6) сынақ-талдау зертханаларын аттестаттау мен тiркеу, құрылыста пайдаланылатын өнiмдердi сертификаттау, сондай-ақ жаңа өнімдi, өндiрiс әдiстерiн, құрылыстағы жарақтарды техникалық бағалау;
7) жобалау мен құрылыстағы метрологиялық қызмет;
8) құрылысы аяқталған объектiлердi пайдалануға беру мен қабылдап алуды ұйымдастыру;
9) құрылыс техникасы мен технологиясын жетiлдiру;
10) жер сiлкiну қаупi бар аймақтар объектiлерiне паспорттар беру;
11) пайдаланылып отырған не құрылысы тоқтатылған және өзге де құрылысы аяқталмаған объектiлердiң жай-күйiн тексеру мен байқау, нормативтiк сипаттамаларды қамтамасыз ету мақсатында араласу арқылы қамтамасыз етiледi.
3. Құрылысты салудың (тоқтатып қоюдың) бүкiл кезеңi мен объектiлердiң қызмет (пайдалану) мерзiмi iшiнде меншiк иелерi (тапсырысшылар, иеленушiлер, жалдаушылар, жалға алушылар) олардың сапасының мынадай негiзгi сипаттамаларын:
1) жұмыс жүргiзу мен күтiп ұстауды қоса алғанда, тұрғызу және пайдалану кезіндегі қауiпсiздiгiн;
2) еңбектi қорғау талаптарына сәйкестiгiн;
3) жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы мен сенiмдiлiгiн;
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) экологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
Сапаның негiзгi сипаттамаларын қамтамасыз ету күрделi құрылыс үшiн инженерлiк iзденiстерге, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын жобалауға, дайындауға (өндiруге) және жеткiзiп беруге, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қоюға, объектiлердi пайдалануға, қабылдауға, күтiп ұстау мен пайдалануға, сондай-ақ оларды кейiннен кәдеге жаратуға қатысушы барлық субъектiлердiң мiндетi болып табылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, жобаларды сараптамадан өткізу, құрылыс өнiмiн стандарттау және сертификаттау органдары (қызметтерi, лауазымды адамдары), тапсырысшылар, құрылыс салушылар, iзденушiлер, жобалаушылар, құрылыста пайдаланылатын өнімдi дайындаушылар (өндiрушiлер) мен жеткiзiп берушiлер, жұмыс жүргiзушiлер, аталған өнімнiң (объектілердiң) меншiк иелерi (пайдаланушылары, жалдаушылары, жалға алушылары) өз мiндеттерiне сәйкес құрылыс өнiмiнiң (объектiлерiнiң) сапасын қамтамасыз етушi субъектiлер болып табылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 71-бап өзгертілді
71-бап. Объектілердiң қауіпсіздігін және сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етудегi меншiк иелерiнiң мiндеттерi
Меншiк иелерiне объектiлердi пайдалану кезiнде олардың қауіпсіздігін және тиісінше сапасын қамтамасыз ететін негізгі сипаттамаларын сақтауға бағытталған мынадай міндеттер:
1) объектiнi қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жобалау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, түрлендіру және кейін кәдеге жарату, сондай-ақ объектінің сәулеттік келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөніндегi жұмыстарды тек рұқсат ету рәсiмдерiнен өтудiң заңдарда белгiленген тәртібіне, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, экологиялық және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру;
2) пайдаланушылардың (жалдаушылардың, жалға алушылардың) объектiнi қиратуына және (немесе) бүлдiруiне жол бермеу жөнiнде шаралар қолдану;
3) объектiнi кейiн кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру жүктеледi.
72-бап. Объектiлердiң сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуде пайдаланушылардың мiндеттерi
Пайдаланушыларға (жалдаушыларға, жалға алушыларға) объектiлердi пайдалану кезiнде олардың тиiсiнше сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi сипаттамаларын сақтауға бағытталған мынадай мiндеттер:
1) тұтас алғанда объектiнi не оның жалға алынған бөлiгiн пайдалану жөнiнде оларды заңдарда белгiленген ережелерге (тәртiпке, нұсқаулықтарға) не жалдау (жалға алу) шартының талаптарына сәйкес пайдалану;
2) жалдау (жалға алу) шартының талаптары бойынша пайдаланушыға (жалдаушыға, жалға алушыға) жүктелген күтiп ұстау мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды уақтылы және тиiсiнше жүзеге асыру;
3) объектiнi қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникамен қайта жарақтау, түрлендiру, жаңғырту, сондай-ақ объектiнiң сәулеттiк келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөніндегі жұмыстарды тек меншік иесінің келісімімен және құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру;
4) меншiк иесiн объектiнi пайдалану кезiнде болған оның сипаттамасындағы өзгерістер немесе техникалық авариялар туралы хабардар ету жүктеледi.
11-тарау. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 73-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 73-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
73-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру тәртiбiне қойылатын жалпы талаптар
1. Салынған объектiлердi қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және осы Заңмен реттеледi.
2. Тапсырыс берушi салынған объектiнi пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi.
Бұл ретте салынған объектінің толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.
Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда, салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды меншiк иесi (тапсырыс берушi, инвестор, құрылыс салушы) өз бетінше жүргiзедi.
