Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін міндетті.
Осы баптың 14-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады.
Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды.
Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін.
13. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым уәкілетті органмен келісу бойынша аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым аудит немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне осы бапта белгіленген талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады.
Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсініктемелерді, сондай-ақ сақтандыру құпиясын және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, олардың қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы.
Аудиторлық ұйым осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдау нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікірлер мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады.
14. Сот өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті.
15. Уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісуімен беріледі.»;
6) 26-бапта:
7-тармақтың 1) тармақшасындағы «жоғары» деген сөз «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтың 6) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру холдингі белгілерін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз иеленген кезде уәкілетті орган осы тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын алты айдан аспайтын мерзімде өткізу жөніндегі талаптар бөлігінде осы Заңның 53-4-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
18-тармақта:
бірінші бөлік «өзгеруі туралы» деген сөздерден кейін «, мұндай өзгеріс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің меншікті акцияларды өзге акционерлерден сатып алу салдарларынан орын алған жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда осы факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімі уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған күннен бастап күші жойылды деп есептеледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ алып тасталсын;
14-тармақтың 6) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22-тармақтағы «немесе 61-4-баптарында» деген сөздер «61-4, 61-11 және 61-12-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 26-1-бапта:
14-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 11) тармақшасындағы «қаржы ұйымын консервациялау» деген сөздер «банкті төлеуге қабілетсіз банктердің санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді;
14-тармақтың 7) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін өтініш беруші мүлкінің құны (өтініш берушінің міндеттемелерін шегере отырып) жеткіліксіз болса;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының болуын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру ықтималдығын куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының белгісі болып табылады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
14-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 32-бапта:
4-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақта:
6) тармақшадағы «бар екендігін растайтын құжаттардың» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және (немесе) иемдену болжанып отырған еншілес ұйымның қадағалап ден қоюдың қолданыстағы шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларының болуы;»;
10-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды» деген сөздер «осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «өздерімен үлестес тұлғалар болып табылмайтын» деген сөздер «олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың бесінші бөлігінде:
бірінші сөйлемдегі «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды» деген сөздер «осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғалары болып табылмайтын» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың үшінші бөлігіндегі «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен үлестес тұлғалар болып табылмайтын» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 33-бапта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Заңның 53-5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227-бабының екінші бөлігінде, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды уәкілетті органның қолданбауы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің филиалдарын ашудың міндетті шарттары болып табылады.»;
16-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың бірін» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 34-бапта:
14-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың 4) тармақшасындағы «қаржы ұйымын консервациялау» деген сөздер «банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігінде:
«(сайланған) күннен бастап өз қызметін» деген сөздер «(сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап не заңды тұлға сақтандыру холдингі мәртебесін алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған күннен бастап тиісті функцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«атқаруға» деген сөз «жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың 10) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Сақтандыру» деген сөз «Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшаның бірінші абзацындағы «санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті органның тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуына немесе осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде құжаттар уәкілетті органға келісуге ұсынылмауына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерімен еңбек шарты бұзылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған немесе осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, осы сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуды алған не өзімен еңбек шарты бұзылған немесе өкілеттігі тоқтатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған соң күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің тиісті органының шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкілетті органды осы ақпарат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
14-тармақтың 10) тармақшасының он төртінші - он сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті органның осы Заңның 53-3-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;»;
4) тармақша алып тасталсын;
14-тармақтың 11) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 37-баптың 2-тармағында:
бірінші абзац «лицензия алу үшін» деген сөздерден кейін «уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «құжаттарды;» деген сөз «құжаттарды ұсынады.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақша алып тасталсын;
14-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 43-бапта:
38) тармақша алып тасталсын;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, олардың басшы қызметкерлеріне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға орындалуы міндетті қадағалап ден қою шарасын қолдануға құқылы;»;
13) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа да мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру брокерлері, сақтандыру холдингтері, сақтандыру топтары, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлер, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары тексеруші органға уәкілетті органның тексеру тапсырмасында көрсетілген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдарға және қызметкерлерге сауал қою мүмкіндігін және ақпаратты тексеру үшін қажет кез келген дереккөздерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру барысында алынған, сақтандыру құпиясын не коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
4. Уәкілетті органның қызметкерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
5. Өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өкілеттіктер шегінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтары туралы хабарлауға міндетті.
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлға, сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне мынадай шарттардың бірі орындалған кезде қолданылмайды:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан аталған Қазақстан Республикасының бейрезидент-тұлғаларының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен талап етілетін рейтингінің болуы. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
14) 46-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру бойынша шаралар қолдануға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
14-тармақтың 14) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Уәкілетті орган осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына осы Заңның 53-4-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
14-тармақтың 15) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 47-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігін бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.»;
14-тармақтың 16) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 52-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.»;
14-тармақтың 17) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Қадағалап ден қою шаралары, санкциялар және өзге де ықпал ету шаралары»;
14-тармақтың 18) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 53, 53-1, 53-2 және 53-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Ерте ден қою шаралары
1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін талдауды жүзеге асырады.
2. Сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру тобының қызметін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін талдауды жүзеге асырады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөнінде ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсыну бойынша жазбаша нысанда талап жібереді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдері мен жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.