Клирингтік қатысушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған жағдайда, клирингтік ұйым орындалмаған міндеттемелердің мөлшерінен аспайтын мөлшерде осы клирингтік қатысушының көрсетілген мәмілелер бойынша қарсы талаптарын орындамайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Клирингтік ұйым клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларының және клирингтік қатысушыны өзге де қамтамасыз ету құрамына кіретін маржалық жарналар мен ақшаны клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және шарттарда инвестициялайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) клирингтік қатысушысы дефолт, банкрот болған және (немесе) таратылған, клирингтік қатысушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік ұйым алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметтің нысанасы болып табылатын клирингтік қатысушының міндеттемелері жасалған мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін, оның ішінде мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) толық пайдалануы есебінен орындаған жағдайда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген шарттарда және тәртіппен тоқтатылады.»;
24) 77-3-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «арнайы клиринг (кепілді) қорларын» деген сөздер «клирингтік ұйымның кепілдік қорларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 90-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «өзі қызмет көрсететін сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері болып табылатын брокерлердің және (немесе) дилерлердің» деген сөздер «клирингтік қатысушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 90-2-бапта:
1-тармақтағы «арнайы» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалардағы «сауда-саттыққа қатысушының (клиенттің)» деген сөздер «клирингтік қатысушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «арнайы кепілдік және (немесе) резервтік қорлардың» деген сөздер «клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«брокер өз» деген сөз «клирингтік қатысушы өз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«брокердің» деген сөз «клирингтік қатысушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 108 және 110-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«108-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, кәсіби ұйымдар мен эмитенттердің қызметін тексеру
1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушыларының, кәсіби ұйымдар мен эмитенттердің қызметіне тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларын, кәсіби ұйымдар мен эмитенттерді тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың үлестес тұлғаларының қызметін тек олардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне әсер ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында ғана тексеруге құқылы.»;
«110-бап. Эмитенттің қызметін бақылау және қадағалау
Эмитенттердің қызметін бақылау және қадағалау тексеру жүргізу нысанында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нысандарда мынадай мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеу тәртібі, мемлекеттік емес облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі шарттарды сақтауы;
2) ірі мәмілелерді және жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді жасасу кезінде Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтау;
3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің өз қызметі туралы ақпаратты жариялауы жөніндегі осы Заңда белгіленген талаптарды сақтау;
4) бағалы қағаздарды ұсатушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау;
5) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынған, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіткен кезде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауы.»;
18-тармақтың 28) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) 113-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«113-бап. Уәкілетті органның шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың кәсіби қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына қатысты қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімнің немесе әрекеттердің (әрекетсіздіктің) орындалуын тоқтата тұрмайды.».
19. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағында:
19-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша «келісімді берудің не» деген сөздерден кейін «мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) қаржы ұйымдарының, олардың ірі қатысушыларының, банк және сақтандыру холдингтерінің, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалауды, оның ішінде шоғырландырылған негізде жүзеге асырады;»;
19-тармақтың 1) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) және 9-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ерте ден қою шараларын, шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын қолдануды көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды, оның ішінде тәуекелді азайту мақсатында қолданады;
9-1) банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, сақтандыру холдингтерінің, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
19-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацының қолданысы 2019 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац осы Заңның 2-бабының 4-тармағының редакциясында қолданылады
«13) банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 62-6-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады.»;
2) 9-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «инвестициялық портфельді басқарушыларға» деген сөздер «бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының біріндегі» деген сөздер «Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «банктегі, инвестициялық портфельді басқарушыдағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы» деген сөздер «осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 1), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзі өкілі болып табылатын ұйымның қаржылық жай-күйін талдайды;»;
«3) өзі өкілі болып табылатын ұйымда тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) өзі өкілі болып табылатын ұйым басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;
5) өзі өкілі болып табылатын ұйым акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысады.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсаттарында өзі өкілі болып табылатын ұйымнан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысанда мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және органдар отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өкіл:
1) өзі өкіл болып табылатын ұйымның өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіру, осы ұйымдар тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабар беруге;
2) уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.»;
8-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар:»;
2) тармақшадағы «1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының» деген сөздер «1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.
