3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган патенттік сенiм білдірілген өкілдің әрекетіне жеке немесе заңды тұлғаның шағымы келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссияны құрады. Апелляциялық комиссия келіп түскен шағымды қараған кезеңде патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде белгі жасалады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) уәкілетті органға патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын сотқа жіберуге ұсыным жасау;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
36) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«47-бап. Халықаралық тіркеу
Жеке және заңды тұлғалар сараптама ұйымы арқылы тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердің атауларын халықаралық тіркеуге арналған өтінімдер беруге құқылы.
Халықаралық тіркеуге арналған өтінімдерді қарау тәртібін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындайды.».
9. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат):
1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Уәкілетті орган
Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) топологияларға құқықтарды құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) мыналарды:
топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын;
топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын;
топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын;
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;
апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;
аттестаттау комиссиясы туралы ережені;
апелляциялық кеңес туралы ережені;
апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
3) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
4) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;
5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің және апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
2) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Сараптама ұйымы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргiзеді;
2) топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін береді;
3) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде тіркейді;
4) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiн, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
5) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер береді;
6) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді сараптама ұйымының бюллетенінде жариялайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы топологияларды қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.»;
3) 8-баптың 5-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіркелген топологияға айрықша құқықты өзгеге беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар сараптама ұйымында тіркелуге жатады.
Тiркеу жүргізілмеген, топологияға айрықша құқықты өзгеге беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар сараптама ұйымында тараптардың келiсiмi бойынша тiркелуi мүмкiн.
Жазбаша нысанның және (немесе) тiркеу туралы талаптың сақталмауы айрықша құқық беру туралы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу, оған өзгерістер енгізу, техникалық сипаттағы қателерді түзету, сондай-ақ тіркеудің күшін жою осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
4) 11-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Топология авторы немесе өзге де құқық иеленушi сараптама ұйымына тiркеуге өтiнiм беру жолымен топологияны тiркеуге құқылы.
Топологияны тiркеу туралы өтiнiм және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Көрсетілген құжаттар басқа тiлде ұсынылған жағдайда, сараптама ұйымы өтінімге қоса берілетін құжаттардағы мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуға тиiс.»;
«4. Топологияны тіркеу туралы келіп түскен өтінім бойынша сараптама жүргізіледі.
Сараптаманың оң нәтижесі болған кезде топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу жүзеге асырылады және тiркеу туралы куәлiк беріледi.
Өтінім беруші тіркеуге дейін өтінім материалдарын толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы.
Құқық иеленушi болып табылмайтын топология авторына сараптама ұйымы автор куәлiгін бередi.»;
6-тармақ алып тасталсын;
5) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер тізілімінде тіркеу кандидат берілген патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің куәлігімен расталатын аттестаттаудан өткен кезде жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасын білуіне тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.»;
6) 15-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«15-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде уәкілетті органның шешімімен патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және патенттік сенiм білдірілген өкілді патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізу туралы тиісті мәліметтердің күші жойылады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган патенттік сенiм білдірілген өкілдің әрекетіне жеке немесе заңды тұлғаның шағымы келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссияны құрады. Апелляциялық комиссия келіп түскен шағымды қараған кезеңде патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде тиісті ақпарат көрсетіле отырып, патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысы тоқтатыла тұрады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) уәкілетті органға патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын сотқа жіберуге ұсыным жасау;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.».
10. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 21-баптың 4), 7) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіру және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;»;
«7) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді ұйымдастыру;»;
«10) патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылау;»;
2) 23-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын.
11. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VIІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 134-баптың 2-тармағы 27) тармақшадағы «орындау саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «орындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында жүзеге асырады.».
12. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-баптың 28) тармақшасындағы «шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi» деген сөздер «зияткерлiк меншік құқығының объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-бап 8) тармақшадағы «сатып алу қағидаттарына негізделеді.» деген сөздер «сатып алу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау қағидаттарына негізделеді.»;
3) 21-баптың 4-тармағы 2) тармақшадағы «шығыстарды көздеуге міндетті.» деген сөздер «шығыстарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) егер қатысушының пікірі бойынша зияткерлік меншік объектісіне айрықша құқықтардың сатып алынатын тауарға қатысы болған жағдайда, осындай құқықтарды растауды беруді көздеуге міндетті.»;
4) 39-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «ерекше құқықтарға ие тұлғадан» деген сөздер «айрықша құқықтар расталған жағдайда, осындай құқықтарға ие тұлғадан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 5-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы маусымның 20-ы.
№ 161-VI