Қазақстан Республикасының
Заңы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
(2020.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңын қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап және 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы
2-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары
2-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы құзыреті
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
6-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
6-1-бап. Алып тасталды
6-2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
3-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ
7-бап. Тұтынушылардың құқықтары
8-бап. Тауарларды (орындалатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасасу құқығы
8-1-бап. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар
9-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың ағарту және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру құқығы
10-бап. Тұтынушылардың тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алу құқығы
11-бап. Тұтынушылардың қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құқығы
12-бап. Тұтынушылардың тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдау құқығы
13-бап. Тұтынушылардың тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына құқығы
14-бап. Тұтынушылардың тиісті сападағы тауарды айырбастау немесе қайтарып беру құқығы
15-бап. Тұтынушылардың тиісті емес сападағы тауар сатылған жағдайдағы құқығы
16-бап. Тұтынушылардың тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтету құқығы
17-бап. Тұтынушының тауардағы кемшіліктерге қатысты талаптар қою мерзімдері
18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алу құқығы
19-бап. Тұтынушының ойын бастамашысына (ұйымдастырушысына) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы бойынша кінә қою құқығы
20-бап. Тұтынушылардың тұтынушылар қоғамдық бірлестіктерін құру құқығы
21-бап. Моральдық зиянды өтету құқығы
22-бап. Алып тасталды
4-тарау. САТУШЫНЫҢ (ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ, ОРЫНДАУШЫНЫҢ) ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
23-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) кепілдік мерзімін белгілеу жөніндегі құқықтары мен міндеттері
24-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) міндеттері
25-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат беру жөніндегі міндеті
26-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат беру жөніндегі міндеттері
27-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
28-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
29-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
30-бап. Сатушының (дайындаушының) тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды сату кезіндегі міндеттері
31-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтеу жөніндегі міндеттері
32-бап. Дайындаушының (орындаушының) тауардың жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімін және қызмет ету мерзімін белгілеу жөніндегі міндеттері
33-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) иелігінде бақылау-кассалық машинаның және омырау карточкасының болуы міндеттері
33-1-бап. Электрондық сауда алаңының міндеттері
33-2-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттері
5-тарау. ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ (ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)
34-бап. Жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдері
35-бап. Тұтынушының орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кездегі құқықтары
36-бап. Жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) арналған смета
37-бап. Жұмысты орындаушының материалынан орындау
38-бап. Жұмысты тұтынушының материалынан орындау
39-бап. Жұмысты орындағаны (қызмет көрсеткені) үшін ақы төлеу
6-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ
40-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері
41-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтары
42-бап. Алып тасталды
6-1-тарау. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар
42-1-бап. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың институционалдық жүйесі
42-2-бап. Тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқығы
42-3-бап. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер
42-4-бап. Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) жүгінуі
42-5-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгіну
42-6-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тұтынушының өтінішін қараудан бас тартуы
42-7-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тұтынушының өтінішін қарауы
42-8-бап. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
43-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік
44-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дайындаушы - өткізу үшін тауар өндіретін жеке немесе заңды тұлға;
2) жарамдылық мерзімі - бітуіне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі;
3) жұмыс - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатқа ие қызмет;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) кемшілік - тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың міндетті талаптарына, шарттың ережелеріне, сондай-ақ тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынған ақпаратқа сәйкес келмеуі;
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) кепілдік мерзімі - тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) дайындалған, сатып алынған күннен бастап есептелетін, осы уақыт кезеңі ішінде тауар тиісінше пайдаланылған және сақталған жағдайда, сатушы (дайындаушы, орындаушы) оның (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына кепілдік беретін, сатушы (дайындаушы, орындаушы), Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта күндермен, айлармен, жылдармен белгіленген уақыт кезеңі немесе сағаттармен, іске қосылу циклдарымен, жол жүру километрлерімен немесе осыған ұқсас өзге де көрсеткіштермен белгіленген атқарым;
6) көрсетілетін қызмет - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатта болмайтын қызмет;
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) қызмет ету мерзімі - тауарды (жұмыс нәтижесін) мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болатын, тауардың (жұмыс нәтижесінің) функционалдық мақсатына қарай заңнамада немесе шартта көзделген күндермен, айлармен, жылдармен белгіленген уақыт кезеңі немесе сағаттармен, іске қосылу циклдарымен, жол жүру километрлерімен немесе осыған ұқсас өзге де көрсеткіштермен белгіленген атқарым;
