Лицензиат осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті активтің құны уәкілетті органға соңғы есепті күнге ұсынылған пруденциялық нормативтің есеп-қисабынан алып тасталады.
Пруденциалдық нормативтің есеп-қисабына енгізілген активтің құны осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бағалаушы айқындаған осы активтің құны сәйкес келмеген жағдайда, лицензиат уәкілетті органға бағалау туралы тиісті есепті қоса бере отырып, соңғы есепті күнге пруденциалдық нормативтің түзетілген есеп-қисабын ұсынады.»;
18-тармақтың 14) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 49-1-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Лицензиаттар» деген сөз «Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 4) тармақшалардағы «лицензиат» деген сөз «бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.
Осы баптың талаптары трансфер-агенттерге қолданылмайды.»;
15) 51-бапта:
18-тармақтың 15) тармақшасының екінші - отыз бірінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «мынадай» деген сөз алып тасталсын;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары орындалмаған;
5) лицензиаттың қызметі процесінде осы Заңның 54-бабының талаптары сақталмаған;»;
5-1) және 5-2) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақша «лицензиаттар» деген сөздің алдынан «осы Заңның 53-бабына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеген;»;
11) тармақшадағы «жүйелі түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзылған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.» деген сөздер «бұзылған;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы Заңның 72-3-бабында белгіленген мәжбүрлеу шараларын орындамаған;
13) лицензиат аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтарды осы Заңның 55-1-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімдерде жоймаған жағдайларда, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.»;
4-тармақта:
бірінші абзац бойынша қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы, акционерлік қоғамдар туралы, инвестициялық қорлар туралы заңнамасының нормаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асырылған;»;
3) тармақшадағы «уәкілетті органның ұйғарымдары» деген сөздер «уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-3) лицензиат өзіне берілген лицензияға сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырмаған;
3-4) лицензиат аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтарды осы Заңның 55-1-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімдерде жоймаған;»;
4) тармақшадағы «осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкцияларды таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қолдануы.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын және клирингтік қатысушы болып табылатын, уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған лицензиаттың міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалануы есебінен орындайды.»;
16) 54-бапта:
18-тармақтың 16) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «қаржы ұйымын консервациялау туралы» деген сөздер «банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
«(сайланған) күннен бастап өз лауазымын» деген сөздер «(сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап тиісті функцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мерзім бойы атқаруға» деген сөздер «мерзімде жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 16) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтағы «Өтініш берушінің» деген сөздер «Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшаның бірінші абзацындағы «санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті органның тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуына немесе осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімде құжаттар уәкілетті органға келісуге ұсынылмауына байланысты лицензиаттың басшы қызметкерімен еңбек шарты бұзылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған немесе осы лицензиаттағы өзге лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам осы лицензиаттың басшы қызметкері лауазымына өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуды алған не өзімен еңбек шарты бұзылған немесе өкілеттігі тоқтатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған соң күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалауы (сайлануы) мүмкін.
Лицензиат уәкілетті органды лицензиаттың тиісті органының шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда лицензиат уәкілетті органды осы ақпарат лицензиатқа белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
18-тармақтың 16) тармақшасының он төртінші - он сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті органның осы Заңның 3-5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шараларын қолдануы;»;
4) тармақша алып тасталсын;
18-тармақтың 17) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) мынадай мазмұндағы 55-1-баппен толықтырылсын:
«55-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және инвестициялық портфельді басқарушылар ірі қатысушыларының аудиті
1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы және осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізеді.
Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы үшін міндетті болып табылады.
Аудиторлық есептің көшірмесі уәкілетті органға көрсетілген құжат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылуға тиіс.
2. Аудиторлық ұйым:
бағалы қағаздар нарығының тексерілетін кәсіби қатысушысына, оның акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;
лицензияға сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті және аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келген не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті болған жағдайда, аудиторлық есеп жарамды деп танылады.
3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
4. Инвестициялық портфельді басқарушының және Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының (ол бар болса) аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-ірі қатысушысы орналасқан елде қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
Қазақстан Республикасының бейрезидені-заңды тұлғасы болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық ұйымның аудиторлық есебінің және ұсынымдарының көшірмелерін қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
5. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
6. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін:
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына - қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөнінде осы Заңның 3-5-бабында көзделген шараларды;
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына осы Заңның 72-3-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді аталған тұлғалар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына осы Заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
7. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының активтерін және (немесе) міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған, қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты өзге де ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы.
8. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда, одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес-моделге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі - өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексеруге жататын мәселелер тізбесін, аудиттелетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну мерзімін көрсете отырып, талап етуге құқылы.
Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін міндетті.
Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады.
Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды.
Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін.
9. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы уәкілетті органмен келісу бойынша аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудит немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы уәкілетті органның алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне осы бапта белгіленген талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады.
Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсініктемелерді, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, олардың қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы.
Аудиторлық ұйым осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдау нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікірлер мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады.
10. Сот өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті.
11. Уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісуімен беріледі.
12. Осы баптың 8, 9, 10 және 11-тармақтарының талаптары трансфер-агентке және бірыңғай операторға қолданылмайды.»;
18) 72-1-бапта:
18-тармақтың 18) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз иеленген кезде уәкілетті орган осы тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын алты айдан аспайтын мерзімде өткізу жөніндегі талаптар бөлігінде осы Заңның 72-3-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
16-тармақта:
бірінші бөлік «өзгергені туралы» деген сөздерден кейін «өзгеріс инвестициялық портфельді басқарушының меншікті акцияларды өзге акционерлерден сатып алуы салдарларынан орын алатын жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының өтініші бойынша не көрсетілген фактіні дербес өзі анықтаған жағдайда осы факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде инвестициялық портфельді басқарушы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды» деген сөздер «уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімі инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының өтініші бойынша уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған күннен бастап күшін жойды деп есептеледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 18) тармақшасының жетінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20-тармақтағы «61-4-баптарында» деген сөздер «61-4, 61-11 және 61-12-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 19) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 72-2-бапта:
1-тармақтың 13) тармақшасындағы «қаржы ұйымын консервациялау» деген сөздер «банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) өтініш беруші мүлкі құнының (өтініш берушінің міндеттемелерін шегергенде) инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болуы;»;
7) тармақшадағы «инвестициялық» деген сөз «өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының болуын және (немесе) инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
18-тармақтың 20) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 72-3-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«72-3-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына:
1) осы Заңның 49-бабының 5-тармағында, 55-1-бабының 6-тармағында, 72-1-бабының 14-1-тармағында көзделген;
2) қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің заңды мүдделерін қорғауды, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;
3) инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының әрекеттері (әрекетсіздігі) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға алып келуі мүмкін жағдайларда, қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.»;
21) 72-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«72-4-бап. Инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының есептілігі
1. Инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, сондай-ақ оларды уәкілетті органға ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға салық органының салық декларациясын қабылдағанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін ұсынуға тиіс.»;
18-тармақтың 22) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 72-5-бап алып тасталсын;
23) 77-1-бапта:
4-тармақта:
екінші бөліктегі «арнайы (кепілді және резервтік) қорларды» деген сөздер «клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Клирингтік ұйым өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамауға не тиісінше орындамауға жол берген клирингтік қатысушының қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауы үшін клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларының активтерін осы клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қолдануға құқылы.
Клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларының активтерін осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланған жағдайда, клирингтік ұйым қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамауға не тиісінше орындамауға жол берген клирингтік қатысушыдан осы активтерді толық көлемде өтеуді талап етуге құқылы.