Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 14 қазандағы № 489-ІІ Заңы
(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңдары
3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен мiндеттерi
2-тapaу. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Алып тасталды
5-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы құзыретi
6-бап. Уәкілеттi органның құзыреті
6-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
7-бап. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы құзыретi
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы құзыретi
9-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы өкілеттiктерi
3-тарау. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі шаралар
10-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі iс-шаралар
11-бап. Тұздың өндірілуіне, айналымына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
12-бап. Йодталған ас тұзын сертификаттау жөніндегі талаптар
13-бап. Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiне қойылатын талаптар
14-бап. Йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн орауға, таңбалауға және сақтау мерзiмдерiне қойылатын талаптар
15-бап. Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнің кепiлi
4-тарау. Қорытынды ережелер
16-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы дауларды шешу
17-бап. Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершілiк
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі туралы
2007.05.02 № 228-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «стандарттау, метрология және сертификаттау» деген сөздер тиісінше «Техникалық реттеу және метрология», «техникалық реттеу және метрология» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара )
Осы Заң Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу, йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi, әкелу, әкету және өткізу, сапасы мен қауiпсiздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2007.05.02 № 228-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар.
Осы Занда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ас тұзы — тағамдық мақсатқа арналған тұз;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, дәрiлiк заттардың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жалған тұз — көрінеу және қасақана өзгертілген (қолдан жасалған) және (немесе) ол туралы ақпарат көрінеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын жасырын қасиеттері мен сапасы бар тұз;
4) жемдік тұз — мал шаруашылығында мал азығына минералдық қоспа ретінде пайдаланылатын тұз;
5) йод тапшылығы аурулары — ағзаға йодтың жеткіліксіз түсуіне байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын адам ағза-сының дертті жай-күйі;
6) йод тапшылығы ауруларының алдын алу — йод тапшылығы ауруларынан сақтандыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
7) йодталмаған тұз — йод қосындыларымен байытылмаған тұз;
8) тұзды йодтау — тұзды йод қосындыларымен байытудың өндірістік процесі.
8-1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2-бап. Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен мiндеттерi
Осы заңның мақсаттары мен мiндеттерi:
1) халықтың денсаулығын қорғау;
2) Қазақстан Республикасының аумағында йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөнiнде келісімді іс-шаралар жүргiзу;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында мемлекеттік реттеу;
4) йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiн өндiру және өткізудi дамыту болып табылады.
2-тapaу. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.05.02 № 228-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) тұзды йодтау және йод тапшылығы ауруларының алдын алу мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
4) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2007.05.02 № 228-III ҚР Заңымен ; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Уәкілеттi органның құзыреті
Уәкілеттi орган өз құзыретi шегінде:
1) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргізедi;
2) йод тапшылығы ауруларының тiзбесiн бекiтедi;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру жөнiндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды
6-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімінің жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;
3) тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн йодтау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы құзыретi
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) йодталған ас тұзы және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерi өндiрiсiне және оларды қайта өңдеуге арналған ұлттық стандарттарды тiркеудi, бекiтудi жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы құзыретi
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары өз құзыретi шегiнде:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі iс-шараларды орындауға арналған жергiлiктi бюджеттер құрамындағы шығыстарды бекiтедi;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйi туралы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдар басшыларының хабарламасын тыңдайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
1) балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын, бiлiм беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделеріне орай, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы өкілеттiктерi
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
1) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттік бақылауды және қадағалауды;
2) йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң сынамаларын нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес iрiктеудi;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiнде қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауды;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі шаралар
10-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі iс-шаралар
1. Қазақстан Республикасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі iс-шаралар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актілерінде белгiленген негізде және тәртiппен жүргiзiледi.
2. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі iс-шаралар:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдiк тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілік;
2) йод тапшылығынан зардап шегетiн адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуi;
3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң зиянды әсерiнiң салдарынан денсаулығы жоғалған жағдайда азаматтардың құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қорғау принциптерiнде жүзеге асырылады.
2007.05.02 № 228-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-бап. Тұздың өндірілуіне, айналымына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Мыналарды:
1) йодталған тұзды қолдануға болмайтын көрсетімдері бар адамдарға арналған тұзды;
2) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жекелеген турлерін өндіруге арналған тұзды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда өндірілетін және (немесе) өткізілетін ас тұзы мен жемдік тұз йодталуға тиіс.
Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және өткiзу тәртiбiн халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Тұзда йодтың болу нормалары, олардың сапасы, қауіпсіздігі, йодтау әдістері, йодтың болуы төмендеген кезде қайта йодтау процесі сани-тарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, сондай-ақ өзге де нормативтік талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазакстан Республикасының аумағында йодталмаған тұз өндірісіне, оларды әкелуге, сондай-ақ өткізуге тыйым салынады.
4. Жалған тұз өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге және (немесе) өткізуге тыйым салынады.
12-бап. Йодталған ас тұзын сертификаттау жөніндегі талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге арналған йодталған ас тұзы Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес мiндеттi сертификаттауға жатады.
2. Сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн) және (немесе) сәйкестiк белгiлерiн немесе сәйкестiк туралы декларациялар (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етпей, йодталған ас тұзын әкелуге жол берілмейді.
13-бап. Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiне қойылатын талаптар
Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi, сондай-ақ оларды сақтау, тасымалдау және өткізу шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
14-бап. Йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн орауға, таңбалауға және сақтау мерзiмдерiне қойылатын талаптар
1. Йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн орау, маркiлеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң орамы олардағы йод құрамының нормативтiк құжаттармен көзделген мөлшерде сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң орамында, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ақпаратпен қатар, мемлекеттік тiлде және орыс тілінде мынадай деректер көрсетiлуге тиiс:
1) тамақтық және энергетикалық құндылығы;
2) йод қосындыларының құрамы;
3) қолданудың мақсаты және шарттары;
4) сақтаудың шарттары және мерзiмдерi.
4. Йодталған тұз және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерi орамда көрсетiлген ақпаратқа сәйкес келуге тиiс.
5. Йодталған тұз және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерi белгiленген сақтау мерзiмi өткен соң кәдеге жаратылуға, өнеркәсiптiк жолмен қайта өңделуге не қайта йодталуға жатады.
Сақтау мерзiмi өткен йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн өткізуге тыйым салынады.
15-бап. Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнің кепiлi
1. Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi мен өткiзiлуiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар тұтынушыларға олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес келетiндiгiне кепiлдiк беруге тиiс.
2. Тұтынушыға йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiнiң сертификатталуы туралы ақпарат берудiң нысаны мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
16-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы дауларды шешу
Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
17-бап. Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершілiк
Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі туралы
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiлген 11-бабының 4-тармағын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының