3. Мемлекеттік кіріс органдары, шекара, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа да органдар теміржол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн теміржол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.
4. Теміржол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау жөніндегі операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткізуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
5. Теміржол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 17-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-1-бап. Теміржол вокзалы
1. Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуға тиіс.
2. Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.
3. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
4. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар вокзал маңы аумағын күтіп-ұстауды және жөндеуді қамтамасыз етеді.
5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс.
6. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық регламенттің талаптарын сақтауға тиіс.
7. Теміржол вокзалдары тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс.
3-тарау. Теміржол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар
18-бап. Теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер
1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушысына өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.
2. Теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай теміржолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:
1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (теміржол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);
2) кiрме жолдарға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы теміржол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бірге теміржол станцияларына;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) теміржолдардың бөлінген белдеулері мен қорғалатын аймақтарына;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) концессия шарттары бойынша теміржолдар мен теміржол көлігінің объектілеріне бөлінген жерлер жатады.».
3. Теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттік органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.
4. Тасымал процесiне қатысушылар өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
19-бап. Теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi бөлу мен пайдалану тәртібі
1. Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жер учаскелерi теміржолдар мен теміржол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекітілетiн нормативтер бойынша берiледi.
3. Бөлiнген белдеудегi теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
20-бап. Теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары
1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелеріндегі объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.
2. Теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ теміржол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.
3. Теміржол көлiгi қорғалатын аймақтарының жерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар бұл жердi белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.
21-бап. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануды шектеу
1. Теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында:
1) теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келісімiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;
2) көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады.
2. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықта болады.
4-тарау. Теміржол көлігі қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері
22-бап. Теміржол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын реттеу ерекшелiктерi
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Теміржол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, осы Заңмен, бас келісіммен, салалық (тарифтiк) келісімдермен, еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледi.
2. Теміржол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi кәсiби даярлығы мен денсаулығы жөнiнен уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сай болуға тиiс.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Теміржол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердің жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алынуының ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Теміржол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетудiң қосымша негiздерi
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негiздерден басқа, жұмыс беруші уәкiлеттi органның актісі негізінде теміржол көлігі қызметкерін мынадай:
1) диспетчерлiк қызметтiң, Ұлттық инфрақұрылым операторының тасымалдау процесiн басқаруға және поездардың қозғалысына байланысты нұсқауларын орындамаған;
2) жұмыс уақыты режимiн бұзған жағдайларда жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
2. Жұмыстан шеттетiлген кезеңге жалақы сақталмайды.
Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себеп анықталғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-бап. Нысанды киім (погонсыз) және айырым белгiлерi
Теміржол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiлерi бар нысанды киім (погонсыз) берiлуге тиiс.
Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар теміржол көлiгi қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз етудің нормаларын уәкілетті орган бекітеді.
5-тарау. ҚР 08.05.03 ж. № 414-1 Заңымен алып тасталды
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-тарау. Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
30-бап. Жалпы ережелер
1. Теміржол көлігі, теміржолдар, теміржол станциялары, вокзалдар және теміржол тасымалдарымен байланысты тасымалдау процесіне қатысушы өзге де объектілер, сондай-ақ олардың өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
2. Тасымал процесіне қатысушылар техникалық регламенттер де белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауға және адамның өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жолда жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік адамның өмірі мен денсаулығын сақтау ға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмыс істеуіне жағдайлар жасауға, магистральдық теміржол желісін, теміржолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтады, механизмдер мен тетіктерді ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялар салдарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз eтіледі.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Теміржолдармен қиылысатын немесе оларға тікелей жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын, автомобиль жолдарын, электр берілісі желілерін және басқа да құрылыстар салу мен пайдалану кезінде белгіленген нормативтердің сақталмағаны үшін, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігі үшін олардың меншік иелері мен иелері ортақ жауаптылықта болады.
Аталған құрылыстардың иелері тасымал процесіне қатысушыларды және мемлекеттік көлік бақылау органдарын қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезінде хабардар етуге міндетті.
5. Қауіпті жүктерді жөнелтетін жөнелтуші (жүк жөнелтуші) және қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етуге міндетті, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажетті құралдар мен жұмылдыру бөлімшелері (оның ішінде шарт бойынша) болуға тиіс.
Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдайлар туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар аталған бөлімшелердің оқиға орнына жедел түрде жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 31-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату олардың өмірлік цикл процесінде адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалауға, жасауға, пайдалануға, тасымалдауға, сақтауға, жөндеуге және кәдеге жаратуға қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату процестері Техникалық пайдалану қағидаларына, техникалық регламенттерге, пайдалану құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
3. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау және жөндеу процестерінде олардың сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар пайдалану құжаттамасында белгіленеді.
31-1-бап. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-2-бап. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-3-бап. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-4 бап. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-5-бап. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдардағы жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Уәкілетті органның лауазымды адамдары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде белгіленген үлгідегі нысанды киім (погонсыз) киюге, олардың қызметтік куәліктері болуға тиіс.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ толықтырылды
2. Лауазымдар (кәсiптер) тiзбесiн, лауазымдарға (кәсiптерге) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби даярлық деңгейiн, лауазымға (кәсiпке) қойылатын біліктілік талаптарын айқындау тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Тасымалдау процесіне қатысушыларға және теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптар
1. Тасымалдау процесіне қатысушыларға және теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптар Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларымен, Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларымен, Поездар қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен, Теміржол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушылар қауіпсіздікті басқару жүйесін әзірлеуге және енгізуге міндетті, оған қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздігін басқару жүйесінің аудитін Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүргізеді.
3. Жылжымалы құрам осы Заңның, Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды
32-2-бап. Қауіпсіздік жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жауаптылық
Тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші қызметтері адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруге, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан, қауіпсіздік жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Жүктердi және объектiлердi күзету
1. Тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы:
1) тасымалдау кезiнде жүктердiң сақталуын;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес, өздерiнiң қарауындағы темiржол көлiгi объектiлерiнің әскерилендірілген күзетiлуiн;
3) темiржол көлiгiнде өртке қарсы профилактикалық жұмыстың жүргiзiлуiн және өртті жоюды қамтамасыз етуге мiндетті.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы тасымалдау ережелерiнде белгiленген тiзбе мен тәртiпке сәйкес жүктердiң жекелеген түрлерiн өз өкiлдерiнiң (жолсерiктердiң) жолбасшылығы арқылы тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Жүк жөнелтушi, жүк алушы осы бапта көзделген тiзбеге енбейтiн жүктердi күзетудi және оларға жолбасшылық жасауды тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асыра алады.
5. Теміржол көлiгiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын және қылмысқа қарсы күрестi iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi.
34-бап. Ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Тасымалдаушы, Инфрақұрылымның ұлттық операторы, тармақ иеленушi әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды шұғыл түрде қолдануға мiндеттi.
Осы шараларды жүзеге асыру және қолдану үшiн оларда тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын материалдық және техникалық құралдардың қажеттi қоры болуға тиiс.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі 10-шараларды жүргiзуге, төтенше немесе соғыс жағдайы режимiн енгізуге байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 35-бап өзгертілді
35-бап. Теміржол көлiгiнiң ерекше жағдайлардағы iс-әрекетi
1. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде тасымалдаушының шарттық қатынастары әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды (анықтауды, жолын кесуді) және жоюды өз құзыретіне қарай жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті жер комендантының ұсынысы бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген немесе әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде және тасымалдауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар кезiнде Инфрақұрылымның ұлттық операторы темiр жол қатынасының белгілі бір бағыттарында тасымалдауға байланысты қызметтер көрсетудi уақытша тоқтату не шектеу туралы шешiм қабылдай алады.
Ұлттық инфрақұрылым операторы осындай шешiмнiң қолданылу мерзiмiн белгiлеуге, сондай-ақ уәкiлеттi органды, тасымалдаушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды дереу хабардар етуге мiндеттi.
3. Багажды, жүктi және жүк-багажды жеткiзiп беру, беру жөніндегі шартты тиiстi тұрғыда орындамауға әкеп соқтырып, сақтаудың шектi мерзiмiнiң өтiп кетуiне ұрындырған осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған мән-жайлар туындаған кезде тасымалдаушы багажды, жүктi және жүк-багажды жөнелтушiге, жүк жөнелтушiге олардың есебiнен қайтаруға құқылы.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды
35-1-бап. Теміржол көлігін құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға беру міндеті
Теміржол көлігінің иелері (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға оқиға, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару үшін және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін осы Заңның 35-бабында көзделген тәртіппен теміржол көлігін беруге міндетті.
Теміржол көлігінің иелеріне осы бапта көзделген жағдайларда көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
7-тарау. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру
36-бап. Жүк тасымалдау шарты
1. Жүк тасымалдау шартына сәйкес тасымалдаушы жүк жөнелтушi өзiне сенiп тапсырған жүктi оның тасымалдау талаптарын сақтай отырып, баратын теміржол станциясына дер кезiнде әрi сол күйiнде жеткiзiп беруге және жүк алушыға тапсыруға мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүк тасымалына ақы төлеуге және оны қабылдап алуға мiндеттенедi.
2. Теміржол көлiгiмен жүк тасымалдау шарты теміржол көлiгi жүкқұжатын толтыру арқылы ресiмделедi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жүк жөнелтушiге теміржол көлiгi жүкқұжатына жөнелту станциясының күнтізбелік мөртабаны қойылған жүктің қабылданғаны туралы түбіртек берiлген кезден бастап жүк тасымалдау шарты жасалды деп есептеледi.
37-бап. Тасымалдау шартының талаптарын өзгерту
1. Тасымалдау шартының талаптарын өзгерту, соның iшiнде жүктiң барар жерiн өзгерту тараптардың келісімi бойынша тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кедендiк бақылаудағы жүктiң барар жерiн өзгерту тиiстi мемлекеттік кіріс органының келісімi болған кезде жүргiзiледi.
Кедендiк бақылаудағы жүктi тасымалдау адамдардың денсаулығы мен өміріне, жүру қауiпсiздiгiне, экологиялық қауіпсiздiкке, жүктiң сақталуы мен сапалық жай-күйiне қатер төндiрген жағдайда, жүктiң барар жерiн өзгерту мемлекеттік кіріс органдарын белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде хабардар ете отырып, олардың келісімiнсiз жүзеге асырылады.
3. Бұдан әрi тасымалдау жүру қауiпсiздiгi мен жүктiң сақталуына қатер төндiретiн жағдайда, тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) хабардар ете отырып, жүктi қайта тиеуге құқылы.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар өздерінің құзыретiне сәйкес жүкті тасымалдаушыдан алып қоюға құқылы. Бұл орайда тасымалдаушының жүктi тасымалдау және сақтау жөніндегі шығыстарын, сондай-ақ оған келтiрiлген зиянды кiнәлi тарап өтеуге тиiс.
Жүк жөнелтушінің, жүк алушының залалдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен өтеуге жатады.
38-бап. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт
1. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы жүктi белгiленген мерзiмдерде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға келісілген көлемде тапсыруға мiндеттенедi.
2. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымал көлемдерi, мерзiмдерi, сапасы, көлiк құралдарын берудiң және жүктердi тасымалдауға ұсынудың талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың осы Заңда және тасымалдау ережелерiнде көзделмеген басқа да талаптары белгiленедi.