1) уәкілетті органға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын сотқа жіберуге ұсыным жасау;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
21) 23-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай даулар:»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) патентті жарамсыз деп тану туралы;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Даулар осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, тараптардың жазбаша келісімі бойынша медиация тәртібімен шешілуі немесе төреліктің қарауына берілуі мүмкін.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 22-1-бабының 2-тармағында көрсетілген сараптама ұйымының шешімдеріне қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.»;
22) 25-баптың бірінші бөлігі алып тасталсын;
23) 28-баптың 2-тармағындағы «және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден» деген сөздер алып тасталсын.
7. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар):
1) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) мыналарды:
өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын;
өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын;
өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын;
тиісті мемлекеттік тізілімдерден үзінді көшірмелер беру қағидаларын;
апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын;
аттестаттау комиссиясы туралы ережені;
апелляциялық кеңес туралы ережені;
апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
3) өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
4) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;
5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің және апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
2) 4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1-бап. Сараптама ұйымы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізеді;
2) өнеркәсіптік меншік объектілерін тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерде тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, патенттерді жарамсыз деп таниды және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады;
3) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерде тіркейді;
4) тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдердi, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
5) тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерден үзінді көшірмелер береді;
6) өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге жататын мәліметті бюллетеньде жариялайды;
7) тіркелген өнеркәсіптік меншік объектілері туралы мәліметтерді мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерді қарайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.»;
3) 5-бапта:
3-тармақтың алтыншы бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өнертабыс пен пайдалы модельге патентпен берiлетiн құқықтық қорғау көлемi - олардың формуласымен, ал өнеркәсiптiк үлгiге патентпен берiлетiн құқықтық қорғау көлемi бұйымның сыртқы түрінің кескiндерiнде көрсетілген оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен айқындалады. Өнертабыстың, пайдалы модельдің формуласына түсiнiк беру үшiн сипаттама мен сызбалар пайдаланылуы мүмкiн.»;
4) 8-баптың 1-тармағындағы «және өнеркәсіптік үлгінің маңызды белгілерінің тізбесінде келтірілген» деген сөздер алып тасталсын;
5) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасындағы өнертапқыштық қызметті насихаттау және ол туралы хабардар болуды арттыруды қолдау мақсатында уәкілетті орган ғылым, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша жыл сайынғы «Шапағат» конкурсын өткізу, сондай-ақ неғұрлым маңызды және кеңінен пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары үшін «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру тәртібін әзірлейді және айқындайды.»;
6) 11-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға айрықша құқық және мәжбүрлі ерекше емес лицензияны беру шарттары»;
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген және негiзгi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген» деген сөздер «сыртқы түрдің кескiндерiнде көрсетілген оның» деген сөздермен ауыстырылсын;
6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтар алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беру
1. Патент иеленушi өзіне тиесілі өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты өзгеге беру шарты бойынша басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге құқылы.
Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беру туралы шарт осы айрықша құқықтың қолданылу мерзімі шегінде жазбаша нысанда жасалады.
2. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беру тиісті мемлекеттік тізілімде тіркелуге жатады.»;
8) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалануға құқықты табыстау
1. Патент иеленушi болып табылмайтын кез келген тұлға (лицензиат) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң (лицензиардың) рұқсатымен лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиармен жасалатын, лицензиялық шарттың талаптарын қамтитын өзге де шарт (лицензиялық шарт) негiзiнде пайдалануға құқылы.
2. Лицензиялық шартта лицензиардың лицензиатқа:
1) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн және басқа тұлғаларға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтап;
2) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап, бiрақ басқа тұлғаларға лицензия (жалғыз лицензия) беру құқығынсыз;
3) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және басқа тұлғаларға лицензия (ерекше лицензия) беру құқығынсыз өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын табыстау көзделуi мүмкiн.
Лицензиялық шартта пайдалану талаптары көрсетілмеген жағдайда, өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқық қарапайым, ерекше емес лицензия талаптарымен табысталады.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асыруға құқылы.
Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі лицензиялық шартта айқындалады және тараптардың өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Лицензиялық шартта мерзім көрсетілмеген жағдайда, өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі осы шарт тіркелген күннен бастап бес жылға тең болады.
Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтың қолданысын тоқтату лицензиялық шарттың қолданысын тоқтатуға алып келеді.
Лицензиат өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты лицензиялық шарттың талаптарын ескере отырып, қосалқы лицензиялық шарттың немесе кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартының негізінде басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруге құқылы. Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi үшiн лицензиат лицензиар алдында жауапты болады.
Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты басқа тұлғаға беру лицензиялық шарттың тоқтатылуына алып келмейді.
3. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстау туралы шарттар мен қосымша келісімдер жазбаша нысанда жасалады және тиісті мемлекеттік тізілімде тіркелуге жатады.»;
9) мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2-баптармен толықтырылсын:
«14-1-бап. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттары
1. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттың мүдделі тарапының өтініші алынған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде мәліметтерді тиісті мемлекеттік тізілімдерге енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
2. Шарттың тоқтатылуына байланысты тиісті мемлекеттік тізілімдерге өзгерістер енгізу немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеудің күшін жою шарттың мүдделі тарапының өтініші келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тіркеу туралы мәліметтерде мүдделі тұлғаның өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде және шарттың басқа мүдделі тараптарына жазбаша хабарлама жіберілген жағдайда, олардың тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.
3. Мыналар:
1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің болуы;
2) құжаттар топтамасын толық ұсынбау не ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің тиісті мемлекеттік тізілімдердегі немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жүргізілетін тізілімдегі мәліметтерге сәйкес келмеуі тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер анықталған жағдайда, өтініш берушіге оларды жою туралы сұрау салу жіберіледі. Тіркеу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айға тоқтатыла тұрады.
5. Мыналар:
1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі;
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы;
5) тарапта өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
14-2-бап. Ашық лицензия
1. Патент иеленуші сараптама ұйымына өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты (ашық лицензия) кез келген тұлғаға табыстау туралы өтініш бере алады.
2. Патент иеленушінің ашық лицензияға құқықты табыстау туралы өтініші кері қайтарып алуға жатпайды және оны тіркеген күнінен бастап үш жыл бойы өз күшін сақтайды. Көрсетілген мерзім шегінде қорғау құжатын күшінде сақтағаны үшін ақы төлеу тиісті мемлекеттік тізілімде тіркелген жылдан кейінгі жылдан бастап 50 пайызға төмендетіледі.
3. Ашық лицензияны сатып алуға ниет білдірген тұлға патент иеленушімен жазбаша нысанда тиісті шарт жасасуға міндетті.
Шарт жасасу талаптары бойынша дауларды сот қарайды.
4. Ашық лицензияға құқықты табыстау патент иеленушінің немесе мүдделі тұлғаның өтініші қажетті құжаттармен қоса алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тіркелуге жатады.»;
10) 16-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінім және оны қараудың барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді.»;
11) 17-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өнертабысқа өтiнiмге:
1) формальды сараптама жүргiзгені үшін ақы төлеуді қоса алғанда, өтiнiм беруге ақы төленгенiн;
2) ақы төлеу мөлшерін азайту негізін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Тиісті ақы төленген жағдайда бұл мерзiм екi айға ұзартылады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
12) 18-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
13) 19-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілері туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның сыртқы түрінің кескіндерін көшірмелеу үшін жарамды жиынтығы;»;
«4) өнеркәсiптік үлгiнің сипаттамасы;»;
4-тармақ алып тасталсын;
14) 22-бапта:
9-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегі мәлімделген ұсыныс осы Заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда өнертабысқа патент беру туралы шешім шығарылады.»;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
төртінші бөлікте:
«уәкілетті органның» деген сөздер «сараптама ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сондай-ақ мемлекеттік баж төленгенін» деген сөздер алып тасталсын;
«Көрсетілген құжаттар» деген сөздер «Көрсетілген құжат» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
бірінші бөліктегі «сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi» деген сөздер «өнертабысқа патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Патент беруден бас тарту туралы шешім мынадай жағдайларда:»;
үшінші бөліктегі «терiс қорытындысы» деген сөздер «патент беруден бас тарту туралы шешімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 23-бапта:
2-тармақта:
екінші бөліктегі «пайдалы модельге патент беруге сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi» деген сөздер «сараптама ұйымы пайдалы модельге патент беру туралы шешім қабылдайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
алтыншы бөлікте:
«Уәкілетті органның» деген сөздер «Сараптама ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлегенін» деген сөздер алып тасталсын;
«Көрсетілген құжаттар» деген сөздер «Көрсетілген құжат» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі «сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi» деген сөздер «пайдалы модельге патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi» деген сөздер «патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «терiс қорытындысына» деген сөздер «патент беруден бас тарту туралы шешіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 24-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, оның iшiнде елеулi белгiлердiң өзгертiлген тiзбесiн» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып, өтiнiм берушiмен келiсiлген елеулi белгiлер жиынтығымен бiрге патентке оң қорытынды бередi» деген сөздер «белгiленген басымдықты көрсете отырып, патент беру туралы шешім беріледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
төртінші бөлікте:
«Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама» деген сөздер «Патент беру туралы шешiм» деген сөздермен ауыстырылсын, «, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемін» деген сөздер алып тасталсын;
«Көрсетілген құжаттар» деген сөздер «Көрсетілген құжат» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiнде өнеркәсіптік үлгінің патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде өнеркәсіптік үлгіге патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
Егер өтінім өнеркәсіптік үлгілер ретінде қорғалмайтын объектілерге жататын болса немесе өнеркәсiптiк үлгiнің бiрлiгi талаптарының бұзылуына байланысты оларға қатысты қарау өткiзiлмесе де, патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
Өтiнiм берушi сараптама ұйымының патент беруден бас тарту туралы шешіміне жiберiлген күнінен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Апелляциялық кеңес қарсылықты келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзiмде қарауға тиiс.»;
17) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және қорғау құжатын беру
1. Сараптама ұйымы тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерде:
1) қорғау құжаттарын, ашық немесе мәжбүрлі лицензияны беруді;
2) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді;
3) өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстауды;
4) берілген патентті мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе жарамсыз деп тануды тіркеуді жүзеге асырады.
Тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдер сараптама ұйымының интернет-ресурсына орналастырылады.
2. Тіркеу туралы мәліметтер апта сайын бюллетеньде жарияланады.
3. Патент өтінім берушіге мәлімделген авторлар санына қарамастан жалғыз данада беріледі. Автор куәлігі патент беруге арналған өтінімде көрсетілген өнеркәсіптік меншік объектісінің әрбір авторы үшін өтінім берушіге беріледі.»;
18) 29-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
19) 30-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «Апелляциялық кеңес шешiмiнiң немесе сот» деген сөздер «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «уәкілетті органның» деген сөздер алып тасталсын, «шешімінің» деген сөз «шешімнің» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 32 және 32-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Апелляциялық кеңес
1. Апелляциялық кеңес уәкiлеттi орган жанындағы, өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейiн қарау жөнiндегi алқалы орган болып табылады.
2. Апелляциялық кеңеске сараптама ұйымының өнеркәсіптік меншік объектісіне патент беруден бас тарту туралы шешіміне қарсылық берілуі мүмкін.
Көрсетілген қарсылықтарды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.
3. Апелляциялық кеңестің құрамына өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы, ғылым, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.
4. Апелляциялық кеңестің құрамына мыналар кіре алмайды:
1) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер;
2) жұбайлары, жақын туыстары немесе жекжаттары;
3) сараптама ұйымының қызметкерлері.
5. Апелляциялық кеңестің кез келген мүшесі:
1) осы баптың 4-тармағының негізінде апелляциялық кеңестің отырысына қатысушылар мәлімдеген өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру жағдайында;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.
6. Апелляциялық кеңестің әрбір отырысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бейнетүсіру қолданылып жүргізіледі.»;
«32-2-бап. Қарсылықты қарау
1. Қарсылықты қарауды апелляциялық кеңес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және осы Заңда көзделген мерзімдерде жүзеге асырады.
2. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептері дәлелді деп танылған жағдайда, оны қарауға қабылдай алады.
3. Қарсылықты қарау мерзімі өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.
4. Апелляциялық кеңес:
1) қарсылықты мәлімдеуші қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат берген жағдайды қоспағанда, өзі келмеген;
2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.
5. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық кеңес қарсылықтың нысанасын немесе негізін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.
6. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
7. Қабылданған шешім шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарсылықты мәлімдеушіге жіберіледі.
8. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлімдеушінің өтінішхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді.
9. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
21) мынадай мазмұндағы 32-3 және 32-4-баптармен толықтырылсын:
«32-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды және айқын техникалық қателерді түзету
1. Шешім шығарған апелляциялық кеңес қарсылық бойынша шешім жарияланғаннан кейін оның күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы емес.
2. Апелляциялық кеңес шешімде жіберілген қате жазуларды немесе айқын техникалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе қарсылықты қарауға қатысатын тұлғалардың өтініші бойынша түзете алады.
Түзетулер енгізу туралы мәселе апелляциялық кеңестің отырысында шешіледі. Қарсылықты қарауға қатысатын тұлғаларға апелляциялық кеңес отырысының уақыты мен орны туралы хабар беріледі, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қарау үшін кедергі болып табылмайды.
3. Апелляциялық кеңестің шешіміне түзетулер енгізу апелляциялық кеңестің қосымша шешімімен ресімделеді.
32-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру
1. Апелляциялық кеңес, егер:
1) қарсылық берген, апелляциялық кеңес отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабар берілген, қарсылықты өзі болмағанда қарау туралы мәлімдемеген тұлға апелляциялық кеңестің отырысына екінші рет шақырғанда келмесе;
2) қарсылық берген тұлғаның өзінің қарсылығын кері қайтарып алу туралы өтінішхаты болса, қарсылықты қараусыз қалдырады.
2. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасына түсіріледі.»;
22) 33-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) патентті жарамсыз деп тану туралы;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Даулар осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 7) және 10) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, тараптардың жазбаша келісімі бойынша медиация тәртібімен шешілуі немесе төреліктің қарауына берілуі мүмкін.»;
23) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Мемлекеттiк баж
Уәкiлеттi органның патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретінде тiркеу жөніндегі әрекеттерді жасағаны үшiн «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттiк баж алынады.»;
24) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде тiркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.