Діни мазмұндағы туындыларға қатысты дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі қосымша ұсынылады.
Құрамдас туындыға немесе туынды шығармаға қатысты төл туындының авторымен немесе құқық иеленушісімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі қосымша ұсынылады.
3. Бөлек тең авторлықпен шығарылған туындыларға авторлық құқықтар туралы мәліметтер тең авторлардың кез келгені оны өзінің өтінішінде көрсеткен жағдайда Тізілімге бөлек енгізілуі мүмкін.
4. Тізілімге бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсететін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерінен) ажыратуға қызмет ететін (арналған) туындыларға құқықтар туралы мәліметтер енгізілмейді.
5. Автор құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда сараптама ұйымы өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Сараптама ұйымы осы баптың талаптары сақталмаған жағдайда қызметтерді көрсетуден бас тартады.
6. Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша куәлік беру тиісті мәліметтерді Тізілімге енгізуді растау болып табылады.
7. Тізілімнен алынған мәліметтердің күшін жою автордың өтініші бойынша, сондай-ақ соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жүргізіледі.
8. Құжаттардың көшірмелері, тиісті туындының бір данасы және (немесе) оның сипаттамасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға автордың келісімімен беріледі.»;
5-тармақтың 4) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:
«9-2-бап. Сараптама ұйымы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) мәліметтерді және олардың өзгерістерін Тізілімге енгізеді;
2) өз қызметі шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) Тізілімді жүргізеді және оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Сараптама ұйымы мәліметтерді Тізілімге енгізгені үшін көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдарға;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
мүгедектерге, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуіне;
оралмандарға;
кәмелетке толмағандарға жеңілдіктер береді.
Жеңілдіктер жоғарыда санамаланған адамдар санаттарының кез келгеніне жататындығы туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде мәліметтерді Тізілімге енгізу жөнінде көрсетілген қызмет үшін бағаның 95 пайызы мөлшерінде беріледі.
3. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.»;
5) 16-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым пайдаланушылармен шарттар жасасқан кезде авторлық сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерінен төмен етіп белгілеуге құқылы емес.»;
6) 19-баптың 2) тармақшасы «көлемде» деген сөзден кейін «кіріс алмастан» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 32-баптың 9 және 10-тармақтарындағы «жарамсыз» деген сөз «маңызсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 40-2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым пайдаланушылармен шарттар жасасқан кезде фонограммаларды орындаушылар мен шығарушыларға сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерінен төмен етіп белгілеуге құқылы емес.»;
9) 46-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын, авторлық және сабақтас құқықтардың иелері оның репертуарынан туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған ұйым көрсетілген мерзім өткен соң пайдаланушыларға оларды пайдалануға рұқсат беруге құқылы емес.»;
10) 46-2-баптың 7-тармағында:
бірінші бөліктегі «шешім қабылдайды және өтініш берушіге бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік береді» деген сөздер «не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аккредиттеу туралы куәлiк өтініш берушіге бес жыл мерзімге беріледi.»;
11) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе өзге де авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушілердің мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей уәкiлетті органға:
1) мұндай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстерді;
2) мұндай ұйым осыған ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасатын екiжақты және көпжақты келiсiмдердің көшірмелерін;
3) жалпы жиналыстың шешiмдерiнің көшірмелерін;
4) жиналған, бөлінген, бөлінбеген, төленген, төленбеген, талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, жылдық балансты, жылдық есепті;
5) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жергілікті жерлердегі филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпаратты беруге міндетті.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым екі жылда бір реттен сиретпей уәкілетті органға 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде аудиторлық есепті де ұсынады.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым ұсынатын құжаттарды нотариат куәландырады немесе олар осындай ұйымның мөрімен куәландырылады.»;
12) 49-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын.
6. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 22-VII, 161-құжат):
1) 2-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 3-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Патенттiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша әрбір ұзарту жылы үшін жүргізілген төлем ескеріле отырып, бiрақ он жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.»;
3) 3-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) селекциялық жетiстiктерді құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) мыналарды:
селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын;
Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын;
селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын;
Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;
апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес селекциялық жетістіктерге арналған өтінімдерді қарау қағидаларын;
аттестаттау комиссиясы туралы ережені;
апелляциялық кеңес туралы ережені;
апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
3) селекциялық жетістіктерді тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
4) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;
5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің және апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
4) 3-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2-бап. Сараптама ұйымы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргiзеді;
2) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде селекциялық жетiстiктердi тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, патенттердің күшін жоюды және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуды жүзеге асырады;
3) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тіркейді;
4) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
5) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер береді;
6) селекциялық жетiстiктердi тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялайды;
7) тіркелген селекциялық жетiстiктер туралы мәліметтерді мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес селекциялық жетістіктерге арналған өтінімдерді қарайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы селекциялық жетiстiктердi қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.»;
5) 5-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «Сараптама жүргiзуге арналған өтiнiмдi мәнi бойынша» деген сөздер «Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге арналған өтінімді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Өтінім және оны қараудың барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді.»;
6) 6-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 5-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар келіп түскен күн, ал егер құжаттар бір мезгілде ұсынылмаса - олардың соңғысы келіп түскен күн сараптама ұйымына өтінім берілген күн болып табылады.»;
8) 8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Өтінім беруші Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетістік тіркелгенге дейін өтінімді кері қайтарып ала алады.»;
3-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Алдын ала сараптама нәтижесiнде оң шешiм шығарылған өтiнiмдер туралы мәлiметтер шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде бюллетеньде жарияланады.»;
9) 10-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Уәкілетті орган» деген сөздер «Сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
екінші бөліктегі «уәкілетті орган» деген сөздер «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны» деген сөздер «Патент беру туралы шешiмнің қабылданғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемін» деген сөздер алып тасталсын;
«Көрсетiлген құжаттар» деген сөздер «Көрсетiлген құжат» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «уәкілетті орган» деген сөздер «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
6-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 13-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «уәкілетті органға» деген сөздер «сараптама ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықты табыстау
1. Патент иеленуші болып табылмайтын кез келген тұлға (лицензиат) қорғалатын селекциялық жетiстiктi патент иеленушiнiң (лицензиар) рұқсатымен лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиармен жасалатын, лицензиялық шарттың талаптарын қамтитын өзге де шарт (лицензиялық шарт) негiзiнде пайдалануға құқылы.
2. Лицензиялық шартта лицензиардың лицензиатқа:
1) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн және басқа тұлғаларға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтап;
2) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап, бiрақ басқа тұлғаларға лицензия (жалғыз лицензия) беру құқығынсыз;
3) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және басқа тұлғаларға лицензия (ерекше лицензия) беру құқығынсыз селекциялық жетістікті пайдалану құқығын табыстау көзделуi мүмкiн.
Лицензиялық шартта пайдалану талаптары көрсетілмеген жағдайда, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық қарапайым, ерекше емес лицензия талаптарымен табысталады.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат селекциялық жетістікті пайдалануды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асыруға құқылы.
Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі лицензиялық шартта айқындалады және тараптардың өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Лицензиялық шартта мерзім көрсетілмеген жағдайда, селекциялық жетістікті пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі осы шарт тіркелген күннен бастап бес жылға тең болады.
Селекциялық жетістікке айрықша құқықтың қолданысын тоқтату лицензиялық шарттың қолданысын тоқтатуға алып келеді.
Лицензиат селекциялық жетiстiктi пайдалануға құқықты лицензиялық шарттың талаптарын ескере отырып, қосалқы лицензиялық шарттың немесе кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартының негізінде басқа тұлғаға (қосалқы лицензиат) беруге құқылы. Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi үшiн лицензиат лицензиар алдында жауапты болады.
Селекциялық жетістікке айрықша құқықты басқа тұлғаға беру лицензиялық шарттың тоқтатылуына алып келмейді.
3. Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықты табыстау туралы шарттар мен қосымша келісімдер жазбаша нысанда жасалады және Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелуге жатады.»;
13) 19-бапта:
бірінші бөліктегі «уәкілетті органға» деген сөздер «сараптама ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «төлемдер туралы шарт жасасып, оны мiндеттi түрде уәкiлеттi органда» деген сөздер «шарт жасасып, оны осы Заңға сәйкес міндетті түрде» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 20-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1-бап. Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беру
1. Патент иеленуші өзіне тиесілі селекциялық жетiстiкке айрықша құқықты өзгеге беру шарты бойынша басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге құқылы.
Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беру туралы шарт осы айрықша құқықтың қолданылу мерзімі ішінде жазбаша нысанда жасалады.
2. Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беру Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелуге жатады.»;
15) 5-тарау мынадай мазмұндағы 20-2-баппен толықтырылсын:
«20-2-бап. Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттары
1. Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттың мүдделі тарапының өтініші алынған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде мәліметтерді Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
2. Шарттың тоқтатылуына байланысты Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеудің күшін жою шарттың мүдделі тарапының өтініші келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тіркеу туралы мәліметтерде мүдделі тұлғаның өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде және шарттың басқа мүдделі тараптарына жазбаша хабарлама жіберілген жағдайда, олардың тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.
3. Мыналар:
1) селекциялық жетістікке айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің болуы;
2) құжаттар топтамасын толық ұсынбау не ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге сәйкес келмеуі тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер анықталған жағдайда, өтініш берушіге оларды жою туралы сұрау салу жіберіледі. Тіркеу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айға тоқтатыла тұрады.
5. Мыналар:
1) селекциялық жетістікке айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі;
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы;
5) тарапта селекциялық жетістікті пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.»;
16) 21-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
17) 22-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «уәкілетті органға» деген сөздер «сараптама ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 22-1 және 22-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1-бап. Апелляциялық кеңес
1. Апелляциялық кеңес уәкiлеттi орган жанындағы, өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейiн қарау жөнiндегi алқалы орган болып табылады.
2. Апелляциялық кеңеске сараптама ұйымының:
1) селекциялық жетiстiкке патент беруге арналған өтінімді қараудан;
2) селекциялық жетiстiкке патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне қарсылық берілуі мүмкін.
Көрсетілген қарсылықтарды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.
3. Апелляциялық кеңестің құрамына агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы және селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.
4. Апелляциялық кеңестің құрамына мыналар кіре алмайды:
1) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер;
2) жұбайлары, жақын туыстары немесе жекжаттары;
3) сараптама ұйымының қызметкерлері.
5. Апелляциялық кеңестің кез келген мүшесі:
1) осы баптың 4-тармағының негізінде апелляциялық кеңестің отырысына қатысушылар мәлімдеген өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру жағдайында;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.
6. Апелляциялық кеңестің әрбір отырысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бейнетүсіру қолданылып жүргізіледі.»;
«22-3-бап. Қарсылықты қарау
1. Қарсылықты қарауды апелляциялық кеңес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және осы Заңда көзделген мерзімдерде жүзеге асырады.
2. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп таныған жағдайда, оны қарауға қабылдай алады.
3. Қарсылықты қарау мерзімі өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.
4. Апелляциялық кеңес:
1) қарсылықты мәлімдеуші қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат берген жағдайды қоспағанда, өзі келмеген;
2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.
5. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық кеңес өзінің бастамасы бойынша қарсылықтың нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы емес.
6. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
7. Қабылданған шешім шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарсылықты мәлімдеушіге жіберіледі.
8. Апелляциялық кеңес қабылданған шешімде жіберілген қате жазуларды немесе айқын техникалық қателерді өз бетінше немесе отырысқа қатысушылардың өтінішхаты бойынша түзете алады.
Апелляциялық кеңестің шешіміне түзетулер енгізу апелляциялық кеңестің қосымша шешімімен ресімделеді.
9. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлімдеушінің өтінішхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді.
10. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
19) 22-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тiркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу кандидат берілген патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігімен расталатын аттестаттаудан өткен кезде жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасын білуіне тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.»;
20) 22-6-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«22-6-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және күшін жою туралы тиісті мәліметтер патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.»;
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган патенттік сенiм білдірілген өкілдің әрекетіне жеке немесе заңды тұлғаның шағымы келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссияны құрады. Апелляциялық комиссия келіп түскен шағымды қараған кезеңде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданысы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде белгі жасалады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: