20) 21 және 23-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға құқық беру
1. Барлық тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) не олардың бір бөлiгiне қатысты тауар белгісіне айрықша құқық өзгеге беру шарты бойынша берілуi мүмкiн.
Егер тауар белгісіне айрықша құқық беру тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыруға себепшi болса, оған жол берілмейдi.
2. Лицензиялық шарттың, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының немесе өзге де шарттың (лицензиялық шарт) талаптарына сәйкес иесі (лицензиат) болып табылмайтын кез келген тұлға қорғалатын тауар белгісін иесінің (лицензиар) рұқсатымен пайдалануға құқылы.
Тауар белгісін пайдалануға құқық барлық тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) не олардың бір бөлiгiне қатысты табысталуы мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тауар белгісін пайдалануды жүзеге асыруға құқылы.
Тауар белгісін пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі шарттың талаптарына сәйкес немесе қосымша келісім жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
Шартта мерзім көрсетілмеген жағдайда, тауар белгісін пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі осы шарт тіркелген күннен бастап бес жылға тең болады.
Лицензиялық шартта:
1) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) сапасын тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) тауарлары (көрсететін қызметтерi) сапасынан төмен болмайтындай етіп сақтау;
2) тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) өз тауарлары (көрсететін қызметтері) сапасын бақылауды жүзеге асыру құқығы туралы талаптар қамтылуға тиiс.
Тауар белгісіне айрықша құқықты басқа тұлғаға беру шарттың тоқтатылуына алып келмейді.
3. Барлық тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) қатысты тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға құқық кепіл нысаналары бола алады.
4. Осы бапта көрсетілген шарттар мен қосымша келісімдер жазбаша нысанда жасалады және Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелуге жатады.
5. Айрықша құқық беру немесе лицензиялық шарт осы шарттың мүдделі тарапының өтініші алынған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде тіркелуге жатады.
6. Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
Шарттың тоқтатылуына байланысты Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеудің күшін жою шарттың мүдделі тарапының өтініші келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тіркеу туралы мәліметтерде мүдделі тұлғаның өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде және шарттың басқа мүдделі тараптарына жазбаша хабарлама жіберілген жағдайда, олардың тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.
7. Тауар белгісіне құқық беру осы Заңда айқындалатын тәртіппен Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
8. Мыналар:
1) тауар белгісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің болуы;
2) құжаттар топтамасын толық ұсынбау не ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміндегі немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жүргізілетін тізілімдегі мәліметтерге сәйкес келмеуі тауар белгісіне құқық беруді немесе оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген негіздер анықталған жағдайда, өтініш берушіге оларды жою туралы сұрау салу жіберіледі.
Тіркеу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айға тоқтатыла тұрады.
10. Мыналар:
1) тауар белгісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданылу мерзімін қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі;
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
4) тауар белгісіне айрықша құқыққа билік ету құқығын тіркеудің болмауы;
5) тауар белгісіне құқық берілген жағдайда тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыру;
6) тарапта тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы тауар белгісіне құқық беруді немесе оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданысын тоқтату лицензиялық шарттың қолданылуын тоқтатуға алып келеді.»;
«23-бап. Тауар белгісін тiркеуге дау айту және оны жарамсыз деп тану
1. Тауар белгісін тiркеуге, егер ол осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, 6 және 7-баптарында белгiленген талаптар бұзыла отырып жүзеге асырылса, бүкiл қолданылу мерзiмi ішінде немесе, егер ол осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгiленген талаптар бұзыла отырып жүзеге асырылса, тауар белгісі тiркелген күннен бастап бес жыл iшiнде дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты уәкілетті органға кез келген мүдделі тұлға беруге құқылы.
2. Тауар белгісін тiркеуге, егер ол Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елдердің бірінде бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгісінің иесі болып табылатын өкілдің атына жүргізілсе, қатысушы елдердің рұқсатынсыз бүкiл қолданылу мерзiмi ішінде дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Осы тармақта көрсетілген негіз бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты уәкілетті органға Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елдердің бірінде тіркелген тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) беруге құқылы.
3. Тауар белгісін тiркеуге, егер тауар белгісі біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқығы Қазақстан Республикасында тауар белгісінің басымдығы күнінен ерте туындаған басқа тұлғаның фирмалық атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болып табылса, дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Осы тармақта көрсетілген негіз бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты уәкілетті органға фирмалық атауы біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тіркелген тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болып табылатын заңды тұлға беруге құқылы.
4. Тауар белгісін тіркеуге қарсылықты апелляциялық кеңес ол келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде қарауға тиіс. Қарсылық берген тұлғаның, сондай-ақ тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) дауды қарауға қатысуға құқығы бар.
5. Сараптама ұйымы тауар белгісін тіркеуді жарамсыз деп тануға байланысты оның күшін жою туралы жазбаны Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізеді және бұл туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
Тауар белгісін тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда, сараптама ұйымы жекелеген тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ішінара осы тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін тауар белгісін тіркеудің күшін жою туралы жазбаны Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізеді, күшін жою туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады.»;
21) 24-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) - жеке тұлғаның қайтыс болуына, заңды тұлғаның таратылуына байланысты;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болуына орай, егер осындай тауар белгісін пайдалану тұтынушыны тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыруы мүмкін болса, тоқтатылады.»;
22) 29-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасын немесе оның сапасы, репутациясы, басқа да сипаттамалары туралы ақпаратты;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасса, өтінімге жергілікті атқарушы органның өтінім беруші осы географиялық объектінің шекараларында тауар өндіретіні туралы қорытындысы, сондай-ақ мынадай өлшемшарттардың бірін: мәлімделген тауар өз саласына жатқызылатын уәкілетті орган берген, негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын ерекше қасиеттерін, сапасын, репутациясын немесе басқа да сипаттамаларын растайтын құжат қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тауар шығарылған жердiң бұрын тiркелген атауына құқықты табыстауға арналған өтiнiмге жергілікті атқарушы органның өтiнiм берушi осы географиялық объектiнiң шекараларында тауар өндiретiнi туралы қорытындысы, сондай-ақ Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген ерекше қасиеттердің бар екенін растайтын, мәлімделген тауар өз саласына жатқызылатын уәкілетті орган берген құжат қоса берiледi.
Өтінімге сараптама ұйымының сараптама жүргізу жөніндегі көрсететін қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжат та қоса беріледі. Iс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, өтiнiмге сенiмхаттың көшірмесі қоса берiледi.»;
5-тармақ алып тасталсын;
23) 30-баптың 1-тармағындағы «алты ай» деген сөздер «отыз жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 31-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «уәкілетті орган» деген сөздер алып тасталып, 3) тармақшасындағы «қабылдайды» деген сөз «қабылданады» деген сөзбен ауыстырылсын;
25) 33-баптың 2-тармағы «тiзiлiмiне» деген сөзден кейін «және куәлікке» деген сөздермен толықтырылсын;
26) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Тіркеу туралы мәліметтерді жариялау
Тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге жататын, Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілген мәліметтерді сараптама ұйымы Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне олар жазылғаннан кейін екі ай ішінде бюллетеньде жариялайды және өзінің интернет-ресурсына тікелей орналастырады. Тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге қатысты өзгерістерді сараптама ұйымы Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне мәліметтер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өзінің интернет-ресурсына орналастырады және мәліметтер Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілгеннен кейін келесі айдың бюллетенінде жариялайды.»;
27) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесiне оны пайдалану құқығы тиесілі болады. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы оның иесінде тауар белгісі Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде тіркелген күннен бастап туындайды.»;
28) 40-баптың 4-тармағында:
«Тауар шығарылған жер атауын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы қолданылуын тоқтатқан немесе олар жарамсыз деп танылған кезде сараптама жасау ұйымы» деген сөздер «Сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оларды жою туралы жазба енгізеді» деген сөздер «тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеудің қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгiзедi, бұл туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және өзінің интернет-ресурсына орналастырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 41 және 41-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Апелляциялық кеңес
1. Апелляциялық кеңес уәкiлеттi органның жанындағы, өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейiн қарау жөніндегі алқалы орган болып табылады.
2. Апелляциялық кеңеске:
1) сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
2) сараптама ұйымының тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) табыстаудан бас тарту туралы шешімдеріне;
3) тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге;
4) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) табыстауға қарсылықтар берілуі мүмкін.
Көрсетілген қарсылықтарды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.
3. Апелляциялық кеңестің құрамына кәсіпкерлік жөніндегі және тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.
4. Апелляциялық кеңестің құрамына мыналар кіре алмайды:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдер;
2) жұбайлары, жақын туыстары немесе жекжаттары;
3) сараптама ұйымының қызметкерлері.
5. Апелляциялық кеңестің кез келген мүшесі:
1) осы баптың 4-тармағының негізінде апелляциялық кеңестің отырысына қатысушылар мәлімдеген өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру жағдайында;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.
6. Апелляциялық кеңестің әрбір отырысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бейнетүсіру қолданылып жүргізіледі.»;
«41-2-бап. Қарсылықты қарау
1. Қарсылықты қарауды апелляциялық кеңес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және осы Заңда көзделген мерзімдерде жүзеге асырады.
2. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептері дәлелді деп танылған жағдайда, оны қарауға қабылдай алады.
3. Қарсылықты қарау мерзімі өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.
4. Апелляциялық кеңес:
1) қарсылықты мәлімдеуші қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат берген жағдайды қоспағанда, өзі келмеген;
2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.
5. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық кеңес қарсылықтың нысанасын немесе негізін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.
6. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
7. Қабылданған шешім шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарсылықты мәлімдеушіге жіберіледі.
8. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлімдеушінің өтінішхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді.
9. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
30) мынадай мазмұндағы 41-3 және 41-4-баптармен толықтырылсын:
«41-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды және айқын техникалық қателерді түзету
1. Шешім шығарған апелляциялық кеңес қарсылық бойынша шешім жарияланғаннан кейін оның күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы емес.
2. Апелляциялық кеңес шешімде жіберілген қате жазуларды немесе айқын техникалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе қарсылықты қарауға қатысатын тұлғалардың өтініші бойынша түзете алады.
Түзетулер енгізу туралы мәселе апелляциялық кеңестің отырысында шешіледі. Қарсылықты қарауға қатысатын тұлғаларға апелляциялық кеңес отырысының уақыты мен орны туралы хабар беріледі, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қарау үшін кедергі болып табылмайды.
3. Апелляциялық кеңестің шешіміне түзетулер енгізу апелляциялық кеңестің қосымша шешімімен ресімделеді.
41-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру
1. Апелляциялық кеңес, егер:
1) қарсылық берген, апелляциялық кеңес отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабар берілген, қарсылықты өзі болмағанда қарау туралы мәлімдемеген тұлға апелляциялық кеңестің отырысына екінші рет шақырғанда келмесе;
2) қарсылық берген тұлғаның өзінің қарсылығын кері қайтарып алу туралы өтінішхаты болса, қарсылықты қараусыз қалдырады.
2. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасына түсіріледі.»;
31) 42 және 43-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Дауларды қарау
1. Мынадай даулар сот тәртiбiмен қаралады:
1) тауар белгісіне немесе тауар шығарылған жердің атауына куәлік берудің құқыққа сыйымдылығы туралы;
2) тауар белгісінің пайдаланылмауына байланысты оны тіркеу әрекетіне қарсы;
3) тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) айрықша құқығын немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзу туралы;
4) тауар белгісін пайдалануға лицензиялық шарттарды жасасу және орындау туралы;
5) тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп танудың құқыққа сыйымдылығы туралы;
6) егер тауар белгісін пайдалану тұтынушыны тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыруға қабілетті болған жағдайда, Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгісін тіркеудің қолданысын тоқтату туралы;
7) куәліктен туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар.
Даулар осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілгендерін қоспағанда, тараптардың жазбаша келісімі бойынша медиация тәртібімен шешілуі немесе төреліктің қарауына берілуі мүмкін.
Уәкілетті органның осы Заңның 41-бабының 2-тармағында көрсетілген шешімдеріне өтініштер тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.
2. Сараптама ұйымы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тауар белгісін, жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің қолданысын тоқтатуды, тауар белгісін пайдалану құқығын табыстауды немесе тауар белгісінің иесін (құқық иеленушіні) өзгертуді тіркеудің күшін жоюды қоса алғанда, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне және Тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді, тіркеуге қатысты өзгерістер туралы мәліметтерді жариялайды.
43-бап. Тауар белгілері және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты, ал жалпыға бірдей белгiлi тауар белгісі жағдайында - барлық тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қатысты айналымға тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) келісімінсіз немесе тауар шығарылған жердің атауы немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер иесінің келісімінсіз енгiзу тауар белгісіне айрықша құқықты немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзу деп танылады.
Тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану да тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің айрықша құқығын бұзу деп танылады.
2. Тауар белгісіне айрықша құқықты немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзғаны үшін, оның ішінде оларды орналастырғаны не оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелердi тауарға немесе оның қаптамасына орналастырғаны үшін кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
32) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
«43-1-бап. Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалану
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кез келгенінің аумағында айналымға құқыққа сыйымды енгізілген тауарларға қатысты осы тауар белгісін тікелей тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе оның келісімімен басқа да тұлғалардың пайдалануы тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.»;
33) 44 және 45-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің құқығын қорғау тәсілдері
1. Тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар белгісінің иесіне (құқық иеленушіге) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесіне ол шеккен залалдарды өтеуге міндетті.
2. Тауар белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені немесе жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
3. Тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілемелер иесінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады.
4. Тауар иесі осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын, оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді алып тастауды талап етуге құқылы.
5. Тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.
6. Тауар иесі құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме тауар иесінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.
45-бап. Сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге ақы төлеу
Сараптама ұйымы тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы Заңның 3-1-бабына сәйкес ақы алады.»;
34) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркеу кандидат берілген патенттiк сенiм білдірілген өкiл куәлігімен расталатын аттестаттаудан өткен кезде жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасын білуіне тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.»;
35) 46-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«46-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде уәкілетті органның шешімімен патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және патенттік сенiм білдірілген өкілді патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізу туралы тиісті мәліметтердің күші жойылады.»;