6) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Коллекторлық агенттіктің қызметін мемлекеттік бақылау
Коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.».
39. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-бапта:
3) тармақшадағы «319-бабы 2-тармағының 19) тармақшасы,» деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақшадағы «319-бабы 2-тармағының 20) және 42) тармақшалары» деген сөздер «319-бабы 2-тармағының 19), 20) және 42) тармақшалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 33-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жеті жүз сексен жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқу, тағылымдамадан немесе практикадан өту мақсатында жүрген тұлғалар осы тармақта көзделген негіздер болмаған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмайды.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 15) тармақшасын, 7-тармағы 3) тармақшасының бірінші және жетінші абзацтарын, 39-тармағының 2) тармақшасын;
2) 2018 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағының 50) тармақшасын;
3) 2018 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағының 2) тармақшасын;
4) 2018 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағының 2) тармақшасын;
9-тармақтың 50) тармақшасы қатемен басылған, орыс тіліндегі мәтінін қараңыз
5) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармағының 5) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8) тармақшасының тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 11) тармақшасының тоғызыншы - он екінші абзацтарын, 12) тармақшасын, 3-тармағын, 4-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын, 8) тармақшасын, 18) тармақшасының үшінші абзацын, 6-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының төртінші абзацын, 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 8-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 2) тармақшасының алтыншы және жетінші, отыз екінші, отыз үшінші және отыз төртінші абзацтарын, 3), 7), 9) және 12) тармақшаларын, 16) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 17) және 18) тармақшаларын, 19) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 20) тармақшасының бірінші - жиырма төртінші абзацтарын, 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 5) тармақшасының екінші - сегізінші, оныншы және он бірінші абзацтарын, 7), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының төртінші, он екінші, жиырма бірінші - жиырма төртінші абзацтарын, 12) тармақшасын, 14) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы, он төртінші - жиырма бірінші абзацтарын, 15) тармақшасын, 16) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 18) тармақшасының төртінші - оныншы абзацтарын, 20) тармақшасын, 21) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 25) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 34), 35), 36), 37), 38) және 39) тармақшаларын, 40) тармақшасының үшінші - тоғызыншы, он төртінші - жиырма алтыншы абзацтарын, 41) тармақшасының тоғызыншы және оныншы, он үшінші - жиырма бесінші абзацтарын, 42) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 43) және 46) тармақшаларын, 47) тармақшасының бесінші - тоғызыншы, он екінші - жиырма жетінші абзацтарын, 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 57), 58) және 60) тармақшаларын, 10-тармағының 2) және 4) тармақшаларын, 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 14-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының екінші - он тоғызыншы, жиырма екінші - отыз жетінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші, төртінші және тоғызыншы абзацтарын, 7) тармақшасының екінші, бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 8) және 9) тармақшаларын, 10) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы, он төртінші - он сегізінші абзацтарын, 11) және 12) тармақшаларын, 14) тармақшасының төртінші абзацын, 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшаларын, 23) тармақшасының төртінші, бесінші, оныншы және он бірінші абзацтарын, 24), 25) және 28) тармақшаларын, 15-тармағын, 16-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 17-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, он бірінші - он төртінші абзацтарын, 5), 6) және 7) тармақшаларын, 18-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 4), 5), 6), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 14) тармақшасын, 15) тармақшасының екінші - отыз бірінші абзацтарын, 16) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы, он төртінші - он сегізінші абзацтарын, 17) тармақшасын, 18) тармақшасының екінші, үшінші және жетінші абзацтарын, 19), 20), 22) және 28) тармақшаларын, 19-тармағы 1) тармақшасының екінші, бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 4) тармақшасын, 5) тармақшасының төртінші абзацын, 7) тармақшасын, 20-тармағының 1) және 4) тармақшаларын, 21-тармағын, 22-тармағының 3) тармақшасын, 24-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларын, 29-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 30-тармағын, 31-тармағы 2) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы, он төртінші абзацтарын, 36-тармағын, 37-тармағы 7) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 13) тармақшасын;
6) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының екінші - бесінші, сегізінші - он бірінші абзацтарын, 2), 6), 12) және 16) тармақшаларын, 8-тармағы 2) тармақшасының оныншы - он алтыншы, жиырма бірінші абзацтарын, 14) тармақшасын, 9-тармағы 42) тармақшасының үшінші, төртінші және он үшінші абзацтарын, 11-тармағының 3) тармақшасын;
7) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағы 2) тармақшасының жиырма бесінші абзацын, 19) тармақшасының төртінші абзацын, 20) тармақшасының жиырма бесінші абзацын, 19-тармағы 2) тармақшасының жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 27-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 5) тармақшасы тоғызыншы абзацының, 7) тармақшасы жиырма бірінші абзацының және 9) тармақшасы отызыншы абзацының қолданысы 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың сегізінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілік туындайды.»;
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген рұқсаттан айырылған және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері бар банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.»;
«Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілік туындайды.».
3. Осы Заңның 1-бабы 19-тармағының 3) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Қашықтықтан қадағалау өзге де бақылау және қадағалау нысандарының бірі болып табылады және уәкілетті орган қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі - қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады.».
4. Осы Заңның 1-бабы 19-тармағы 1) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 4) тармақшасы үшінші абзацының және 7) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«13) банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 62-6-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады;»;
«1. Уәкілетті орган банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.»;
«1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудитін жүргізуді талап етеді;».
5. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 21) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары қолданысқа енгізілген күнінен бастап, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғаның ипотекалық қарыз шарттарын қоса алғанда, бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 22) тармақшасының он жетінші абзацы және 29-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күнінен бастап бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 22) тармақшасының отыз төртінші абзацы қолданысқа енгізілген күнінен бұрын жасалған шарттардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша негізгі борыштың және (немесе) сыйақының сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткен соң есепке жазылған және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер қайта есептеуге жатпайды;
4) осы Заңның 1-бабы 38-тармағының 3) тармақшасы бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түрінде қолданған санкциялары қадағалап ден қою шараларына теңестіріледі.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін банктерге, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстанның Даму Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларына, сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қатысты қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары қадағалап ден қою шараларына теңестіріледі.
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген, уәжді пайымдауға негізделген қадағалап ден қою шаралары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған немесе өзгертілген мәмілелерге қолданылады.
9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы төртінші бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Егер резервтік капиталдың мөлшері жарғылық капитал сомасынан аз болса, онда бөлінбеген бүкіл таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің билік етуінде қалады және резервтік капитал жарғылық капиталдың мөлшеріне жеткенге дейін оны толықтыруға бағытталады.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы шілденің 2-і.
№ 168-VІ