Өкіл өзі өкілі болып табылатын немесе болған ұйым органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.»;
10-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын қолданылады.»;
3) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:
«9-2-бап. Қашықтықтан қадағалау
19-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац осы Заңның 2-бабаның 3-тармағының редакциясында қолданылады
1. Қашықтықтан қадағалау өзге де бақылау және қадағалау нысандарының бірі болып табылады және уәкілетті орган қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі - қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган қашықтықтан қадағалауды қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдау және қашықтықтан қадағалау субъектілерінің органдарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы тұрақты негізде:
1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік, пошта, Қазақстан Даму Банкі туралы, инвестициялық қорлар туралы, мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау;
2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау, орын алған және ықтимал тәуекелдерді, олардың қашықтықтан қадағалау субъектілерінің орнықты қызметіне ықпал ету дәрежесін анықтау және бағалау мақсатында жүзеге асырады.
3. Қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері ұсынатын есептіліктің және басқа да ақпараттың, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпараттың негізінде жүзеге асырады.
4. Қашықтықтан қадағалауды жүргізу шеңберінде уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері мен олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қашықтықтан қадағалау субъектілері органдарының қаржылық есептілігін және отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Қашықтықтан қадағалау субъектілері уәкілетті органның сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.»;
19-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) мынадай мазмұндағы 9-3-баппен толықтырылсын:
«9-3-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл
19-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2019 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац осы Заңның 2-бабының 4-тармағының редакциясында қолданылады
1. Уәкілетті орган банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.
Тәуекелге бағдарланған тәсілдің негізі міндеті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және олардың қызметіндегі тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу үшін ерте араласу және уақтылы қадағалау әрекеттерін қабылдау мақсатында олардың қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтау және болғызбау болып табылады.
Тәуекелге бағдарланған тәсіл, оның ішінде бизнес-модельдерді, корпоративтік басқаруды, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, тәуекелдерді жабуға арналған капитал мен өтімділік деңгейін талдау мен бағалауды, меншікті капитал мен өтімділіктің қажетті деңгейін айқындаудың ішкі рәсімдерін бағалауды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қызметінің сипаты мен ауқымын ескере отырып талдау мен бағалауды қоса алғанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін сандық және сапалық талдау, олардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін талдау негізінде қалыптасатын уәжді пайымдауға негізделеді.
2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл пропорционалдық қағидатын ескереді, ол:
олардың қызметінің мөлшерін, маңыздылығын, сипатын, ауқымы мен күрделілігін есепке алуды;
олардың қаржы нарығындағы маңыздылығына сәйкес санатқа бөлуді;
бақылаудың және қадағалаудың жиілігін, тереңдігі мен қарқындылығын айқындауды болжайды.
3. Тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың назарына анықталған тәуекелдер мен кемшіліктерді жеткізеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қадағалап ден қою шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәртібі уәкілетті органның құқықтық актісінде айқындалады, құпия ақпарат болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатпайды.»;
5) 12-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүзеге асырады;»;
19-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14-3) тармақша алып тасталсын;
6) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі
1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан:
1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту кезінде;
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің өз қызметі туралы ақпаратты ашуы бойынша жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері ұсынатын ақпарат және өзге де ақпарат, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүргізу шеңберінде уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінен және олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері органдарының қаржылық есептілігін және отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері уәкілетті орган сұратып отырған мәліметтер мен құжаттарды ол белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.»;
19-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) мынадай мазмұндағы 13-2-баппен толықтырылсын:
«13-2-бап. Қаржы нарығы саласындағы өзге ақпарат аудиті саласындағы өкілеттіктер
1. Уәкілетті орган:
19-тармақтың 7) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2019 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац осы Заңның 2-бабының 4-тармағының редакциясында қолданылады
1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудитін жүргізуді талап етеді;
2) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсынуы мерзімдеріне қойылатын талаптарды, аудиторлық ұйымның құрамындағы өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторларға қойылатын талаптарды белгілейді.».
20. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
20-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 5) тармақшасындағы «банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақшамен толықтырылсын:
«2-1. Кредиттік бюроларға және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын өзге заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шектерде қолданылады.»;