Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы 2003 жылғы 14 қазандағы
№ 489-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тapaу. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы (4 - 9 баптар)
мемлекеттік реттеу
3-тарау. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі шаралар (10 - 15 баптар)
4-тарау. Қорытынды ережелер (16 - 18 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу, йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi, әкелу, әкету және өткізу, сапасы мен қауiпсiздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тұзды йодтау - тұзды йод қосындыларымен байытудың өндiрiстiк процесi;
2) йод тапшылығы аурулары - ағзаға йодтың жеткiлiксiз түсуiне байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын адам ағзасының дерттi жай-күйi;
3) жемдiк тұз - мал шаруашылығында малдық азығына минералдық қоспа ретiнде пайдаланылатын тұз;
4) ас тұзы - тағамдық мақсатқа арналған тұз;
5) йод тапшылығы ауруларының алдын алу - йод тапшылығы ауруларынан сақтандыруға бағытталған iс-шаралар жүйесi;
6) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органы;
7) жалған ас тұзы - татымы әдейi өзгертілген не сапасы туралы ақпарат дұрыс емес және (немесе) жеткiлiктi емес ас тұзы.
2-бап. Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен мiндеттерi
Осы заңның мақсаттары мен мiндеттерi:
1) халықтың денсаулығын қорғау;
2) Қазақстан Республикасының аумағында йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөнiнде келісімді іс-шаралар жүргiзу;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында мемлекеттік реттеу;
4) йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiн өндiру және өткізудi дамыту болып табылады.
2-тapaу. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу
саласындағы мемлекеттік реттеу
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу
саласындағы мемлекеттік бақылау
Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлейдi;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
4) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
6-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы уәкілеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:
1) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргізедi;
2) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында бағдарламалар әзiрлейдi;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында Қазақстан Республикасы аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болатын шешiмдер қабылдайды;
4) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды iске асыру бойынша салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара ic-қимылды жүзеге асырады;
5) йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығы ауруларының мониторингiн жүзеге асырады, тиiстi алдын алу және емдеу iс-шараларын жүргiзу тиiмділігiн талдайды;
7) йод тапшылығы ауруларының тiзбесiн бекiтедi;
8) тұзды және басқа да йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiн йодтау жөнiнде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар белгiлейдi;
9) йодталған ас тұзы және басқа да йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерi сапасының, өндiрiсiнiң, оларды сақтаудың, әкелудiң және өткізудiң мониторингiн жүзеге асырады;
10) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында мамандар даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырады;
11) халық арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
12) йод тапшылығы ауруларының алдын алу бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру жөнiнде халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
7-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы құзыретi
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) йодталған ас тұзы және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерi өндiрiсiне және оларды қайта өңдеуге арналған мемлекеттік стандарттарды тiркеудi, бекiтудi жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы құзыретi
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары өз құзыретi шегiнде:
1) йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекiтедi:
2) йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі iс-шараларды орындауға арналған жергiлiктi бюджеттер құрамындағы шығыстарды бекiтедi;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйi туралы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдар басшыларының хабарламасын тыңдайды.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
1) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы аймақтық бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды ұйымдастырады;
2) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында йодталған ас тұзының және басқа да йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi мен өткiзiлуi кезiнде олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) уәкiлеттi орган айқындайтын жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын балалар ұйымдарын, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерінің сынамаларын іріктеуді жүзеге асырады.
9-бап. Уәкiлеттi органның, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдарының және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдарына йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы өкілеттiктерi
Уәкiлеттi органның, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
1) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттік бақылауды және қадағалауды;
2) йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң сынамаларын нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес iрiктеудi;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiнде қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауды;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу
жөніндегі шаралар
10-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі iс-шаралар
1. Қазақстан Республикасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі iс-шаралар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актілерінде белгiленген негізде және тәртiппен жүргiзiледi.
2. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі iс-шаралар:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдiк тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілік;
2) йод тапшылығынан зардап шегетiн адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуi;
3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң зиянды әсерiнiң салдарынан денсаулығы жоғалған жағдайда азаматтардың құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қорғау принциптерiнде жүзеге асырылады.
11-бап. Тұздың сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн ас тұзы мен жемдiк тұз мiндеттi түрде йодталуға жатады.
2. Йодталған тұзды тұтынуға медициналық немесе өзге де қарама-қарсы көрсеткiштерi бар адамдардың уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен йодталмаған тұзға қол жеткізуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Ас тұзы мен жемдiк тұздағы йод құрамының нормалары, оның сапасы, қауiпсiздiгi, йодтау әдiстерi, йод құрамы төмендеген кездегi қайта йодтау процесi санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес болуға тиiс.
4. Қазақстан Республикасының аумағында осы бапта белгiленген йодтау талаптары сақталмаған тұз өндiрiсiне, оны әкелуге, сондай-ақ өткізуге тыйым салынады.
5. Жалған ас тұзы өндiрiсiне, оны әкелуге, әкетуге және өткізуге тыйым салынады.
12-бап. Йодталған ас тұзын сертификаттау жөніндегі талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге арналған йодталған ас тұзы Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес мiндеттi сертификаттауға жатады.
2. Сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн) және (немесе) сәйкестiк белгiлерiн немесе сәйкестiк туралы декларациялар (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етпей, йодталған ас тұзын әкелуге жол берілмейді.
13-бап. Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiне қойылатын талаптар
Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi, сондай-ақ оларды сақтау, тасымалдау және өткізу шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
14-бап. Йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн орауға, таңбалауға және сақтау мерзiмдерiне қойылатын талаптар
1. Йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн орау, маркiлеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң орамы олардағы йод құрамының нормативтiк құжаттармен көзделген мөлшерде сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң орамында, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ақпаратпен қатар, мемлекеттік тiлде және орыс тілінде мынадай деректер көрсетiлуге тиiс:
1) тамақтық және энергетикалық құндылығы;
2) йод қосындыларының құрамы;
3) қолданудың мақсаты және шарттары;
4) сақтаудың шарттары және мерзiмдерi.
4. Йодталған тұз және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерi орамда көрсетiлген ақпаратқа сәйкес келуге тиiс.
5. Йодталған тұз және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерi белгiленген сақтау мерзiмi өткен соң кәдеге жаратылуға, өнеркәсiптiк жолмен қайта өңделуге не қайта йодталуға жатады.
Сақтау мерзiмi өткен йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн өткізуге тыйым салынады.
15-бап. Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнің кепiлi
1. Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi мен өткiзiлуiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар тұтынушыларға олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес келетiндiгiне кепiлдiк беруге тиiс.
2. Тұтынушыға йод қосындыларымен байытылған тамақ өнiмдерiнiң сертификатталуы туралы ақпарат берудiң нысаны мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
16-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы дауларды шешу
Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
17-бап. Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершілiк
Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі туралы
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiлген 11-бабының 4-тармағын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының