2. Қорғаныстық тапсырыс:
1) берілетін əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстармен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) жəне көлемін, сондай-ақ оларды беру, орындау, көрсету мерзімдерін;
2) қорғаныстық тапсырыстың, сондай-ақ өткізу бөлімдері, кезеңдері бойынша болжамды жалпы құнын (бағасын);
3) мемлекеттік тапсырыс берушілердің тізбесін;
4) басты орындаушылардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін орындаушылардың тізбесін қамтуға тиіс;»;
3) 4-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Басты орындаушыларды уəкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Операторлардың орындаушыларды таңдауы мемлекеттік тапсырыс берушілермен (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) келісу бойынша қорғаныстық тапсырысты орналастыру кезінде тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан өндірістің, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қорғаудың қажетті жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндіктері, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіру жəне əскери мақсаттағы жұмыстарды, əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеті негізге алына отырып жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының орындаушыларды таңдауы уəкілетті органмен келісу бойынша қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жəне (немесе) уəкілетті ұйым арасынан өндірістің, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қорғаудың қажетті жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндіктері, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіру жəне əскери мақсаттағы жұмыстарды, əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеті негізге алына отырып жүргізіледі.
3. Операторлардың отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан орындаушыны айқындауы мүмкін болмаған жағдайда, əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) беру (импорттау) жəне əскери мақсаттағы жұмыстарды, əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндіктері негізге алына отырып, уəкілетті ұйым басты орындаушы деп танылады.
Арнаулы мемлекеттік органдардың отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жəне (немесе) уəкілетті ұйым арасынан орындаушыны айқындауы мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы шетелдік заңды тұлғалар арасынан айқындалады.»;
4) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша берілетiн əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасы нормативтiк жəне техникалық құжаттаманың талаптарына жəне шарт талаптарына сəйкес келуге тиiс.»;
5) 6-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте мемлекеттік тапсырыс беруші берілетін əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау үшiн қорғаныстық тапсырысты орындайтын ұйымдарға өз өкiлдерiн жiберуге құқылы.
3. Қорғаныстық тапсырыста көзделген əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»;
6) 7-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) операторларды айқындайды;»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады жəне бекітілген қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын басты орындаушыларға жеткізеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) жəне 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
3-2) басқа да мемлекеттік тапсырыс берушілермен келісу бойынша отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін əзірлейді жəне бекітеді;»;
«4-1) қорғаныстық тапсырыс шеңберінде басты орындаушылардың қызметін үйлестіреді жəне бақылайды;»;
7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде операторлардың, уəкілетті ұйымның жəне орындаушылардың функциялары
1. Операторлар қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тəртіппен отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне енгізілген ұйымдар арасынан орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады;
2) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
3) мемлекеттік тапсырыс берушімен қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасасады;
4) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастырады жəне жүргізеді;
5) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне енгізілген орындаушылармен жасалған шарттар негізінде қорғаныстық тапсырысты уақтылы жəне тиісінше орындау жөнінде шаралар қолданады;
6) уəкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;
7) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға жəне оған аванс беруге ғана пайдаланады;
8) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.
2. Уəкілетті ұйым:
1) əскери қауіпсіздікті, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын, қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде көрсетілген тауарларды өндіру үшін сатып алынатын көрсетілген тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды қоспағанда, жүзеге асырады;
2) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
3) пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жоюды жүзеге асырады;
4) пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, оның ішінде оларды кəдеге жарату жəне қайта өңдеу өнімдерін өткізуді (экспорттауды) жүзеге асырады;
5) пайдаланылмайтын əскери мүлікке жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүл- кіне бағалаудың жүргізілуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік тапсырыс берушімен қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасасады;
7) уəкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;
8) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға жəне оған аванс беруге ғана пайдаланады;
9) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.
3. Орындаушылар:
1) мемлекеттік тапсырыс берушілердің жəне уəкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;
2) əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) берудің, сондай-ақ орындалған əскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілген əскери мақсаттағы қызметтердің оператормен жасалған шарт талаптарына сəйкестігін қамтамасыз етеді;
3) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
4) қорғаныстық тапсырыс бойынша берілетін тауарларды (өнімді) өндіру үшін қажетті əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға жəне оған аванс беруге ғана пайдаланады;
6) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.».
6. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнаулы тасымалдар - уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен мемлекет мұқтажына арналған арнаулы жүктердi жəне жолаушылардың жекелеген санаттарын тасымалдау;»;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) ерекше маңызды тасымалдар - Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын теміржолмен тасымалдау кезінде теміржол жылжымалы құрамымен тасымалдауға, сондай-ақ олардың жүру маршруттарына (қатынастарына) уəкілетті орган беретін мəртебе;»;
64-2) жəне 65) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«64-2) Ұлттық инфрақұрылым операторы - акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын жəне магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ əскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
65) Ұлттық теміржол компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, дамудың жалпы бағыттарын айқындайтын жəне Ұлттық инфрақұрылым операторы, ұлттық тасымалдаушылар жəне теміржол көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын өзге де үлестес заңды тұлғалар қызметінің бағыттарын, оның ішінде əскери тасымалдарды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша үйлестіруді қамтамасыз ететін акционерлік қоғам;»;
2) 8-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдер, шарттар (келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге əскери тасымалдарды акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға (экспедитор) орындайды.»;
3) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;
4) 15-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Ұлттық тасымалдаушылар Ұлттық инфрақұрылым операторымен жəне тасымалдау процесіне басқа да қатысушылармен өзара іс-қимыл жасай отырып, əскери тасымалдарды бірінші кезектегі тəртіппен қамтамасыз етуге жəне орындауға міндетті.»;
5) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Əлеуметтік, табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жəне соғыс жағдайы енгiзiлген кезде тасымалдаушының шарттық қатынастары əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды (анықтауды, жолын кесуді) жəне оларды жоюды өз құзыретіне қарай жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті жер комендантының ұсынуы бойынша уəкілетті органның шешімдері негізінде тоқтатыла тұруы мүмкiн.»;
6) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Əскери тасымалдарды ұйымдастыру туралы шарттарды қоспағанда, жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаудың көлемдері, мерзімдері, сапасы, көлік құралдарын беру жəне жүктерді тасымалдауға ұсыну талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың осы Заңда жəне тасымалдау қағидаларында көзделмеген өзге де талаптары айқындалады.»;
7) 56-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне бекітіліп берілген кірме жолдарды, олардың құрылыстары мен құрылғыларын техникалық күтіп-ұстауды жəне жөндеуді Ұлттық инфрақұрылым операторы шарттық негізде жүзеге асырады.»;
8) 88-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы, оның ішінде əскери тасымалдарды орындау кезінде, осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа, мынадай:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тасымалдаушыны вагондарды, контейнерлердi пайдаланбайтыны туралы - тиейтiн күнге дейін кемінде жеті тəулiк бұрын, ал əскери тасымалдар бойынша тиейтін күні хабардар еткен жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.».
7. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы):
1) 4-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 31-3) тармақшамен толықтырылсын:
«31-3) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыретіне:
1) теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
2) жүзуге тыйым салынған жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз Күштерінің гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі туралы ережені əзірлеу жəне бекіту;
4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлеу жатады.»;
2) мынадай мазмұндағы 8-5-баппен толықтырылсын:
«8-5-бап. Жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар
1. Оқу-жаттығулар өткізуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жəне күзету іс-шараларын жүргізу кезінде ішкі теңіз суларында жəне аумақтық теңізде жүзу, зəкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зəкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы жəне қонуы (су бетіне қонуы) жəне басқа да қызмет үшін шектелген жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгіленуі мүмкін.
2. Жүзуге тыйым салынған аудандарда бүкіл кеме мен жүзу құралының жүзуіне тыйым салынады. Жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу жəне оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді мүдделі мемлекеттік органдардың жəне ұйымдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды.
Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу жəне оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді - республикалық жедел штабтың басшысы, ал күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қабылдайды.
3. Жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгілі бір мерзімге белгіленеді. Жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды. Көрсетілген шешім мүдделі мемлекеттік органдарды бұл туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.»;
3) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Навигациялық жағдай құралдары қолданылатын аймақтағы құрылыс
Каспий теңізінің жағалауында жəне қазақстандық секторында теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақта гидрографиялық құрылыстар салу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.».
8. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) аумақтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу;».
9. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат):
1) 1-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған əскери стандарт - белгілі бір жəне арнайы пайдалану мақсатында əскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттармен сипаттамаларды белгілейтін, қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұратын нормативтік-техникалық құжат;»;
2) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған əскери стандарттарды əзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою жəне қолданысқа енгізу тəртібін айқындайды.».
10. «Қазақстан Республикасының қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22- І, 140-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық персонал - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) арнаулы əскерлер - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік жəне химиялық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық қауіпсіздік əскери бөлімдері мен бөлімшелері;
3) арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде өнеркəсіпті, ауыл шаруашылығын, көлікті, көлік инфрақұрылымы мен байланыс объектілерін күзету жəне оларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ төтенше жағдайларды оқшаулау жəне жою үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар қорғаныс жүйесінде құратын құралымдар;
4) аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатында міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен жəне энергиямен жабдықтауды дайындауға жəне ұдайы əзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) аумақтық əскерлер - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы əкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасы шегінде тиісті міндеттерді орындауға арналған, аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелері (құралымдары);
6) аумақтық əскерлерді арнайы өрістету - төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою кезінде жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда іс-шараларды орындау жөніндегі арнаулы əскери жиындарға əскери міндеттілерді шақыру жолымен аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелерін (құралымдарын) жасақтау;
7) аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін жəне коммуникацияларын қарсыластың əрекеттерінен, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу жəне қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы;
8) əскери атташе аппараты - шет мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесін білдіретін əскери қызметшілер болып табылатын қорғаныс мəселелері жөніндегі атташе (əскери атташе), оның орынбасарлары мен көмекшілері;