3. Құрылысы аяқталмаған объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру кезiнде құрылысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
4. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiмен ресiмделедi.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi бекiтiлуге жатады.
Қабылдау актiсiн бекiтудi тапсырыс берушi жүргiзедi.
Тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн бекiткен күн объектiнiң пайдалануға берiлген күнi деп есептеледi.
5. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сәйкестiк туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.
Объект бұзушылықтармен және құрылыстағы шалағайлықтармен пайдалануға қабылданған жағдайда, объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
6. Объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылардың мiндеттерiне:
1) құрылысы аяқталған объектiнiң дайындығын анықтау және құжаттамалық растау;
2) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының және монтаждалған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн бағалау;
3) жұмыстарды орындаушының бекiтiлген жобаның нормативтiк талаптарын сақтау бойынша не ауытқулардың бар-жоғы бойынша iс-қимылын белгiлеу және оларды мемлекеттiк нормативтерде белгiленген тәртiппен келiсу;
4) объектiнiң қолданысқа енгiзiлетiн қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) жобада бекiтiлген көрсеткiштерге сәйкестiгiн белгiлеу;
5) сәулет-құрылыс, инженерлiк және технологиялық шешiмдердiң, сондай-ақ тұтастай объектiнiң прогрессивтiлiгiн бағалау;
6) монтаждалған технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелердi бақылап сынамалау мен сынақтар жүргiзу;
7) объект пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тапсырыс берушiге тиiстi уәжді қорытынды беру кiредi.
7. Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi болмаса салынған объектiнi пайдалануға жол берiлмейдi.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.
Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнде құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларында айқындалған тәртіппен есепке алуға жатады.
74-бап. Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлер
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi өз бетінше қабылдауды, атап айтқанда:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) тіреу және қоршау конструкцияларын өзгертуге байланысты емес, бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлау арқылы реконструкциялауды;
2) уақытша құрылыстарды, соның iшiнде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрмыстық үй-жайларды;
3) жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, бау-бақша серiктестiктерi (қоғамдары) учаскелеріндегі құрылыстарды, үй жанындағы немесе үй iргесіндегі (саяжай) учаскелердегi абаттандыру элементтерiн;
4) контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды);
5) автомашиналар саны елуден аспайтын ашық үлгiдегi автотұрақтарды, сондай-ақ саны екеуден аспайтын автомашинаға арналған жайы бар көлiкжайларды;
6) жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстарды салуды;
7) шағын сәулеттiк нысандарды және аумақтардың қоршауын;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) үйлер (ғимараттар) маңындағы ашық спорт алаңдарын, тротуарларды, тас төсенiштерiн пайдалануға қабылдауды дербес жүзеге асырады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған үй-жайларды (үйдiң жекелеген бөлiктерiн) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтiрсе не мемлекеттік және (немесе) қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, бұл баптың нормаларын қолдануға болмайды.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың нормалары:
1) құрылысы мемлекеттік инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, сейсмикалық қауiптілігi жоғары не өзге де геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары ерекше аудандарда, сондай-ақ ерекше реттелетiн аймақтарда орналастырылатын (орналастырылған) объектiлерге қолданылмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау тәртібін, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда өз бетінше міндетті есепке алуға жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 75-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi
1. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнi қабылдауды техникалық және авторлық қадағалаулармен бiрлесiп тапсырыс берушi жүзеге асырады.
2. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
3. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс берушi мердiгерден (бас мердiгерден) және техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды сұратады.
Мердiгер (бас мердiгер) мен техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушiден сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды не терiс қорытындыларды ұсынады.
Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы авторлық қадағалау қорытындысы егер бұл қолданыстағы нормалар мен қағидаларға қайшы келмесе, өнім берушілердің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша объектіні жобалау кезінде бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес олар көрсететін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін негіз болады.
4. Тапсырыс берушi сәйкестiк туралы декларацияның, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылардың негiзiнде мердiгермен (бас мердiгермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бiрлесiп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектiнi қарап-тексеруге және оны тиiстi акт бойынша пайдалануға қабылдауға мiндеттi.
5. Бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.
Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектiнi пайдалануға қабылдау осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
6. Тапсырыс берушiге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды ұсыну - жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктi орындаушылардан, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан объектiнi жобалау, салу, пайдалануға қабылдау және беру кезiнде орындаған жұмыстары үшiн жауаптылықтан босатпайды.
76 - 78-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 79-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 79-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
79-бап. Салынған объектілерді пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылардың жауаптылығы
Тапсырыс берушілерді (инвесторларды, құрылыс салушыларды), техникалық және авторлық қадағалуды жүзеге асыратын тұлғаларды, iздену, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушыларын, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын дайындаушылар мен берушiлерді қоса алғанда, салынған объектiлердi пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылар, сондай-ақ құрылыстың және жабдықтарды монтаждаудың барысын жедел қадағалау қызметтері және басқа да қатысушылар жiберiлген бұзушылықтар не мiндеттi нормативтiк талаптардан (шарттардан, шектеулерден) ауытқушылықтар салдарынан азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгені үшін, сондай-ақ мемлекеттiк, қоғамдық немесе жеке мүдделерге залал (зиян) келтiрiлгені үшiн, оның ішінде мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының