Уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлға уәкілетті орган алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда, уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару бекітілген мерзім өткенге дейін сенімгерлік басқаруға беру негіздері жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық құн бойынша ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында оларды өткізу жолымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сенімгерлік басқарудағы акцияларын иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, акцияларды өткізу бағасын бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің әрекеттерді жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
53-5-бап. Санкциялар
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:
1) осы Заңның 54 және 59-баптарында белгіленген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;
2) осы Заңның 55-1, 55-2, 55-3, 55-4 және 55-5-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен консервациялауды енгізу;
3) осы Заңның 55 және 60-баптарында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру;
4) осы Заңның 29-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты кері қайтарып алу;
5) осы Заңның 61-бабының шарттарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу және оларды жаңа инвесторға өткізу туралы шешім қабылдау;
6) осы Заңның 37-1-бабының 3-тармағында көзделген негіз бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдау.
2. Санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкцияларды таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шараларды қолдануы.»;
14-тармақтың 20) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 54-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «шектеулі ықпал шараларының» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-2) тармақшадағы «аффилиирленген» деген сөз «ерекше қатынастар арқылы байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 8-1) тармақшалар алып тасталсын;
15) тармақшадағы «53-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «53-4-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамағанда;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмегенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.»;
14-тармақтың 21) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) 55-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) орындамаған;»;
14-тармақтың 22) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 56-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру қызметі субъектілерін және сақтандыру брокерін лицензияларынан айыру туралы шешім уәкілетті орган оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Лицензиядан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.»;
23) 59-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
14-тармақтың 23) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын және уәкілетті органның өзге де талаптарын орындамаған;»;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) актуарлық қызметті Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;
3) уәкілетті органға жіберілген, оның ішінде лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат ұсыну фактісі анықталған;»;
6) тармақшадағы «алты» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтың 23) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.»;
14-тармақтың 24) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 60-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Актуарийді лицензиясынан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.»;
14-тармақтың 25) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25) 73-баптың 1-тармағында:
4) тармақшаның бірінші абзацы «қызметінде» деген сөзден кейін «сақтанушылардың (пайда алушылардың) және (немесе) өзге кредиторлардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайды туындатуы мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «жағдайда,» деген сөзден кейін «тарату комиссиясының мүшелерін ауыстыруға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған жағдайда оларды ауыстыруды талап етуге» деген сөздермен толықтырылсын;
26) 74-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкілетті органға анық және толық қаржылық және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.»;
27) 74-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«74-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және сақтандыру холдингтерінің есептілігі
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының және сақтандыру холдингтерінің қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, сондай-ақ оларды уәкілетті органға ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға салық органының салық декларациясын қабылдағанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін ұсынуға тиіс.»;
14-тармақтың 28) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қоспағанда) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне, сондай-ақ консервациялау сатысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушысының), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) әрекеттеріне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімді немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) орындауды тоқтата тұрмайды.».
15-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат):
28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Қадағалап ден қою шаралары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құзыретіне реттеу кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын анықтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Даму Банкіне «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Даму Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін белгіленген мерзімдерінде қадағалап ден қою шараларының орындалуы туралы хабардар етуге міндетті.».
16. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
16-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 22-баптың 5-тармағының 2-1) тармақшасындағы «және «Сақтандыру қызметі туралы» деген сөздер «, «Сақтандыру қызметі туралы» және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 30-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шараларды қолдану туралы уәкілетті органның шешімі;»;
6-тармақта:
«Бағалы қағаздар» деген сөздерден кейін «және өзге де ақшалай міндеттемелер» деген сөздермен толықтырылсын;
«қайта құрылымдау» деген сөздерден кейін «, төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану» деген сөздермен толықтырылсын;»;
3) 78-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот банкрот деп таныған қоғамды, сондай-ақ уәкілетті орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, қоғам жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.».
17. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат):
17-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 3-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары
1. Уәкілетті орган Қордың, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын, Қордың, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлатқан құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.
2. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында осы Заңның 4-1-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түрінде қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) Қордың тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды Қордың басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді мынадай негіздердің бірі бойынша кері қайтарып ала отырып бір мезгілде қолданады:
1) Қор активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау тәртібі мен мөлшерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзу;
2) кепілдік төлемдерін, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзуының өзіне белгілі болған фактілері туралы уәкілетті органды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) хабардар етпеу;
4) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде алынған қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға (уәкілетті органды қоспағанда) жария ету немесе беру;
5) Қордың аудиторлық есепте көрсетілген кемшіліктерді Қор аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймауы;
6) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде қоятын талаптарын орындамау.»;
17-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-2-бап алып тасталсын;
17-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 4-баптың 1-тармағының 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажет құжаттардың тізбесін белгілейді;
9) Қорға, қатысушы-сақтандыру ұйымдарына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде қадағалап ден қою шараларын қолданады;»;
4) 4-1-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қордың басшы қызметкері тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап тиісті функцияларды уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жүзеге асыруға құқылы.»;
17-тармақтың 4) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақта:
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті органның тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуына немесе осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде құжаттар уәкілетті органға келісуге ұсынылмауына байланысты Қордың басшы қызметкерімен еңбек шарты бұзылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған немесе Қордағы өзге лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам Қордың басшы қызметкері лауазымына өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуды алған не өзімен еңбек шарты бұзылған немесе өкілеттігі тоқтатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған соң күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Қор уәкілетті органды Қордың тиісті органының шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, Қор уәкілетті органды осы ақпарат Қорға белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
17-тармақтың 4) тармақшасының он бірінші - он төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті органның осы Заңның 3-1-бабының 2-тармағында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;»;
3) тармақшадағы «болуы;» деген сөз «болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
17-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 6-баптың 2) тармақшасында:
«сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шектеулі ықпал ету» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың 6) тармақшасы тары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 14-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген санкцияларды және қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 17-5-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген санкцияларды және қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 1-бапта:
1) және 47-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) агенттік облигация - эмитенті қаржы агенттігі немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға болып табылатын облигация;»;
«47-1) клирингтік қатысушы - клирингтік ұйыммен (орталық контрагентпен) клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт жасасқан заңды тұлға;»;