8) орындаушы - шарт бойынша жұмысты орындаушы немесе қызмет көрсетуші жеке немесе заңды тұлға;
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) сақтау мерзімі - белгіленген сақтау шарттары сақталған кезде тауар (жұмыс нәтижесі) осы уақыт кезеңі ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарда және (немесе) шартта көрсетілген сапасын, қасиеттерін және сипаттамаларын сақтайтын уақыт кезеңі;
10) сатушы - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды өткізуші жеке немесе заңды тұлға;
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) тауар - кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес, жеке, отбасылық, үй ішiнде немесе өзге де пайдалануға арналған дайындаушы (орындаушы) қызметінің нәтижесі (өнімі);
12) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі - тауарды пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың әдеттегідей жағдайларында немесе жұмысты орындау (қызмет көрсету) процесінде тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы;
13) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы - тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне жататын сипаттамаларының жиынтығы;
14) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжат - бақылау (тауарлық) чегі не кассалық кіріс ордерінің түбіртегі, жыртылатын талон түбіртегі, тиісті түрде ресімделген техникалық паспорт, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы, құны, сатып алынған күні, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжат;
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) тұтынушы - жеке, отбасында, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға ғана арналған тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе соларды сатып алу ниеті бар не тапсырыс беретін, сатып алатын және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға;
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) тұтынушылардың қоғамдық бірлестігі - тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес - тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды
16-2) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы (одағы) (бұдан әрі - қауымдастық (одақ) - өз мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету және олардың ортақ мүдделерін қорғау үшін құрылатын, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің ерікті бірігуі;
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де көрсетілетін қызметтер саласындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды
2-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау:
1) тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу және осы мүдделерді қорғау;
2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпараттың қолжетімділігі және дұрыстығы;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларды ағарту, тұтынушының құқықтық сауаттылығын арттыру;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың оларды қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралардың дәйектілігіне негізделген тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) электрондық коммерцияда тұтынушылардың заңды мүдделерінің басқа сауда нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен кем емес қорғалуын қамтамасыз ету;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қатысуы;
6) тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік саясаттың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бағыттарын әзірлейді;
1-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды
1-3) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесті құрады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап жаңа редакцияда
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) тұтынушылардың, оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін шағымдарына, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің қызметіне талдау жүргізеді;
6) мемлекеттік органдарға осы Заңды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып, өздері қабылдаған шешімдердің күшін жою туралы ұсыныстар (ұсынымдар) енгізеді;
7) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларға ақпарат, консультация беруді, оларды ағартуды, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асырады;
8) оннан астам тұтынушының нақ сол бір мәселе бойынша құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда тұтынушылардың белгіленбеген тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді;
9) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
10) зерттеулер, ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек және тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруде оларға өкілдік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
13) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесте талқыланған нәтижелері туралы баяндама ұсынады, ол бұқаралық ақпарат құралдарында беріледі;
14) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің қызметін қамтамасыз етеді;
15) тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
16) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
2) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 4) тармақшаға енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация жүргізуді және сауаттандыруды жүзеге асырады;
5) тұтынушыларға олардың денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп келтіретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат береді;
6) 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) оннан астам тұтынушының сол бір мәселе бойынша құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді;
8) тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер, оларды қарау нәтижелері бойынша статистикалық деректерді және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет туралы ақпаратты жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасын тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жетілдіру қажеттілігі нысанасына талдау жасайды және оның қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды
6-2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тұтынушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, залалды (зиянды) өтеу, сондай-ақ бақылау субъектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету арқылы олардың әлеуметтік және мүліктік жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардан, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінен, тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдерден, оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алынған ақпарат пен есептілік негізінде жүргізеді.