33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
1. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің шешімі негізінде, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері, қатысушылардың жалпы жиналысының не акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегінен тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері өзінің филиалы мен өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) филиал немесе өкілдік туралы ереженің көшірмесін;
2) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, уәкілетті органға олардың ашылуы туралы хабар беруге міндетті.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметін жүзеге асырады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
4. Сақтандыру брокерінің филиалы өз қызметін сақтандыру брокерінің атынан жүзеге асырады және сақтандыру брокері өзіне берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді. Сақтандыру брокері филиалының сақтандыру брокерімен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру брокерінің атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша жұмыс істейді және сақтандыру қызметін жүзеге асырмайды.
6. Сақтандыру брокерінің өкілдігі сақтандыру брокерінің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет етеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу бойынша сақтандыру брокерінің делдалдық қызметін жүзеге асырмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Осы Заңның 53-5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиал Корпорацияда есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227-бабының екінші бөлігінде, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды уәкілетті органның қолданбауы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің филиалдарын ашудың міндетті шарттары болып табылады.
8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдік ашуға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері Корпорацияда есептік қайта тіркелу күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабарламаны қабылдап алуға уәкілеттік берілген орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің құжаттарын қабылдап алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылдап алынғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмесін ұсынуға міндетті.
10. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға мемлекеттің тиісті органында тіркелгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы жазбаша хабар беруге міндетті.
11. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері уәкілетті органның келісімін алмастан өз өкілдігін ашуға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өкілдік туралы ереженің көшірмесін;
2) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне арналған қолданыстағы лицензиясы бар екені туралы жазбаша растамасын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растаманы беру Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;
3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясы бар екені туралы жазбаша растамасын немесе егер тиісті мемлекеттегі сақтандыру брокерінің қызметі лицензияланатын қызмет түрі болмаса, тіркеу нөмірін көрсете отырып, электрондық растаманы не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растаманы беру Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;
4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігін ашуға қарсы еместігі туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін;
5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі басшысының атына нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, ашылуы туралы уәкілетті органға жазбаша хабар беруге тиіс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда
13. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға осы Заңда көзделген шарттарда рұқсат етіледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабар беруге міндетті.
Өкілдік туралы ережеге қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабарламаны қабылдауға уәкілеттік берілген орган Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері өкілдігінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін Корпорацияда (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеуші органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын Корпорация (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеуші органы) құжатының көшірмесін қоса бере отырып, олардың, өздерінің қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабар беруге тиіс.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Уәкілетті орган осы баптың 7, 8, 12 және 14-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокерінің филиалын және (немесе) өкілдігін және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігін жабуды талап етеді.
Уәкілетті орган осы баптың 2, 9, 10 және 15-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне қадағалап ден қою шараларын қолданады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді);2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.
Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және солардың негізінде сақтандыру қызметі жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы және оның орынбасарлары, өзге де басшылары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.
Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері болып танылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы атқарушы орган басшысының не атқарушы органының, заңды тұлғаның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, басқа Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары басшысының лауазымын атқаруға құқылы емес.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде Ұлттық Банкке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің барлық басшы қызметкерлеріне қаржы жылы ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету саласында еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғасының басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;
6) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген, бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:
1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
Орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру ұйымының басқару органы басшысының лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі үшін осы бапта көзделген өтіл талап етілмейді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) не заңды тұлға сақтандыру холдингі мәртебесін алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.