Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына және импортына лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша негіздер «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
2. 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық құжат нысанындағы уәжді бас тартуды лицензиар өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдерде береді.
33-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиат осы Заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) заңды тұлға-лицензиаттың, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға-лицензиат филиалының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы осы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
6) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.
Атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдеген жағдайда, лицензияға қосымша алуға құқылы.
3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өтiнiштi;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін - «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін;
3-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды ұсынады.
4. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беруге тиіс.
Лицензияны осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта ресімдеген жағдайда, өтініш берушінің лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беру мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Осы Заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді.
5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қажеттігі көзделсе, осы талаптарға сәйкес келмеу де лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бір немесе одан көп банк операциялары және өзге де операциялар лицензияланатын қызмет түрінен алып тасталған жағдайда, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияның қосымшасымен бірге лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Сақтандыру нарығындағы қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс лицензияланатын қызмет түрі және (немесе) кіші түрі мәнінің өзгеруіне алып келмесе, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиар лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.
7. Қайта ресімделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 48-бабының ережелері сақтала отырып, электрондық нысанда ресімделеді.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген жағдайда білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 3-1-тармағында көзделген мерзімде қайта ресімделетін жағдайды қоспағанда, егер осы Заңның 34-бабында өзгеше мерзім белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді лицензиар осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттар берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
34-бап. Заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бірігу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен қайта ресімделуге жатады. Сол бір лицензияланатын қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялары бар бірнеше заңды тұлға-лицензиаттар біріккен кезде, өтініш берушінің таңдауы бойынша осындай бір ғана лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бірігу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ресімделуге жатады. Заңды тұлға-лицензиаттар біріккен кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлға-лицензиаттар лицензиясының қолданысы жаңадан пайда болған заңды тұлға-лицензиаттың лицензиясы қайта ресімделген күннен бастап тоқтатылады.
2. Заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны үшін лицензияланатын қызметтің түрімен немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен қайта ресімделуге жатады.
3. Заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлға-лицензиаттың лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен соңғысына қайта ресімделеді. Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада сол бір лицензияланатын қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеу жүргізілмейді.
4. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бөліп шығарылған заңды тұлғаның келісімі болған кезде, бөлініп шыққан заңды тұлғаның лицензияланатын қызметтің тиісті түрін және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда ғана қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаның біреуіне қайта ресімделуге жатады.
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлға лицензияны осы тармақта көзделген негіз бойынша қайта ресімдеуге өтініш беруші болып табылады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеу үшін өтініш беруші осы Заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа, өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімін ұсынады.
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу туралы өтінішті өтініш беруші бөліну нысанындағы қайта ұйымдастыру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Лицензиар осы Заңның 33-бабының 3-тармағында, осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, сондай-ақ өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы тармақта көзделген негіз бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады.
5. Заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған осы заңды тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаның біреуіне қайта ресімделуге жатады.
Бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуі лицензияны осы тармақта көзделген негіз бойынша қайта ресімдеуге өтініш беруші болып табылады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуіне қайта ресімдеу үшін өтініш беруші осы Заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа, өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуіне қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші бөліну нысанында қайта ұйымдастыру аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Лицензиар мынадай:
1) осы Заңның 33-бабының 3-тармағында және осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы тармақта көзделген негіз бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5-1. Айналдыру нысанында банкті ислам банкіне ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде:
банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияның қолданылуы оған ислам банкінің банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берген кезден бастап тоқтатылады;
лицензиар бағалық қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен, тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ислам банкіне қайта ресімдейді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап тоқтатылады.
6. Лицензиар өтініш берушінің осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда лицензиар көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген жағдайларда өтініш берушінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алу үшін лицензиар өтініш берушінің осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібереді.
Мемлекеттік органдар лицензиардың сауалы негізінде он жұмыс күні ішінде тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы жауап жібереді.
Нормативтік құқықтық актілерде осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайлар үшін өзге де мерзімдер белгіленуі мүмкін.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін тиісті лицензиарға немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.
Өтініш электрондық нысанда берілген жағдайда, рұқсат беру органының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құжат өтініштің қабылданғандығын растау болып табылады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде және 5-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импорты және экспорты саласындағы, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімдейді.
10. Лицензиарлар қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы бапта белгіленген мерзім ішінде беруге не оларды қайта ресімдеуден уәжді түрде бас тартуға міндетті.
35-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:
1) берілген мерзімі өткенде;
2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырғанда (оларды қайтарып алғанда);
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылғанда;
5) лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасағанда;
6) осы Заңға 1-қосымшадан лицензия немесе жекелеген қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі немесе әрекет (операция) алып тасталғанда;
7) лицензиат лицензиялануға жататын тұлғалар қатарынан алып тасталғанда;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.
2. Осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған немесе лицензия электрондық нысанда ғана ресімделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтаруға міндетті.
3. Осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап, лицензиаттар жүзеге асыруға қолданысы тоқтатылған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқылы емес.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап, лицензиялық қызмет тоқтатылатын жыл үшін лицензиялық алым төлеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алым төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.
36-бап. Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттары
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту, олардың қолданысын тоқтата тұру, тоқтату тәртібін, мерзімдері мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
2. Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру шарттары мен тәртібі «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
3. 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің ерекше шарттары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиат санаты көрсетіледі.
2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің ерекше шарттары «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Лицензияға қосымшада лицензияны берудің ерекше шарттары ретінде лицензиат жұмыс жүргізетін аспаптар, қондырғылар, материалдар, заттар, қалдықтар түрі көрсетіледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (немесе) лицензияға қосымша берудің ерекше шарттары «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде лицензиат жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралының маркасы, шығарылған жылы және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Білім беру саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің және қайта ресімдеудің ерекше шарттары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде қолданылу мерзімі көрсетіледі.
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің және қайта ресімдеудің ерекше шарттары «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Экспорт және импорт кезіндегі рұқсат беру құжаттары туралы жалпы ережелер
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Рұқсат беру құжаттары тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты кезінде, егер бұл халықаралық шарттарда, Еуразиялық экономикалық одақтың актілерінде көзделген болса немесе егер тауарларға қатысты:
1) сандық шектеулер;
2) айрықша құқық;
3) автоматты лицензиялау (байқау);
4) рұқсат беру тәртібі;
5) тарифтік квота;
6) арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық квота;
7) арнайы квота енгізілген болса, қолданылады.
Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттарының тізбесін Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімімен бекітілген, Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Рұқсат беру құжаттарын берудің тәртібі мен шарттары халықаралық шарттарға, Еуразиялық экономикалық одақтың актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына және орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.