г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:
заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;
уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері қызметінде болған болса, банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
г-2) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
д-1) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;
д-2) банктің еншілес ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беруден бас тарту;
е) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)
ж) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
з) құрылатын банкінің бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.
2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертiлдi; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 25-бап өзгертiлдi (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Банкті мемлекеттiк тiркеу
Банкті мемлекеттік тіркеуді Корпорация уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты негізінде жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара);2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 26-бап өзгертiлдi; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 26-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде және уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайтын тәртiппен бередi.
Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.
Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген құжатты алғаннан кейін және осы Заңның 16-бабының 4-тармағына сәйкес жарғылық капиталға ақы төлегеннен кейін өтініш беруші жарғылық капиталға ақы төленген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген талаптың орындалғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк ашуға арналған өтініште көрсетілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.
Өтініш беруші банк қызметін жүзеге асыруды бастағанға дейін барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге, банктің директорлар кеңесінің ішкі аудит қызметі туралы, кредит комитеті туралы ережелерді бекітуі міндетті.
Банк банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, бұл жүйеге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.
3. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін:
1) қосымша банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағиданы ұсынуға тиіс.
4. Лицензиат банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ұсынуға мiндеттi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
Уәкілетті орган жаңадан құрылатын банкке заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензия не лицензия беруден уәжді бас тарту береді.
6. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.
7. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензия үшiншi адамдарға берiлуге жатпайды.
8. Банк операцияларының және өзге де операциялардың барлық түрлерi оларды жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы шешiм қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерiнің көруiне қолжетімді жерге орналастырылуға жатады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 27-бап өзгертiлдi; 2008.23.10. № 72-IV Заңымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 27-бап жаңа редакцияда; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден бас тарту негіздері
1. Банк операциясын немесе өзге де операцияны жүргізуге лицензия беруден бас тарту:
1) осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында, 52-17-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;
2) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейін алты ай кезеңінде сақтамаған;
3) банктің жарғылық капиталының мөлшері, құрамы және құрылымы осы Заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген заңды тұлғаның басшы қызметкері осы Заңның 20-бабының талаптарына сай болмаған, қоғам органдары сайлағандардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайларда жүргізіледі.
2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, банк болуға ниет білдірген заңды тұлға сәйкессіздіктерді жояды және лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттарды ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта өтініш жасайды.
Уәкілетті орган осы тармаққа сәйкес ұсынылған құжаттарды лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, банк болуға ниет білдірген заңды тұлға сәйкессіздіктерді жояды және келісім беруден бас тартылған адамдардың орнына осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес, банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта өтініш жасайды.
Уәкілетті орган осы тармаққа сәйкес ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 28-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Банкінің құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін, Корпорацияда қайта тiркелудi талап ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк қайта тіркеу күнінен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға Корпорацияның белгiсi мен мөрi соғылған құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда банк Корпорацияның банктің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға банктің осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 29-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 29-бап өзгертiлдi
29-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертiлдi (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:
1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Корпорацияның белгісі мен мөрі соғылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
3. Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
Банк филиалы бір облыс шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
Банк филиалы астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада орналаса отырып, бірнеше мекенжай бойынша:
астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада;
астанаға (республикалық маңызы бар қалаға) іргелес жатқан облыс шегінде орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
5. Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Филиалды Корпорацияда есептік тіркеген күннің немесе банктің жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту туралы банк шешім қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның банкке осы Заңның 47-2-бабының 1-тармағында көзделген санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы банктің филиалдар ашуының, жұмыс істеп тұрған филиалдардың қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейтудің міндетті шарты болып табылады.
7. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі Корпорацияда есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі Корпорацияның банктің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банктің көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
Банк филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген немесе банк филиалы үй-жайларының саны азайған жағдайда, банк филиалының қосымша үй-жайларының санын көбейту немесе банк филиалы үй-жайларының санын азайту туралы банк шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органға осындай шешімнен банк филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмені ұсынуға міндетті.
8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келісімі болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.
9. Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органында тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.
10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:
1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) Корпорацияның белгісі мен мөрі соғылған өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің банк қызметін жүргізуге қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасын;
4) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің ашылуына қарсы емес екені туралы жазбаша хабарламасын не банктік қадағалау органының немесе тиісті мемлекеттің беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішін;
5) банк өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда
12. Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін мынадай шарттарды орындаған кезде уәкілетті органға жүгінуге құқылы:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің жиынтық активтерінің сомасы жиырма миллиард АҚШ доллары баламасынан төмен болмауға тиіс;
2) бейрезидент банктің филиалы жеке тұлғалардан қабылдайтын салымның мөлшері бір жүз жиырма мың АҚШ доллары баламасына тең сомадан төмен болмауға тиіс;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу жөніндегі топпен (FATF) ынтымақтаса отырып жұмыс жасайды;
4) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында ақпараттар алмасуды көздейтін келісімнің болуы;
5) тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасының не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесінің болуы;
6) тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің банктік қызметке қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растау құжатының болуы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвесторларды, салымшыларды және Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жауапкершілік алған тұлғаларды қорғау мақсатында осы филиалға қатысты уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оның басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеуге құқылы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілгені туралы хабардар етуге міндетті.