiң күшiн жою туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тоқтатылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, белгiлеменi немесе тауар белгісін жалпыға бiрдей белгiлi деп тану негiзiнде Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті мәліметтер енгізіледі.
Жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар белгісінің қолданылу мерзімі белгiлеменi немесе тауар белгісін жалпыға бiрдей белгiлi деп тану туралы өтініш уәкілетті органға берілген күннен бастап есептеледі.
Жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар белгісінің қолданылу мерзімі оның иесiнiң өтінішхаты бойынша және тауар белгісінің жалпыға бiрдей белгiлi екенiн растайтын мәлiметтер ұсынылған кезде келесi он жыл мерзiмге ұзартылады.
Жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісін тiркеу, оның иесi туралы мәлiметтер және осындай тiркеуге қатысты кейiнгi өзгерiстер Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi және бюллетеньде жарияланады.
Жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісіне құқық Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiнде тіркелгені туралы жазбамен куәландырылады және Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмемен расталады.
Жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісін құқықтық қорғаудың тоқтатылғаны туралы мәліметтер Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізіледі, уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады және сараптама ұйымының бюллетенінде жарияланады.»;
18) 19-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауар белгісін басқа тауар белгісімен қатар пайдалануды шектеуге, тауар белгісін өзгертілген түрде, оның ішінде басқа шрифтіде, басқа түсте орындауда, басқа нысанда пайдалануға немесе тауар белгісінің бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсететін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерінен) айыратын қабілетіне нұқсан келтіретіндей тәсілмен пайдалануға тыйым салынады.»;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кез келген мүдделi тұлға қарсылық беру күнінің алдындағы үш жыл бойы тауар белгісінің пайдаланылмауына байланысты оның тiркелуіне сотта дау айта алады. Тіркеу әрекетіне қарсы өтініш куәлікте көрсетілген барлық тауарларға не олардың бір бөлiгiне қатысты болуы мүмкін.»;
екінші бөлікте:
«азаматтық» деген сөз алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
19) 20-баптағы «тауар таңбасына», «тауар таңбасы» деген сөздер «тауар белгісіне», «тауар белгісі» деген сөздермен ауыстырылсын;