Қазақстан Республикасының Заңы
«Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
«Йод тапшылығы ауруларыныц алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №19-20, 149-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) бүкіл мәтін бойынша «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «стандарттау, метрология және сертификаттау» деген сөздер тиісінше «Техникалық реттеу және метрология», «техникалық реттеу және метрология» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар.
Осы Занда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ас тұзы — тағамдық мақсатқа арналған тұз;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган — азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жалған тұз — көрінеу және қасақана өзгертілген (қолдан жасалған) және (немесе) ол туралы ақпарат көрінеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын жасырын қасиеттері мен сапасы бар тұз;
4) жемдік тұз — мал шаруашылығында мал азығына минералдық қоспа ретінде пайдаланылатын тұз;
5) йод тапшылығы аурулары — ағзаға йодтың жеткіліксіз түсуіне байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын адам ағза-сының дертті жай-күйі;
6) йод тапшылығы ауруларының алдын алу — йод тапшылығы ауруларынан сақтандыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
7) йодталмаған тұз — йод қосындыларымен байытылмаған тұз;
8) тұзды йодтау — тұзды йод қосындыларымен байытудың өндірістік процесі.»;
3) 5-баптың 3) тармақшасы «йод тапшылығы» деген сөздердің алдынан «тұзды йодтау және» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 6-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;»;
5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Тұздың өндірілуіне, айналымына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Мыналарды:
1) йодталған тұзды қолдануға болмайтын көрсетімдері бар адамдарға арналған тұзды;
2) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жекелеген турлерін өндіруге арналған тұзды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда өндірілетін және (немесе) өткізілетін ас тұзы мен жемдік тұз йодталуға тиіс.
Йодталмаған ас тұзын өкелудің, өндірудің және өткізудің тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2. Тұзда йодтың болу нормалары, олардың сапасы, қауіпсіздігі, йодтау әдістері, йодтың болуы төмендеген кезде қайта йодтау процесі сани-тарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, сондай-ақ өзге де нормативтік талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазакстан Республикасының аумағында йодталмаған тұз өндірісіне, оларды әкелуге, сондай-ақ өткізуге тыйым салынады.
4. Жалған тұз өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге және (немесе) өткізуге тыйым салынады.".
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы ақпанның 5-і. № 228-III ҚРЗ