мынадай мазмұндағы 47-2) және 47-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«47-2) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қоры - клирингтік қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған және клирингтік қатысушыларға қызмет көрсету кезінде клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;
47-3) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) резервтік қоры - клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған және клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;»;
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«75) орталық контрагент - қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында, сондай-ақ тауар биржасында қаржы құралын әрбір сатушы және әрбір сатып алушы үшін жасалатын мәмілелер бойынша тарап ретінде әрекет ететін ұйым;»;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.»;
3) 3-баптың 2-тармағында:
18-тармақтың 3) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19-1) және 19-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына осы Заңның 3-3-бабында белгіленген қадағалап ден қою шараларын және (немесе) осы Заңның 3-6-бабында белгіленген санкцияларды қолданады;
19-2) эмитенттерге осы Заңның 3-1-бабында белгіленген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады;»;
мынадай мазмұндағы 19-4) тармақшамен толықтырылсын:
«19-4) кәсіби ұйымға орындалуы үшін міндетті нұсқама жібереді;»;
18-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 3-1-бапта:
тақырып «Уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «эмитентке» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының бұзушылықтарын анықтаған, эмитенттің лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда, уәкілетті орган эмитентке мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:»;
3) тармақшадағы «жасауға;» деген сөз «жасауға құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне» деген сөздер «Эмитентке» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«бағалы қағаздар нарығының субъектісіне не оның басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне)» деген сөздер «эмитентке» деген сөзбен ауыстырылсын;
«хабарлауы» деген сөз «хабарламасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші бөлікте:
«бағалы қағаздар нарығы субъектісі» деген сөздер «эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бағалы қағаздар нарығының субъектісі» деген сөздер «эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «бағалы қағаздар нарығының субъектісі» деген сөздер «эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Бағалы қағаздар нарығының субъектісі» деген сөздер «Эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «Шектеулі» деген сөз «Эмитентке шектеулі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
«бағалы қағаздар нарығы субъектісіне» деген сөздер «эмитентке» деген сөзбен ауыстырылсын;
«қолданылған» деген сөзден кейін «шектеулі» деген сөзбен толықтырылсын;
9-тармақтағы «бағалы қағаздар нарығының субъектісіне» деген сөздер «эмитентке» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган эмитентке Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану түрінде санкциялар қолдануға құқылы.»;
18-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 3-2-бапта:
2-тармақта:
екінші бөліктегі «лауазымды адамдарды» деген сөздер «басшы қызметкерлерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.»;
3-тармақтағы «ықпал етудің шектеулі шаралары және (немесе) санкциялар» деген сөздер «қадағалап ден қою шаралары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі» деген сөздер «Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «банктер» деген сөзден кейін «және Ұлттық пошта операторы» деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) мынадай мазмұндағы 3-3, 3-4, 3-5 және 3-6-баптармен толықтырылсын:
«3-3-бап. Қадағалап ден қою шаралары
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар клиенттерінің, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың заңды мүдделерін қорғау, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың басшы қызметкерлеріне қадағалап ден қою шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады:
1) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу;
2) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметте уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар клиенттерінің және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;
3) басшы қызметкерлердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар клиенттерінің және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтау;
4) басшы қызметкердің (басшы қызметкерлердің) әрекеттері (әрекетсіздігі) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді және (немесе) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және (немесе) олардың клиенттеріне және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторларға залал келтіргенін куәландырады деп тану үшін жеткілікті деректер;
5) инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушыға залал келтірген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді жасауы;
6) инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның орнықсыз қаржылық жағдайы;
7) осы Заңға сәйкес бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау;
8) уәкілетті органға есептілікті немесе мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті орган сұрататын өзге ақпаратты ұсынбау не оларды анық емес ұсыну;
9) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының тексеру жүргізуге оны белгіленген мерзімдерінде жүргізу мүмкіндігін бермей кедергі келтіруі;
10) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының аудиторлық есепте көрсетілген, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысу шының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді осы Заңның 55-1-бабының 6-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы.
3. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы және маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;
5) таңдап алынған қадағалап ден қою шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі);
7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы;
8) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және (немесе) тәуекелдердің туындауына негіз болған себептер;
9) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының қызметінде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қолдануы, осыған байланысты қолданылған шараларды іске асыру жөніндегі нақты шараларды жүзеге асырудың (жүзеге асырмаудың) тиімділігі және (немесе) осындай шараларды қолдануға әзірлігі.
4. Уәкілетті орган мынадай қадағалап ден қою шараларын қолданады:
1) осы Заңның 3-4-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары;
2) осы Заңның 3-5-бабына сәйкес қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар;
3) осы Заңның 72-3-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары.
5. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының кәсіби қаты сушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.
6. Қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3-4-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қаты сушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, оның қаржылық жағдайына қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары мыналарды қамтиды:
1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының жекелеген органдарының назарына осы ақпаратты (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын) жеткізе отырып, хабардар ету;
2) уәкілетті органның анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарын беру;
3) уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану ықтималдығы туралы ескерту.
3. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы уәкілетті органның хатымен ресімделеді.
3-5-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды:
1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден жоғары ұстап тұру;
2) жекелеген операция түрлерін жүргізуді, жекелеген мәміле түрлерін жасауды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;
3) шығыстарды қысқарту, оның ішінде жұмыскерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, басшы қызметкерлердің ақшалай сыйақыларын және басқа да материалдық көтермелеу түрлерін шектеу арқылы қысқарту;
4) белгілі бір актив түрлеріне инвестицияларды тоқтата тұру және (немесе) шектеу және (немесе) олардың көлемін төмендету не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;
5) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттерінің және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою;
6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша провизияларды (резервтерді) қалыптастыру;
7) үлестес тұлғамен мәмілелерді шектеу;
8) жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазуды және (немесе) төлеуді тоқтату;
9) ішкі саясаттар мен рәсімдерді, тәуекелдің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау рәсімін қайта қарау;
10) осы Заңның 54-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы осы Заңның 54-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен жағдайда, шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осы қадағалап ден қою шарасын қолданған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алады;
11) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы инвестициялық комитетінің мүшелерін инвестициялық комитеттің құрамындағы міндеттерін орындаудан шеттету не инвестициялық комитеттің құрамын өзгерту;
12) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (банкті қоспағанда) өз есебінен және өз клиенттерінің есебінен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауы;
13) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына тиесілі мүліктің құнына бағалау жүргізу;
14) олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қолдануға және (немесе) оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.
4. Уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы арасында жасалған, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған бұзушылықтар және (немесе) кемшіліктер жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесін көрсете отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісім бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.
5. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
6. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына байланысты емес себептермен жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы және (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау бойынша мерзім уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
3-6-бап. Санкциялар
1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына бұрын оған қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы Заңның 51-бабында белгіленген негіздер бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолдануға құқылы.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Лицензияның қолданылуы осындай шешім бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
4. Бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиядан айыру туралы шешімге бағалы қағаздар нарығына қатысушы атынан оның акционерлері ғана шағым жасауға құқылы.»;
18-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 17-баптың 2-тармағы «облигациялар шығару проспектісінде» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 18-бап «қаржы агенттігі» деген сөздерден кейін «және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облигацияларды төлеу:
1) айналым мерзімі өткен, осы эмитент бұрын орналастырған (эмитент сатып алған облигацияларды шегере отырып) облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен облигацияларды;
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу бойынша шараларды уәкілетті орган қолданған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен банк облигацияларын төлеген жағдайларды қоспағанда, ақшамен ғана жүзеге асырылады.
Орналастырылатын облигация толық төленгенге дейін эмитент облигацияларды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны сатып алушының жеке шотына осы облигацияны есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқылы емес.
Бұрын талап ету құқықтарымен төленген облигациялар бойынша талап құқықтарымен облигацияларды төлеуге жол берілмейді.»;
10) 32-6-баптың 13-тармағы алып тасталсын;
18-тармақтың 11) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеу тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеуді орталық депозитарий (номиналды ұстаушы) кепіл беруші және кепіл ұстаушының бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.
Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын беруге жол беріледі.
Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын орындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-2, 61-4, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияларды жүзеге асыру кезінде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеу кепілге берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар көрсетіле отырып, ауыртпалық алынбастан, кепіл ұстаушының осы мәмілені тіркеу үшін қажет барлық мәліметтер қамтылған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
4. Депонент пен оның клиенті арасында есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде депонентке кепілге берілген және маржиналдық мәміле бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздар кепілін және осы бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуын тіркеу кепіл ұстаушының бұйрығы және маржиналдық мәмілелерді жасау шарттары қамтылған брокерлік қызметтерді көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
5. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан депонентті айырған немесе депонент лицензияны өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, орталық депозитарий ауыртпалық салынған депоненттің клиентіне тиесілі бағалы қағаздарды орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген тәртіппен ауыртпалықты алмастан, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде осы клиенттің шотына аударуды жүзеге асырады.»;
18-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 43-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді уәкілетті орган осы Заңның 55-1-бабы 9-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес аудиторлық ұйымға ұсынуы мүмкін.»;
13) 49-бапта:
18-тармақтың 13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына осы Заңның 72-3-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Уәкілетті орган лицензиаттан пруденциялдық нормативтерді есептеу кезінде есепке алынатын активтерге бағалаушының бағалау жүргізуді және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде бағалау туралы есепті ұсынуды талап етуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша жүзеге асырылатын, лицензиаттың пруденциялдық нормативтерін есептеу кезінде есепке алынатын активтер құнын бағалауды бұрын осы активке бағалау жүргізген бағалаушы жүргізуге құқылы емес.